5 в 010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



бет34/54
Дата06.02.2022
өлшемі166,24 Kb.
#75724
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
Нені білгім келеді?

Мен Ахмет Байтұрсынұлының Торғай облысында туғанын, мұғалім болып қызмет еткенін білдім.

Ахметтің балалары болған ба?

Мен А. Байтұрсынұлы «Әліппе», «Қырық мысал», «Маса» деген кітаптар жазғанын білдім.

Ол кішкентай кезінде қандай ойын ойнағанды жақсы көрген?



Мұғалімге қажетті дерек:
Ахмет Байтұрсынұлы мен Бәдрисафа апаның (Бәдрисафа - А. Байтұрсынұлының әйелі Александра Ивановнаға қойған аты. Бұл есім арабшадан аударғанда «бадрун» - толық ай, «сафа» - кіршіксіз таза дегендібілдіреді) туған балалары болмаған. Олардың бауырларына салып, асырап алған Аумат, Қазихан және Шолпан деген үш баласы болған. Ал Шолпан халық жауының қызы ретінде Бәдрисафа апамен бірге айдауда болған.
Рефлексия. Балаларға баспалдақ суреті салнынған қағаз таратып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады. Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл – күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдықтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушылардың өзін – өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады.
Үйге тапсырма:

  1. А. Байтұрсынұлы туралы деректерді мына сілтеме бойынша интернеттан қарап, танысуыңа болады:

http://kk.wikipedia.org/wiki/
http://mukhanov.ucoz.kz/publ/

  1. А. Байтұрсынұлының мұражай-үйіне фото шолуды интернеттан мына сілтеме арқылы көре аласың.

http://yvision.kz/post/278226

  1. Жоғарыда берілген интернеттегі сілтемеден немесе басқа кітаптардан, энциклопедиядан А. Байтұрсынұлы туралы оқып, достарыңа айтып беруге дайындалып кел.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет