5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет208/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Аңызды талдаңдар
Оқушыларға «Бір қарыс жер туралы аңыз» мәтінін 
жеке оқып, танысуға уақыт беріңіз.
 
Жұппен
 
мынадай
 
сұрақтарға жауап беруді ұйымдастырыңыз: "Неліктен
Мөде дунхулар сүйікті арғымағы мен әйелін сұраған-
да беруге келісті? Неліктен Мөде мал жаюға қолай-
сыз, ұлтарақтай ғана жерді беруге келіспеді? Бұл аңыз 
не туралы? Аңыздың негізгі идеясы неде?"
Оқушылар ғұндар үшін жердің қаншалықты 
маңызды болғанын аңыз арқылы дәлелдейді. 
Уақыт жеткілікті болса, аңыз мәтіні негізінде көрініс 
қоюды ұйымдастырыңыз. Аңыз кейіпкерлерінің 
рөлін сомдауды ұсыныңыз.
Тапсырма 
Оқушыларға қызыл жолақпен қоршалған маңыз-
ды фактілердегі Мөде құрған Ұлы Даладағы алғашқы 
ірі мемлекеттің аумағын картада көрсетіңіз. Бұдан 
соң карта арқылы Мөде әскері жаулап алған ау-
мақ пен өткен тақырыптағы ғұндардың бастапқы 
аумағын еске түсіре отырып, салыстырады. Мөде 
кезінде көрші елдерді қосып алу арқылы мемлекет 
аумағы ұлғайғанын анықтайды. Мөде шаньюйдің: 
Жер – мемлекетіміздің негізі мен ырысы, оны қа-
лай береміз? деген пікіріне «Ойлан–жұптас–бөліс» 
әдісі арқылы оқушылар ойланып, әрқайсысы жеке 3 
дәлел жазады. Жұптасып, ең үздік үш дәлелді қалды-
рады. Туған жерлерімен байланыстырады. Соңында 
өздерінің жаңартылған жауаптарымен сыныппен 
бөліседі.
Соңында «Қазақстан дүниежүзінде жер аумағы 
бойынша тоғызыншы орында. Жер аумағы – 
2724900 км²» деген мәліметтер беру арқылы тақы-
рыпты жандандыра түсуге болады. Сонымен қатар
 
оқушылар жердің мемлекет үшін маңызды екенін 
түсінуі үшін, оларға қазіргі Қазақстан картасын көр-
сетіп, оның шегараларының тұрақтылығына, қорға-
латындығына назар аудартыңыз.
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушылар ғұн мемлекетінің құрылуы, шаньюйдің 
шексіз билігінің орнауы, ғұндардың мемлекеттік 
дәрежеге жетуін түсініп, дәлелдер келтіреді. Аңыз 
мәтіні, аумақтық өзгерістерді анықтау арқылы ғұндар 
үшін жер маңызды болғанын түсіндіреді. Оқушылар 
кем дегенде 3 мемлекет белгілерін атауы, ғұндардың 
мемлекеттік дәрежеге жеткендігі туралы кем деген-
де 2 дәлел келтіруі тиіс. Ғұн мемлекеті қалай басқа-
рылғанын түсіндіре алуы тиіс. Оқушылар жұппен 
"шаньюйдің шексіз билік иесі болғанына" дәлелдер 
келтіруі тиіс.
Оқушылар жеке-дара: "Кім? Не? Неге? Қайда? Қа-
шан?" деген сұрақтардың кем дегенде үшеуіне өздері 
таңдап жауап береді. Осылайша саралап оқыту жүзе-
ге асырылады.
Топтық бағалау.
Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Оқушылар топ-
тармен парақтарға сұрақтар жазып, басқа топқа бе-
реді. Сол топтың берген сұрағына жауап жазып, кері 
қайтарады. Жауап жазылған парақты алған ойыншы 
сол жауаптан сұрақ тудырып, әрі қарай береді. Ойын 
солай жалғасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет