5 в 010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



бет35/54
Дата06.02.2022
өлшемі166,24 Kb.
#75724
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
Бақылау сұрақтары:
1. Әдебиеттік оқыту сабақтарын өткізу технологиялары
2. Озық технологияның артықшылықтары
Әдебиеттер:

  1. С. Желдербаева. Мәнерлеп оқу, А., 1992

  2. Т.М.Әбдікәрім. Әдебиеттік оқу, А., 2014

  3. Ә. Дайырова, С. Тілешева. «Әдебиеттік оқу кітабына» методикалық нұсқау, А., 1982

  4. Б.Т. Қабатай, С.Р.Рахметова, Ә.С. Амирова, А., 2013

  5. С.Рахметова, Қазақ тілін оқыту әдістемесі, А.,1991


27-28 дәрістер. Өзіндік жұмыс-оқушылардың танымдық қабілетін арттырудың жолы


Жоспар:
1.Өзіндік жұмыс түрлері
2. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру жолдары
Мектепте әдебиетті оқытуда мұғалімдердің алдына оқушыларды идеялық ұстамдылыққа тәрбиелеу, дүниеге комунистік көзқарасын қалыптастыру, олардың әдебиетке деген құмарлығын ояту, әсемдікке баулу, творчестволық қабілетін арттыру, ақыл-ойын дамыту міндетті қойылған.
Бұл міндеттерді жүзеге асыруда партия мен үкіметтің мектептің өмірмен байланысын арттыру талабын, әсіресе оқушыларды міндеттеп оқытуды шектей отырып, олардың өзіндік жұмысына мүмкіндік тудыру, сол арқылы баланың ақыл-ойын, талап-талғамын, қабілетін,дамыту туралы нұсқауды басшылыққа алған жөн.
Ал оқыту мен ақыл-ойды дамыту – тұтас педагогикалық процесс. Оқу-тәрбие жұмысы баланың іс - әрекетін, қабілетін қалыптастырады. Психологтарша айтсақ, қабілет - кісінің іс - әрекетінің сәтті - сәтсіздігін танытанын қасиеті.
Адам туысында қабілетті болмайды, жүре келе еңбектенудің, ойланудың нәтижесінде қабілеттілікке ие болады.Кластагы бір оқушының өз қатарынан ұғымтал, үздік атануы, кей баланың оқу материалын баяу, самарқау қабылдауы қабілеттің даму, жетілу сапасының түрліше болуына байланысты. Мектеп жағдайында ақылды, есті, байқағыш, зерделі, саналы бала немесе осыларға қарсы мәнді сөздерді жиі естиміз. Бұлар – қабілеттің сапалық белгілері, әрі оның түрі мен қыры болып есептеледі.
Әдебиет пәнін оқушыларға меңгеруде ақыл мен ес, байқағыштық және мәнерлеп оқу, жатық сөйлеу, ойын тартымды жеткізе білу тәрізді қабілет қатысады. Олардың алғашқыларын – ақыл мен есті, байқағыштықты психологтар жалпы қабілет десе, соңғыларын-оқу, сөйлеуді арнайы қабілетке жатқызады. Себебі мәнерлеп оқу, әдеби тілде жатық сөйлеу қабілеті ана тілі мен әдебиет сабағында түрлі жаттығу жұмыстарының негізінде қалыптасады. Демек, оқу, сөйлеу қабілеті өзге пәндермен салыстырғанда, ана тілі мен әдебиетке тән, етене жақын қасиет. Сондай - ақ екінің бірі әнші, суретші т.б. өнер иесі бола бермейді. Сол себепті арнайы қабілет оқушының дара дарынына негізделуі де ықтимал.
Бұрын шағын көркем шығармалармен, олардың үзіділерімен, тарих және табиғатты тануға байланысты жеке мақалалармен ғана танысып келген оқушылар IV класта әдебиетті жүйелі түрде оқуға көшеді. Жана авторлармен, оның шығармаларының ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік алады, көркем шығарманы талдау дағдыларына жаттығады, әдебиет теориясынан алғашқы мәлімет алады, оқуға, жазуға дағдыланады. Осылайша бірден-бірге дамыған, күрделенген іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптастыру процесінде оқушылардың танымдық қабілеті артады, өздігінен жұмыс олардың ой белсенділігі мен дербестігін және творчестволық ойын дамытады, өзіндік пікірін қалыптастырады, ақыл-ой парасаттылығын арттырады. Осы ретте: «Оқыған шығарманы өздігінен бағалай білу өте қажет - деп жазды Н.Қ. Крупская – оқушыларды үнемі жетелеп отыру мүмкін емес. Ол өздігінен шығарманы талдай білуі, дұрыс бағасын беруі тиіс».
Кейбір талдау сабағын бастан-аяқ оқушылардың өзіндік жұмысына құруға болады. Мәселен, жазушы қолданған көркемдік әдіс-тәсәлдерді оқушылардың ойына қозғау салып, ой белсенділігін арттыра отырып танытуға, олардың өздеріне баға бергізуге әбден болады.
Талдау сабағының мақсатына, материалға, оқушылардың әзірлігіне, дидактикалық талап-міндеттерге байланысты өзіндік жұмыстардың түрліше болуы мүмкін.
Әдебиет сабақтарындағы оқушылардың өзіндік жұмысы дегенде, көркем шығарманы оқып үйренуге байланысты жұмыстарға олардың тікелей қатынасуын – сөздік жұмысынан, сөз өрнегін танытудан бастап, шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып, оның идеядық-көркемдік ерекшелігін таныту т.б. жұмыс түрлеріне оқушылардың араласуы, өзіндік іздену,зерттеу әрекеттері жатады. Өзіндік жұмыстың пәндік, мазмұндық ерекшелігіне қоса, баланың сол білімді қабылдау дәрежесі түрліше.
Сабақ процесінде өзіндік жұмыстың бұл түрлерінің тиісті орны бар әрі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Оған көркем шығармаға берілген сұрақ-тапсырмалар дәлел. Онда бір топ сұрақтар оқушының бар білімді жаңғыртып еске түсіруін талап етсе, енді бір сұрақтар оны өздігінен іздену, байқау, бақылау, салыстырулар жасауға жұмылдырады. Мәселен, жазушы Ғ. Мүсіреповтың «Жиырма төрт сағатта» атты шығармасы бойынша оқулықта берілген:

  1. Бұрын қазақ арасына жаңалық хабар қалай таралған екен?

  2. Томарша Қазалыдан қандай жаңалық әкелді?

  3. Достары – балықшылар оның сөзіне неге сенбейді, неге күдіктенеді? – тәрізді сұрақтарға оқушылар текст мазмұнына сүйене отырып жауап береді. Көп ретте мұндай сұраққа оқушылардың берер жауабы келте болады. Сондай кемшілікке жол бермеу үшін сұрақтарды түрлендіріп берген жөн. Айталық:

  1. Жазушы телеграмма, поезд тәрізді сөздерді қолдана отырып, ұзын құлақ сөз тіркесін неліктен қолданған?

  2. Есламқұлға Томарша арқылы келіп жеткен хабар қалай әсер етті?

  3. Есламқұл мен өзге балықшылардың Томаршаға, ол көрсеткен хатқа сенбестіктерінде қандай сыр жатыр? - деп қойса, оқушы бір оқыған тексті қайталап оқып, ойланып жауап беруге, реті келсе, текстен үзінді оқып бере отырып пікірін дәлелдеуге талпынады. Соның нәтижесінде оқушылар жазушының сөз қолданысына, сөйлеміне, стиліне көңіл аударады, жанама суреттер арқылы көрінген қазақ еңбекшілерінің жүрек түкпірінді жатқан Ленинге деген жылылық сезімді айтқызуға мүмкіндік жасалады, материалды қабылдаудың сапасын арттырады.

Оқушының тексті қайталап оқуын, салыстыру жасауын, сөз мағынасына, сөйлем құрамына тереңдеуді қажет ететін сұрақтардың туындайтын жері-көркем шығарманың тілін, образдар жүйесін композициясын таныту кезеңдері.
Кейде оқушылар класта талданбаған, оқылмаған шығармалар бойынша зерттеу тәсілін қолдана отырып көркем шығарманың идеялық-көркемдік табиғатын ашады, өз тарапынан баға береді, пікір айтады, жанрын анықтайды, өзге шығармалармен салыстырады. Мұндай жұмыстарды орындауда оқушы соған дейінгі меңгерген білім, іскерлік пен шеберлік дағдыларына сүйенеді, білімін бірден-бірге кеңейтеді, творчестволық қабілетін жетілдіреді. Осындай ізденістердің нәтижесінде оқушылар өмір шындығын меңгереді, әлемдегі таңғажайып құбылыстардың жұмбағын өздері шешуге, сырларын ашуға үйренеді.
Көркем шығарманы оқу, талдау, ақын-жазушылармен оқушыларды таныстыру жұмысын дұрыс ұйымдастыра білген жағдайда, олар мұғалімнің берген мәліметтерін еске түсіруімен ғана шектелмейді, оларды әр оқушы өз ой елегінен өткізеді, жазушының шығарма жазудағы мақсатын, оған сіңірген еңбегін түсінуге, тиісті бағасын беруге талаптанады, ізденеді. Осы тұрғыдан алғанда, әрбір көркем шығарманы оқып үйрену – оқушылар үшін жаңалық болып табылады.
Бірінші мақсатқа байланысты мұғалім оқушыларға шығарманың мазмұны мен түр бірлігін сақтай отырып әдеби білім беруді көздесе, екінші жағдайда, тексті қабылдау белсенділігін арттыра отырып, оқушыларды өзіндік жұмысқа баулиды, творчестволық қабілетін арттырады.
«Алтын күз» өлеңін оқып үйренуді үш кезеңге бөлуге болады. Соның – сабақтың алғашқы білімдік, тәрбиелік мәнді кезеңі. Ол мұғалім мен оқушының бірлесіп жұмыс істеуімен шешіледі. Сабақтың алғашқы кезеңінде осының алдында ғана оқылған Абайдың «Күз» өлеңін жаңа сабақ тақырыбымен байланыстыру мақсаты тұрғысынан қайталайды.Оны жүзеге асырудың төмендегідей бел-белестері болуы ықтимал.

  1. Күзге арналған шығармалардан оқушылардың бұған дейін оқығандарын сұрап білу, жатқа білетіндерін айтқызу.

  2. Ә. Сәрсенбаевтың «Алтын күз» өлеңін класта оқып беру.

  3. «Алтын күз» бен «Күз» өлеңдерінің сөздігіне салыстырулар жасату, эпитеттерінің екі өлеңдегі мағыналық айырмашылығына оқушы зейінін аудару.

Жаңғырту, еске түсіру мен творчестволық іздену жұмыстарын жүргізу арқылы әдебиет сабақтарында оқушылардың өздік жұмысын, творчестволық ізденіс қабілеттері бір сабақтан екінші сабаққа, бір тақырыптан екінші тақырыпқа, тоқсаннан тоқсанға жалғасады, дамытылады. Өйткені оқушылардың әдеби білімі олардың алған білімді практикада қолдана білуіне, өздік жұмысына, творчестволық ізденісіне қарай бағаланады.
Оқушыларға берілетін білімді бірден бірге қиындатып күрделендіріп отырмаған жағдайда, олардың танымдық қабілетінде өсу мен өрлеу болмақ емес. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмысын жоспарлағанда, түрлендіріп отыру, оны оқу процесімен байланыстыра берілуін ескерген жөн. Өздік жұмыстың әрбір жаңа түрін қолдану арқылы оқушы өз білімін, өзінің неге бейімділігін байқайды.
Көркем шығарманың ерекшелігіне, текст талдаудың міндеттеріне байланысты әдебиет сабақтарындағы өздік жұмыстар да түрліше болады. Мәселен, жазушының өміріне байланысты оқулықта берілген материалды қосымша әдебиеттермен толықтыру, ақын-жазушылардың ұқсас тақырыпты шығармаларын салыстыру, өзге жазушылардың творчествосымен байланыстыру, білетіндерін еске түсіру, соған байланысты материалдарды жинау, оқулықта берілген теориялық анықтамаларды жадында сақтау, оны мысалдармен толықтыру, жүйелі сұрақтарға жауап қайтару көркем текстің мазмұнын творчестволық баяндау, әңгімелеу, сюжеттік, образдарды талдау, мәнерлеп оқу, шығарма жазу, баяндама жасау, альбомдар құрастыру т.б.
Қорыта келгенде, оқушылардың өздік жұмысын тарамдай бастаса, оның ауқымы кең, түрі мол. Текстпен жұмыс істеу барысында оларды ретін тауып, сабақ мақсатына үйлестіре білген күнде, мұғалім оқушыларды программалық талапқа сай іскерлік пен шеберлік дағдыларымен қаруландыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет