Қандай клиникалық көріністер жоспарлы жүректен тыс операцияны, жедел тексеру мен емді уақытша тоқтатуға көрсеткіш болып табылады?
* Ауыр СЖЖ, тұрақсыз коронарлық жағдайлар, айқын жүрек аритмиясы +
* Операция алдында антиангинальды терапияны тоқтату керек
* Кез-келген дәрежедегі AГ операцияға қарсы көрсеткіш болып табылады
* Анамнезінде аорто-коронарлы шунттеу және стенттеу
* Тұрақты жүктемелі стенокардия хирургияға қарсы көрсеткіш болып табылады
189
57 жастағы әйел метаболикалық синдроммен ЖТД қабылдауына келді.3 апта бұрын алғаш рет төссүйек артындағы интенсивті басып ауырсынуға шағымданды. ЭКГ: алдыңғы миокард қабырғасының ишемия белгілері, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Коронарлық ангиографияда сол жақ коронарлық артерияның алдыңғы қарынша аралық тармағының 83% стенозы анықталды.Теріастылық араласу арқылы коронарлық артерияларды стенттеу жасалды.
Осы операциядан кейін бір жыл ішінде қандай препараттарды тағайындаған жөн?
* аспирин
* аспирин және тикагрелор +
* клопидогрел
* варфарин және аспирин
* клопидогрел және тикагрелор
190
49 жастағы ер адам, тыныштық жағдайында қатты ентігу, жүрек қағу, әлсіздік, аяқтарының және іш қуысының ісінуіне шағымдары бар. Об-ті: акроцианоз, өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар. Жүрек тондары айтарлықтай әлсіреген, жүрекше фибрилляциясы. Жүректің шекаралары оңға қарай 2 см-ге, сол жаққа 2,5 см-ге кеңейген.Бауыр қабырға доғасының шетінен 5 см-ге шығып тұр.Аяғындағы айқын ісіну, асцит. ЭКГ-да - жүрек соғу жиілігі 77-136 рет / мин болатын жүрекше фибрилляциясы. Лақтыру фракциясы 25%.
Жүрек трансплантациясының көрсеткіштері қандай?
* Жүректің үлкен өлшемдері
* Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің болуы
* Кенеттен коронарлық өлім қаупі жоғары
* СЖЖ-нің ауыр және қайтымсыз көріністерінің болуы +
* 50 жастан асқан
191
60 жастағы ер адам бір қабатқа көтерілгенде төс артындағы қысып ауру сезіміне және ентігуге, тахикардияға, аритмияға, аяқтарындағы ісінуге шағымданады. Анамнезінде - миокард инфарктісі (2019 ж.) Объективті: өкпеде ылғалды сырылдар. ЖЖЖ-104 мин. АҚ - 175/95 мм с.б.Холестерин - 6,4 ммоль / л. ЭКГ: сол жақ қарыншаның артқы-бүйір қабырғасында тыртықтық өзгерістер. ЭхоКГ: лақтыру фракциясы - 42,4%. Алдыңғы қабырғада, қабырғаарарлықта және сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасында гипокинезия аймақтары, сол жақ қарыншаның және сол жүрекшенің гипертрофиясы.
Созылмалы қанайналым жеткіліксіздігінің қандай белгілері бар?
* эхокардиография кезіндегі гипокинезия аймақтары
* тахикардия
* өкпедегі ылғалды сырылдар +
* төс артындағы басып ауру сезімі
* ЭКГ-да тыртықтық өзгерістер
192
63 жастағы ер адам, темекі шегеді, алкогольді жиі ішеді, ентігудің күшеюін, шырышты-іріңді қақырықпен жиі жөтелуді, бас ауруын және қан қысымының үнемі жоғарылауын атап өтеді. Объективті: өкпеде - құрғақ шашыранды сырылдар; қолқаның үстіндегі II тонның акценті анықталады, қан қысымы 150/97 мм с.б. Бауыр қабырға доғасының шетінен 2 см алға шығады, аяқтың ісінуі балтырға дейін. ЭхоКГ-да миокард жиырылғыштығының төмендеуі, жүрек қуыстарының кеңеюі анықталды
Осы науқаста CЖЖ емдеу үшін қандай дәрілік заттар тобы ЕҢ дұрыс?
* Диуретиктер
* β-блокаторлар
* АПФ ингибиторлары +
* Кальций антагонистері
* Дигоксин
193
67 жастағы ер адам ентігуді, түнде жүрек демікпесінің пайда болуын, әлсіздік, тершеңдікті атап өтеді. Қарап тексергенде: ТЖ - минутына 25, өкпесінде іркілісті сырылдар, жүрек тондары әлсіреген, ЖСЖ минутына 64, АҚҚ 100/60 мм.с.б, бауыр үлкейген, аяқтарында ісіну. Эхокардиографияда анықталды: СЖ СДР- 6,8 см, лақтыру фракциясы - 32%, сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының акинезиясы. Ол үнемі рамиприл, бисопролол, торасемид қабылдайды.
Емдеу тактикасы қандай?
* верошпиронды тағайындау +
* Бисопрололдың дозасын жоғарылату
* Рамиприл дозасын жоғарылату
* Аспирин қосу
* Варфарин қосу
194
37 жастағы әйел соңғы айда жүректің тұрақты ауырсыну, жүрек қағуы, жүрек ырғағының әлсіреу сезімі шағымдарының пайда болуын атап өтеді. Анамнезі: 10 жыл бойы темекі шегеді. Перкуторлы - жүрек шекаралары солға кеңейген. ЭКГ-да:ритм дұрыс емес, атриовентрикулярлық өткізгіштіктің баяулауы (PQ-0.34), жиі жүрекшелер мен қарыншалық экстрасистолалар, V3-V4-те жоғары R және екі фазалы Т тісшесі. ЭхоКГ-де қамералар кеңеймеген, қарыншааралық перденің жоғарғы үштен бірінің гипертрофиясы, лақтыру фракциясы 62% құрайды.
Қандай ықтимал алдын-ала диагноз?
* ревматикалық емес миокардит
* идиопатиялық гипертрофиялық кардиомиопатия +
* дилятациялық кардиомиопатия
* жүректің ишемиялық ауруы
* жүректің митральды ақауы
195
2020 жылы Q-миокард инфарктісін өткізген 63 жастағы ер адам аздап күш түскенде ентігуді, аяқтарында ісінуді байқай бастады. Жүрек соғысы - 94 соққы / мин, АҚ - 145/80 мм с.б. Эхокардиографиялық тексеру: Лақтыру фракциясы 53%, жүректің барлық бөліктерінің гипертрофиясы, 2 дәрежелі диастолалық дисфункция.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау керек?
*Верапамил
*Амлодипин
*Фуросемид
*Карведилол +
*Моксонидин
196
Ер адам 54 жаста. қатты ентігу, жүрек қағу, бауырдағы ауырлық, түнде тұншығу ұстамалары, аяқтарындағы ісінулер шағымдарымен келді. Бір ай бұрын қан түкіру эпизодтары пайда болды. Об-ті: өкпенің төменгі бөліктерінде айқын ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүректің шекаралары солға қарай кеңейген, жүрек тондары әлсіреген. ЖСЖ - 93 соққы / мин. Жүрек ұшында, систолалық шу. ЭКГ: жүрекше фибрилляциясы. ЭхоКГ: сол жақ жүрекше - 4,7; Сол жақ қарыншаның СДР - 8.2. Оң жақ қарынша 3,5. Лақтыру фракциясы - 24%. Диффузды гипокинезия.
Төмендегі диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
* Ревматикалық емес миокардит
* Алкогольді кардиомиопатия
* Ишемиялық кардиомиопатия
* Рестриктивті кардиомиопатия
* Дилятациялық кардиомиопатия +
197
Ер адам 52 жаста. «Дилятационды кардиомиопатия» диагнозы 8 ай бұрын қойылған. Қазіргі уақытта ол қатты ентігуге, жүрек қағуына, бауырдың ауырсынуына, түнде тұншығу ұстамаларына, аяқтарындағы ісінулерге шағымданады. Қан түкіру бір апта бұрын пайда болды. Аускультацияда: өкпенің төменгі бөліктерінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүректің шекаралары солға қарай кеңейген, жүрек тондары әлсіреген. ЖСЖ - 107 соққы / мин. Жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ: жүрекше фибрилляциясы, пульс 102 - 136 рет минутына. ЭхоКГ: сол жақ жүрекше - 4,6; Сол жақ қарыншаның СДР - 8.2. Оң жақ қарынша 3,4 құрайды. Лақтыру фракциясы - 24%.
Науқастарды басқару тактикасы қандай?
* Үйде аурухананы ұйымдастыру
* Емхананың күндізгі стационарында емдеу
* Кардиология бөліміне госпитализация +
* Курорттық емдеуді ұйымдастыру
* Амбулаторлы түрде емдеу, диуретиктерді ішке қабылдау
198
72 жастағы әйел тыныштықта ентігуге, жүрек қағуына, қатты әлсіздікте айқын атап өтеді. Об-ті: акроцианоз, өкпенің төменгі-бүйір бөліктерінде ылғалды сырылдар. Жүрек тондары күрт бұзылған, ырғағы дұрыс емес. Жүректің шекаралары оңға қарай 2 см-ге, сол жаққа 2,5 см-ге кеңейген. Бауыр қабырға доғасының шетінен 4 см-ге шығып тұрады.Төменгі аяғындағы айқын ісіну. ЭКГ-да - жүрек қағысы 95-141 рет / мин болатын жүрекше фибрилляциясы. Лақтыру фракциясы 33%.
Қандай препарат ең қолайлы?
*Верапамил
*Кораксан
*Дилтиазем
Достарыңызбен бөлісу: |