5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет203/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақтың мақсаты – оқушыларға ғұндар және 
олардың өмір сүрген аумағы, тұрмыс-тіршілігі тура-
лы білім беру. Сонымен қатар тарихи деректермен 
жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Оқушылар сабақ 
соңында суреттер, мәтіндер, деректер негізінде ғұн-
дар мал шаруашылығы, егіншілік, металлургиямен 
айналысқандықтан, олар үшін жер бәрінен маңызды 
екенін түсінуі тиіс. 
Сабақтың басында оқушыларға: «Ғұндар тура-
лы естідіңдер ме, олар туралы қандай мәліметтер 
білесіңдер?» – деген сұрақ қойыңыз. Оқушылардың 
кейбіреуі жауап беруі мүмкін. Кейін ғұндар туралы 
жалпылама ақпарат беретін бейнематериал қосуға 
болады. Бұнда оқушылар ғұндарды толық елестете 
алғаны дұрыс. Сонымен қатар ғұндардың дүниежүзі 
тарихында рөлі зор екенін ерекше атап өтіңіз.
Анықтаңдар 
Бұл тапсырмада оқушыларға ғұндар, олардың тұр-
мыс-тіршілігі туралы мәліметтер батыс және қытай 
жазба деректері арқылы беріледі. Оқушылар жұппен 
осы жазба деректердегі мәліметтер негізінде ғұндар-
дың шаруашылық түрлерін анықтайды. Бұдан соң 
көрші жұптармен жауаптарын салыстырады. Соңын-
да берілген қытай жазба деректерінде ғұндардың 
тұрмыс-тіршілігі туралы мәліметтер ұқсас екендігін 


5-тарау. 
Ғұндар
127
үзінділер келтіріп, дәлелдеп, ортақ қорытындыға ке-
леді.
 
Оқушылардың ойларын «Неліктен ғұндар туралы 
негізгі мәліметтерді қытай жазба деректері береді?» 
деген сұрақ қойып, дамыта түсуге болады. 
Жауаптары. 
Ғұндардың негізгі кәсібі мал ша-
руашылығы болған. Сонымен қатар егіншілік пен 
аңшылық та дамыған.
 
Ғұндар туралы мәліметтердің 
қытай жазба деректерінде көбірек болуы – олар Қы-
тайдың солтүстігін мекендеп, жақын көрші болып, 
тығыз қарым-қатынаста болған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет