5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет206/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Тірек сөздер
шаньюй
халық жиналысы 
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Көмеков Б.Е., Галиев А.А. «Мөде қаған». – Ал-
маты: Аруна, 2007.
3. Ұлы дала мемлекеттері. – Алматы: Аруна, 
2010.
4. Ежелгі Қазақстан: «Қазақстан балалар энци-
клопедиясы» топтамасы. – Алматы: Аруна, 2011.
5. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан 
тарихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопеди-
ясы, 2006.
6. Гумилев Л.Н. Хунну. – Алматы,1998
7. e.history.kz.
Оқулық: Ғұн тайпаларының бірігуі
128-129-бет.
Зерттеу сұрағы: 
неге Мөде шаньюй: «Жер – 
мемлекеттің негізі» – деді?
Сабаққа дайындық 
Ғұн тайпаларына қатысты аңыздардың толық 
мәтінін таратуға да болады. Тақырып бойынша та-
ныстырылым дайындаңыз. Ғұн мемлекеті көрсетілген 
тарихи карта, ермексаз, түрлі түсті қағаздар, маркер, 
ватманды топтарға таратыңыз. 
Сабақтың деректі материалдары 
Б.з.д. 206 жылы Мөде билікке келіп, ғұн мемле-
кетін құрды. Бытыраңқы рулардың басын біріктіріп, 
қатал тәртіп орнатты. Мөде өзін «жеке мемле-
кет билеушісі» деп жариялады. Ғұндардың ең жоғары 
мемлекет билеушісінің лауазымы қытай деректерінде 
шаньюй
деп аталады. Шаньюй мемлекет пен әскерді 
басқарды. Оған соғыс жариялау, бітім жасау құқықта-
ры берілді. Сонымен қатар жер тұтастығын сақтауға 
міндетті болды. Сот билігін де иеленді. Мемлекетте 
билік мұрагерлік жолмен берілді. 
Мөде мемлекетті нығайту үшін реформалар жүр-
гізді. Мемлекетті әскери жүйе бойынша оң, сол және 
орталық қанаттарға бөлді. Орталық қанатты өзі 
басқарып, оң және сол қанаттардың билеушілерін 
ұлдарынан немесе жақын туысқандарынан тағай-
ындады. Ру әскерлерін түменбасылар басқарды. 
Түменбасылардың басқаратын аумағы мен әскер 
санын шаньюй өзі бекітті. Рулар шаньюйдің рұқса-
тынсыз қоныс аударса, қатаң жазаланатын. Руларды 
ақсақалдар басқарды. Олар халық жиналыстарын-
да мемлекеттік мәселелерді талқылады. 
Мөде тұсында ғұндар көптеген көрші тайпаларды 
бағындырды. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және 
Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін 
созылып жатқан аумақты, Байкалдан арғы оңтүстік 
аудандарға дейінгі аумақты ғұн шаньюйлерінің қол 
астына біріккен тайпалар алып жатты.
Осылайша Мөде бастаған ғұндар өздерінің ау-
мағын кеңейтіп, мемлекеттік дәрежеге жетіп, Ұлы 
дала мемлекетін құрды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет