56 беттің -шісі Техникалық мамандықтарға арналған



бет5/6
Дата26.08.2017
өлшемі0,78 Mb.
#28412
1   2   3   4   5   6

Түйіндеме (резюме). Соңғы жылдары осы құжат түрі кең таралып отыр. Кәсіпорынға жұмысқа қабылдар алдында үміткерден түйіндеме (резюме) ұсыну талап етілуде. Жұмысқа қабылданушы үшін бұл құжаттың басты мақсаты - өзін-өзі көрсету. Түйіндеме өмірбаян секілді жазылмайды. Оның жасалуы еркін болады. Мұнда қызмет іздеп жүрген адам өзінің білімі, еңбек тәжірибесі, жеке жетістіктері, кәсіпқойлық деңгейі, басқа да дағдылары туралы мәліметтерді қысқа әрі нұсқа етіп тізіп жазады. Жұмысқа алушы адам осы құжатқа қарап, үміткер туралы жан-жақты мағлұмат алады. Әңгімелесуге шақыруға болатын болмайтындығын анықтайды. Сондықтан, жаңа жұмыс іздеп жүрген жан үшін, түйіндемені тартымды етіп жазудың маңызы зор.

Өтініш. Жұмысқа қабылдануды ресімдеп жатқан қызметкер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қандай құжаттар қажет екендігін білуі тиіс. Мұны көбіне кәсіпорынның кадр бөлімінің қызметкерлері айтады. Әдетте, жұмысқа қабылданушы қызметкерден талап етілетін құжаттар төмендегідей болады:


● жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі;

● еңбек кітапшасы;

● білімі туралы куәліктің, жоғары білімі болса, дипломының көшірмесі;

● салық төлеушінің нөмірінің (СТН) көшірмесі;

● әлеуметтік жеке кодының (ӘЖК) көшірмесі;

● жинақтаушы зейнетақы қорымен жасасқан шартының көшірмесі;

● әскери билетінің көшірмесі;

● өмірбаян және т.б.

Жұмысқа қабылдауды ресімдеуші қызметкер тағы да басқа құжаттарды сұратуы мүмкін. Жұмысқа бірінші рет қабылданып тұрған адам еңбек кітапшасын сол кәсіпорында ресімдейді. Көпшілік компанияларда жұмысқа қабылданушы адам мекеме басшысының атына өтініш жазады.

Өмірбаян. Жұмысқа қабылданар алдында кей жағдайларда өмірбаян жазу талап етіледі. Өмірбаян еркін түрде ақ қағазға қолмен жазылады. Түйіндемеден ерекшелігі мұнда фактілер хронологиялық тәртіппен кеңірек баяндалады. Жеке жетістіктері мен наградалары, тағы басқа қажет деп тапқан мәліметтер жан-жақты қамтылады.

Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ (сауалнама) – кәсіпорынға қызметкер туралы қажетті барлық ақпаратты беретін ең бір ыңғайлы құжаттың бірі.


Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ (сауалнама) бір данада қолмен толтырылады. Түзетуге және бүлдіруге жол берілмейді. Бекітілген арнайы үлгісі бар.

Еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы келісім. Бұл шартқа сәйкес қызметкерлер еңбек тәртібіне бағына отырып, белгілі бір мамандық бойынша жұмыстарды орындауға, ал кәсіпорын тараптардың келісімі және еңбек заңдарында қарастырылған айлық жалақыны төлеуге және тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндетті болады.


Қызметкердің жеке карточкасы. Белгіленген нысан бойынша жасалатын қызметкердің жеке карточкасы негізгі есепке алу құжаты болып табылады және жұмысқа қабылданған әрбір қызметкерге арнап толтырылады. Ол кадрлар құрамын талдау және қызметкерлер қозғалысын есепке алу үшін пайдаланылады. Бекітілген арнайы үлгісі бар. Сондықтан бұл жерде оны келтіріп жатуды артық деп таптық.

Еңбек кітапшасы. Қолданыстағы еңбек заңдарына сәйкес еңбек кітапшасы қызметкердің еңбек қызметі және еңбек өтілі туралы негізгі құжат болып табылады.


Жұмысқа қабылданған адам кадр қызметімен айналысатын адамға еңбек кітапшасын тапсырады, ал жұмысқа алғаш кірісіп отырған және еңбек кітапшасы жоқ адам осы жерде еңбек кітапшасын ашады.

Еңбек кітапшасында қызметкердің бүкіл қызмет істеген орындары, атқарған лауазымы мен марапаттаулары толтырылып отырады.

Жеке еңбек шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскердің еңбек жолын куәландыратын құжаттарды талап етуге құқылы. Еңбек жолын куәландыратын негізгі құжат еңбек кітапшасы болып табылады.

Еңбек кітапшасына мынадай мәліметтер енеді:

- қызметкердің өзі туралы мәліметтер: фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған жылы мен датасы, білімі, кәсібі, мамандығы;

- атқарған жұмыстары туралы мәліметтер: жұмысқа қабылданған уақыты, жеке еңбек шартының мерзімі, жеке еңбек шартының тоқтатылуы немесе бұзылуы;

- еңбектегі табыстары үшін ордендермен, медальдармен және ұйымның, кәсіпорынның ішкі еңбек тәртібі ережелерінде қарастырылған ынталандыру сыйлықтарымен, ақшалай сыйлықтармен, жеке еңбек, ұжымдық келісім-шарттарға, сондай-ақ жұмыс беруші тарапынан жасалған нормативтік актілерге сәйкес өзге де ынталандырулармен марапатталуы.

Жеке еңбек шартын жасау немесе оны тоқтату, бұзу, өзге жұмысқа ауыстыру, марапаттау, ынталандыру жөніндегі жазбалардың бәрінде сандық көрсеткіштер араб цифрымен (күні, айы екі цифрлы көрсеткішпен, жылы толық көрсетіліп) беріледі. Аталмыш жазбалар жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау, жеке еңбек шартын тоқтату және бұзу т.б. туралы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Қызметкердің еңбек жолын куәландыратын құжаттар еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек шарты, еңбегі туралы анықтамалық, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың көшірмелері болып табылады. Бұл құжаттар жұмыскердің еңбек стажын неғұрлым нақты да айқын көрсетуі тиіс. Жалпы еңбек стажы жұмыскерді келешек зейнеткерлік қамтамасыз ету үшін қажет.

Қызметкердің еңбек кітапшасына өзге жұмыс беруші шығарған бұйрықтар көшірмелері негізінде оның атқарған қосымша жұмыстары, лауазымдық қызметтері туралы жазбалар ендіріледі.

Қызметкерге қатысты тәртіптік жазалар (сөгіс, ескерту) қолдану туралы жазбалар еңбек кітапшасына жазылмайды.

Еңбек кітапшасына жұмысқа қабылдау, жеке еңбек шартының мерзімі, марапаттаулар мен ынталандырулар туралы жазбалар жұмыс беруші тарапынан бұйрық шыққаннан кейін бір аптадан артық кешіктірілмей жазылады. Ал жеке еңбек шартын тоқтату немесе бұзу туралы жазбалар еңбек кітапшасына бұйрық шыққан күні түсіріледі. Жазбалар бұйрық мәтіндерімен дәлме-дәл сәйкес болуы тиіс.

Еңбек кітапшасын толтыруға байланысты мынадай ережелер белгіленген:

- қызметкер жөніндегі мәліметтерді ендіру;

- жұмыс жөніндегі мәліметтерді ендіру;

- марапаттаулар мен ынталандырулар жөніндегі мәліметтерді ендіру;

- еңбек кітапшасын жұмыстан босатылған кезде толтыру;

- еңбек кітапшасының жапсырмасын толтыру;

-еңбек кітапшасының төлнұсқасын (дубликатын) беру (төлнұсқа еңбек кітапшасы жоғалған жағдайда, табиғи апат кездерінде және басқа да қызметкерге қатыссыз болатын жәйттерге байланысты беріледі).
Бақылау сұрақтары:

1. Еңбек құжаттарын рәсімдеу.

2. Өтініштер, түйін, олардың өзара айырмашылықтары мен деректемелері, құжат үлгілері.

3. Еңбек келісімі, оның түрлері мен үлгілері.

4. Мінездеме, өмірбаян, еңбек кітапшасы, олардың еңбек қатынастарын құжаттауға қатысты іс қағаздарына ену себептері.
Ұсынылатын әдебиеттер

1. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу: Үшінші басылым /Л. Дүйсембекова. - Алматы: Ана тілі, 2004. - 208 б.

2. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). - Алматы: LEM, 2001. - 216 б.

3. Ресми іс қағаздары: Мемлекеттік қызметшілерге арн.анықтамалық / А. Алдашева, З. Ахметжанова, Қ. Қадашева, Э. Сүлейменова. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2002. - 216 б.

4. Салагаев, Валерий Геогриевич. Іс қағаздарын жүргiзу: Оқу құралы = Составление деловых бумаг: Учеб. пособие / В. Салагаев, Б. Шалабай. - Алматы: Раритет, 2000. - 208 б. - (Деловая книга Казахстана)

5. Іс жүргізу=Делопроизводство: Сөздiк-анықтамалық. - Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. - 224 б.


Дәріс 12-13. Жеке құжаттар.

1. Жеке құжаттар, олардың жазылу мақсаттары мен түрлері, деректемелері, үлгілері.

2. Жеке арыз, оның жазылу ерекшеліктері.

3. Сенімхат және қолхат, олардың түрлері мен үлгілері.


Сенімхат – сенімді тұлғаға сенім білдіруші (кәсіпорынның немесе азаматтың) атынан қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқық беруі туралы құжат.

Сенімхат үшінші тұлға алдында сеніп тапсырушының атынан сенімді тұлғаға берілген құжат болып табылады.



Жалақыны алуға берілген

СЕНІМХАТ
___________ қ., _____________ ж.

Мен, _____________, жеке куәлік __________, мекен-жай: ____________. өзімнің жалақымды _______________ мекен-жайында тұратын азамат __________________ сеніп тапсырамын. Бұл үшін ____________ менің атымнан барлық құжаттарға қол қою, өтініш жазу құқығын беремін.

 

_____________ ж.                                         ____________________



(аты-жөні, қолы)


Толық сенімхат
СЕНІМХАТ

___________________________________________________________________

(сенімхаттың берілген жері және күні жазумен)

Мен, ________________________________________ мекенжайында тұратын азамат _____________________________________________________,

жеке куәлік №. ______________, _________________________ жылы _____________________ берген, ________________________________________ мекенжайында тұратын азамат _________________________________________ меншік құқығы маған тиесілі _________________________________________ мекенжайында орналасқан тұрғын үйді, қызметтік, есік алды құрылыстарды және ___________ кв.м. (шаршы метр) көлемдегі жер телімін сыйлауға немесе бағасына және өзінің қалауы бойынша сатуына сеніп тапсырамын. Бұл үшін менің атымнан өтініш беріп, қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға, сату-сатып алу келісім - шартына қол қоюға, сыйлауға, маған тиесілі ақшаларды алуға, келісімшартты жергілікті орындарда тіркеуге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырманы орындауға байланысты барлық әрекеттерді жүргізуге құқық беремін.

Сенімхат үш жыл мерзімге берілді.

Осы сенімхатты мен, __________________________________________, ____________________________________________________________________

(нотариалдық кеңсенің атауы, лицензияның №, берілген күні)

нотариусы _____________ __ ж. растадым.

Сенімхатқа менің қатысуыммен азамат ___________________________ қол қойды. Жеке басы анықталды, қабілеттілігі тексерілді.

Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды.

№ ____________________ тіркемеге тіркелді.

Тариф бойынша: ______________ теңге алынды.

Нотариус: _______________________ (қолы)

Бақылау сұрақтары:

1. Жеке құжаттар, олардың жазылу мақсаттары мен түрлері, деректемелері, үлгілері.

2. Жеке арыз, оның жазылу ерекшеліктері.

3. Сенімхат және қолхат, олардың түрлері мен үлгілері.


Ұсынылатын әдебиеттер

1. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу: Үшінші басылым /Л. Дүйсембекова. - Алматы: Ана тілі, 2004. - 208 б.

2. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). - Алматы: LEM, 2001. - 216 б.

3. Ресми іс қағаздары: Мемлекеттік қызметшілерге арн.анықтамалық / А. Алдашева, З. Ахметжанова, Қ. Қадашева, Э. Сүлейменова. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2002. - 216 б.

4. Салагаев, Валерий Геогриевич. Іс қағаздарын жүргiзу: Оқу құралы = Составление деловых бумаг: Учеб. пособие / В. Салагаев, Б. Шалабай. - Алматы: Раритет, 2000. - 208 б. - (Деловая книга Казахстана)

5. Іс жүргізу=Делопроизводство: Сөздiк-анықтамалық. - Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. - 224 б.


Дәріс 14-15. Коммерциялық хат алмасу.

1. Хат алмасу мәдениеті.

2. Коммерциялық хаттың құрылымы мен стилі.

3. Хат-хабарларды рәсімдеу ережелері.

Іскерлік хат – кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің сыртқы әлеммен негізгі байланыс арналарының бірі. Хат арқылы алдын-ала келіссөздер жүргізіледі, кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастар анықталады, талап-шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады.

Хатты жылдам әрі сауатты дайындау үшін қазіргі кездегі ресми хат-хабар стилін және оған қойылатын талаптарды білген жөн.

Қызметтік хаттар – бұл іс құжаттарының ең көп тараған түрі. Хат басқа кәсіпорынмен немесе мекемелермен әртүрлі мәселелер бойынша жедел байланысу үшін жасалады.

Хат мазмұны және мақсаты бойынша ақпараттық, кепілдік, рекламациялық (наразылық), коммерциялық, сұрату-хаттар, шақыру хаттар және т.б. болады.

Ақпараттық хаттар хабарлау, өтіну, есіне салу, ұсыныс және т.б. тұрады.

Кепілдік хаттар ақы төлеуге, жеткізу мерзіміне немесе өнім мен қызметтің сапасына кепілдік беру туралы хабарлауға арналған.

Рекламациялық (наразылық) хаттарда келісім-шарттың немесе шарттардың талаптарын басқа тараптың (контрагент) бұзуы салдарынан шеккен зиянды өтеу талаптары баяндалады. Рекламация хатқа қоса берілетін акті, анықтама және т.б. түріндегі құжаттармен расталуы тиіс.

Коммерциялық хаттар келісім-шарттар жасау және орындау кезінде жазылады, оларда негізінен тауарлар мен қызметтер туралы ақпарат ұсыну немесе керісінше тауарлар мен қызметтер ұсыну туралы өтініштер жазылады.

Сұрату хаттарда контрагенттен қандай да бір фактіні немесе әрекетті түсіндіру сұралады.

Қызметтік хаттарды ресімдеу ережесі

1. Қызметтік хаттар хатқа арналған бланкіде ресімделеді, оның жалпы бланктен айырмашылығы онда кәсіпорынның почталық және банктік деректемелері болады.

2. Қызметтік хаттың құрамына мынадай деректемелер кіреді:

- адресат;

- күні;

- құжаттың индексі;



- мәтіннің тақырыбы;

- мәтін;


- қосымшаның бар екендігі туралы белгі (бар болса);

- қолы;


- орындаушының аты-жөні мен телефоны.

3. Хат тек бір нәрсе туралы ғана жасалады, мысалы, бір нәрсе туралы өтіну немесе хабарлау. Бірнеше мәселе - өтініш және бір нәрсе туралы хабарлау – қозғалған хаттарды өңдеу қиын, өйткені әр түрлі мәселемен әр түрлі орындаушы айналысады. Сондықтан әрбір мәселе бойынша жеке хат жасаған орынды.

4. Іскерлік хаттың ұсынылатын көлемі – 2 беттен аспағаны жөн (кейбір жағдайларда – 5 бетке дейін).

5. Хат екі данада ресімделеді, хаттың түпнұсқасы мекеменің бланкісінде басылады, ал көшірмесі таза стандартты қағазға басылады. Көшірме данасына бастық қол қоймайды, оны хатшы растайды.

6. Қызметтік хат мекемеге, оның құрылымдық бөлімшесіне, нақты лауазымдық тұлғаға немесе жеке адамға жіберілуі мүмкін. Егер хат мекемеге жіберілсе, онда адресаттағы мекеме атауы атау септігінде жазылып, лауазымды адамның аты-жөнін – барыс септігінде жазылады.

7. Егер бір мазмұндағы хат бірнеше адресатқа бағытталған болса, алдымен негізгі алушының мекен-жайы, содан кейін басқалары тізіледі. Бір хатта Адресаттар деректемелері төртеуден аспауы керек. Егер құжат төртеуден көп адресатқа жіберілетін болса, тарату тізімі жасалып, әрбір данада нақты дана жіберілетін бір адресат көрсетіледі.

8. Хаттар мен факстерде құжат түрінің атауы көрсетілмейді. Хаттың тақырыптық бөлігіне мынадай деректемелер ресімделеді: егер жауап хат болса, Күні, Индексі және хаттың нөмірі мен күніне сілтеме ресімделеді. Хат мәтінінің тақырыбы барынша қысқа және нақты болуы тиіс. Ол әдетте былайша ресімделеді: ....... өзгерістер туралы, ........... құру туралы, ................ өткізу туралы, т.б. мазмұны 4-6 жолдан аспайтын хаттарға тақырыпша ресімделмейді.

9. Хаттың мәтінін екі бөлікке – кіріспе және негізгі – бөлген жөн:

- кіріспе бөлікте хат жазуға себеп болған нәрсе көрсетіледі, хаттың нөміріне, күніне, құжатқа сілтеме жасалады;

- негізгі бөлікте хаттың негізгі мақсаты тұжырымдалады.

Мысалы:

Кіріспе бөлік: «»



Негізгі бөлік: «»

Көпшілік қызметтік хаттардың кейбір сөз орамдары бірдей болып келеді, оларды меңгеріп алған соң, әр түрлі хаттарды оңай құрастыруға болады.

10. Қолы деректемесін ресімдеу жалпы талаптарға сәйкес жүргізіледі.

11. Орындаушының фамилиясы мен телефоны деректемесі бланктің беткі немесе екінші жағының төменгі сол жақ шетіне орналастырылады.

Әр хаттың өзіндік мақсаты бар, сондықтан ол осындай мақсатқа қол жеткізетін үлгіде жазылуы тиіс.

Сыпайылық пен дәлдік іскерлік хат-хабарлардың ажырамас бөлігі болып табылады. Маңызды мемлекеттік қайраткерге жазылған хаттардың мәнері әдеттегідей іскерлік хаттарға қарағанда ресми және құрмет білдіру сипатында болғаны жөн.

Іскерлік хаттарды дайындау барысында мына жайды есте ұстау керек, хаттар арқылы оларды жазып отырған адам ғана емес, оның артында тұрған ұйым да бағаланады. Нәтижесінде хат адамға немесе ұйымға жақсы бедел әкеледі немесе керісінше болып шығады.

Жолдама хат – құжаттар хатпен бірге қоса жіберіліп отырғандығы туралы адресатты хабардар ету үшін жиі қолданылатын құжат. Жолдама хат қандай да бір құжаттың жөнелтілгені жөніндегі фактіні куәландыра отырып жіберілген құжаттардың сақталуын бақылайтын сенімді әдіс болып табылады.

Жолдама хат жіберілген құжаттар жөнінде түсінік беру үшін немесе қосымша мәліметтер ендіру үшін, атап айтқанда: құжаттың орындалу мерзімін көрсету, кешігу себебін түсіндіру, күрделі жәйттердің түйінін аңғарту т.б. мақсаттарға байланысты әзірленеді. Қалған жағдайларда, қандай да бір ақпарат жеткізу міндеті көзделмейтін болса жолдама хат дайындаудың қажеті жоқ.

Жолдама хаттың мәтіні өте қысқа, әрі тақырыпсыз жазылады.

Баян хат – ақпараттық-анықтамалық сипаттағы құжат. Ол бұл хатты жазушының өзі жұмыс істейтін ұйымның басшысына немесе жоғары тұрған органға жолдаған қандай-да бір мәселе немесе деректен, қорытынды мен ұсыныстан тұруы мүмкін.

Мазмұны мен мақсатына байланысты баяндау хат бастама (ұсыныс жасау, өтінішті, деректі, оқиғаны баяндау) және есеп беру (қандай да бір істің, тапсырманың, жоспардың орындалу барысы, жағдайы, аяқталуы, іссапар нәтижелері, тексеріс және т.б. туралы) сипатында болуы мүмкін.


Бақылау сұрақтары:

  1. Хат алмасу мәдениеті.

  2. Коммерциялық хаттың құрылымы мен стилі.

3. Хат-хабарларды рәсімдеу ережелері.

Ұсынылатын әдебиеттер

1. Дүйсембекова Л. Іс қағаздарын қазақша жүргізу: Үшінші басылым /Л. Дүйсембекова. - Алматы: Ана тілі, 2004. - 208 б.

2. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). - Алматы: LEM, 2001. - 216 б.

3. Ресми іс қағаздары: Мемлекеттік қызметшілерге арн.анықтамалық / А. Алдашева, З. Ахметжанова, Қ. Қадашева, Э. Сүлейменова. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2002. - 216 б.

4. Салагаев, Валерий Геогриевич. Іс қағаздарын жүргiзу: Оқу құралы = Составление деловых бумаг: Учеб. пособие / В. Салагаев, Б. Шалабай. - Алматы: Раритет, 2000. - 208 б. - (Деловая книга Казахстана)

5. Іс жүргізу=Делопроизводство: Сөздiк-анықтамалық. - Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. - 224 б.
5 СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
5.1 Студенттің өздік жұмысын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау

Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3, 6-апталарда, 2-кредит бойынша 11, 14-апталарда ОЖСӨЖ сабағында тексеріледі. Сабақ барысында студенттің теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.

Студенттің өздік жұмысының тақырыптары

Хат-хабарды рәсімдеу ережелері.

Коммерциялық хаттың жазылу стилі.

Коммерциялық хаттың құрылымы мен хат алмасу мәдениеті.

Жеке құжаттардың адам өміріндегі маңызы мен жазылу мақсаты.

Жеке құжаттардың түрлері, олардың үлгілері.

Сенімхат пен қолхат.

Еңбек қатынастарын рәсімдеу тәртібі.

Еңбек қатынастарында қолданылатын заң актілері мен құжаттар, олардың құрылымы.

Өтініш, келісім шарт, еңбек келісімі, мінездеме үлгілерін жазу.

Ақпараттық-анықтамалық құжаттар, олардың мән-маңызы мен нысаны.

Қызметтік хаттар, олардың түрлері.

Жеделхаттар.

Бұйрықтар, олардың құрылымдары.

Нұсқаулар мен жарлықтар.

Қаулылар мен шешімдер.

Хаттма және оның түрлері.

Басқару құрылымы және құжат толтыру.

Ұйымдық құжаттар, олардың түрлері мен деректемелері.

Ұйымдық нысандар құру, оның жолдары.

Ұйымдық нысанның Жарғысы.

Құрылтай шарты, оның деректемелері.

Іс жүргізу технологиясы.

Кірістік құжаттар.

Шығыстық құжаттар.

Тіркелетін және тіркелмейтін құжаттар.

Құжаттардың сақталу мерзімдері.

Құжат нысандары мен деректемелері. ГОСТ 6 38 90

Құжаттарды топтастыру. ГОСТ 6 10 88

Құжат, оның адам өмірі мен қоғамдық қатынастардағы мән-маңызы.

Іс қағаздарының стилі мен орфографиясы.

Мемлекеттік өкімет пен басқару ұйымдарының атаулары мен шешімдерінің жазылу ерекшеліктері.

Компьютерде іс жүргізу.

Іс қағаздарын толтыруда кездесетін терминдер.


5.2 Реферат тақырыптары

ҚР Конституциясының мемлекеттік тілге қатысты баптарының мән-маңызы.



ҚР «Тілдер туралы» заңның орындалу жайы.

ҚР «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы»

Мемлекеттік және мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің көкейкесті мәселелері.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясы.

ҚР-ғы нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тілде рәсімделуі.

Іс жүргізудің технологиясы.

Құжаттарды топтатыру.

Іс қағаздарының стилі және терминология.

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізудің бүгінгі жай-күйі.


Бақылау жұмысы тақырыптары

Іс қағаздарының түрлері, олардың ерекшеліктері мен қолданылу орны.

Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге қатысты негізгі заңнамалық құжаттар.

«Мемлекеттік тілде іс жүргізу» арнайы кезеңінің мазмұны мен міндеттері.

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің тарихы мен бүгінгі жайы міндеттері.

Ресми іс жүргізу тілінің стильдік қырлары.

ҚР Министрлер Кабинеті бекіткен «ҚР-сында барлық ұйымдық-құқықтық нысаналардағы кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарда құжат толтыруда басқару және құжат жүргізудің негізгі ережелері» атты 562 Қаулысы негізіндегі құжаттардың топтастырылуы.

ГОСТ 6.10.1-88 бойынша ҚР-сында қызмет ерекшеліктеріне қарай «Құжат толтырудың бірыңғай жүйесі. Негізгі ережелер.»

8.Құжат нысандары мен деректемелері.

Құрылтай құжаттары, олардың толтырылуы себебі мен түрлері.

Ұйымдық нысандардың Жарғысы, оның деректемелері.

Ұйымдық нысандардың Құрылтай шарты, оның деректемелері.

Ұйымдық құжаттар, олардың толтырылу себебі мен түрлері.

құрылымдық бөлімшелер туралы ережелер, оның деректемелері.

Лауазымдық нұсқаулар, оның толтырылу себебі мен құжаттың деректемелері.

Жеке құрам бойынша ереже, оның деректемелері.

Штат кестесі, оның құрылымы.

Бұйрық-жарлық құжаттары, олардың толтырылу себебі мен түрлері.

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар, оның толтырылу себебі мен құрылысы.

Жеке қызметкерлер құрамы бойынша бұйрықтар, оның толтырылу себебі мен құрылысы.

Нұсқаулар мен жарлықтар, олардың ерекшеліктері мен құрылымы.

Қаулылар, шешімдер, олардың толтырылу ерекшеліктері мен құрылымы.

Хаттама, оның құрылымы мен түрлері.

Қысқаша хаттама, оның құрылымы мен деректемелері.

Ақпараттық-анықтамалық құжаттар, олардың толтырылу себептері мен түрлері.

Қызметтік хаттар, оның түрлері мен құрылымы.

Жеделхаттар, оларды толтыру мен жолдаудың өзіндік ерекшеліктері.

Баяндау хат, түсініктеме, олардың жазылу себептері.

Анықтама, оның деректемелер құрамы.

Акт, толтырылу себебі мен деректемелері.

Еңбек қатынастарын құжаттауға қатысты құжаттар мен олардың түрлері.

Еңбек қатынастарын рәсімдеу, оның жолдары мен тәсілдері.

Өтініш, келісім, түйін, олардың құрылымы мен өзара ерекшеліктері.

Мінездеме, оның құрылымы.

Өмірбаян, оның толтырылу ерекшеліктері.

Коммерциялық хат алмасу мәдениеті.

Коммерциялық хаттың құрылымы

Хат-хабарларды рәсімдеу ережелері.

Жеке құжаттар, олардың түрлері.

Нотариус куәләндыратын арыздар.

Сенімхат, оны толтыру себептері мен құрылымы және түрлері.

Қолхат, оның құрылымы.

Құжат айналымын ұйымдастыру.

Кірістік құжаттар, оларды толтыру ерекшеліктері мен деректемелері.

Шығыстық құжаттар, оларды толтыру ерекшеліктері мен деректемелері.

Тіркелетін және тіркелмейтін құжаттар түрлері.

Ішкі құжаттар тобы, олардың өзіндік ерекшеліктері.

Құжаттардың сақталу мерзімі.

Құжат, оның адам мен қоғам өміріндегі маңызы.

Компьютерде іс қағаздарын толтыру.

Ресми іс жүргізу стилінің құқықтық санамен сәйкестігі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет