5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі



бет17/44
Дата18.05.2020
өлшемі366,04 Kb.
#69287
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап
вирус
Сапа менеджмент жүйелері.

Негізгі қағидалары және сөздік: ISO 9000:2008.21 c.

2-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеттің

САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТЫ

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ бәсекеге қабілетті оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, ақпараттық және материалдық базасы бар, сол сияқты қатар, жоғары білікті педагогикалық кадрларға ие еліміздің жетекші білім орталықтарының бірі.

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті жаһандану дәуірінде жаңа көзқарасты бәсекеге қабілетті қазақстандықтарды тәрбиелеу мақсатымен жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және қашықтықтан оқыту-кредиттік жүйесін енгізу арқылы университеттің әлемдік ғылыми және ақпараттық қоғамдастығына шоғырлану жағдайларында ұсынылатын білім беру қызметтерінің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың сапа саласындағы саясаты 2008 жылы 6 қазанда Ғылыми Кеңесте қабылданған университет стратегиясынан туындаған туындаған, Университетте атқарылатын барлық үрдістерді және олардың өзара байланыстарын үздіксіз жақсарту және жетілдіру арқылы білім берудің барлық қатысушыларын қамтамасыз етуге бағытталған.

Университет басшылығы, сапаның жалпы менеджменттің қағидаттарына өзінің жолын ұстаушылығын көрсету мақсатымен, сапа саласындағы ұзақ мерзімді саясатын ресми жариялап, сапа менеджменті жүйесін құру, енгізу және үнемі жақсартуында және оның ИСО 9001:2000 заманауи халықаралық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етуде көшбасшы рөлін алады.

Университет қызметкерлері барынша сапаны басқару қызметіне жұмылдырылған.Өкілеттіліктерге құқық беру, жалпы мақсаттар үшін командалық жұмыс, үнемі оқыту, еңбек жағдайларына назар аудару, табыстылық мен жетістіктерді мойындау – Университет мақсаттарын жүзеге асырудың негізгі факторлары.

1.6. БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТТАРЫ – БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАСҚАРУДЫҢ НОРМАТИВТІК БАЗАСЫ

Сапаның талап етілетін ұғымы және оның сипаттамалары нормативтік құжаттарда көрсетілген. Осы құжаттар бойынша материалдық және рухани өндіріс саласында қызметтер жүзеге асырылады. Стандарттар осындай құжаттардың бір түрі болып табылады.

Стандарттардың барлық саладағы негізгі қызметі – қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыратын белгіленген сападағы және қасиеттердегі адамдардың өнім өндіруге бағытталған қарым-қатынастары мен қызметін ұйымдастыру және реттеу. Стандарттау саласындағы халықаралық (ХС), өңірлік(ӨС), ұлттық\мемлекеттік(МемСТ), салалық стандарттар(СС), кәсіпорындар стандарттары(КС) болады. Терминология, өлшемдер мен параметрлер, нормалар, техникалық шарттар, қызметтер, ережелер және басқалары стандарттау нысандары бола алады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының ерекшелігі – бір жеке саланың қызметін реттегенмен, ол салалық болмай, мемлекеттік стандарт болады.

Білім берудің стандарты деп білімділіктің мемлекеттік нормасы ретінде қабылданатын, қоғамның қажеттілігін көрсететін және нақты жеке тұлға мен білім беру жүйесінің мүмкіндіктерін есепке алатын негізгі параметрлердің жүйесін айтамыз. Білім берудегі стандарттау білім беру сапасына деген қойылған нормалар мен талаптарды ұйымдастыру және реттеу үшін көзделген.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңының 56-бабында «мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарында

«1.Қазақстан Республикасында әрбір білім деңгейі бойынша:

1)білімнің мазмұнына;

2)білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең көп көлеміне;

3)білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын жалпы талаптардың жиынтығын айқындайтын білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары белгіленеді.

2.Тиісті білім беру деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, меншік нысандарына, үлгілері мен түрлеріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдары үшін міндетті» деп айтылған.

Дер кезінде білім беру стандарттарын енгізу білім мекмелері типтерінің алуан түрлілігімен сипатталатын білім кеңістігінде біріңғай міндетті нормаларды(ең аз талаптарды) беру қызметтілігінен туындаған. Стандарттарды нормативтік құжаттар ретінде енгізу, анархия мен жағымды өзгерістердің жағымсызға айналып кетуіне жол берместен, мектепті демократияландыру үдерістерін ерттеуге, білім қызметтері тұтынушыларының барлық құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асырудың кепілі бола тұрып, білім беру стандарты оқу материалдарының құрамы мен мөлшерін, әсіресе, оқыту әдістері мен түрлерін қатаң шектемейді.

Білім беру кеңістігінде стандарт келесі қызметтер атқарады:

-азаматтардың толыққанды білім алуға деген құқықтарын қамтамасыз ету;

-мемлекеттің білім беру кеңістігінің біртұтастығын сақтау.

Стандарт білім беру жүйесі мен оқыту мекемелері типтерінің алуан түрлігінде білім жүйесін тұрақтау механизмі болып табылады;

-білім беруді адамгершілікке баулу;

-білім беру сапасын арттыру;

-межелік-бағалық;

-білім беруді басқару.

Стандарт және оған енетін ақпарат білім беру мекемелері қызметтерінің барлық жақтарын және онымен басқаруды регламенттейді. Осылайша мысалы, оқыту пәндері жүйесінде, оларды зерттеу реттілігінде айқындалған білім беру мазмұны педагогтардың кәсіби біліктеріне деген талаптарды, әдістемелік жұмыстардың бағыты мен мәндерін, оқыту жүктемелерінің параметрлерін анықтайды. Сонымен, білім беру мекемесінің осы салаларын басқару, ең бірінші кезекте, МемСТБ-ге сәйкес жүзеге асырылады.

Оқушылар емн тәрбиеленушілердің оқу жүктемелерінің ең көп мөлшердегі сипаттамалары оқу үдерісінің ұйымдасытрылуын, бүкіл мектеп жұмысының, оқушылардың, педагогтар мен жетекшілердің жұмыс істеу кестесін қалыптастырады.Стандартта білім беру сапасының межелері белгіленгендіктен, осы негізде білім беру сапасын бақылау басталады. Ол білім мекемелерінің аттестатталуы мен аккредиттелуін, мектепалды білім беру мекемелері тәрбиешілерінің, орта жалпы білім беру мектептері мұғалімінің, орта және жоғары кәсіби мектептер оқытушыларының педагогикалық қызметтерін бағалауды қамтиды.

Оқушыларды дайындау деңгейлеріне қойылатын талаптарына байланысты МемСТБ ақиқат өлшемдер жүйесі білім беру мекемесіндегі істердің шынайы жағдайлары жайлы ақпарат алуға мүмкіндік жасайды және осының негізінде барлық деңгейлерде дәлелденген басқарушылық шешімдер қабылданады.

Демек мемлекеттік білім стандарттары білім беру сапасын басқару жүйесін әзірлеуге қажетті база құрайды.

МемСТБ мәліметтері мектепалды деңгейден бастап жоғары оқу орнынан кейінге дейін, яғни білім берудің барлық деңгейі үшін әзірленген.

Білім беру стандарттары пайда болғанға дейін, білім беруде нормалаушы рөлін атқарған МемСТБ өздерінің басқару қызметтерінде оқулықтар және оқу жоспарларынан несімен ерекшеленеді?

Егер оқулықтар мен оқу жоспарлары білім беру қызметінің бағдарлар жүйесі ретінде тек оқыту барысында беріліп, игерілетін оқу материалының құрылымы мен мөлшерін айқындайтын болса, ал білім стандарттары, Э.Д.Днепровтың пікірі бойынша, білім мазмұнын жобалау және нормалау тәсілдерінің дамуында жаңа сапалы кезеңді құрайды. Стандарттардың жаңа рөлі, бірінші кезекте, олардың ішінде нормалау нысанының өзі өзгергенімен, білім мазмұнының өзіне ғана емес, сонымен қатар білім нәтижелеріне де талаптар қойылғанымен байланысты болып келеді. «Осыған байланысты, кем дегенде, төрт түбегейлі идеялық және технологиялық новациялар енгізіледі:

1.Стандарттар нені оқытпау керек, балаға нені білу керектігіне назар аударады, яғни оқытудың(сабақ берудің) мазмұны білімді өзі меңгерген мазмұнына айналады.

2.Баланың өз меңгеруі тек оның дербес оқуы барысында ғана мүмкін болғандықтан, стандарт білімге деген талаптардың өзін қызметтік бағдарда құрастырады, яғни білім беруге тұлғалық-қызметтік сипат береді.

3.Оқыту барысында қол жеткізетін нәтижелерге назар аудара отырып, стандарт мектепте, мұғалімге, оқушыға оларға жету жолында өз жолын, құралы мен тәсілдерін таңдауға мүмкіндік қалдырады. Бұл одан да гөрі маңызды, өйткені ЮНЕСКО-ның ХХІ ғасырға білім жөніндегі халықаралық комиссиясының Баяндамасында «адамның өзіндік талдауына, тұрақты таңдау негізінде әрекет етуге дайын болуына және қабілетіне, таңдау жағдайынан күйзеліссіз шығу дағдысын қалыптастыруға жағдай жасау» адамзат өркениеттің заманауи даму кезеңінде білім берудің ең басты міндеті болуға тиіс,-делінген.

4.Ақырында, білім нәтижелерін шынайы өлшейтін жүйе енгізеді»біреудің субьективтік шешімінен тәуелсіз), яғни стандарт бала үшін де, мұғалім үшін де және мектеп үшін де, әртүрлі инспекторлар мен білім үдерісін бақылаушылардың жөнсіздіктерінен қорғау механизмі ретінде қызмет етеді»

Білім беруде мемлекеттік-қоғамдық басқару идеяларын жүзеге асыру басқарудағы білім беру қызметінің барлық субьектілерінің қатысуын кеңейтуді қарастырады. Бұл идеялар білім берудің әр деңгейлерінің МемСТБ мазмұнында өз көрінісін тапқаны сөзсіз. Бірінші кезекте, бұл білім алушымен білім мазмұнын талдау мүмкіндігіне, оған жеке білім траекториясын құру құқығын беруде байқалады.

ҚР Бейінді оқытуды дамыту тұжырымдамасында Қазақстандағы бейінді оқыту жүйесін дамыту мыналарға бағытталған:

- білім беру жүйесінің Қазақстан азаматының түбегейлі рөлі ретіндегі базалық құзіреттіліктер түріндегі ұлттық мақсаттарға жету, оқушылардың әлеуметтендіру мүмкіндіктерін кеңейту;

- 11-12 сыныптар оқушыларының оқу мазмұны дифференциялау үшін, жалпы орта білімнің жеке оқу жоспарларын жобалау мен жүзеге асыру мүмкіндіктері үшін нормативтік, ұйымдастырушылық және педагогикалық жағдайлар жасау;

- оқушылардың қабілеттеріне, қызығушылықтарына және бейімділіктеріне, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне және басқаларына сәйкес сапалы білім алуға қол жеткізулерін қамтамасыз ету;

Осы мақсаттарға сәйкес МемСТБ құрылымында оқу пәндерінің келесі топтары айқындалған:

- тиісті деңгейдегі білім мазмұнының өзгермейтін құраушысы білім мазмұнының негізгі құраушысы ұсынады. Негізгі жалпы білімді пәндер барлық оқушылар үшін міндетті болып табылады;

- тиісті деңгейдегі білім мазмұнының нұсқалық құраушысы білім мазмұнының мектептік және оқушылық құраушыларын ұсынады. Білім мазмұнының нұсқалық бөлігі орта білімнің нақты ұйымының ерекшелігін айқындайды; білім ұйымымен бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім деңгейлері оқу пәндерінің мемлекеттік стандарттарынан тыс қосымша оқу бағдарламаларын әзірлеуге және жүзеге асыруға бағытталған.

МемСТБ құрамына кіретін типтік оқу жоспарларының негізінде нақты оқу мекемесінің (мектепалды білім мекемесінің, орта жалпы білім мектебінің), орта және жоғары кәсіби білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мекемелерінде нақты мамандықтың жұмыс оқу жоспарлары әзірленеді. Сонымен қатар, МемСТБ, өз тарапынан, педагогтың оқытатын оқу пәні бойынша жұмыс оқу жоспарын құрастыруға негізгі қызметін атқаратын, пәндер бойынша типтік оқу жоспарларын әзірлеу базасы болып табылады.

Жоғарғы білімнің мақсаты-тек қоғамның, мемлекеттің ғана мүдделерін қанағаттандыруда емес, сонымен бірге, жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуында, әр адамға оқыту мазмұнын, түрін мен мерзімін таңдауға кең мүмкіндіктер беру. Осы міндеттерге сәйкес кең түбегейлі білімдерге ие, бастамшы, еңбекке және технологиялар нарығының өзгермелі талаптарына икемді, командамен жұмыс атқара алатын жаңа формациядағы маманды даярлау; жоғары білімнің бүкіл жүйесінің білім үдерісінің демократияландыру арқылы ынталандыруды күшейту; студенттердің сапалы білім алуға құқықтарын нығайту, жоғары оқу орындары басшыларының сапалы білім қызметтерін және басқаларын ұсынуға деген жауапкершіліктерін анықтайтын механизмдері әзірлеу және енгізу белгіленген. Осылайша, ҚР жоғары білім жүйесінің мақсатты бағдарларында еліміздің даму стратегиясына, ТQМ идеяларына сапамен басқарудың жаңа философиясы ретінде сәйкес келетін жаңа әлеуметтік талаптар көрсетілген.

Белгілі болғандай, ТQМ негізгі қағидаттарының бірі-тұтынушы қажеттілігіне жұмыс істеу. Білім жүйесінде студент білім беру қызметтерінің негізгі тұтынушысы болады. Мемлекеттік білім стандарттары талапкерлердің дайындық деңгейіне, жоғары оқу орны түлектерінің біліктілік сипатына, кәсіби қызмет нысандары мен түрлеріне, білім алуды жалғастыру мүмкіндіктері және т.б. талап қяды. Стандарттарға негізгі білім бағдарламаларына, олардың мазмұнына қатысты міндетті минимумға жалпы талаптар қояды. Негізгі білім бағдарламаларына базистік оқу жоспарлары, оқу пәндерінің бағдарламалары, оқу және өндірістік тәжірибелер бағдарламалары кіреді. Оқу барысын өз қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес құру мүмкіндігін МемСТБ-да білім мазмұнының өзгермелі құраушысы болғандығы қамтамасыз етеді.

Жоғары кәсіби білім берудің мемлекеттік білім стандарттарында білім беруортасына, сондай-ақ әр бағыттағы тәжірибелерді, қорытынды мемлекеттік аттестатауын ұйымдастыруға және түлектердің кәсіби дайындық деңгейіне деген талаптар тұжырымдалған, бұл операционалды түрде көрсетілген құзыреттіліктер жиынтығына сәйкес келеді. Сонымен, қазақстандық жоғары мектепте мамандарды даярлау бағыттары мен мамандықтары бойынша мемлекеттік білім стандарттары білім жүйесі мен білім мекемелерін басқарудың негізі болып табылады.

МемТСБ жетілдіру келешегі ҚР-ның 2011-2012 жылдарға арналған Білім берудің мемлекеттік бағдарламасында айқындалған: оның ішінде нормативтік құжаттардың мәліметтері әртүрлі сала, қызмет аясы мен біліктілік деңгейлеріне қатысты талаптар көрсетілген кәсіби стандарттарлың негізінде жасалуы керек. Нақты кәсіби стандарттар негізінде әзірленген білім берудің мемлекеттік жалпы білімді стандарттардың үлесі 2020 жылға таман 90% -ды құрауы керек. МемСТБ әзірлеуге ҚРБжҒМ ғана емес, сонымен қатар жергілікті орындаушы органдар, кәсіби ассоциациялар мен жұмыс берушілер қатысуға міндетті [2,20б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет