5В 012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет3/10
Дата31.12.2019
өлшемі238.52 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2. Сүйінбай ақын ретінде өзінің бар жан – тәнімен ақиқатты, шындықты жақтады. Ол сараңдыққа, мейірімсіз жандарға, қатыгездікке, дүниеқоңыздыққа қарсы сөйледі. Феодалдық дәуірдің ру аралық тартысые сынап, төрелердің іс – әрекетін ащы мысқылмен әжуалай білді. Біз оның әлеуметтік ішкі қатынасты қатты шенеп айтқан мұндай өлеңдерінің қатарына «Сөк төренің баласы хан Абылай», «Сарыбайға», «Момын малын зұлымға алып беріп», «Төрт биге», Мақсұтқа», сияқты өлеңдерін жатқызамыз.Сүйінбай Аронұлы халқымыздың поэтикасына шебер тілді, жүйрік ақыны. Бұған оның билер мен төрелерді сынап, мысқылдап айтқан өлеңдері дәлел бола алады.Ақынның шығармаларындағы тақырып тынысы кең, ойтаным тереңдігі тіршіліктің алуан құбылыстарын қамтиды.Жеке адамдардың мінез – құлық , тқрмыс ерекшеліктерінен бастап өмір заңдылықтарын тереңнен түйіп тербеген ойщылдыққа ұласып отырады.

Сүйінбай Аронұлы – өмір, заман жайлы толғанып, философиялық қорытындылар жасаған терең ойлы өлеңдердің авторы. Ақынның «Әділеттік орнаса», «Надандық», «Жақсы менен жаманның айырмасы», «Жақсы болса ағайын», «Нақылдар», «Өсиет», «Ақын боп жиырмамда», «Дүние ойлап тұрсам баяны жоқ», т.б өлеңдерінде халықтық, философиялық мәселелер қозғалады. Бұл өлеңдңерінде негізінен, ел басқару, халық тағдыры мен адам бойындағы жақсы, жаман дағдылар сараланады және өмірдің бағасы мен өткіншілігі жайлы ой – толғамдар, ақыл – өсиет айтылады.



3. Сүйінбай Аронұлы – әлеуметтік мәні бар өлеңдермен қоса, ірі сюжетті толғау, жырларында елді бірлікке, ерлікке шақырады. Мәселен, «Бөрілі менің байрағым», «Барша жұрттың бағы үшін» тәрізді шығармалары осындай азаматтық үні басым, патриоттық толғаулар болып саналады.

Академик жазушы Ғ.Мүсірепов бір сөзінде: «Бөрілі менің байрағым (бөрлі байрақ – қасқырдың бас суреті салынған шапыраштылардың жебелі туы мен найзасы) деген Шапырашты елінің жауға аттанғанда айтатын ұран өлеңдері болған», - деген. Ал бұл өлең жайында профессор С.Садырбаев Сүйінбай Аронұлының шығармалар жинағының алғы сөзінде: «Бұл өлең Сүйінбайдың азаттыққа арнап айтқан ұлы шығармасының бірі.Ұран түрінде айтылатын бұл өлеңнің идеялық мазмұны: жердүниені сілкіндіріп, тау мен тасты теңселтіп, тау мен тасты теңселтіп, жауға қарсы аттанып бара жатқан Сүйінбай елінің, қазақ халқының қаһармандық бейнесі көрсетілген, - деп жазған

Бөрлік байрақ астында

Бөгеліп көрген жан емен.

Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен, -

Деген жолдардан дыбыс үндестігін өленің күш – қуатын одан ары еселеп тұр.

Бөрілі найза ұстаса,

Түйремей кеткен жан емен,

Бөрілі байрақ құласа,

Күйремей кеткен жан емен, -

деген сөздер адамның рухын көтеріп, ерік, жігерін жинайды. Батырлар жорық алдында айтатын жырға сұранып тұрғандай.Бұл өлеңдерде замандар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан ерлік, батырлық дәстүрлер дәріптеленеді.Мұнда ақын өз атынан сөйлей отырып, жеке адамның табанды жауынгерлік ерлік жолын көптің мұрат – мақсатымен үндестіреді.

Бөрілі байрақ астында,

Ту түсіріп, жау алған,

Қазыбек, Қастек атамыз –

Деген жолдардағы Қазыбек, Қастек - XVI – XVII ғасырларда қоқандықтарға қарсы тұрып, жауынгерлерді күреске бастаған батырлар.

Сүйінбай « Ту алып. Жауға шықсаң сен» деген толғауында:

Батыр елден шығады –

Ұрандап жауға шабатын,

Жауына орай салатын.

Ақын елден шығады –

Айтыста жығып шалатын, -

Деп қол бастаған халық батырларының ерлік есіне сүйсінеді.Ондай атықты ерлердің ел намысын қорғап, жау қолына тосқауыл бола алған қаһармандық сипаттарына тоқталады. Жауынгер ақын азаттық үшін жүріп жатқан шайқастың бел ортасында болып, халықтың еркіндікті қалаған ұранына үн қосқандығын орынды мақтап етеді.

Ей сұраншы, Саурық!

Қоқанның қолы қаптады,

Қасиетті жерімді,

Тозаң қылып таптады.

Қыспақта қалған елің бар,

Құтылар жолды таппады, -

деп жаудың елге көрсеткен зәбір – зорлығын, қиянатын айту арқылы ақын батырлардың Қоқан билеушілеріне деген ашу – ыза кегін өршітіп, оларга жаңа күш, тың қайрат береді.Сүйінбай мұндай батырлық толғауларында әрқашан езілуші ел атынан сөйлеп,халықтың сенім артқан батырлары Сұраншы мен Саурыққа үнемі қайырылып отырады. Саурық, Сұраншы батырлардың көптеген ірі шайқастарына қатысқан даңты Сүйінбай ақын ел еркіндігі үшін жан аямай күрескен ерлерді өмір шындығына сүйене отырып, лайықты бағалайды. Осындай толғаулардан басқа Сүйінбай ақынның көлемді, желілі жыр, дастандары болған. Мысалы, «Жабай батыр», «Қарасай батыр», «Өтеген батыр» атты эпостық жырларында ақын елдік, ерлік, азаматтық маселеледі кеңінен қамтып, эпикалық сарында жырланған.Аталған шығармалардың ішінде сюжеттік, копозициялық құрылымы жағынан тұтас та толық сақталғаны - «Өтеген батыр» жыры. Ал «Жабай батыр», «Қарасай батыр», дастаңдарының бас-аяғы түгел емес. Бір кездерде ұзақ жырланып айтылған бұл шығармалар біздің заманымызға тек үзінді кү інде ғана жеткен.

Қазақ халқы бастан кешкен үлкен тарихтың тұтас бір кезеңі Сүйінбай айтқан «Өтеген батыр» дастаны арқылы елес берген.Сүйінбай бұл шығармада қазақ халқының Жетісу өлкесіндегі атамекен қоныс жайын, ағынды өзендері мен көлдерін, жайқалған егінді аймақтары мен сылдырап аққан бұлақтарын, орман, тоғай, тауларын, жау қолынан азат еткен Өтеген батырдың ерлік істерін суреттеген. Патриоттық жырда халықтың азаттық пен бостандық жолындағы қаһармандық күресі, мұқалмас айбынды мінезі шыншылдықпен бейнеленген.

Сүйінбайдың ерекше туындыларының бірі – «Сұраншы батыр» толғауы. Толғауда Сұраншының ерлік істерін суреттеуге көп орын берілген. Жаудың он мың қолына қарсы барған батырлың батылдығы, жүректілігіжәне алған бетінен қайтпайтын табанды образы бейнеленген. Ақырында жау қолымен болған қырғын соғыста жеңіске жеткен Сұраншының халыққа бостандық әпергені айтылады. Сұраншы батыр бастаған қазақ жасағына төтеп бере алмай шегінген Қоқан қолы билеп, төстеп отырған жерлерінен айырыла бастайды.


Он мың қолдан қаймықпай,

Суырды, найза қылышты.

Таң сарғайып атқанда,

Қалың жауды қашырды.

Алдына салып қуалап,

Шоқпардан әрі асырды...

Сүйінбай сүйсіне жырлаған Сұраншы Ақынбекұлы батыоығына қоса ақылды, жағдайды тез сараптағыш және соғыстың әдіс- амалдарын жете білетін қолбасшы.Толғауда айтылатын атақты шайқаста Сұраншы батыр жауға жақындап, тұс- тұстан от жақтырған, сол арқылы қоқандықтарға қалың әскердің қоршауында қалғандай әсер еткен.

Ақын батырдың жанкешті мінезін, ерлігін сипаттайды. Сұраншының елжандылығын, ұлтжандылығын ұрпаққа үлгі қылады.

Халықтың бірлік – берекесін сақтаған батырлыарды ақын ел тарихында өзіндік орны бар азаматтар деп таныған.

3. Сүйінбай Аронұлы – әлеуметтік мәні бар өлеңдермен қоса, ірі сюжетті толғау,жырларында елді бірлікке, ерлікке шақырады. Мәселен, «Бөрілі менің байрағым», «Барша жұрттың бағы үшін» тәрізді шығармалары осындай азаматтық үні басым, патриоттық толғаулар болып саналады.

Академик жазушы Ғ.Мүсірепов бір сөзінде: «Бөрілі менің байрағым (бөрлі байрақ – қасқырдың бас суреті салынған шапыраштылардың жебелі туы мен найзасы) деген Шапырашты елінің жауға аттанғанда айтатын ұран өлеңдері болған», - деген. Ал бұл өлең жайында профессор С.Садырбаев Сүйінбай Аронұлының шығармалар жинағының алғы сөзінде: «Бұл өлең Сүйінбайдың азаттыққа арнап айтқан ұлы шығармасының бірі.Ұран түрінде айтылатын бұл өлеңнің идеялық мазмұны: жердүниені сілкіндіріп, тау мен тасты теңселтіп, тау мен тасты теңселтіп, жауға қарсы аттанып бара жатқан Сүйінбай елінің, қазақ халқының қаһармандық бейнесі көрсетілген, - деп жазған

Бөрілі байрақ астында

Бөгеліп көрген жан емен.

Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен, -

Деген жолдардан дыбыс үндестігін өленің күш-қуатын одан ары еселеп тұр.

Бөрілі найза ұстаса,

Түйремей кеткен жан емен,

Бөрілі байрақ құласа,

Күйремей кеткен жан емен, -

деген сөздер адамның рухын көтеріп, ерік, жігерін жинайды. Батырлар жорық алдында айтатын жырға сұранып тұрғандай.Бұл өлеңдерде замандар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан ерлік, батырлық дәстүрлер дәріптеленеді.Мұнда ақын өз атынан сөйлей отырып, жеке адамның табанды жауынгерлік ерлік жолын көптің мұрат – мақсатымен үндестіреді.

Бөрілі байрақ астында,

Ту түсіріп, жау алған,

Қазыбек, Қастек атамыз –

Деген жолдардағы Қазыбек, Қастек - XVI – XVII ғасырларда қоқандықтарға қарсы тұрып, жауынгерлерді күреске бастаған батырлар.

Сүйінбай « Ту алып жауға шықсаң сен» деген толғауында:

Батыр елден шығады –

Ұрандап жауға шабатын,

Жауына орай салатын.

Ақын елден шығады –

Айтыста жығып шалатын, -

Деп қол бастаған халық батырларының ерлік есіне сүйсінеді.Ондай атықты ерлердің ел намысын қорғап, жау қолына тосқауыл бола алған қаһармандық сипаттарына тоқталады. Жауынгер ақын азаттық үшін жүріп жатқан шайқастың бел ортасында болып, халықтың еркіндікті қалаған ұранына үн қосқандығын орынды мақтап етеді.

Ей Сұраншы, Саурық!

Қоқанның қолы қаптады,

Қасиетті жерімді,

Тозаң қылып таптады.

Қыспақта қалған елің бар,

Құтылар жолды таппады, -

деп жаудың елге көрсеткен зәбір – зорлығын, қиянатын айту арқылы ақын батырлардың Қоқан билеушілеріне деген ашу – ыза кегін өршітіп, оларга жаңа күш, тың қайрат береді.Сүйінбай мұндай батырлық толғауларында әрқашан езілуші ел атынан сөйлеп,халықтың сенім артқан батырлары Сұраншы мен Саурыққа үнемі қайырылып отырады. Саурық, Сұраншы батырлардың көптеген ірі шайқастарына қатысқан даңты Сүйінбай ақын ел еркіндігі үшін жан аямай күрескен ерлерді өмір шындығына сүйене отырып, лайықты бағалайды. Осындай толғаулардан басқа Сүйінбай ақынның көлемді, желілі жыр, дастандары болған. Мысалы, «Жабай батыр», «Қарасай батыр», «Өтеген батыр» атты эпостық жырларында ақын елдік, ерлік, азаматтық маселеледі кеңінен қамтып, эпикалық сарында жырланған.Аталған шығармалардың ішінде сюжеттік, копозициялық құрылымы жағынан тұтас та толық сақталғаны - «Өтеген батыр» жыры. Ал «Жабай батыр», «Қарасай батыр», дастаңдарының бас-аяғы түгел емес. Бір кездерде ұзақ жырланып айтылған бұл шығармалар біздің заманымызға тек үзінді кү інде ғана жеткен.

Қазақ халқы бастан кешкен үлкен тарихтың тұтас бір кезеңі Сүйінбай айтқан «Өтеген батыр» дастаны арқылы елес берген.Сүйінбай бұл шығармада қазақ халқының Жетісу өлкесіндегі атамекен қоныс жайын, ағынды өзендері мен көлдерін, жайқалған егінді аймақтары мен сылдырап аққан бұлақтарын, орман, тоғай, тауларын, жау қолынан азат еткен Өтеген батырдыңерлік істерін суреттеген. Патриоттық жырда халықтың азаттық пен бостандық жолындағы қаһармандық күресі, мұқалмас айбынды мінезі шыншылдықпен бейнеленген.

Сүйінбайдың ерекше туындыларының бірі – «Сұраншы батыр» толғауы. Толғауда Сұраншының ерлік істерін суреттеуге көп орын берілген. Жаудың он мың қолына қарсы барған батырлың батылдығы, жүректілігіжәне алған бетінен қайтпайтын табанды образы бейнеленген. Ақырында жау қолымен болған қырғын соғыста жеңіске жеткен Сұраншының халыққа бостандық әпергені айтылады. Сұраншы батыр бастаған қазақ жасағына төтеп бере алмай шегінген Қоқан қолы билеп, төстеп отырған жерлерінен айырыла бастайды.

Он мың қолдан қаймықпай,

Суырды, найза қылышты.

Таң сарғайып атқанда,

Қалың жауды қашырды.

Алдына салып қуалап,

Шоқпардан әрі асырды...

Сүйінбай сүйсіне жырлаған Сұраншы Ақынбекұлы батыоығына қоса ақылды, жағдайды тез сараптағыш және соғыстың әдіс- амалдарын жете білетін қолбасшы.Толғауда айтылатын атақты шайқаста Сұраншы батыр жауға жақындап, тұс- тұстан от жақтырған, сол арқылы қоқандықтарға қалың әскердің қоршауында қалғандай әсер еткен.

Ақын батырдың жанкешті мінезін, ерлігін сипаттайды. Сұраншының елжандылығын, ұлтжандылығын ұрпаққа үлгі қылады.

Халықтың бірлік – берекесін сақтаған батырлыарды ақын ел тарихында өзіндік орны бар азаматтар деп таныған.



4. Сүйінбай Аронұлы шығармашылығындағы орны бөлек өлеңдерінің бірі – «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері». Бұл өміршең өлеі. Өйткені, жақсы мен жаман адам қай заманды да, қай қоғамды да алып қарасаң табылады.жақсы мен жаманды ажырата білу үлкен таным тәжірибені керек етеді. Ақынның бұл өлеңі бізге жақсы адам мен жаман адамның арасы жер мен көктй екенін ұқтырып қана қоймай, бізге адамдарды қандай қасиетеріне қарап айыратынымызды үйретеді.
Жақсы жігіт ел-жұртының қаласындай,
Жақсы әйел әмме жұрттың анасындай.
Жақсыға ешкімнің де жаттығы жоқ,
Көреді бәрін де өз баласындай.
Жақсы жігіт сөзіне сақ тұрады,
Қыранның қырдан байқар баласындай.
Жаман парқы жақсымен бірдей емес,
Жақсы жігіт елінің ағасындай.
Жақсының сөзін әркім пайдаланар,
Миуалы алма, өріктің ағашындай, -

деп жырлайды ақын.

Байқағанымыздыай, ақын жақсы адам жайында шабыттана тебіренеді. Жақсы адамның сөзінхалық бағалап, оны қолданады. Демек, жақсы жан өмңрде өзінің өнегелі сөзімен мәңгі жасайды. Сүйінбай жақсы мен жамандықтың қоғам тірлігінен және жеке адамның өмір ағымындағы іс – әрекетінен туып отырғандығын анықтайды.
Жаманның көкірегі-көр, көзі-соқыр,
Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай.
Жақсы адам қай жерден ажырайды,
Жақсымын деп бәрі жүр таласып-ай.
Жамандар-өтірікші, өсегі көп,
Ел-жұрттың іріткі салар арасына-ай.
Жалған сөзбен бықсытар ел арасын,
Жанбай қалған ағаштың шаласындай.
Соқтығып әркімге бір ұрынады,
Сиырдың тентек болған танасындай.
Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ,
Жылқының қотыр болған аласындай, -

деп ақын жаман адамдардан жирендіреді. Жаман адамның айналасына, халыққа, қоғамға қандай қиянат жасайтынын түсіндіргісі келген ақынның сөз қолданысы өте шебер. Теңеулерді өзінің орнымен, ретімен тапқыр да ұтымды қолданады.

Ақын жақсы мен жаманды салыстыру арқылы елге үлгі көрсетеді. Сүйінбай:

Екеуін салыстырып әдейі айттым,


Қажетін қолданарсың тұрмысыңа-ай, -

деп ойын түйіндейді. Бұл өлеңнің, әсіресе, жас ұрпаққа берері мол. Оң мен солын, жақсы мен жаман адамды ажырата білу үшін олар осы өлеңді оқыса, көп ой алары



5. Сүйінбай ақын «Кәрілік» өлеңінде:

Ақын боп жиырмада желдей болдым,

Отызда асқар биік белдей болдым.

Отыз асып қырыққа келгеннен соң,

Қаптаған жердің жүзін селдей болдым.

Қырықтан асып, елуге келгеннен соң,

Түбім терең, құрақты көлдей болдым.

Елу асып, алпысқа келгеннен соң,

Салыңды суға ілінген сеңдей болдым.

Алпыс асып, жетпіске елгеннен соң,

Тап – тақыр ел жайлаған жердей болдым, - дейді.

Ақын адам өмірінің белестерін бейнелі тілмен шебер жеткізеді. Ақын шығармаларыеың ішінде осы өлеңнің орны өзгелерден бөлек тұр. Бұл өлеңде Сүйінбай адам өмірін кезеңдерге бөліп, әр өмір белестерінің ерекшеліктеріне тоқталады. Жылдан – жылға адамның өзгеретініне, кәріліктің келіп, өз белгілерін танытатынына, оған қарсы адамның шарас ыздығын білдіреді. Нақты тақырыпты толғаған туынды біртіндеп адам өмірінің мәні, жеке адам мен тіршілік хақындағы философиялық ойларға бастайды.Жиырмада желдей ескен ақын,отызда селдей тасыған,елуде құрақты терең көлдей ақын,отызда селдей тасыған, лирикалық қаһарман тоқсанда ақ үрпек балапандай дәрменсіз, бейкүнә жан. Өнердің мәні қайратыңның барында дегенді меңзегендей.

Бұл өзі көне түркі жазбаларынан, орта ғасырлардағы қазақ – ноғай жырларынан желі тартқан дәстүрлі сарын. Сүйінбай Аронұлы ол дәстүрлі толғамға өз заманының сазы мен нақышын қосады. Дәстүрді жаңғырта жалғастырады.

6. Сүйінбай айтыстары XIX ғасыр айтыстарының ішінде өз алдына дараланып жоғарыт тұрады. Бұл оның айтыстарының мәнділігі мен тіл өткірлігінен байқалады, Ол өзінің өлеңдерінде кейбір ақындарша өз елінің байларын бедел тұтып, айтарсөзді сол бай мен төрелер мәртебесін мадақтауан қарастырмайды. Ақынның сүйеніші қалың ел және өтеген, Сұраншы, Сыпатай сияқты батыр аианған ел азаматтары болады. Осындай әйгілі азаматтарды тірек тұтқан ақынды қарсыластары «кедейсің» деп қанша тиіссе де жеңе алмайды.

Сүйінбай Аронұлының ең шоқтығы биік айтыстарының бірі – Тезек төремен айтысы. Тезек төре Абылайханның ұрпағы, Ұлы жүз қазақтарының албан руының аға сұлтаны. Тезек төре әлеуметтік тегіне бола қоғамдағы тарихи орны, қабілеті , еңбегі бағаланбай кеткен ауқатты зиялылардың қатарындағы адам. Сүйінбай мен тезек Төренің айтысын әлеуметтік мәні жағынан екі ақынның айтысы деуден гөрі, қоғамдық екі тап өкілінің асяси тартысы деуге тұрарлықтай. Себебі, айтыста екі ақын жарысқа түспейді, мұнда бір – бірінен жыр өнерін асыру мақсаты қойылмайды. Ашықтан – ашық қоғамдық екі тап өкілі егеседі. Қара халық атынан бұқара тілегін көтере Сүйінбай шықса, Абылайдай атақты атаның баласы, текті төре Тезек өз табының туын осылайша тіл безейді. Қоғамдық екі таптың өкілі белдесіп, саяси сайысқа түседі.

Сүйінбайдың тағы бір ерекше айтысы – қырғыз ақыны Қатағанмен болған сайысы. Екеуінің сөз сайысы – ел аралық, ұлтаралық айтыс. Ұлт ретінде тілдік, мемлекеттік – территориялық, психикалық пішін, әлемдік қауымдастыққа танымал белгілерінің бәрі толық келетін осы екі ұлттың мәдени қазыналары өздеріне меншікті қалпымен бағаланады.
Сүйінбай өлеңдері – өзінің формасы жағынан халық поэзиясы үлгісіндегі шығармалар. Ақын шығармалары ырғақты ұйқас, асқан шеберлігімен, өзіндік көркемдік бітімімен құнды. Сүйінбайдың өлеңдері тау сусындай тасқындап, талай жандардың жүрегінің түбінен орын алады. Халық рухын биіктетіп, өлең жолдармен ел еңсесін тіктеген Сүйінбай Аронұлы XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің аса ірі тұлғалы дарыны.
Дәрісті бекіту сұрақтары:


  1. Сүйінбайды жастық шағы қалай өтті?

  2. Ақынның айтыстарының ішіндегі ең іргелісі қайсы?

  3. Сүйінбайдың «Жақсы мен жаман адам» туралы, «Кәрілік» өлеңдерінң негізгі идеясы не?


Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 12, 13, 14, 15. Қосымша әдебиеттер: 2, 6.

Тапсырма:1.Сүйінбайдың айтыстарына талдау.

2.Түре айтыс пен сүре айтыс үлгілері туралы жазыңыз
ДӘРІС 7. МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ МҰРАСЫ

Дәрістің мақсаты: Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі, шығармашылығымен студенттерді таныстыра отырып, толғауларынан ғибрат алуға шақыру.

Тірек сөздер: Ақын, толғау, адамгершілік, қанатты сөздер, болыс, билер, нақыл сөз, мысал, айтыс.

Дәрістің жоспары:


  1. М.Сұлтанқожаұлының өмірі,шығармашылығы

  2. «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған»

  3. Майлықожаның әдеби мұрасы.

  4. Майлықожаның айтысқан айтыстары

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) - қазақтың халық ақыны (суырып салма ақын). Қазiргi Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының Қожатоғай ауылында дүниеге келген.

Ауыл молласынан сауат ашып, ескіше хат таныған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып,айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен.


Майлықожа Сұлтанқожаұлы XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Атақты Жамбыл ақынның өзі оның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Сүйінбай, пірім еді сиынған» деп бағасын да беріп кеткен.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», тағы басқалар), дастан- мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар.

« Қасқыр» атты өлеңінде адамдардың өзі тойса да, көзі тоймайтын қасқырдың бойында болатын көрсеқызарлық,ашкөздік қасиеттерді сынап,қасқыр мінезді болмауға шақырады.

« Үш жігіт» деген өлеңде адал еңбекпен тапқан табысқа қанағат қылмай, байыған үстіне баю жолдарын көздеген ағайынды үш жігіт туралы айтылады.

« Райымқұлға», « Ноғай мырзаға», « Үш жігіт» , « Қасқыр» өлеңдерінің жалпы мазмұны адамгершілікке шақыратын, ғибраты мол сөздер.

Майлықожаның өлеңдерінен, ғибратты сөздерінен басқа айтыстары да бар.

Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз.

Мысалы, замандасы Құлыншақ ақынның:

«Майлы, Майлы дегенмен май болмадың,

Жұрттан алып жегенмен бай болмадың» - дегенiне лезде сөз тауып:

Сен Құлыншақ болғалы талай болды.

Не құлын, не жабағы тай болмадың.

Немесе Гүлханым арудың:

Кедейсiң қызды жылқысы көп бай алады-деген әзiлiне:

Бибiмiз тегiн қызды күндемейдi,

Алдың деп мұны қайдан үндемейдi.

Батыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi бекер,

Дүниенiң байлығы тiлде дейдi, - деп орнықты, ойлы жауап бердi.

Қырғыздың Асыл деген байының тойында қазақ ақындары бет қаратпаған Жанысты тарих жолымен жiпсiз байлап:

Молдалар кiтап оқып мән айтады.

Бiлмесе бекер сөздi неге айтады.

«Қыс-асыл әмбиенiң» кiтабында

Қырғыздың ата тегiн ит деп айтады - деп иттей қапқан Жаныc ақынды Жолбарыстай талауы Майлының мықтылығы Бұхара - Самарқанда бiлiм алғандығының септiгi.

Майлықожа өлеңдерінде оның өзіндік поэтикалық тілі- эпитет,теңдеулер де аз кездеспейді.

Ер едің сұңқар текті,бүркіт кекті...

Дүбірдің тұлпар жылқы жарысқандай,

Үмітің айға шабар арыстандай,

Қират бүркіт секілді тұтымың бар.

Ұстасып жібермейсің қарысқандай...

Ақбөкен қара құйрық қырда жатқан,

Мылтығын мергеншілер қырлап жатқан.

Сонымен, жоғарыда келтірілген өлеңдердің өзінен-ақ Майлықожаның әдебиет тарихынан орын аларлық өз заманының көрнекті ақыны болғанын тану қиын емес.



Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. Майлықожаның қандай толғауларын білесің?

  2. Ақынның шығармашылығын зерттеген ғалымдар?

  3. Майлының табиғатты жырлауы

  4. Шығармаларының жанрлық түрлері.

Әдебиеттер тізімі.

Негізгі әдебиеттер: 16, 17, 18. Қосымша әдебиеттер: 6, 7.

Тапсырма:

  1. Ақынның « Қасқыр», «Тотықұс» т.б өлеңіне талдау жасаңыз.

  2. Майлықожаның айтыстары

  3. Өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері



ДӘРІС 8. БАЗАР ОҢДАСҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Мақсаты: Базар Оңдасұлының өмірі,шығармашылығымен студенттерді таныстыра отырып,толғауларынан ғибрат алуға шақыру.

Тірек сөздер: Ақын,толғау, адамгершілік, қанатты сөздер, болыс, билер, нақыл сөз.

Дәрістің жоспары:

1 .Өмірінен мәлімет.

2 .Мұрасының зерттелуі, жариялануы.

3. Базардың толғау- термелері.



4.Базардың дастандары

Оңдасұлы Ба­зар, Балқы Ба­зар (1842–1911) — жы­рау. Қазіргі Қызы­лор­да об­лы­сы Қар­мақшы ауда­нын­да туған. Руы — шөме­кей ішіндегі Балқы, сондықтан ел ара­сын­да Балқы Ба­зар ата­лып кет­кен. Бо­лашақ жы­рау әкесінен ер­те жетім қалып, есей­ген­ше нағашы­сы Өтемістің қолын­да тәрби­еле­неді. Тоғыз жа­сын­да Тәспен би оны өз қолы­на ала­ды. Тәспен бидің ауылы­на сол кез­дегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жы­ра­улар жиі келіп, ап­та­лап-ай­лап жа­тады екен. Бұл Ба­зар­дың жы­ра­улық жолға түсуіне бірден бір се­беп, үлкен мек­теп бол­ды. Ба­зар жы­рау 15–16 жа­сын­да ба­ла жы­рау ата­нады. 1858 жы­лы Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсы­лар­ды шақырып, ұланғайыр той жа­сап, Ба­зар­дың асты­на жүйрік ат мінгізіп, үстіне ша­пан жа­уып, жы­ра­улық жо­лына сәт са­пар тілейді. Ба­зар осы кез­ден бас­тап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш, Хи­уа жағын жы­рау ретінде ара­лай­ды. Осы төңірек­те к.еңінен жайылған Ноғай­лы дәуірінің қис­са­лары­мен та­нысып, олар­ды жат­тап, ха­лық ара­сын­да жыр­лай­ды. Хо­резм жағын­да болған кез­дерінде Ор­та Азия жұртшылығы ара­сын­да кеңінен мәлім дас­тандар­ды («Көрұғылы», «Жүсіп — Ах­мет», т. б.) қазақ тілінде, өзінше жаңадан жыр­лап, Сыр бойына та­рата­ды. Сонымен қатар шығыс аңыз­да­рының ізімен «Әминә қыз», «Ай­на — та­рақ» дейтін шағын дас­тандар да шығара­ды. 1907 жы­лы Ба­зар жы­рау Қазан қаласынан тасқа ба­сылып шыққан «Ай­ман — Шол­пан» жы­рын қай­та­дан жаңғыр­та жыр­лай­ды. Кейіннен «Қыз Жібек» жы­рына да көп өзгеріс енгізіп, қай­та жыр­лап ел ара­сына та­рата­ды. Мұның өзі Ба­зар жы­ра­удың нәзи­рашыл­дық жол­ды ұстанғанын байқата­ды. Жы­ра­удың сол кез­дегі шығыс және ис­лам филосо­фи­ясы­мен жақсы та­ныс болған­дығы анық. «Әр ке­мел­ге — бір за­уал», «Тіршіліктің түрлері», «Керқұлан», «Кер­миық», т. б. іргелі толғаула­рын­да ол өмірдің мән-мағына­сына көз жүгіртеді, тіршілікте кез­де­сетін жақсы­лық пен жаман­дық, адам­шы­лық пен зұлым­дық хақын­да те­реңнен ой толғай­ды. Оның жыр­ла­ры афо­ризм­ге то­лы, жы­рау ел аузын­да ай­ты­лып жүрген мақал­дарды өз елегінен өткізіп, қай­та­дан түрлендіріп, әрлеп, кей­де тіптен басқаша мағына беріп, асқан ше­берлікпен қол­да­нады. Со­нымен қатар Лұқпан хакім, Қорқыт бабалар­дың да өне­гелі сөздерін ретті жерінде жырға қосып оты­рады. Жыраудың жас­тық шақ, та­биғат­тың әр түрлі ма­усы­мы, ту­ып-өскен жер, т. б. жай­лы шығарған толғау-тер­ме­лері де көп. Са­раң бай­ларға, әділетсіз әкімдер­ге, қиянат­шыл кісілер­ге ар­наған сын-сықаққа то­лы, қазақтың ауыз екі поэзиясындағы ар­нау-эпиг­рамма жан­рында шығарылған бірқақпай­ла­ры да жетерлік. Базар жы­рау дом­бы­раны өте жақсы тартқан, Сыр бойын­да та­ралып жүрген, көпке ор­тақ әуен­дерді өз да­усы­на лайықтап, өлеңінің ырғағына орай өңдеп, өзгертіп қол­данған. Оның жыр­лау са­зы өте әсем, қис­са мен толғаулар­ды орын­даған­да не­ше түрлі құбы­лып оты­рады. Бұдан жы­ра­удың ком­по­зитор­лық қабілетінің де болғанын аңдай­мыз. Жы­рау көзі тірісінде, әсіре­се, қар­тайған шағын­да құрда­сы әрі ту­ысы Нұрым­беттің Төремұрат де­ген оқыған ба­ласы­на ауыз­ша ай­тып оты­рып, көп толғау-жыр­ла­рын, дас­танда­рын хатқа түсірткен. Оның бұдан да басқа хат­шы­лары болған. Жы­ра­удың өз ай­ту­ымен хатқа түскен 15 мың жолға жуық өлең-жыр­ла­ры, 5 дас­та­ны сақталған. Ба­зар жы­ра­уды көзі тірісінде-ақ Сыр бойының жы­ра­ула­ры мен шайыр­ла­ры өздеріне ұстаз тұтқан, оның өне­гесін ұстанған. Ба­зар жы­ра­удың өлеңдері 20 ғасыр­да ғана бас­па бетін көре бас­та­ды. 1925 жы­лы Таш­кент­тен шыққан «Тер­ме» жи­нағына, 1931 жы­лы жа­рық көрген «Қазақтың әде­би­ет нұсқала­ры» ат­ты кітап­тарға ен­ген. Оның шығар­ма­лары­на С. Сей­фул­лин, М. Жұма­ба­ев­тар аса жоғары баға беріп, Бұхар жы­рау мен Ма­хам­беттен кейінгі толғау алы­бы деп та­ныған. Жы­рау шығармаларын жи­нас­ты­руда Ә. Ди­ва­ев, С. Сей­фул­лин, Ә. Марғұлан, Ә. Қайнар­ба­ев­тар үлкен еңбек сіңірді.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет