5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі



бет22/44
Дата18.05.2020
өлшемі366.04 Kb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
Мониторинг-білім беру мақсаттарының, міндеттерінің және оларды шешудің құралдарын оңтайлы таңдау мақсаттарында педагогикалық үдерістердің жағдайына, дамуына үздіксіз ғылыми-негізделген, диагностикалық-болжанған қадағалау үдерісі [18].

Мониторинг-оқу мен тәрбие жағдайына үздіксіз, ұзақ бақылау және осы үдеріспен қатысушыларды қолайсыз сыни немесе жол берілмейтін жағдайлардың мүмкін болуы жөнінде уақытында хабардар ету жолымен басқару [77].

Мониторинг-басқарудың дербес функциясы. Мониторинг аясында тексерілген педагогикалық әрекеттерді анықтау және бағалау жүргізіледі, сонда педагогикалық жүйе қызметінің нақты қорытындыларының оның соңғы мақсаттарына сәйкес келуін хабардар ететін кері байланыспен қамтамасыз етіледі [117].

Мониторинг анықтамаларының әрқайсысы автор үшін қандай да болсын маңыздыларды, қойылған міндеттер үшін мәнділерді, бірақ оның бөлек тараптарын анықтайды.

Көптеген авторлар мониторинг сөзі тар мағынасында басқарудағы үш маңызды құрауыштарды біріктіреді деп санайды:


  • білім беру мекемесі қызметінің әртүрлі тараптарын бақылау;

  • олармен басқарудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі;

  • ЖОО, мекткеп қызметінің әртүрлі тараптарының сараптамасы.

Мониторинг осы құрауыштарда негізделеді, бірақ оның ешқайсысын алмастырмайды, ол өз бетінше не бақылау жүйесі, не сараптама, не басқарудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесі бола алмайды.

Әртүрлі дефинициялардың талдау оның құрауыштармен, оған деген талаптармен байланысты мониторингтің негізгі сипаттамаларын орнатуға мүмкіндік береді:



  • сапаның жаңа түсінігіне, оны құрылымдық элементтердің жиынтығы ретінде ұсынуына сәйкес мақсаттар мен нормаларды анықтау;

  • қойылған мақсаттар мен нормаларға қол жеткізу туралы айтуға мүмкін болатын межелерін орнатуын және межелердің әрқайсысы бойынша индикаторларды (өлшенетін өлшемдерді) көздейтін операциялық;

  • жүйелілік /реттілік оған сәйкес мониторинг эпизодтық түрде емес, үдерістерге үнемі бақылауды көздейтіндей жүзеге асырылады;

  • жинақталған ақпараттың логикалық салдары ретінде қызметтің, білім беру мекемесінің дамуын болжау.

Білім беру сапасының мониторингісінде осы жүйенің жай-күйі туралы, мекеме басшыларының негізгі қызметіне жататын, саланы басқару тетігін жетілдіруге жағдай жасайтын, білім беру жүйесінің қызметінде кең таралған бағалауы мен бақылауынан қандай айырмашылығы бар?

Мониторингті енгізу, әсіресе, ол білім беру ұйымында сапа менеджмент жүйесінің (СМЖ) қосалқы жүйесі ретінде қарастырылса, қандай жаңалықты көздейді? Білім берудегі мониторинг-бұл, сондай-ақ уақыттың кез келген мезетінде обьектінің жағдайы жөнінде айтуға мүмкіндік беретін басқарудың ақпараттық қамтамасыз етуіне бағдарланған білім беру немесе оның кейбір элементтері жөніндегі ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі.

Білім беру мониторингісінде келесі түрлері анықталады:


  • білім беру мақссаттарының ауқымы бойынша-стратегиялық, тактикалық, жедел;

  • оқыту кезеңдері бойынша-кіріс (іріктеу), оқу (аралық), шығу (қорытынды);

  • уақыттылық тәуелділігі бойынша-ретроспективтік, ескерту (озушы), жүйелі;

  • бақылау обьектілерін қамту бойынша-жергілікті, таңдаулы, тұтас;

  • ұйымдастырушы түрлері бойынша-жеке, топты, жаппай;

  • обьект-субьектік қатынастар нысандар бойынша-сыртқы (әлеуметтік), өзара бақылау, өзін-өзі талдау;

  • қолданылатын құралдар бойынша-стандартталған, стандартталмаған, матрицалық және басқалары [87,36б ]

Мониториинг құрамына ақпараттық-саоаптау, операциялық-әрекеттік, бағалау-межелік, уақытша сияқты өзара байланысты және өзара негізделген құрауыштар енеді.

Педагогикалық мониторингісінде білім беру ортасының жағдайы туралы деректерді дәлелдендіру үдерісі ретінде қарастыра отырып, А.С.Белкин [18] мониторингтік зерттеулер барысында жүзеге асырылатын негізгі функцияларды анықтады:



  1. тұспалдаушы;

  2. конструктивтік;

  3. ұйымдастырушы-әрекеттік;

  4. түзету;

  5. бағалау-болжамдық;

Мониторинг білім беру мекемелер жүйесінде, бірінші кезекте, ақпаратты жинақтау, өңдеу, сақтау мен талдауды реттеу және стандарттау арқылы ақпараттық ағыстарды ұйымдастыруға ерекше көзқарастарды көздейді. Осының салдарынан мониторинг межелерінің/индикаторларының тізімі білім берудің қадағаланатын сапасына қатысты валидтік талаптарына жауап беруге тиіс; ақпаратты ұсыну түрі уақыттың белгілі кезеңі бойында жеткілікті түрде нақты және тұрақты болуға тиіс. Бірақ бұл мониторингтік зерттеулерді өткізуде қаталдықты, домалақты білдірмейді, өйткені бірқатар жағдайда таңдалған межелердің және оларға барабар ақпаратты сараптау-синтетикалық әдістерді түзету қажетті болуы мүмкін.

Сонымен, мониторинг барысында алынған ақпарат келесі сапалық сипаттамаларға ие, тиіс шарттар сақталыну керек [54]:



  • шынайлылық-алынған нәтижелер істердің нақты жағдайын көрсетуге, ал тұлғалық фактор төмендетілуі тиіс;

  • дәлдік-өлшемдердің дәлсіздіктері жарамды нақтылықпен дәл көрсеткіштердің мәндеріне кепілдік беретіндей болуға тиіс;

  • толықтығы-ақпарат дереккөздері нәтижелерді ықтимал өрісін жабуға тиіс немесе түзетіп қайта тұсауын кесу керек;

  • жеткілікті-ақпарат көлемі басшының қажеттіліктеріне сәйкес келуге және қандай да болсын шешімді қабылдау үшін жеткілікті болуға тиіс;

  • жүйелілік (құрылымдылық)-бір обьектіге қатысты әртүрлі дереккөздерден алынған басқарушы ақпарат көздерінің сапасын және басшылардың ақпараттық сұраныстарын есепке алумен құрылымдалуға және жүйеленуге тиіс;

  • жалпылау оңтайлығы-ақпарат басқару органы шешетін міндеттер деңгейіне сәйкес келуге тиіс;

  • жеделдік (уақыттылығы)-ақпараттың сапасы ретінде. Ақпарат көп мөлшерде тарихи құндылық емес, басқарушы құндылыққа ие болуға тиіс, яғни даму қарқындарына сәйкес келу керек;

  • қолжетімділік-осы көрсеткішті екі мағынада түсінуге болады. Бір жақтан, ақпаратты алу мүмкіндігі және нақтылығының мазмұнындағы қолжетімділік (басшы қандай да болсын бір ақпарат бар екендігін біле тұра әртүрлі себептердің арқасында оларды ала алмайтын нұсқа болу мүмкін). Қолжетімділік екінші түсінігі басшыға басқару шешімдерін жылдам және тиімді қабылдауға мүмкін болатын ақпарат ұсынудың осындай түрімен байланысты. Кейде жеткілікті және сапалы ақпарат менеджерге шешім қабылдау үшін жарамсыз түрде келіп түседі (мысалы, әлсіз құрылымдалған мазмұны, екінші жәрежелі деректердің көп болуы, шешімді қажет ететін қорытындылардың және/немесе ұйымның қызметіндегі маңызды проблемаларға сілтемелердің жооқтығы, тым көлемді, көп бетті есеп беру түрінде, және т.с.с.).

Көптеген авторлар мониторинг білім беру мекемесінің қызметінде аясы тар мақсат болуы мүмкін еместігіне сенімді. Оның енгізілуі «жоғарыдан» да, «төменнен» де басталуы тиіс. Алғашқы ол басшының осы мекеменің өзгеруіндегі, өз жетілуінің жолдарын анықтаудағы қажеттілігін негіздейтін өзгерген білім жағдайына жауабы ретінде пайда болады. Екінші-ең бастысы, осы қажеттіліктер рефлекстелген, тек басшылықпен ғана емес, сондай-ақ қызметкерлер ұжымымен ұғынған, сонымен бірге, ұжымның кәсіптілік дәрежесі мониторинг үдерістері мен операцияларын қажетті деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді. Білім беру мекемесінде сапалы және сандық ақпаратты жинау және талдау әдістерін игеруінсіз, қажетті ақпараттық-технологиялық қолдауынсыз мониторингтің жеке алынған қызметін құру-мағынасыз. Сонымен, ссапалы арттыру үшін ішкі өзін-өзі бағалау үлкен мәнге ие болады, онда мүдделі қызметкерлер осы үдерістің қатысушылары бола алады және міндетті түрде қатысушылары болуға тиіс.

Білім мекемелері қызметінің мақсаттары мен қадағалау мәні туралы түсінігін өзгерткен білім беру сапасының жаңа түсінігі, бақылау және бағалаудың жеке әдісін ғана емес, сондай-ақ, проблеманы көп аспектілі өзгеріс түрінде, оның әртүрлі бағыттағы көзқарасын бірлікте қаоастыруға мүмкіндік беретін мекеменің мақсатттарына сәйкесс, таңдалған алуан әдістер мен технологиялар жүйесін пайдалануға себеп болады. Осының салдарынан мониторинг барысында педагогикалық және психологиялық диагностиканың, әлеуметтік мониторингтің әдістері қолданылады (ең бастысы, әртүрлі сауалнамалық әдістер). Білім беру мониторингісі пайдалануы ұйымның ішіндегі және сыртындағы үдерістердің өтуіндегі өзгерушілікті анықтауға және түсінуге мүмкіндік беретін математикалық статистика әдістерінің көмегімен алынған деректерге міндетті түрде негізделеді. «Статастикалық әдістер деректердің ссалыстырмалы шектеулі саны болса да, өзгерушілікті өлшегенде, сипаттағанда, талдпғанда, түсіндіргенде және үлгіленгенде көмектесу мүмкін» [91,6 б.].Соңғы кезде жоғары білім сапасын бағалауда сапа саласындағы шетел авторларымен ұсынылған сапа инжиниринг әдістері кеңінен таралды (К.Искавамен, Р.Кэмппен, В.Паретомен, Г.Тагутимен, У.Шухартпен және басқалармен).

Білім беру сапасын бағалау және оны жетілдіру бойынша шараларды болжау кезінде пікірлерін ескеру қажет респонденттер аясының кеңеюі мониторингтің ерекшелігі болады. Білім беру мекемксінің қызметіне қызығушылық танытқан тұлғалар аясының кеңеюі, бірінші кезекте, қоғамдық, оның ішінде, өндірістік өмірдің барлық аясында ойнайтын рөлімен, сондай-ақ, сапаның заманауи менеджментінде тұтынушыға деген бейімделу-негіз болатын ұстанымдардың бірі болуымен байланысты. Сонда тұтынушылар аясына сыртқы тұтынушылармен қатар, ішкі тұтыеушыларда жатады. Сыртқы тұтынушылар қатарына білім алушылар және олардың ата-аналары: қоғам, оның ішінде, жергілікті қауымдастық, кәсіптілік қауымдастықтары, мемлекет енеді; білім беру мекемесінің және басқалардың қызметкерлері-сапаның ішкі тұтынушылары.

«Сапа менеджмент жүйелері. Негізгі қағидалар мен сөздік» ИСО 9000-2008 стандартында сапа менеджмент жүйесінің қажеттілігін негіздеуде «тұтынушыларға олардың қажеттіліктері мен күтулерін қанағаттандыратын өнім қажет» деп көрсетілген. Осы қажеттіліктері мен күтулер... өнімге деген техникалық жағдайларда көрсетіледі және әншейінде тұтынушылардың талаптары деп саналады. Талаптар келісім шартта көрсетілу немесе ұйымның өзімен анықталу мүмкін. Қайткенде өнімнің тиімділігін, соңында тұтынушы орнатады... Сапа менеджментінде жүйелі көзқарас ұйымдарды тұтынушылардың талаптарын талдауға, тұтынушылар үшін тиімді өнімді алуға ықпал ететін үдерістерді анықтауға, сондай-ақ осы үдерістерді тиімді қалыпта ұстап тұруға түрткі болуда. Сапа менеджмент жүйесі тұтынушылармен қатар, басқа мүдделі тараптардың да қанағаттанарлығын жоғарылату мүмкіндігін арттыру мақсатымен тұрақты жақсарту негізі болуы мүмкін [91,1б]. Соңғы кезде көптеген білім беру мекемелері, сапа менеджмент жүйесін әзірлей отырып, өз құрылымында тікелей білім сапасын бағалау/мониторинг функцияларын атқаратын бөлімдерді құрады.

«Бақылау» деген 1.44-тарауында белгіленгендей, мемлекеттік-қоғамдық басқару идеяларын жүзеге асырумен байланысты білім беру үдерісі субьектілерінің (педагогтардың, ата-аналардың, оқушылардың) білім беру мекемесінің жұмысы туралы пікірлерін талдауымен байланысты ақпарат маңызды болуда. Пікірлердің деректері балабақшаның, мектептің, ЖОО-ның мықты және әлсіз жақтарын түсіну, білімнің қол жеткізген сапасын бағалау үшін ғана емес, сонымен бірге, даму болашағын анықтау үшін өте маңызды.

Еліміздің аккредиттелген агенттіктерімен ҚР-ның ЖОО қызметінің сыртқы бағасы да (ҚР БжҒМ Ұлттық аккредитациялық орталығымен, Білім беруде сапамен қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттігімен), даусыз, оқу үдерісінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оқытушылардың сапалық құрамы, олардың ғылыми зерттеу қызметінің тиімділігі, студенттердің оқытудың нәтижелері және т.б. жөніндегі ақпаратты жинақтауда негізделетінін атап кету қажет. Бірақ сапа бақылауды жүргізілетін дәстүрлі көрсеткіштермен қатар, жұмыс берушілерде түлектердің дайындық сапасы жөніндегі пікірлері кеңінен пайдаланылады, студенттердің сауалнамаға жауап беруі жүргізіледі, кәсіби қоғамдастық өкілдерінің пікірлері жинақталады.

Білім беру жүйесіне мониторингті енгізу бірқатар проблемалардың шешілуін талап етеді [71]. Жекелеп айтқанда, оларға мыналар жатады:


  • қазіргі таңда бүкіл әлемнің және Қазақстан Республикасының білім беру жүйелерінде жүріп жатқан түбегейлі өзгерістердің концептуалдық негіздерін анықтау. Осы негіздерді ұғыну орта мектепте, орта кәсіптілік оқу мекемелерінің және ЖОО түлектерінің кәсіби дайындығының сапа моониторингісінің барабар тұжырымдамасын жасауға мүмкіндік береді;

  • білім беру сапасы мониторингісінің тиімді технологияларын түсіну және іріктеу, бұл жайыт сыртқы және ішкі бақылаудың дәстүрлі әдістерімен қатар, инновациялық әдістерді де (инжиинеринг әдістері) негізде етіп үйлестіретін мониторинг жүйесін құруға мүмкіндік береді;

Сапаны бағалаудың ұлттық жүйесіне құрамдас бөліктермен білім сапасын бағалаудың облыстық жүйелері (БСБОЖ) енеді. «Білім қорытындыларының және әлеуметтік әсерлердің жүйелі мониторингісін жүргізу мақсатымен ұлттық және өңірлік деңгейде басқару және даму жолдарын болжаудың ақпараттық базасы түрінде білім мрниторинг жүйесі енгізілетін болады. Осы мақсатқа жету үшін Білім сапасын бағалаудың ұлттық орталығы Білім статистикасы және бағалаудың ұлттық орталығы қайта құрылатын болады (әрі қарай-БСжБҰО) [2,28б]. Білім сапасын бағалаудың облыстық жүйесін енгізу қазіргі таңда білім мониторингісін жетілдіру бағыттарының бірі болуда»

ҚР білім беруінің заманауи жүйесінде, сондай-ақ әртүрлі көзқарастардың негізінде жүргізілу мүмкін аккредиттеу білім сапасын бағалаудың маңызды үдерісінің бірі болуда. Сонымен, мысалы, шетелдердің көпшілігінде аккредиттеу тәуелсіз кәсіби ұйымдары тарапынан ЖОО-ның сапалы білім беру қызметтерініңұсыну қажеттіліктерін растау ретінде қарастырылады. Қазақстанда ҚР ҒжБМ Ұлттықаккредиттелген орталық (ҰАО) құрылған, оның функциясына ЖОО-ның институциионалдық аккредиттеуі және кәсіптілік білім бағдарламаларын аккредиттеуі, сапа бағалауын Болон процесінің шарттарымен үйлестіру үшін келісілген белгілермен аккредиттеу рәсімдерін әзірлеу, шетелдік білім беру ұйымдарымен берілген білім туралы құжаттарды мойындау және нострификациялау рәсімдерін жүргізу, сапаны қамту бойынша халықаралық бағдарламаларға қатысу және т.б. енеді. Сондай-ақ, 2008 жылы Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттік (БСҚТҚА) құрылған болатын.

Білім сапасының сыртқы бағасына тәуелсіз мамандандырылған халықаралық агенттіктер де жұмылдырылған. Қазіргі таңда олардың қызметі көбінесе ҚР жоғары кәсіби білім жүйесімен байланысты, бірақ жалпы білім беру аясында бірқатар жылдар бойында оқушылар дайындығының сапасы бойынша, олардың оқу сауаттылығының, математикалық, табиғи-ғылыми сауаттылығының деңгейі аясында және басқалары бойынша халықаралық зерттеулер жүргізілуде. Осы зерттеулердің қатарына PISA, TIMMS, PIRLS және басқалары жатады (1-ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДЫ қараңыз).

1-ҚАСЫМША МАТЕРИАЛ

Білім беру аясында халықаралық байланыстарды кеңейту, білім беру кеңістігін жаһандандыру, алған деректерін салыстырмалы талдау үшін негіз ретінде пайдалануын, кең интернационалды салыстыру зерттеулерін жүзеге асыратын әртүрлі халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу қажеттілігін ұғынуға әкеп соқтырады.

Халықаралық аккредитациялық агенттіктер жоғары білім сапасын қамтамасыз ету және бағалауда үлкен рөл атқарады. Атауынанкөруге болатындай, инженерлік ғылымдары, информатика, табиғи ғылымдары мен математика саласында білім бағдарламаларының аккредиттеуін жүргізетін ASIIN- Accreditation Agency for Study Programs in Engineering, Infomatics, Natural Sciences and Mathematics) осының мысалы.

ASIIN – инженерия, сәулет, информатика, табиғи ғылымдары мен математика саласында ұлттық және халықаралық бакалаврлық және магистрлік білім бағдарламаларын (ББ) аккредиттейтін коммерциялық емес, тіркелген бірлестік ретіндегі тәуелсіз агенттік. Ол осы мақсат үшін кәсіптілік білімдерінің салалары бойынша ББ бағалау рәсімдері мен талаптарын бекітеді. Оқытушы және оқу жұмысының жоғары стандарттарын және кәсіби дайындығының баламалығын қамтамасыз ету – ASIIN аккредиттеу қызметінің негізгі қағидаты. ББ аясында қол жеткізілетін құзыреттіліктердің еуропалық біліктілік нормалары талаптарына сәйкес болу мәселесі – ASIIN – аккредиттеудің мәні. Бұдан басқа, ASIIN-мен аккредиттелген білім бағдарламаларының халықаралық танылуы басым маңызға ие.

Оқу жетістіктерін бағалау бойынша IEA (International Association for the Evaluation of Educational Achievement) халықаралық ассоциацияны орта білім жүйесінде осындай ұйымдардың бірі болып есептеледі. TIMSS, PISA және басқалары халықаралық мониторинг бағдарламаларының қатарына жатады. TIMSS математикалық, табиғи-ғылыми сауаттылығының саласында бағалау мақсаттарында жүргізіледі;PISA – оқу жетістіктерін бағалау бойынша; CIVIC- әлеуметтік пәндер және әлеуметтік құзіреттіліктерді қалыптастыру саласында; PIRLS – оқу сапасын және мәтінді түсінуін зерделеу саласында; SITES – оқытудағы ақпараттық технологиялар бойынша; LES- шетел тілдері бойынша халықаралық зерттеу.

TIMSS – математикалық және табиғи-ғылыми білім сапасын бағалау бойынша халықаралық зерттеу (Third International Mfthematics and Science Study) – зерттелетін проблематикасы және оған қатысатын елдер саны бойынша білім саласындағы ХХғасырдың ең кең, ауқымды жобасы. Жобаның негізгі мақсаты – әлемнің әртүрлі елдерінде оқушылардың математикалық және табиғи-ғылыми дайындығын салыстыру және оқыту нәтижелеріне ықпал ететін факторларды анықтау. Зерттеу негізгі мектеп оқушыларын тесттілеу және сауалнама көмегімен жүргізіледі, сонымен қатар зерттеуге қатысқан барлық елдерде табиғи-ғылыми пәндербойынша бағдарламалар талданады.

PISA білім алушылардың халықаралық бағалау бағдарламасы ретінде (Жаңа мыңжылдықтағы білімділер мен ептілердің мониторингісі) «оқу сауаттылығы», «математикалық сауаттылық» және «табиғи-ғылыми сауаттылығы» сияқты үш бағыт бойынша оқушылар дайындығының зерттеуін көздейді.Оның әрқайсысы белгілі мектеп пәндеріне сәйкес келеді. Оқушылармен негізгі түсініктерді ұғынуына, олармен жоғарыда көрсетілген үш бағыт аясында зерделенетіннегізгі әдістерді игеруіне және өз білімдерін әртүрлі жағдайларда пайдалану ептілігіне ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, зерттеуде оқу пәндерінің нақты мазмұнын игеруін тексеруге көп уақыт бөлінбеуде.Негізгі уақыт ересек өмірге қажетті және оқк пәндерән зерделенгенде алынған неғұрлым кең білімдер мен ептіліктердің жағдайын зерделеуге,сондай-ақ оқушылардың пәнаралық құзіреттілігін бағалауға, мысалы, әртүрлі пәндерді зерделеу аясында немесе алға қойылған міндетті шешу үшін ақпараттың басқа дереккөздерінен алынған білімдерді пайдалануына бөлінген болатын





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет