Табиғи ванадий. Шығыс Қазақстандағы ванадийдің кен орындары Шыңғыстауда шоғырланған.Ол екі изотоп қосындысынан тұрады.
Ванадийді Қара металлургия өндірісінде темірдің сапасын арттыратын легирлеуші металл ретінде пайдаланды. Әсіресе шапшаң кесетін болат құрамына кіреді. 0,15-0,25% шамасында ванадий араласқан болаттың беріктігі, тұтқырлығы және төзімділігі артады. Ванадий таза түрінде атом энергетикасында және электрон приборлар жасау үшін қолданылады. Ванадий қосындылары химиия өндірістерінде катализатор ретінде, ауыл шаруашылығында, медицинада, тоқыма бояуларында, фото және кино шығаруда кен пайдаланылады. Ванадий қосындылары улы келеді, ол тыныс алу мүшелеріне зақым келтіріп, өкпені қабындырады, бас айналдырады, жүрек пен бүйректін қызметін бұзады. Міне сондықтанда ванадий өндіретін және оның қоспаларын пайдаланатын өндіріс салаларында жұмыста сақ болған жөн.
Шығыс Қазақстанның түсті металл кен орындары. Кеңді Алтай кеңді белдеуінде мырыштың, қорғасынмен мыстың, мыңнан асатм кеңорындары бар. Солардың ішіндегі ең ірілері Белаус , Риддер, Соколов, Тишин, Жаңа Ленинагор және Шалқар кен орындары. Кен құрамында қорғасынмен мырыштан басқа алтын, күміс басқада сирек кездесетің шашыранды металлдармен кенсіз пайдалы қазбалар кездеседі. Оларды кешенді өндеу кезінде бөліп алады. Кеңді Алтайдың Кеңді белдеуінің батыс қанатында Зырян, Грехов, Малеев полиметалл кен орындары бар.Солтүстік- батыс қанатында Николаев және Березов – Белаусов мысты –мырышты, орташа калчеданды (күкіртті) баридті полиметалл және мыс кең орындары орналасқан. Кеңді белдеудің қиыр оңтүстік батыс бөлігінде мысты, мысты-перидті кен орны бар. Кен құрамында алтын, тальк, бар. Қалба-Нарым Кеңді беллдеуіндегі граниттерде сирек кездесетің шашыранды металлдар мен керамика, хрусталль өндіруде маңызды шикізат болып табылатын пегматит кеңдері түзілген. Маңызды қалайы — Вольфрам кеңдерінің қатарына Палацы, Колькомоль, Шердіаяқ, Теректі кең орындары жатады. Николаев Полиметалл кен орнының үгілуі қабатында түзілген минералды бояулар кеніштері баротасының етегіндегі Эолдық жолмен түзілген Лесс тәрізді саздар кірпіш өндіруде кеңінен қолданылады. Өскемен, Семей, Риддер, Зырян сияқты ірі өнеркәсіп орталықтарын сумен қамтамасыз етуде. Альпілік эпиплатформалық орогенді белдеуінің шөгінді қабаттарындағы жер асты еспе сулардың кен орындарының маңызы зор. Алтай таулы аймағындағы тауаралық ойыстардағы тектоникалық жарықтарда термальды кремнилі емдік минералды ыстық бұлақтар бар. Олардың ең маңыздысы Рахман бұлақтары. Онда қазір өзі аттас курорт бар.
Достарыңызбен бөлісу: |