Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылардың жұппен жазба деректермен жұмыс
істеу; жұппен заттай деректер негізінде шаруашылық
және кәсіп түрлерін анықтау; жеке өткен сабақтар-
дағы білімдерін қолдана отырып, тізіммен беріл-
ген заттардың атаулары негізінде әңгіме құрастыру
тапсырмасында оқушылардың жеке, кем дегенде 2
қорытындысы бар 7–10 сөйлем құрастыру дағдыла-
ры бағаланады.
Әсіресе, кейбір оқушылардың өз қалауымен ғұн-
дардың тұрмыс-тіршілігі туралы құрастырған шағын
әңгімелерін дауыстап оқыту арқылы өзара бағалауды
ұйымдастырыңыз.
Қосымша тапсырмалар
Ойды қорытындылау әдісін ұйымдастырыңыз. Бұл
тапсырмаларды оқушылар өз таңдаулары бойынша
жеке орындайды.
1. Кейбір оқушылар бүгінгі тақырыптың негізгі идеясын
ашатын 2-3 сөйлемнен тұратын үзінділер келтіреді.
2. Кейбір оқушылар дәлел келтірілген үзіндінің
неліктен тақырыптың мазмұнын ашатынын 1-2 сөй-
леммен дәлелдейді.
3. Кейбір оқушылар тақырып негізінде ашылмай
қалған, өзін ерекше толғандырған, назарын аударған,
қызықтырған мәселе бойынша 1-2 сұрақ қояды.
Хань әулеті кітабының «94А» тарауында жазылған
ғұндардың қытай әскерін қоршауы туралы: «Батыста
– ақбоз ат мінген ғұндар, шығыста – боз ат мінген
ғұндар, солтүстікте – қара ат мінген ғұндар, оңтүстікте
– қара жирен ат мінген ғұндар қоршауға алды» деген
мәтін ұсыныңыз немесе оқып беріңіз. Бұдан соң: «Бұл
деректе сен үшін не ерекше болды?» деген сұрақ
қойып, талқылау ұйымдастырыңыз. Бұл тапсырманы
орындай отырып, оқушылар ғұндар жылқының асыл
тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгергенін
түсінуі қажет.
128
5-тарау.
Ғұндар
5.1.
Ғұн тайпаларының бірігуі (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің
құрылуын түсіндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |