4 Студенттің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы
5 Студенттің өздік жұмысы
6. Тест сұрақтар
ПОӘК 042-29.1.12.03-2013
№1 басылым 05.09.2013
114 беттің 4-ші беті
ГЛОССАРИИ
Әдеби мұра – көркем әдебиеттің, сөз өнерінің өткен дәуірден қазіргі заманға жеткен туындылары.
Ғылыми фантастика – фантастикалық әдебиеттің жетекші саласы.
Детективті әдебиет – шытырман оқиғалы, қылмысты ашудың егжей-тегжейін өзек ететін әдеби шығармалар.
Драма – сахнаға арналған, уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекет, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
Жанр – әдеби шығармалардың жеке түрлері, көркем әдебиеттің салалары.
Жаңашылдық және дәстүр – әдеби процеске тән жалғастықты, жазу шығармашылығында халықтық үлгілер мен өзіндік соны сипат-қасиеттердің бірлігін танытатын ұғым, қалыптасып, сұрыпталған көзқарас, түсініктер, көркемдік үлгі-өрнектер, тәсілдер жатады.
Идея – әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы аңғарылады.
Новелла – көлем жағынан әңгімеге ұқсас прозалық шығарма, кейде, өлеңмен жазылады.
Ода – ежелгі Грецияда әр түрлі тақырыпқа арналып, музыкамен сүймелдеп, хормен айтылатын өлең түрі.
Роман – сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
Романтизм – әдебиеттегі, көркем өнердегі өмірдің жарқын, жағымды жақтарын көбірек алып, көтере суреттейтін көркемдік әдіс.
Реализм – әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс.
Тарихи шындық – өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі.
2.Дәрістер
ДӘРІС 1. Романтизмнің Батыс Еуропа және АҚШ әдебиетінде даму кезеңдері
Дәрістің мақсаты: Романтизмнің шығармашылық әдіс ретінде Батыс Еуропа және АҚШ әдебиетінде қалыптасу кезеңдермен таныстыру.
Тірек сөздер: Романтизм, реализм, қияли шындық, азаматтық әуен.