Асыл металдар. Шығыс Қазақстанда кең таралған асыл металдар тобына алтын, күміс және платина элементтері жатады. Солардың ішінде еліміздің валюталық металы саналатын алтынның алатын орыны ерекше., одан кейін күміс деп есептеледі.
Алтын табиғи түрде сары түсті, ауыр келеді. Жылу мен электр
тоғын өткізгіштігі өте жоғары, әрі жұмсақ, созылмалы. Бір грамм алтынды төрт бөлмелі үй шатырының жартысын қаптауға жетерліктей етіп созуға болады. Мұндай қасиет алтыннан басқа ешбір металда жоқ.
Жер қыртысындағы алтынның мөлшері орта есеппен 4,3-10%, кейбір жыныстарда бұл шама онан да төмен.
Шығыс Қазақстан жерінде алтын кенорындары көбінесе шағын интурзииялармен пайда болған кварцитті желілі типі басым Облс аумағындағы алтын кен орындары пайда болу жағынан үлкен бес топқа бөлінеді.
Ұзындығы әртүрлі болып келетін кенді желі алаңдар түзетін гидротермальды кварцитті-алтынды, кен орындары. Олар көпнесе кварцитте немесе сульфитте түзіледі (пирит, арсенопирит, галенит т.б.).
Палеогендеі вулкан атқылау әрекетімен баланысты түзілген гидротермальды алтынды-күмісті-теллурлы(кеиде селенді) кен орындары. Бұл кен орындарда алтын бос немесе теллуридпен байланысқан күйде кездеседі.
Гидротермальды колчеданды-алтынды кен орындары. Сульфидтің құрамына байланыстыкен орындары мысты-алтынды,алтынды-полиметалды,алтынды-мышякты болып бөлінеді. Бірінде алтын негізгі болса, екіншісінде қосалқы болады.
Қышқылды интрузивтік немесе эффузивтік жыныстардың гидротермальдық өзгерістерге ұшыраған жыныстардағы гидротермальды алтынды кендорындары. Олардың қатарына пропилиттерге, микрокварциттерге екінші рет кврцитке айналған жыныстар жатады.
Алтынды жыныстардың бұзылуынан түзілген шашранды алтын кен орындары. Олардың қатарына Батыс Қалба мен Кенді Аалтайдағы Еспе, Бақыршық, Василев,Ақжал, Қазаншұңқыр кен орындары меналңдары жатады. Кенді Аалтайдағы полиметалл кенорындарында кеннің пайдалы компоненттерінің 7ден 24% алтын құрайды.
Күміс. Шығыс Қазақстандағы Зырян Сокольное,Николаев,Тишин, Белаус полиметалл кен орындарында, Қалба жотасында өндіріледі. Ол ақша құймалар мен эмаль жасауға нәзік өрнектерді (филигрань), мәнерлеуге, қаратылған күмістерге, ою салуға т.б зергерлік заттар әзірлеуге қолданылуда. Күміс қосындыларында антибактериальды күйдіргіштік қасиеттер бар. Сондықтан оны ерте кезден –ақ медицинада пайдаланған.
Жер қыртысындағы күмістің мөлшері орта есеп пен 7×10% теңіз суында-3×10%. Күмістің елу шақты минералы бар.Солардың ішінде сом күміс, электрм, аргентит, прустит, пираргит, кераргит және басқалары табиғатта кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |