2-тарау.
Ежелгі көшпелілер өмірі
65
неде?» деген тақырып беріледі.
Топтарда талқылау
басталғанда әр топтан бір «кезбе тілші» ерікті түрде
шығып, басқа топтардағы оқушылармен сұхбаттаса-
ды. Соңында жинаған мәліметтерімен өз тобының
мүшелерімен бөліседі. Бұл стратегия оқушылардың
қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, сабаққа
қызығушылықтарын арттыру үшін қолданылады.
Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға бірін-
ші мәтінді оқуды тапсырыңыз. Оқушылар мәтінмен
танысқан соң жұппен талқылайды. Жұптық талқылау
аяқталғаннан кейін,
оқушыларды шағын топтарға
біріктіріңіз. Оқушылардың іс-әрекетін тиімді жүзеге
асыру мақсатында топтық жұмыстың критерийлерін
ұсыныңыз немесе оқушылардың өздері құрасты-
руын тапсырыңыз. Мысалы,
•
топ спикерін өзара тағайындау;
• берілген уақытты тиімді пайдалану;
• топтық жұмысқа барлық оқушыларды қатысты-
ру;
• өзге топ спикері жұмыс қорғаған кезде мұқият
тыңдау;
• құрдастарының пікірін құрметтеу.
Берілген мәтін аясында әр топ үш сұрақтан құрас-
тырады. Құрастырған
сұрақтарын параққа немесе
постерге жазып, келесі топқа береді. Барлық топтың
парағы не постері сағат тілімен ауыстырылып, әр
топ парақтағы не постердегі сұрақтарға жауап беріп
шығады. Соңында өз жауаптарын оқып, топта және
сыныпта талқылайды.
Достарыңызбен бөлісу: