5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі


Білім алушылар оқу (танымдық) қызметпен басқару субъектісі ретінде



бет29/44
Дата18.05.2020
өлшемі366,04 Kb.
#69287
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап
вирус
2.3. Білім алушылар оқу (танымдық) қызметпен басқару субъектісі ретінде

Педагикалық үдерісті басқару басқарушылар мен бағынушылардың өзара өзгеру, өзара әрекет етуші субъектілердің және осы өзара әрекет ету үдерісініңөзгеруі ретінде түсіндіріледі.

Ю.К. Бабанский өзінің оқу үдерісінің анықтауында «өзара әрекет ету байланыстары оның тұтас қызмет етуінде шешуші рөл атқарады, өйткені білім берушінің және білім алушының белсенді өзара әрекетінде ғана оқу үдерісі тұтас құбылыс ретінде пайда болады. Білім беру және оқу арасындағы өзара әрекет байланысының арақашықтығы осы үдерісті тұтастығынан айырады, яғни оны негізгі белгілердің және бар болу шарттарының біреуінен айырады, ол оқыту үдерісі ретінде қызметін тоқтатады. Сабақта мұғалімнің әңгімелеуі қаншалықты айқын да көркем болмасын, егерде, оқушылардың белсенді қызметі қамтамасыз етілмесе, осы жағдайда үдерістің қызмет етуі туралы айтуға болмайды, өйткені оқу оның маңызды элементі, педагогтар мен оқушылар арасындағы өзара әрекет ету байланысының жоқтығы» деп көрсеткен еді.

Ю.К.Бабанский басқару байланыстарын жүйенің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ететін, негізгі жүйе құраушы байланыстары ретінде қарастырады. Осы байланыстар, Ю.К.Бабанский айтқандай, педагогтардың білім алушылардың қызметін жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу және бақылау бойынша қызметінде көрінеді, осы жайт педагогтарды оқытудағы басқарушының рөлін айқындайды. Бірақ оқыту үдерісі барынша тиімді қызмет ету үшін білім алушыларды басқару және өзіндік қызметінің байланыстары арақатынасының оңтайлы шамасын табу қажет. Қызметпен тым қатаң басқару білім алушылардың бастамасын және өзіндік қызметін жояды, сол мезетте педагогтың оқыту үдерісінде басқару рөлінен шектен тыс шеттету де оқытудың нәтижелілігін төмендетуге әкеп соғады. «Педагогикалық басқару барынша ықтимал шамасында жеке адамдардың, қоғамдық үдерістердің, құбылыстардың дамуының заңды барысын есепке алған жағдайда, олардың оң беталыстарының жедел дамуына ықпал етеді. Дәл осы жағдай оқу-тәрбие үдерісіндегі функциялардың шектеусіздігін, абсолюттігін емес, нақтылығын айқындайды.[11,25 б.].

Басқару функцияларының нақтылығы, басқару байланыстарының сипаты бірқатар параметрлерге байланысты. Бірінші кезекте, білім алушылардың жасына байланысты: кіші сыныптардан жоғары сыныптарға қарай педагогтар тарапынан оқушылардың қызметімен басқарудың тікелей нысандарынан неғұрлым жанама түрлеріне көшуі болады. Басқару байланыстарының қарқындылық дәрежесі сонымен қатар оқушылардың дайындалғандық деңгейіне байланысты, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеу кезінде, үлгерімі жақсы оқушыларға деген көзқараспен салыстырғанда, олар тым мықты, қарқынды болатыны орынды.

Педагогтың педагогикалық үдерісті басқару бойынша қызметін жүргізуге дайындығы [15] тек білімнің болуында және ұсынылған ептіліктердің қалыптасуында ғанка емес, сонымен қатар, педагогтың осы қызметі оқушыны педагогтың әсер ету объектісінің ұстанымынан өзінің оқыту субъектісінің ұстанымына ауыстыруына бағыттауына болатыны көрсетілген. В.П.Панасюк [70], білім беру қызметтері тұтынушылардың әртүрлі топтарын қарастыра отырып, оқушылар – білім беру қызметінің белсенді қатысушылары (мұғалімдермен қатар) екенін көрсетуде. Сондықтан, көбінесе, олардың белсенділігінен, ұстанымынан, уәждеуінен және жұмсайтын күштеріне соңғы нәтижелердің сапасы байланысты болады.

Білім алушының белсенділігі тәжірибеден тәуелсіз оқу-тәрбие үдерісінде жүргізілетін басқарудың маңызды құраушы екені оқу қызметін және оны құрайтын оқу әрекеттерін талдау арқылы ашылады. Белгілі кеңес психологы П. Я. Гальперин әрекет құрылымын аша отырып, оны атқаратын функциялары бойынша шамалы, атқарушы және бақылау деген үш бөлікке бөледі [110бойынша дәйексөз]. Шамалы бөлік алдыңғы әрекеттің мәнін анықтаумен, осы әрекеттерді орындау үшін көмек ретінде қолданылатын операцияларды, оларды пайдалану ерекшеліктерін айқындаумен байланысты. Өз кезегінде, атқарушы бөлек әрекет жоспарының шамалы бөлігіндегі көзделген барлық операциялардың орындалуын жорамалдайды. Бақылау бөлігі әрекетті орындау, кейбір операцияларының барысына бақылауды, олардың алға қойған міндеттерге сәйкес келуін және қажет болған жағдайда-әрекеттер мен операциялардың түзетуін енгізеді.

Осы жіктеуге сәйкес Л.М.Фридман [110] қандай да болсын бір тақырыптың зерделенуіне қатысты оқу қызметінің құрылымында үш негізгі кезеңді бөледі:

1.Кіріспе-уәждеу кезеңі. Осы кезеңде білім алушылар оларға осы тақырыпты не үшін зерделеу қажет екендігін, нақты нені түсіну керектігін, алда тұрған жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екендігін сезіну керек. Осының арқасында оларда танымдық уәждермен қатар, әртүрлі әлеуметтік және оқу қызығушылықтарын енгізетін алда тұрған оқу қызметінің уәждер жүйесі қалыптасады. Сондай-ақ, оқушылар қандай бұрында игерілген білімдер мен ептіліктер қажет екендігін,оларда білімдерде, ептіліктер мен дағдылардағы қандай олқылықтар бар екендігін реттеуге тиіс.

Осы кезең келесі оқу әрекетінің көмегімен жүргізіледі: оқу-проблемалық жағдайды талдау; оқу міндетін қою (немесе міндеттер жүйесін); өзінің мүмкіндіктері, ептіліктері мен дағдыларының, бар білімдерінің рефлекциялау, алға қойылған міндетті шешу үшін олардың жеткіліктілігін бағалау.

Осы кезеңде уәждеу аяқталмайтынын ескерткен жөн, өйткені білім алушылармен дұрыс ұйымдастырылған өз қызметін ынталандыру барлық үш кезеңнен өтуге тиіс.

2.Операциялық-танымдық кезең. Осы кезеңде оқушылар оқу тақырыбының мазмұнын зерделеп ұғынады, қарастырылған білімді, ептілік пен дағдыларды игереді. Мұндағы негізгі оқу міндеті – жеке оқу міндеттерінің реттілігіне бөлінеді, бұл кезеңдегі оқытудың бүкіл үдерісі қабылданған оқу-танымдық міндетті шешуден және жеке оқу міндеттерінің жүйесінен тұрады. Білім алушылар біраз уақыт бойы өз күштерін немесе (топтық жұмыс жағдайында) топ мүшелерінің әрекетін бөле отырып, өз қызметін осы міндеттерге сәйкес ұйымдастырады.

3. Бақылау-бағалау кезеңі. Осы кезеңде оқушылар зерделенген оқу материалын қорытындылайды, оны өзінің білімдері мен ептіліктерінің жалпы жүйесіне жинақтайды; атқарған оқу жұмысын талдайды; бірінші кезеңде қойылған мақсаттарды және қол жеткізілген қорытындыларды салыстырады. Білім алушылардың рефлекциясы қызмет кемшіліктерін және олардың себептерін анықтаумен байланысты. Осы талдаудың неізінде олар атқарылған жұмыстың қажетті түзетуін жүргізеді, анықталған олқылықтардың орнын толтырады.

Автор оқушылардың дұрыс ұйымдастырылған оқу қызметінде аталған барлық үш кезеңнің болуын ескертеді. «Оқушылардың оқу қызметі кіріспе-уәждеу кезеңіңсіз тылсым, санаға өтпеген болады, ол олардың өз әрекеті емес, сондықтан да, ең бастысы, сыртқы уәждермен түрткі болады және бағытталады, ең маңызды қажеттіліктері мен қызығушылықтарына жауап бермейді.

Сонымен, олардың балалар үшін дамыту әсері болмайды. Бақылау-бағалау кезеңісіз, игерілген білімдерді қажетті қорытындылаусыз, атқарған жұмысты талдаусыз, пайдаланылған әдістер мен тәсілдерді бөлісусіз, оқу материалын мазмұнынан ажыратусыз, оқу қызметінің қорытындыларын алға қойған оқу-проблемалық міндеттерді шешу ретінде де, тұлғалық даму және мінсіздікке жету жолындағы жетістіктерін лайықты бағалаусыз, анықталған...олқылықтар мен жетіспеушіліктердің қажетті түзетілуінсіз - бұның барлығынсыз әр оқушымен оқу қызметі мазмұнының, әрекеттің жалпы тәсілдерінің шынайы иемденуі болмайды... Операциялық-танымдық кезеңге қатысты айтар болсақ, оқушының оқу қызметі осы кезеңсіз болмайтыны анық»[110, 183-184.].

Осы барлық кезеңдерде білім алушы толыққанды ұйымдастырушы, өзінің танымдық үдерісінің жетекшісі ретінде бола алатынына тағы да назар аударамыз. Осы функциялардың жүзеге асуы оқушыларда белгілі ептіліктер мен дағдылардың қалыптасуын талап ететіні даусыз. Педагогиканың теориясы мен тәжірибесінде оқу қызметін жүзеге асырумен байланысты ептіліктер мен дағдылар жалпы оқу дағдылары деп аталған.Жалпы оқу ептіліктері мен дағдылардың жіктелулері, негізгі түрлерінің саны және құрамымен, олардың түрлері мен топтарға бөлінуі жүргізілетін негіздемелерімен өзгешеленсе де олардың ұқсас жақтары көп. Авторлар көбіне, өз сөзімен айтумен, оқу материалын жүйелеумен байланысты ептіліктер мен дағдыларды бөледі; кітапханалық-библиографиялық ептіліктерді және каталогтармен, анықтамалық әдебиетпен және т.б. жұмыс істеу дағдыларын; зияткерлік ептіліктері мен дағдыларын (салыстыру, талдау, жинақтау және т.б.); ұйымдастырушылық-танымдық, яғни оқушының өз танымдық қызметін ұйымдастыра алу ептіліктері мен дағдыларын бөлген. Г.С.Селевко [88], оқу жұмысының тәсілдерін (ОЖТ) қарастырып, оларды келесі ептіліктер мен дағдыларға бөлген: оқу қызметін жоспарлау; өз оқу қызметін ұйымдастыру; ақпаратты, ойлау қызметін қабылдау; өз әрекеттерінің нәтижелерін бағалау және ұғыну. Біз көргеніміздей, осы жіктелуде, кем дегенде, ОЖТ-нің 3 тобы оқушылармен дәл өз қызметімен басқарумен байланысты.

Өскемен қаласының көптеген мектептерінде оқушыларда жалпы оөу ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілді. Сонымен, мысалы №23 орта мектебі мемлекеттік мекемесінде директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Л.Н.Кириякованың жетекшілігімен мектептің педагогикалық ұжымының бағытындағы жүйелі ептіліктер мен дағдылардың дамуындағы жалғастырушылығын және жүйелілігін тік (оқушылардың сыныптан сыныпқа ауысу кезеңділігінде) және көлденең (бір параллельдегі оқушыларды әртүрлі оқу пәндерінде оқыту барысында) бойынша қамтамасыз етті. Педагогтармен білім берудің қажетті мазмұны, пәндер бойынша әртүрлі тапсырмалар, оқытудың тиімді тиімді әдістері мен тәсілдері ғана іріктелмей, сонымен қатар, жалпы оқу ептіліктері мен дағдылары олардың генезисінде оқушылардың жасына және оқу пәнінің оқушылардың тікелей оқу үдерісіндегі дербестігімен қатар, олардың тіршілік әрекетіндегі басқа саларындағы дербестігі де біршама артады.

Өскемен қаласының «№34 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей» ММ-нің биология пәнінің мұғалімі О.А.Астраханцева қолданатын әдістердің бірі – оқушының оқу жұмысының тәсілдерін дамыту кезінде сабақта оқу тапсырмаларының артылып қалуы. Осы қағидаттың жүзеге асырылуы оқушылардың барлық ынтасында тапсырмалардың толық көлемін атқарып үлгермеуінде және сонымен ынталандырылады. Осы іріктеудің барысында олар өз мүмкіндіктеріне, тапсырманың күрделілігіне, оны орындау үшін қажетті уақытта бағдарлануға тиіс. Осындай көзқарас оқушыларға өз оқу қызметінің рефлекциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, оларда өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын (еңбектің ғылыми ұйымдастыруын) дамытады. Артықшылық қағидаты бағалаудың ретингтік жүйесін енгізу үшін негіз болады және педагогтің тәжірибесі көрсеткендей, оқушыларға олардың нәтиже үшін жауапкершілігінің жетерліктей жоғары шамасының үйлесуінде таңдау еркіндігінің өнеге боларлық жағдайын құрайды, сонымен қатар әр оқушыны танымдық қызметке жұмылдыра отырып, жұмыстың жоғары қарқынын қамтамасыз етеді.

Нәтижеге (құзіреттілік көзқарастың) бағдарланған білім беру идеяларын жүзеге асыруы білім алушыда қалыптасуға тиіс құзіреттілікті анықтаумен байланысты. ҚР-ның 12жылдық білім беру тұжырымдамасында олардың қатарына келесілер енеді:


  • Коммуникативтік;

  • Ақпараттық;

  • Проблемаларды шешу (өзіндік менеджмент және проблемаларды шешу).

Сондай-ақ, осы құзіреттіліктер білім алушылардың оқу қызметін, өзінің тәрбиесі мен дамуын басқарудағы белсенді қатысуына негізделген.

Басты құзіреттіліктер тек үдерістік құраушылардан ғана емес, құндылықтар және уәждерден, сондай-ақ, адамның тіршілік әрекетінің әлеуметтік және тәртіптік нормаларынан тұрады жәнеде барлық осы құрылымдық элементтерді қалыптастыру үшін алғышарт болатыны [31] көрсетіледі. Автор орта білімнің МБС-ның негізінде басты құзіреттіліктердің құрылымдық құрауыштарын ашады.

Сонымен, ақпараттық құзіреттілік келесі құрауыштардан тұрады:

- Оқу қызметін жүргізу үшін қажетті ақпаратты іздестіру, талдау және іріктеу;




  • оқу қызметте пайдалану үшін алынған ақпаратты өңдеу және түсіндіру;

  • оқу қызмет үдерісінде өңделген ақпаратты пайдалану;

Коммуникативтік құзыреттілік келесі құрауыштардан тұрады:

  • оқу және өмірлік міндеттерді шешу үшін ауызша және жазбаша байланыстың әр алуан тілдік құралдарын қолдану;

  • байланыстық міндеттерді шешу барабар әртүрлі стильдер мен жанрларды таңдау;

  • оқу және әлеуметтік-мәдени қатынас жайларында өнімдік өзара әрекеттесуін жүргізу;

  • байланыс қызметінде өз қатысуын өзі бағалау және осы негізде өзін-өзі түзету.

Мәселелерді құзыреттіліктердің құрамына келесі құрауыштаркіреді:

  • мәселені анықтау және қызмет мақсаттарын қою, қабылданған шешімді жүзеге асыру үшін қажетті шарттарды анықтау;

  • таңдауды есепке алумен тәртіп мәдениеті нормаларын және оқу қызметін жоспарлау;

  • алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге барабар технологияларды таңдау негізінде қызметті ұйымдастыру;

  • рефлексмяны жүргізу және ұйымдастырылған қызметті және оның нәтижелерін бағалау.

М.Д.Джадринаныңайтуы бойынша , басты құзыреттіліктердің дамуы оқушылврмен пәндік БЕД игеру үдерісінен бөлек болмайды. Пәндік мазмұнның мәнмәтінінде оқу-тәрбие үдерісінің барысында біртіндеп оқушының «меншігі» бола бастайтын басты құзыреттіліктердің дамуы өркендейді. Оқушылардың мектепте алған білімдерін және жинақталған өмірлік тәжірибесін белгілі тығыз байланыста табысты шешімдерін қабылдау үшін ықпалдау дайындығы білім беру нәтижесі болып табылады. Орта білім «аяқталуындағы» білім беру нәтижелері мектептегі оқушылардың оқу мен тәрбие үдерісінің өзіндік өнімі болуда, олар тұлғаның едәуір сапалы өзгерістері жөнінде дәлелдейді және оның мінез-құлқында, өмір салтында көрінеді.

Бірақ оқушының белсенді рөлі оқу үдерісімен шектелмейді. Орта мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруы және бірге басқаруы педагогикада дәстүрлі түрде маңызды теориялық және тәжірибелік проблема ретінде қарастырылды. Әртүрлі негіздерде құрылған және қызметтің әралуан ауқымы бар әртүрлі балалар қоғамдық ұйымдары оқушыларды жұмылдырудың бір түрі болды. Мектепішілік ауқымның мысалы ретінде Өскемен қаласының «№2 мектеп-балабақша-гимназия кешені» ММ-де құрылған және көп жылдар бойы әрекет ететін «Экон Республикасы» балалар қоғамдық ұйым бола алады (ҚОСЫМША МАТЕРИАЛЫН қараңыз).

Мәлім болғандай, жоғары оқу орынның оқу кеңесі қызметінің және оны таңдау тәртібінің типтік ережелеріне сәйкес, ЖОО-мен осы ұжымдық басқару органның құрамына тек ЖОО басшысы, оның орынбасарлары, құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, оқушылар ғана енбей, сонымен қатар ЖОО студент өкілдері де кіре алады. Оқу кеңесінің құзыреттіліктеріне, демек, оның құрамына енетін тұлғалардың да құзыреттіліктеріне ЖОО құрылымын бекіту; жоғары оқу орынның Жарлығына өзгертулер мен толықтырылар енгізу; ЖОО-ның оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу және шаруашылық қызметін ұйымдастыруының барлық негізін қалаушы мәселелері жөнінде шешімдерді қабылдау; ЖОО-ның қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкіметтік наградаларға және құрметтік атақтарына ұсыну жөніндегі мәселелерді қарастыру және т.б. сияқты маңызды мәселелер жатады.

Білім алушының белсенді субъект, саналы азамат ретінде дамуы, оның әлеуметтік өмірінде талап етілетін құзыреттіліктердің кең спектірін игеруі оның жас күштері мен қабілеттерінің ерекшеліктеріне қарай білім беру мекемесі қызметінің кейбір жақтарымен басқару тәжірибесіне де қатысуынсыз мүмкін емес.


ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ

«Экон Республикасы» балалар қоғамдық ұйым қызметінің мазмұны мен нысандары гимназияда қоғамның нарықтық қатынастарға көшу жағдайларында оқушыларға экономикалық білім беруді енгізумен негізделген болатын. Гимназияда экономикалық білім түлектердің өмірдегі, қоғамдағы табысты бейімделуінің маңызды факторы ретінде қарастырылады. Мектепте қыркүйек айында Экон Республикасының президенті сайланады. Өз бағдарламаларын (минимум-бағдарламасын және максимум-бағдарламасын) әзірлеген және оны жалпы талқылауға ұсынған 9-10 сыныптардың кез-келген оқушысы президентке үміткер бола алады. Сайлауға 5 сыныптан бастап Республиканың барлық азаматтары, сондай-ақ, педагогтары қатысады.

Осыдан кейін президент оқушылардың әскер қасиеттеріне сәйкес үміткерлерді таңдай отырып, министр кабинетін қалыптастырады. Экон Республикасында ғылым және білім, ішкі істер, спорт, еңбек, денсаулық сақтау және басқа министрліктер қызмет етеді. Әр министрліктің жұмысын ересектер-тәлімгер-мұғалімдер бақылайды, оқушылар олардан, қажет болғанда, көмек сұрай алады. Министрлер тәлімгерлермен қоса жартыжылдыққа жұмыс жоспарын құрады. Онда жоспарлы жалпы мектептік іс-шаралармен қатар, балалардың өздері ұсынған іс-шаралар енгізіледі.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруы жыл сайын өтетін гимназия күнін жүргізгенде жүзеге асырылады. Сол күні барлық әс-шаралар өзін-өзі басқару органымен жүргізіледі, ал мұғалімдер ассистенттер рөлінде болады. Осы күні таңғы сағат 08.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін іс-шаралар өткізіледі. Бір мезгілде көптеген іс-шаралар өтеді: зияткерлік марафон, экономикалық марафон, фирмалардың тұсаукесері, плакаттарды қорғау, тілшілер конкурсы, шахмат бойынша жарыстар, еңбек биржасы жұмыс атқарады және т.б іс-шаралардың барлық барысы баспасөз министрлігімен сағат сайын жарияланып отырады. Кун соңында аукцион өткізіліп, онда жалпы қорытындылар, яғни гимназия күнінде берілген экондар есептелінеді. Оқушылар да, мұғалімдер де, түлектерде гимназия күнімен қанағаттанады.

Мектеп түлектері осы күн жайлы ертерек хабардар болады.Олар өз ынтасы бойынша қалап алған учаскеде қызығушылықпен жұмыс істейді. Сонымен мектептің әр буынының сабақтастық, байланыс қағидатының жүзеге асырылуы айдан анық болады. Мектептің өзін-өзі басқаруында жұмыс істеген барлық балалар оқуын жалғастырған оқу мекемелерінің қоғамдық өміріне белсенді қатысатынын айта кету қажет. Балалар өзін-өзі басқаруға қатыса отырып, басқарушы дағдыларын, күрделі өмірлік жағдайда әрекет ету ептіліктеріне ие болады.

Біз жұргізген тәжірибелер оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымы мұғалімдер мен оқушылардың тек дұрыс өзара қарым-қатынасы жағдайында ғана болуы мүмкін екендігін көсетті. Өзін-өзі басқару, тәртіп сияқты бір реттік іс-шарамен немесе мектептің бұйрығымен енгізілмейді. Осы жерде, бірінші кезекте, мұғалімдер мен оқушылардың біріккен жұмысы қажет. Оқушылардың істеріне тура кірісу – өзін-өзі басқару қағидатын бұзу болады, бірақ осы жерде шет қалуға болмайды. Бұл олардың дербестілігімен бастамасының дамуына ықпал етпейді.

Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқарудың негізгі қағидаттары, яғни оның үлгілері келесідей болуға тиіс;


  1. Деңгейлік иерархиялық қағидаты.

Мектептегі өзін-өзі басқарудың құрылымы элементтердің көптеген санынан (көлемінен) тұрады, оның әрқайсысы өз кезегінде, сондай-ақ мектептегі өзін-өзі басқару элементтері (бас және тұрлаусыз) арасында әртүрлі қатынастармен бөлек күрделі жүйе болады.

  1. Құрылымдық қағидаты.

Оқушылардың өзін-өзі басқаруын құру үшін оның элеметтері алуантүрлігінің арасында негізгі құрылымдық бөлігін, яғни оның бірлігін және өзіне-өзінің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін тұрақты байланыстардың жиынтығын айқындаудың маңызы зор. Құрылым қызмет шарттарының кез келген сыртқы және ішкі өзгерістерінде өзгерусіз болып қалатынын көрсету керек. Осы уақытта, мектеп оқушыларының белгіленген байланыстарының арасында кездейсоқ сипатта болатын өзін-өзі басқару элементтері де болуы мүмкін. Құрылымдық қағидаты, әдетте, осы кездейсоқ байланыстардың байқалуының себептерін анықтаумен қатар, үлгіленетін объектінің даму барысын анықтайтын қажетті, тұрақты байланыстарының байқалу себептерін анықтауға мүмкіндік береді.

  1. Мектептегі оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесін құрудағы адамгершілік қағидаты.

  2. Оқушылардың өзін-өзі басқаруын құрудағы өзін-өзі билеу қағидаты.

Осы қағидаттың жүзеге асырылуы әр оқушыға өзінің жеке бейнесін құрастыру, өзінің өмірлік жолын жобалау үшін мүмкіндіктер туғызады. Осында сенімділік тұлғалық-бағдарланған көзқарас феномені ретінде пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет