130
5-тарау.
Ғұндар
5.2.
Ғұндардың көрші мемлекеттермен
қарым-қатынастары (1-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.2.2 Қазақстан
территориясындағы алғашқы
мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен
қарым-қатынасын анықтау.
Тірек сөздер
түменбасы
ысқырғыш жебелер
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Көмеков Б.Е., Галиев А.А. Мөде қаған. –
Алматы: Аруна, 2007.
3. Ұлы дала мемлекеттері. – Алматы: Аруна,
2010.
4. Ежелгі Қазақстан: «Қазақстан балалар энци-
клопедиясы» топтамасы. – Алматы: Аруна, 2011.
5. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан
тарихы. I том. – Алматы:
Қазақстан энциклопедиясы,
2006.
6. Кляштоный С. Г., Султанов Т. И. Летопись трех
тысячалетий. – Алматы: Рауан, 1992.
7. Көшпенділердің ұлы шайқастары. – Алматы:
Аруна, 2011.
8. Гумилев Л.Н. Хунну. Алматы,1998.
Оқулық: Ғұндардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынастары,
130-131-бет.
Зерттеу сұрағы:
ғұндар мен Ұлы Қытай
қорғанының салынуы арасында қандай байланыс
бар?
Сабаққа дайындық
Ғұн әскері мен қару-жарақтары туралы танысты-
рылым дайындаңыз. Тақтаға 5 деңгейден тұратын
пирамида сызыңыз немесе сызбасын іліңіз. Иілгіш
жебелі садақтың суретін
және ол туралы қосымша
мәліметтер дайындаңыз.
Сабақтың деректі материалдары
Ғұн мемлекетінде барлық ер азаматтар өз түмен-
басының жауынгері саналды, әскери жорықтарға
қатысуға міндетті болды. Бұл міндеттерден бас тарту
қатал жазаланды. Әскер рулық негізде құрылды. Ғұн
әскерінің иерархиясы мынадай сатылардан тұрды:
түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы,
қарапайым
жауынгерлер. Ғұндарда қатал тәртіпке негізделген
әскери-әкімшілік басқару жүйесі қалыптасты. Бұл
жүйе бойынша жауынгерлердің құқықтары мен мін-
деттері айқындалды. Осындай басқару жолы жеңім-
паз жорықтардың кепілі болды. Жауынгерлерден
әскери жаттығулармен шұғылдану,
жорыққа дайын
тұру, қаруларды үнемі өзімен алып жүру талап етілді.
Ғұндарда жақсы ұйымдастырылған әскер болды.
Жасақ, негізінен, тез жүретін атты әскерден құрыл-
ды. Оның құрамындағы жауынгерлердің негізгі қа-
руы садақ, жебе, семсер, қанжар, найза, бұғалық,
ағаш жақтаулы қалқан еді. Олар садақтарының сыр-
тын сүйекпен қаптаған. Жебелердің екі түрі болған.
Әсіресе, кез келген сауыт пен қалқанды бұза алатын,
ұшқыр, ауыр ұңғырлы жебелер темірден жасалған.
Сүйекті жебелер де кеңінен қолданылған.
Ұшқанда
аса қорқынышты дыбыстар шығаратын ысқырғыш
жапсырылған жебелерді пайдаланған. Садақтар мен
жебелер жауынгердің беліне тағатын ерекше қо-
рапқа салынды.
Садақтың ұзындығы 70–80 сантиметрге жетеді.
Жебеге үш қырлы темір ұш салынған. Сүйек пласти-
налармен мейлінше күшейтілген. Күрделі әрі ауыр
садақтың осы түрі жебені сақ садағына қарағанда
алысқа атқан. Садақтың екінші түрі үлкендеу әрі ауыр-
лау болады. Оған ұңғысы бар үш
қырлы салмақты
темір ұшты жебе қолданылған. Мұндай садақтар мен
жебелер сауыт киген жауды атуға арналған. Ғұндар-
дың ұзын семсерлері ат үстінде жүріп соғысуға өте
ыңғайлы болды.
Дөңгелек және сопақ сипаттағы, шыбықтардан
тіреу орнатылған ағаш жақтаулы қалқан да болған.
Ғұндардың жауынгерлік
құдіретінен сескенген қы-
тайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырған.
Достарыңызбен бөлісу: