Жорж Санд. Аврора Дюдеван(1804-1876), әлем жұртшылы-ғына Жорж Санд деген есімімен танымал. Француз әйелдерінің ішінен шыққан жазушы Люсиль Аврора Дюпен (күйеуінің тегі бойынша Дюдеван) ХІХ ғасырдағы психологиялық және тұрмыстық романтикалық романдарға қалам тартқан белгілі тұлғалардың бірі. «Адамзаттың жаңғырығы болмай, ақын немесе суреткер атану мүмкін емес» деген өз ұстанымындай, Аврора өз ғасырының тыныс-тіршілігінің «сыңғырлы жаңғырығындай» бола білді. Ол сол кездің атақты әдебиетші-романтиктері – Жермен де Сталь, Гюго, Мюссе, реалист-суреткерлері – Стендаль, Бальзак, Флоберлермен шығармашылық қарым-қатынасын үзбеді. Сондай-ақ композиторлар – Лист пен Шопен, ақын Мицкеевич, қыл қалам шебері Делакурлар жазушы талантына бас ие, дос болады. Ресейге де аты танылып, Белинский Аврораны «Біздің заманымыздың Жанна Д’Аркы» деп бағалаған.
Аврора Дюпен 1804 жылы Париж қаласында дүниеге келеді. Оның әкесі дворяндар династиясынан шыққан әскери шенді адам еді. Әкесінің өлімінен кейін Аврора Берри провинциясының Ноанд атты елді мекендегі аристократ әжесінің қолында тәрбиеленеді. Болашақ жазушы алғаш білімін католиктер пансионатында оқып алады. Әдебиетке жақын әкесінің кітапханасында жас Аврора Руссо, Байрон, Шатобариандардың шығармаларымен танысады.
Он сегіз жасында ол көңіл қызығушылығы болмаса да, барон Дюдеванға күйеуге шығады. 1831 жылы ол күйеуін қалдырып, ешкімге тәуелсіз еңбек жолын қуу үшін Парижге келеді. Сол уақытта мұндай батыл қадам жасау екінің біріне жазбаған болатын. Астанада ол жас журналистер мен жазушылар қоғамына бірден сіңісіп кетеді. Шығармашылық және бас бостандығына қуанған Аврора, Париждің интеллектуалды, қайнап жатқан мәдени ортасына аса бір ынтамен араласады. Ең алдымен париждік озық ойлы әдеби-демократиялық интеллигенция жиналатын барлық жерлерге – кітапхана, клуб, театр, дәрістерге үзбей барып жүреді.
Алғашында жас жазушы саяси күрестен алшақ болады. 1831 жылы ол аты елге белгісіз жазушы Жюль Сандпен бірігіп «Роза мен Бланш» атты романды «Жюль Санд» деген лақап атпен бастырады. Бірі – актриса, бірі – монохиния, әпкелі-сіңілі екі қыз туралы бұл роман өте табысты болады. Кейінірек ол өзін әлемге әйгілі еткен ер есімі Жорж Санд деген атты иеленіп, жеке жаза бастайды.
Отызыншы жылдардың екінші жартысынан бастап Жорж Санд утопиялық социалистермен жақынырақ араласқаннан соң, сол кездегі солшыл республикалық оппозицияның жақтаушысы болады.
Оның әдеби, қоғамдық-саяси мүмкіндігінің жоғарылау жылдары келесі онжылдықпен сәйкес. 1841 жылы ол социалист-утопистер қоғамының құрылуына, «Тәуелсіз көзқарас» («Независимое обозрение») журналының және «Эндрлік ағартушы» («Эндрский просветитель») газетінің шығуына қатысады. Ал, 1844 жылдан бастап солшыл-республикалық газет «Реформада» жұмыс істейді. Жорж Санд өмірінің маңызды қырларының бірі – оның күрескер ақындарға жасаған әдеби ықпалы. 1848 жылғы «Ақпан төңкерісін» жазушы жалынды мемлекет қайраткерлерінше қарсы алады. «Халық ісі»(«Дело народа») газетін шығарып, төңкерілісші-лердің нұсқауы бойынша «Революция бюллетеньдерінің» редакторы болады. Бұл бюллетеньдер көшелерге жапсырылып, халықтың революциялық рухын оятты. Ол қоғамдық өрлеу мен ұлы өзгерістер тек халықпен бірге ғана болатындығына сеніммен қарап, өз ғұмырын әйел бостандығы үшін күреске арнады. Бұл жолға тек халықтық революция ғана бастай алады деп тұжырымдады.
Алайда, революциядан кейінгі «қанды маусым» күндерінен соң қуғындалған Жорж Санд саясаттан мүлден алыстап, өмірінің соңғы жылдарын өскен жері Наондта өткізеді.
Жорж Санд әдебиет әлеміне келгенінен бастап, көп еңбектеніп, барлық ғұмырын осы жолға арнады. Мысалы, отызыншы жылдары «Фигаро» газетінің қызметкері бола жүріп, күнделікті жазуға тиісті жиырма бет сөзді ойдан құрастыра салу, оған түк те емес болатын. Сондықтан оның соңына қалдырған әдеби мұрасы өте қомақты. Жазушының бізге белгілі 100-ден астам романдары мен повестері, 18 драмасы, көптеген публицистикалық мақалалары, бірнеше автобиографиялық көптомдығы, 18 мың хаты мен басқа жазбалары бар. Дегенмен, ол ешбір әдеби мектепке арнай араласқан емес, бірақ оның басты шығармашылық концепсиясы романтизм идеялары болды.
Алғашқы «Индиана»(1832) атты романынан бастап Жорж Санд әйелдердің бас бостандығына баса назар аударып, осы тақырыпты басқа да «Жак», «Лилия», «Валентина» т.б. туындыларында одан әрі өрбітті. Өйткені бұл келеңсіздікті өз басынан да өткерген автор, деспотизм, қанушылық пен бас пайдаға құрылған буржуазиялық некеге ашық қарсы шыға отырып, отбасындағы әйел тәуелсіздігін қалады. Сондықтан жазушының аталмыш туындыларында әйел бақыты үшін күрестің қайнаған ортасында әр уақ тәкаппар, жалғызбасты қыздар көрінеді. Оның басты кейіпкерлері – Индиана, Валентина, Лелия т.б. нәзік жандардың адамгершілік құқықтары үшін күресіп, сезім бостандығын талап етеді. Жорж Сандтың өзіндік стилін көрсететін бұл шығармалардағы көркемдік ойлардың жиынтығы, романтикалық тебіреніс пен лиризмге құрылған.
Қырқыншы жылдары жазушы өзінің саяси көзқарасының кеңейуіне байланысты өз кейіпкерлерін енді жеке бастың, отбасы ортасынан қоғам өмірінің үлкен әлеміне әкеледі. Енді өзінің жеке басының жағдайлары мен қасиеттері арқылы ғана көрінетін романтикалық кейіпкерлерінің орнына, Санд шығармашылығына жаңа образ келді. Ол – жазушы болашағын байланыстырған халықтан шыққан адамдар образы. Суреткердің сол кезеңдегі тамаша романдары ......
1848 жылдары Жорж Санд бірнеше әлеуметтік романдар жазды.
«Осыған дейінгі шығармаларының кейіпкері» корольдер мен ханзадалардың орнын қазір өмірі мен тағдыры, қуанышы мен қайғысы романның мазмұнын құрайтын кедей қауымы алды... Жорж Санд, Эжен Сю және Боз (Диккенс) жататын бұл бағыт сол заманның бір белгісі»,-деп жазды Энгельс 1844 жылы жазды.
Осы кезеңнің ең бір ірі әлеуметтік романдарында, «Грех господина Антуана», «Странствуюленші подмастеры», «Мельник из Анжибо» романдарында, Жорж Санд буржуаздық қоғамды қатты сынға алды. «Мельник из Анжибо» ауыл байы, кулак Бриколен өзінің үлкен қызының бақытты өмір сүруіне кедергі жасады, қызын сүйгенінен айырады. Кіші қызына да тура осындай жағдай туады. Романдағы басты кейіпкер Бриколен образының шыншылдығын ерекше атай отырып, Белинский былай деп жазды: «Бұл романда бір типтік образ бар – ол Бриколен образы, сол кезгі Франциядағы жағдайды көрсететін сараңдық, ақылдың қысқалығы, ойдың шолақтығы, сезімнің төмендігі т.б.»
«Грех господина Антуана» романында Жорж Санд ірі өндіріс өнімдерін шығарушы Карданнені ерекше көрсетеді. Ол өз фабрикасының ұсақ мекемелерді құртады, барлық аймағындағы тұрғындарға аштық пен өлім әкеледі.
Бұл екі романда да Жорж Санд екі қарама-қайшылықтан байлық пен кедейлікпен, еңбек пен капиталдан шығуды ұсынады. «Мельник из Анжибода» бай дворян қызы Марсель де Бланшеман ғашығы қарапайым жұмысшы Анри Лемормен бірдей болу үшін бар байлығынан айрылуға бар. «Грех госпадина Антуана» романында фабриканттың ұлы әлеуметтік көзқарасы бар жас Эмиль Нардонне өз қалыңдығының қалың малының орнына еңбектің барлық нәрсесі ортақ болатын еркін коммунистік колония салуды армандайды.
«Орас». Жорж Сандтың әлеуметтік романдарға да жатқызуға болатын романының бірі – Орас.
Провинциалды чиновник семьясынан шыққан жас судент Орас Париж қаласына оқуға келді. Өзін ғана сүйетін ерке не ең таза сезімге бейім емес. Жұмысшы Әрсен Орасқа қарама-қарсы қойылған, кішіпейіл, қарапайым адам, бірақ нағыз игі, батыл, ер жүрек. Жорж Санд халықтың бақыты мен бостандығына бейбітшілікпен қол жеткізуге шақырады.
«Консуэло». Бұл көп жоспарлы романда оқиға ХҮІІІ ғасырда болған. Бұнда Жорж Санд өнердің есебі туралы, суретшінің дәрежесі мен міндеті туралы өз ойларын белдіреді.
Консуэло – көше әншісі қарапайым сыған қызы, халық арасынан шыққан талантты қыз, табиғатынан ғажап артист. Қызықты оқиғаларға толы өмір кейіпкерді шындықты тануға әкеледі. «Графиня Рудолнитадская» романында («Консуэлоның» жалғасы болып табылады, бірақ одан да гөрі әлсіз) Консуэло мен оның күйеуі Альберт Рудолнитадский ел аралап, музыканы халыққа таратып және одан үйренеді. Крестьяндарға скрипкада ойнай отырып, граф Рудолнитадский ұлттар туыстығын уағыздайды.
1848 жылы революциядан кейін Жорж Санд саяси өмірден алыстап кетеді. Оның шығармаларындағы әлеуметтік тақырып та жоғалып кетті. Тіпті революцияға дейін жазушы ауыл өмірін жазған. Крестьян өмірінен алынған повесіне «Чертова мужа», «Маленькая Фадетте», «Франсуа» т.б.
Жорж Санд 40-50 жылдары Ресейде әйгілі болды. Оның романдары туралы Блинский, Чернышевский, Герцен жазған.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
А.Дюманың тарихи-шытырман оқиғалы романдарын ата.
Жазушының 40-шы жылдардағы туындыларына тоқтал.
«Граф Монте-Кристо» алғаш қайда басылды?
Ж.Сандтың шын аты?
Санд шығармаларының басты тақырыбы.
«Орас» туындысы қандай мәселені көтерген?
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21, 22, 23.
ДӘРІС 11. ВИКТОР ГЮГО ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Дәрістің мақсаты: Француз романтизмінің ірі тұлғасы Виктор Гюгоның шығармашылық мұрасымен таныстыру.
Тірек сөздер: собор, ода, Кромвель, монифест, Марсельеза, классицизм
Дәрістің жоспары:
В.Гюгоның өмірі мен шығармашылығына шолу.
Гюго - ақын, драматург, прозашы.
Француз поэзиясының жаңашылы, жаңа пішіндерді табушы.
«Париждік әулие ана шіркеуі» туындысындағы әлеуметтік тақырып.
«Шеттетілгендер» романындағы тарихи кеңдік, халық өмірінің панорамасы.
Ақынның «Қаһарлы жыр» жинағы.
В.Гюгоның француз әдебиетіндегі орны.
Виктор Гюго – француз елінің ірі романтигі, француз романтизмінің негізін салушы. Ол романтикалық роман жазуда поэзияға романтикалық театрлардың дамуына көп үлесін тигізді.
Виктор Мари Гюго Безансон қаласында 1802 жылдың 26-ақпанында дүниеге келген. Столярлық цех маманының отбасында туған Гюгоның әкесі Наполеонның генерал атағына ие болады. Жазушының анасы Напалеонды жек көрді. Мадрид қаласында Гюгоның әкесі губернаторлық қызметін атқарып жүрген кезінде, ата-анасы ажырасып кетеді. Гюгоның анасы балаларын алып Парижге кетіп қалады. Анасы Гюгоның шығармашылығына көп әсерін тигізді. Ол өзінің алғашқы шығармаларында Бурбановтарды мадақтап, Напалеонды жамандап жазады. Оған классицистік және романтика-лық шығармалар жақын болды. Гюго 14 жасында жазған күнделігінде «Мен Шатабрион болғым келеді, әйтпесе ешкім болғым келеді» деп жазған.
Шығармашылығының бірінші ширегі (1820-1850) француз поэзиясы реформасындағы үлесі. Алғашқы өлеңдері 1812-1819 жылдары шықты. Гюго одағы көп көңіл бөледі, онда ол метафора мен теңеуді кең көлемді қолдана білген. Бұл одаларда корольдық Бурбанов династиясының атағын шығарады.
1820 жылы Гюго Ломартинаның «Поэтическая раздуия» өлеңдері жинағымен танысады. Ломартина мен Шатабрианның ықпалымен романтизм жанрына көшеді. Бұндай өзгеріс Гюгоның ең алғашқы шығармаларында байқалады. 1822 жылы жазған одаларына балладаларды да қосты. Осы жинақ кітабының алғы сөзінде, «Ода мен баллада» жанрларын қалай түсінетіндігі туралы жазады. Оданың классикалық жанрында, ода мен романтикалық поэзияның арасындағы ұқсастықты көрсетеді. Егер одада композицияны анықтайтынжәне сюжет өзгерістеріне байланысты ой қозғалысы берілетін болса, егер де антикалық емес, хритиандық образдарды қолданса, онда «ода да, драмаға деген қызығушылық сияқты тартымдылыққа ие болар еді». Ал баллада болса, романтикалық жанр. «Бұл жазушының ой-қиялы әсем суреттеулер, өмірден алынған әңгімелер мен оқиғалар, аңыздар, елдің салт-дәстүрі, жоғары күшке сенімділік». «Буонапарте» шумақтарын драмалық оданың үлгісі ретінде қарастыруға болады. Ол француз императоры қайтыс болуына байланысты жазылды. Бұнда Напалеонның тағдыры туралы жазылған. Оның европалық тақты орнататыны және ол қайтыс болғаннан кейін, халық еркін демалатын болды деп жазылған. Бұл балладаның үлгісі ретінде. «Турнир короля Ионна» жолдарын алуға болады. Гюго орта ғасырдағы өлеңдерге сүйенеді. Жауынгер сол кездегі рыцарлар кездесуіне Парижге асығады. Кездесу уақытша өмірлік емес, Мейрам біткен соң артқа қайту керек. Бұл өлең жолдаырнда орта ғасырлық өмір сипатталады.
Гюгоның «Восточное» шығармашылық жинағында поэзиядағы реформа өте айқын байқалады.
Мысалы «Джинни» өлеңі классицизм талаптарын бұзып, Гюго жолдарының өлшемі мен ұзындығын реттейді.
Гюгоның 20 жылдағы «Восточное» жинағында жандырған фрацуз поэзиясының маңызы неде? Мұнда ол Ламартинаға қарағанда шығрамада өте ширақ кейіпкерді алып көрсетеді. Бұндағы кейіпкерлер адамға қатысы жоқ, қозғалысқа толы объективті өмірде өмір сүреді. Ал «Мезепа» өлеңінде атты адам шауып келеді, оның жан-жағында жел соққан, ағаштар шайқалады, мұнаралар, таулар Гюго табиғаттың динамикалық образдарын жақсы көреді: теңіз, бұлттар, найзағай, өрт («Небесный огонь») ламартинадағыдай кейіпкермен әлем қатынасы емес, табиғат трагедиясының қатыгез бұлағы, әлем бүлікпейтін бүліктер деген әлемде барлығы рационалды емес, хаос (бейбірекетсіздік) табиғат заңдылықтарды жеңеді, жақсылықпен қатар жамандық өмір сүреді деген Гюго реформасында рационалды өлең классицизсін адам сезімі тіліне алмастыруды талап еткен. Гюго антикалық мифологиядан сөздерді ұлдануға қарсылық етіп, барлық өзінің сөз қолданудан демократиясын пайдаланады. «Ода мен балладада» алғы сөзінде, ақында тек қана бір үлгі табиғат болуы керек, ал бастаушысы – шындық болуы керек). Гюго поэтикалық сөздігін ұлғайтты, оған техникалық терминдерді, архаизмдарды, диалектілерді тағы басқаларды қосты.
Ақын өлең құрылысын да қарастырады. Классицистік александрлық өлеңінде алтыншы сөзден кейін цензура келеді. Ол айтылып жатқн ойды бөледі. Сонымен қатар ақын тасымалдауды енгізеді. Ондай тасымалдау классицизм ережелеріне қарама-қайшы. Егер классицист бір ойды бір жолға жазу керек болса, Гюго оны еркін келесі жолға көшіріп отырды. Гюго жеткілікті классикалық рифманы бай рифмаға ауыстырды (онда тек қана дауыссыздар емес, оның алдында келетін ауыстылар да үйлеседі).
1830 жылы романтизмді дұрыс анықтау жолдарын жазады: Ол «әдебиеттегі либерализм», «Әдеби бостандық саясат бостандығының баласы» сияқты деп айтады («О госпадине Довале» мақаласында)
Гюго романтизм теоротигі. Ол өз өмірі барысында романтизм теориясын қалыптастыруға көңіл бөледі. Ол өзінің алғашқы еңбектерінде-ақ суреткерлердің бостандығы туралы айтады. Соңғылардың ішіндегі Гюгоның 1864 жылғы «Вильям Шекспир» шығармасында да маңызы бар. Бірақ француз романтизмінің нағыз үлгісі болып («Предисловие к Крорвелю») табылады. Ол шығарманы трагедия жанрында емес, тарихи романтикалық драма ретінде жазды. «Кромвель» драмасы ХҮІІ ғасырдағы Англия буржуазиялық революциясы туралы айтады. Оның Кромвель көшбасшысы мықты жеке тұлға ретінде сипатталады. Бірақ басқа кейіпкерлерге қарағанда Кромвель ханды жеңген соң, революцияны тастап монарх болады. «Предисловие» романтиканың жеңіне көп әсерін тигізеді. Бұл романтикалық қозғалыстың толық бағытты бағдарламасы болды.
«Кромвелюге» алғыс сөзі Гюгоның қоғам тарихы мен әдебиеті туралы түсінігімен баталады. Ақын адамзат өзінің дамуында үш дәуірді басынан өтірді. Алғашқы дәуірде адамзат құдай жаратқандай табиғатқа таңданумен оған арнап гимн шығарған. Сондықтан әдебиет лирикадан басталады, оның шыңы – библия. Ескі дәуір оқиғалары (соғыс, мемлекеттің құрылуы және құлауы) тарихты қалыптастырған-дықтан дәуірлік поэзияда көрінеді. Оның шыңы Гомер. Гюго ескі гректің театрдың да дәуірлік екенін байқайды. «Трагедия тек эпопеяны қайталайды» Үшінші дәуір жас және ақылы толмаған кейінгі адамзаттың кәрілік дәуірі.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
В.Гюгоның ақындық өнері қандай?
Ақын одаларының көтерген идеясы.
Гюгоның поэтикалық иірімдері.
«Париждік әулие ана шіркеуі» туындысы туралы не білесің?
Гюго роман-эпопея жанрына қосқан үлесі.
Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21, 22, 23.
ДӘРІС 12. ПОЛЬША РОМАНТИЗМІ
А. МИЦКЕВИЧ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Дәрістің мақсаты: Польша романтизмінің қалыптасуы және Адам Мицкевич шығармашылығын шолу.
Тірек сөздер: филорет, монифест, эпигон, эмиграция дзядтар, пан.
Дәрістің жоспары:
Польша романтизмінің қалыптасуындағы ағартушылықтың орны.
Польшадағы ұлт-азаттық күрес.
А.Мицкевич поляк романтизмінің негізін қалаушы.
Мицкевич шығармашылығының алғашқы кезеңі.
«Гражина» поэмасындағы азаматтық әуен.
«Пан Тадеуш» поэмасы – поляк халқының ұлттық эпопеясы.
А.Мицкевичтің «Халық мінбесі» атты газеті.
Романтизм дәуірінде поляк әдебиеті (А.Мицкевич, Ю.Словацкий) және өнері (Ф.Шопен, С.Монюшко) Европа тарихы мен әлем мәдениетінде елеулі орын алады.
Польша әдебиетіндегі романтикалық бағыт ХІХ ғасырдың 10 жылдың аяғы мен 20 жылдың басы аралыған қамтиды. Оған әсер еткен сол кезде елді болған ұлт-азаттық көтеріліс еді. Декобристердің Петербургте сөйлеуі Поляк қозғалысының бастамасы болды.
1815 жылы Поляк қатысқан Наполеон әскерін талқандаудан кейін, Вен конгресінде Польша жерлері тағы да өзара Австрия, Пруссия және Ресейге бөлініп алды. Ресей империясының құрамында Польша патшалығының астанасы Варшава құрылды. Поляк аристократтары өздерінің құқықтары мен артықшылықтарын сақтау үшін басқыншы мемлекеттермен абсолютті қарым-қатынаста болды. Ұлттық революция ойы теориядан практика жүзіне ауысу процесінде жетіле түсті. Қозғалыстың бір ғана мақсаты болды, ол – ұлттың бостандығы. Ол әлеуметтік реформаны қарастырмады. Осы бостандық тақырыбы да сол кездегі поляк әдебиетінің негізі болды.
Батысевропалық романтизмге деген ықылас поляк зиялыларының ортасында ерте оянды және сол кезде әдеби дау туғызып жүрді. Варшава университетінің профессоры, ақын Казимеж Бродзинский – статьяларында, басқа жердің үлгісіне еліктей бермей, өзіміздің ұлттық поэзиямызды бастайық деп жазады. («Классицизм мен романтизм және поляк поэзиясы жайлы» 1818ж) Ян Снядецкий өз мақаласында «Классикалық және романтикалық туындылар жайлы» (1819) романтиктерді есінен ауысқандар деді. Ал поляк зиялылары-ның жас буындары 1815 жылғы өзгерістен кейін реформаға сенуден қалды, олар күреске ұмтылды.
А.Мицкевичтің «Өлеңдер» (1822) жинағының І томына енген «Баллада және романс» туындысы поляк әдебиетінде романтизмге жол ашты. Ал бұл кітаптағы кіріспе сөзді замандастары поляк романтизмінің үндеуі ретінде қабылдады. Алғашқы 10 жылда романтизм әдебиетте классицизм мен күресе отырып, көбінесе ағартушылар және синтементалистердің әдет-ғұрпымен байланысты болды. Жанр поляк фольклорының сюжетін, мотивін, образын қолдануға кең мүмкіндік берді. Мұндай балладаларды А.Мицкевич, Т.Зан, А.Э.Одынец және басқа ертедегі поляк романтиктері жазды.
Осы кезеңнің екінші сүйікті жанры поэма болды, полякша – поэтикалық повесть. Бұл жанр күрес тақырыбын суреттеуге жақсы мүмкіндік берді. Сюжеттің негізінде белгілі бір тарих жатты.
Поляк романтизмінің қалыптасуы тұсында көптеген жетістіктерге А.Мицкевичтің «Гражина» (1823) және А.Мальчевскидің «Мария» (1825) еңбектері жетті. Соғысы әсіресе, өтпелі кезең поэмасы ретінде аталып өтті.
Ерте кезеңдегі бұл жанрдың шыңы А.Мицкевичтің «Канрад Валленроды» (1828), мұның ізімен жас Ю.Словацкийдің поэмалары көп құрметке иеленді.
1832-1846 ж кезеңінде романтизм поляк әдебиетінде үстемдік етті. Поляк көтерілісінің жанышталуы өзінен кейін қатаң репрессия әкелді. Корольдік автаномия жойылды, Варшава университеті жабылып, поляк мәдени орталықтары құртылды, Мицкевич пен словоцкий шығармаларын шығаруға тиым салынды. Бұл саясатты Пруссия мен Австрия ұстанды.
Осы кезеңде Мицкевичтің ең мықты туындылары «Дзяды» және «Пан Тадеуш» «Кардиан» Ю.Словоцкийдің және З.Красинскийдің «Небожественная коммедиясы» жарық көрді. Жазушылар революция-ның аяқталуына, тарихи тұрғыдан анализ жасауға ұмтылады. Бұл алғаш рет реализмнің тууына себепкер болды. Словойкий поэзиясында романтикалық жалғыз кейіпкердің күреске душар болуы, ал Мицкевичтің эпикалық поэмасында поляк шляхтасының бұрынғы өткен дәстүрге қызығушылығы мысқылмен суреттеледі. Енді Отанның тірегі шляхта емес, бүкіл халық, әсіресе, жастар делінеді.
Адам Мицкевич (1798-1855). Мицкевичтің есімі, сол кездегі басқа поляк тұлғаларымен салыстырғанда – Коперник, Шопен, Слодовской – Кюри – Польшаның әлем мәдениеті деген қазынасында сақтаған бірден-бір асыл кейіпкері болып табылады. Мицкевичті Россияда осыдан біржарым ғасыр бұрын танып, әрі жақсы көріп кеткен болатын. Мицкевич тек қана поэзияның білгірі болған жоқ, ол әрі поляк және европа демократиясының әскері еді. Тіпті сонау кездің өзінде А.В.Луначарский былай деген: «Мицкевич – әдебиетте өте сирек кездесетін тұлға. Оның бойында әлемдік және революционер-лік ақындық қатар жиналған».
А.Мицкевич өзінің творчествасында ең негізгі маңызды ойлар мен заман талаптарын көрсете білген, әрі сол кезең әдебиеті мен сол әдебиет өкілдеріне өзіндік үлгісімен әсер еткен тұлға. Ол польша әдебиетін ортақевропалық жоғарғы деңгейге дейін жеткізді және оған өзіндік ерекшелік енгізді. Сонымен қатар Польшаның тәуелсіздігі жолында жарқын насихатшы болды. Оның шығармашылығының көптеген бөлігі орыс мәдениетімен байланысты. Ол декобристерді, А.С.Пушкинді білген, әрі өз шығармаларын орыс журналдарында жариялап, сонымен қатар Ресейдегі әдеби күреске де қатысқан. А.Мицкевич поляк романтизмінің классигі.
Оның шығармашылығын үш кезеңге бөліп қарауға болады.
І. Ерте – виленско – ковендық кезең. (1824 жылға дейін) Ең негізгі шығармалары «Жастық одасы» (1820), «Баллада және роман» (1822), «Гражину» (1823)
ІІ. Ресейдегі кезең (1824-1829) «Крым сонеттары» (1826), «Конрад Валлепрод» (1828).
ІІІ. Жер аудару кезеңі. (1830-1855) Негізгі шығармалары: «Дзяды» (ІІІ бөлім, 1832), «пан тадеуш» (1834).
«Адам Мицкевич тек Польша әдебиетінің ұлы ақыны емес, ол бүкіл әлем ақындарының бірі, әрі Отанындағы ұлттық және рухани тарих оның есімімен байланысты»,-деп жазды Р.Люксембург.
Ақын 1798 жылы 24 желтоқсанда, Польша жерінде сол кездегі Литваның құрамында болған Новогрудкаға тақау Заосье жерінде Белоруссия даласында дүниеге келді. Әкесі адвокат Николай Мицкевич Кастюшка көтерілісіне қатысушылардың бірі. Напалеон өз әскерлерін Ресейге бағыттағанда Мицкевичтің әкесі француздар жағына шықты. Ол кезде Адам 12 жаста болатын. Оның жүрегі поляктардың қорғаушысы Напалеонға деген алғыс сезімге толы еді.
Адамның балалық шағы мен жастық шағы Литвада өтті. Осы есепті кейін ол өз поэзиясында Литваны Отаным деп Польшамен қатар қояды.
1815 жылы Мицкевич алғаш Вильен университетінде филологиялық білім алады. 1819 жылы ақын Ковноға мұғалім ретінде көшіп барады. Оның студенттік кезеңі (1815-1819) мен мұғалім болған жылдары тек филологиялық білім беріп қана қоймайды, ол өзіне кең европалық ой мен поэзия әлемін ашады. Студент және ковендік мұғалім қоғамдық өмірге алғаш қадам басады. 1817 жылы Мицкевич және шағын топ құпия ұйым ашады «Филоматтар қоғамы» («ғылым сүюшілер»). Ковнада Адам өз шығармаларын сүйіспеншілік тақырыбына арнауға мәжбүр еткен, өзінің ең үлкен махаббаты ақсүйек Мария Верещакты кездестіреді.
Мицкевич өлең жазуды өте ерте бастаған. Тіпті студент кезінің өзінде ең бірінші ақын аталған.
Ақынның жастық шағында жазылған ең алғашқы танымал еңбегі «Жастық одасы» (1820ж). Оған эпиграф ретінде Шиллердің «Жаңа жүзжылдықтың құрылуы» атты өлеңінің мына бір шумағы алынған «Ескі формалар құлайды». Бұл еңбек тек 1827 жылы ғана жарық көрді. Мұнда жастықтың Отан үшін жасаған ерлігі мен Гераклдің ерлігі салыстырылады. Архаизмдер, метафоралар, абстрактілі ұғымдар жоғары стиль құрады. К.Козминь былай дейді: «Осы туынды шыққаннан бастап, романтизм және революция әр жерде және әр кез синонимдер ретінде қолданылады».
Жас кезінде Мицкевич Данте, Петрарка, Шиллер, Шекспир, Вольтер, Гете шығармаларын сүйіп оқыған және оның кейбіреулерін поляк тіліне аударған. Дәл осындай құлшыныспен поляк әдебиетінде меңгерді. 1822 Мицкевич өзінің алғашқы өлеңдер жинағын «Баллада және романстар» деген атпен жариялады. Кітаптың алғысөзінде европа романтизімінің ерекшелігі және Польшада романтикалық өнерді дамыту керектігі айтылады. Ақынның көзқарасынша, классикалық бірігуінен құралады.
Автордың эстетикалық концепцияларын көрсететін шығармасы «Романтика» балладасы. Оған эпиграф ретінде Шекспирдің «Гамлстінен» мына сөздер алынған: «Меніңше мен көремін...қайдан? – Жан көзімен!». «Жан көзі» - бұл балладағы ең негізгі сөз. Сюжеті. Жас қыз өніңде қиялдайды, ал басқалар оны есі ауысқан деп санайды. Ал шындығында ол қыздың сүйіктісі дүниеден өткен, ал қыз оны жүрек көзімен көреді. Оның әрбір сөзі, күлкісі, тіпті көз жасы соған арналады».
1823 ж. Мицкевичтің ІІ том өлеңдер жинағы шығады. Оған «Гражина», «Дзяды» поэмалары енеді. «Гражина» крестонцтар мен литовцтардың арасындағы күрес жайында.
Тавтондық орден крестоноцтар метовтықтарға өлтірем деп тап береді, бірақ литовтық князь Литавор халқын ұмытып, осы соғысқа қатысқысы келеді, әрі тевтондықтарды көмекке шақырады. Ақынның айтпағы Литавор сондай соқыр әрі өзімшіл, яғни дәл жаңа заман ақсүйектері сияқты. Литовтықтар күреске түн ішінде шығады. Бірақ қызық жағдай болады, ол қанша тырысса да бір ісі оңға баспайды. Ақыры князь өледі. Көмек тау басынан келеді, белгісіз батыр өзінің бетін ашады, ол-Литавор. Ал оларды күреске алып келген Гражина. Литавордың әйелі. «Дзяды» шағын-драмалық поэма. Онда антикалық хор, ән, ритуалды диалог, ортағасыр мистерияларының элементтері енгізілген.
1823 ж. ақын «құпия саяси ұйымдарға қосылған» деген жаламен түрмеге түседі. 1 жылдан кейін «Россия губерниясы Польшадан қуылғандар» деген топпен қудаланады. Қудалау төрт жылға созылады. Бір жақсысы бұл уақыттар орыс мәдениетінің орталығы саналатын Петербург, Одесса, Москвада өтеді. Сондықтан оның таланты одан әрі өрлей түседі.
1825 жылы ол Крымға барады. Одан алған әсерлерін 1826 жылы «Сонеттар» атты еңбектерінде жазады. Әсіресе оған ерекше атақ әкелгені осы жинаққа еңген. «Крым сонеттары» болатын. Бұнда махаббат тақырыбы екінші мәселеге кетеді, ал бірінші мәселе әлеуметтік жағдай.
1826 жылы күзде Мицкевич ең алғаш Пушкинмен кездеседі. Бұл олардың достығының бастауы еді. Адам Пушкиннің біраз өлеңдерін поляк тіліне аударған. «Еске алу», ал Пушкин оның «Воевода» және «Бурдыс и его сыновья» шығармаларын орыс тіліне аударжы. 1829ж, мамырда Мицкевичті Россиядан жер аударды. Ол Германияға, Веймарға кетеді. Онда Гетемен кездеседі. Соңыра Швецария, Италияға барады.
1840 ж. Мицкевич ақындық творчествосын тоқтатады. «Дзяды» сол беті аяқталмай қалады. Ақын енді ұстаздық, публицистикалық қызмет атқарады. 1855ж. қаңтарда ақын Константинопльда Россияға қарсы Турция соғысына қатысады. Ол поляктардан құрылған әскери топ құрамында болады. Бірақ бұл мақсат орындалмай қалады. 28 қаңтар 1855 ж. ол Константинопльда холерадан қайтыс болады.
Қазір отыз шақты ақынға арналған ескерткіштер бар. Солардың ең танымалы «Пилигрим» (1928) Парижде орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |