5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет9/13
Дата05.11.2016
өлшемі2,86 Mb.
#741
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

    1. Педагогикалық технология дегеніміз не және оған қандай анықтамалар берілген.

    2. Оқу үрдісіне жаңа технологияларды енгізу тиімділігі

Әдебиеттер:

1. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998.

2. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998.

32. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001.

3. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000

4. Амонашвили Ш.А.,Лысенкова С.Н.,Волвов И.П.,Педагогикалық ізденіс.А.,1989.

5.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989.

15 Дәріс: Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің мәселелері



Мақсаты Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің тарихы туралы мағлұмат беру
Оқытудың қазіргі заманғы тенденциялары жоғары білікті маман даярлаудың жаңартылған сапалы өзгерістерін талап етеді. Осы орайда студенттерге жоғары білімнің сапасын арттыру мақсатында әр түрлі бағытта және жаңа әдістерді пайдалана отырып білім беру үлкен маңызға ие.

Қазіргі қоғамның педагогика ғылымының алдына қойып отырған талаптары оқу үрдісіне үлкен өзгерістер енгізуді, оқытуды қарқындатуды көздейді. Сондықтан орыс топтарында қазақ тілін қарқынды оқыту – заман талабына, уақыт ағымына қарай туындап отырған әдістемелік жүйе.

Жалпы оқу үрдісін қарқындату мәселесі және кез келген оқу іс-әрекетінде мүмкін болатын нұсқалардың ішінен ең жақсысын іздестіруге байланысты идеялар бойынша көптеген

Оқу үрдiсін қарқындату мәселесін жан-жақты зерттеп жүрген ғалымдардың бірі – Ю. К. Бабанский [32]. Ол өзінің “Интенсификация учебного процесса” деген еңбегінде мектепте жаңадан “Отбасы өмірінің этикасы мен психологиясы”, “Информатика және есептеу техникасы негіздері”, “Қоршаған ортамен танысу”, “Өндіріс негіздері” т.б пәндердің көптеп кіруі, уақыттың жетіспеушілігі сияқты оқушылардың оқу үлгерімінің төмендеуіне әсер ететін негізгі себептерді көрсетеді. Мұндай пәндердің көптігі оқу үрдісін қиындатады, барлық пәндерді толық игеріп шығуға мүмкіндік аз. Осындай себептерді ескере отырып, ғалым Ю.К. Бабанский ұқсас пәндерді, мысалы, қоғамтану мен астрономияны, математика мен сызуды, қоғамтану мен мемлекет және құқық негіздері пәндерін бір-біріне кіріктіре отырып, оқыту үрдісін қарқындатуды көздейді. Ол мұғалім мен оқушы еңбегінің кез келген жағдайда тиісті деңгейде болып, олардың денсаулықтарына кері әсерін тигізбейтін, шамадан тыс күш түсірмейтіндей дәрежеде сабақты ұйымдастыру, сондай-ақ жасаған еңбектері әр кезде де нәтижелі болуы үшін ұтымды оқыту әдістерін таңдау қажет деп есептейді [32,6].

Ал ғалым В.М. Монахов оқытуды қарқындатудың негізі бағыттарын былай анықтайды:

1) жоспарланған оқу циклында берілген мамандыққа қатысты пәндерді ұтымды орналастыру ;

2) оқу үрдісін жобалағанда әр студенттің бастапқы мүмкіндігі мен қабілетін ескеру (оқытудың жаңа технологиясы) ;

3) дидактикалық модульдің әр кезеңіндегі студенттің мүмкіндігі мен қабілетін ескеру;

4) оқу қызметін қарқындату және “неге оқытамыз? ”, “қалай оқытамыз?”, “немен оқытамыз? ” деген мақсаттарды айқындап алу. Ғалымның пікірінше, осы талаптар орындалғанда оқытуды қарқындатуға мүмкіндік туады [11].

Ал қазақ тілін қарқынды оқыту – әлі зерттелмеген тың мәселелердің бірі. Өйткені бүгінгі таңда студенттер алатын ақпарат жан-жақты дамып кетті. Интернет жүйесінің, электронды поштаның өсуі, олардың күнделікті тұрмысқа енуі студенттердің ойлау жүйесінің артуына, ақпараттарды мол қабылдауына өз әсерін тигізіп отыр. Ал берілген уақыт ішінде мол ақпараттарды қабылдауға мүмкіндік аз. Сондай-ақ, орыс топтарында қазақ тілін үйретуде қазақ тілі тек қарым-қатынас құралы болып қана қоймай, ол студенттің шығармашылық қабілетін, пәндік және жалпы мәдениеттен хабардарлығын жеткізе алатын құрал да болуы тиіс. Осыдан келіп қазақ тілін қарқынды оқытудың себебі туындап отыр.

Қарқынды оқыту технологиясы – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған технология. Бұл оқыту технологиясы тілдерді үйретуде алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейді. Яғни, қарқынды оқыту технологиясы– берілген уақыт мөлшерінде үлкен табыстарға қол жеткізе отырып, студенттердің шығармашылық қабілетін жетілдіруге, кәсіби шеберлігін шыңдауға негізделген оқыту технологиясының бірі.

Қарқынды оқыту (ҚО) технологиясы – белгілі бір психологиялық, педагогикалық және әдістемелік ұстанымдарға негізделген дидактикалық жүйе.

ҚО технологиясы төмендегідей 4 түрлі ерекшеліктермен ерекшеленеді. Олар:

1) меңгерілетін материалдың көлемі;



  1. 2) қолданылатын әдіс-тәсілдердің әр түрлілігі;

3) үйретілетін тілде тілдік қатынастың үнемі жүргізілуі;

4) жеке тұлғаның психологиялық резервтерінің белсендірілуі.

Осы жерде ҚО технологиясының өзге оқыту технологияларынан айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерін де атап өткен дұрыс. Бірінші белгісі – студенттер мүмкіндіктері мен мамандықтарын ескеру белгісі. Осыған сәйкес оқытудың негізгі ұйымдастыру түрлері де, өткізу тәсілдері де өзгереді. Екінші белгісі оның мерзімімен байланысты. Бұл жерде қарқынды оқыту технологиясын қысқа мерзімді жеделдетіп оқытумен шатастырмау керек. Екеуінің айырмашылықтарын ажырата білу өте маңызды. “Интенсивность обучения определяется по формуле: Int= М

N

- где М – количество единиц обучения, а N – количество единиц времени обучения (занятий). Интенсификация учебного процесса – увеличение объема работ в фиксированные промежутки времени или наоборот, уменьшение временных интервалов при фиксированном объеме работ.



Таким образом, интенсификация – это деятельность, направленная на повышение уровня интенсивности. Поэтому различать интенсивность и интенсификацию принципиально важно”,-деп В.С.Страхова [31,18] жеделдетіп оқыту мен қарқынды оқытудың ара жігін ашып береді. Сондай ақ, Қ.Қадашева жеделдете оқыту жөнінде, қазақ тілін оқыту әдістемесінде интенсивті оқыту 1987 жылдан бастап пайда болды. Көптеген әдістемешілер қазақ тілін 3 ай немесе 6 ай ішінде толық үйретіп шығаратын жеделдете оқыту курстарын ашу жеткілікті деп есептеді. Сөйтіп, интенсивті оқыту “қысқа мерзімділік”, “тездету”, “жеделдету” дегендермен синонимдес болып шықты. Көптеген әдістемешілер “интенсивті оқыту” дегенді лексикалық-грамматикалық минимумды лингвоелтану материалдарын барынша мол етіп беру арқылы оқытып, қазақ тілін үйретуге болады деп есептеді. Нақтылы айтқанда, Қазақстанның қазіргі жағдайында жеделдете оқыту әдістемесі және практикасы бар болғанымен, бір жүйелі сипатта емес деген ой қорытындылайды [22,86]. Яғни, қысқа мерзімді жеделдетіп оқытуда көбіне сандық көрсеткіш беріледі. Ал қарқынды оқыту технологиясында сандық көрсеткішпен бірге сапа, мазмұн сияқты көрсеткіштер қатар жүреді. Бұл жерде, негізгі көзделетін мақсат – берілген уақыт көлемінде игеруге тиісті материалды сапалы меңгерумен ғана шектелмей, пәндік білімін тереңдету, белсендіру, жан-жақты білім беру көзделеді. Ал ол үшін қосымша уақыт берілмейді.

Қарқынды оқыту технологиясының негізін ашу үшін “оқуды белсендіру” ұғымын енгізуге тура келеді. Педагогиканың маңызды мәселелерінің бірі – студенттердің оқу іс-әрекетін белсендіру және оқу үрдісін белсендіретін әдістерді қолдану болса, “оқуды белсендіру” ұғымы осы мәселелерді шешудің негізі болып табылады. Бұл ұғым қарқынды оқыту технологиясын, біріншіден, белгілі бір бағыт ретінде көрсетсе, екіншіден, ол оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің көзі болып табылады. Қарқынды оқыту технологиясының өзіне тән әдістерінің бірі – студент пен ұжымның резервті мүмкіншіліктерін белсендіру әдісі. Белсендіру әдісі, ең алдымен, үйренетін тілде еркін тілдік қарым-қатынас жасау міндетін іске асырады. Сондай- ақ, тілдік іс-әрекетке қажетті білік пен дағдыны қалыптастырып, дамуын қамтамасыз етеді. Жеке тұлға мен ұжымның мүмкіншіліктерін белсендіру әдісінің ерекшелігі – жұмысты бірігіп атқаратын оқу тобын уақытша ұжым ретінде құру арқылы студенттердің резервті мүмкіндіктерін ояту. Сол арқылы студенттердің шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Бұл әдістің оқу іс-әрекетінің негізгі түрлері тыңдалым, айтылым немесе оқылым ғана емес, керісінше, оқытушы мен студенттің, студент пен студенттің өзара белсенді тілдік қатынасы. Ал студенттердің белсенді тілдік қатынасын қалыптастыру үшін сабақты ұжымдық үлгіде ұйымдастыру қолайлы. Ұжымдық жұмыс ауыспалы жұптық жұмыс, жұптық жұмыс, үштік жұмыс түрінде болуы мүмкін. Сонымен бірге белсенділікті арттыруда рөлдік ойындардың, жағдаяттық тапсырмалардың алатын орны ерекше.

Қарқынды оқыту технологиясы студент әрекетін белсендіру, оқыту нәтижелілігі, оқу материалын, оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады. Яғни, қарқынды оқыту дегеніміз ұжымдық іс-әрекет жүйесі арқылы жеке тұлға белсенділігін арттыруға негізделген, берілген материалды жылдам әрі сапалы меңгертуге бағытталған, ерекше үлгіде ұйымдастырылған тілдік қатынас.

Қарқынды оқыту технологиясы берілген уақыт мөлшерінде сапалы да нәтижелі, әрі ауқымды білім беруді, студент белсенділігін арттыруды, сол арқылы шығармашылық қабілетін шыңдауды көздейді.

Кез келген іс-әрекет нәтижелі болу үшін ең алдымен мақсат айқын болуы керек. Білім беру мақсаты айқын болғаннан кейін білім беру жүйесінің алдында “Қалай оқытамын” деген сұрақ пайда болады. ҚО технологиясы негізгі мақсаттарын жобалаудан бастайды. Оқудың қарқындылығы ол мақсаттардың нақты, күшті болуымен тікелей байланысты. Мақсаттың әлсіздігі оқытушы мен студенттердің жауапсыздықтарына, оқудың шашыранды, бос, тәртіпсіз жүйеде өтуіне әкеліп соқтырады. Дұрыс қойылған мақсат оқу әрекетінің дұрыс өтуінің бірден-бір кепілі.

Алда тұрған негізгі мақсат журналистика бөлім студенттеріне берілген уақыт мөлшерінде ауқымды тілдік білім беруді, қазақша таза сөйлеп, жаза алатын, қазақша ойлай алатын дәрежеге жеткізуді, жан-жақты жетілген білікті маман дайындауды көздейді. Бұл аталған міндеттерді іске асыру үшін ҚО технологиясы алдына төмендегідей мақсаттар қояды:

а) алдына қатаң мақсат қою;

ә) қызығушылықты арттыру;

б) білім мазмұнына өзгерістер енгізу;

в) оқытуда белсенді әдіс-тәсілдер қолдану, яғни белсенді тілдік қатынас орнату.

г) оқу әрекетін қарқындату.

Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып өткен жөн.

Қатаң мақсат қоюдың ҚО технологиясы үшін үлкен мәні бар. Ол әр жеке тұлғаның ойлау қызметінің дамуына әсер ету үшін студенттердің белсенді жұмыс істеуін талап етеді. Қарқынды оқыту технологиясының негізгі ерекшеліктері де осында. ҚО технологиясының бұл мақсаты төмендегідей талаптарды іске асыруы тиіс:

а) қойылған мақсат студент мүмкіндігін қанағаттандырарлықтай бағдарлы, күшті болуы тиіс және сол арқылы жоғары белсенділікті тудыруы тиіс. Бұл ережені үнемі есте ұстап отыру керек;

ә) мақсат қол жетерлік, яғни орындалатындай болу керек. Шындыққа жанаспайтын, тым жоғары қойылған мақсат қойылған мақсатты шешуде кері әсерін тигізеді;

б) оқу мақсатын студенттер саналы түрде түсіну керек;

в) қойылған мақсаттың болашақпен байланысы болуы тиіс, яғни бүгінгі күннің емес, ертеңгі күннің талабын орындайтындай болу керек;

г) қойылған мақсат өзгермелі болу керек, жағдай мен мүмкіншіліктің өзгеруіне орай, ол да өзгеріп отыруы керек. Бұл жоғарыда көрсетілген талаптарды төмендегі 2-сурет арқылы көрсетуге болады:





Қ О технологиясының мақсаттары мен міндеттері

Білім беру, тәрбиелеу және тұлғаны дамыту

Күшті, түсінікті, қол жетерлік, саналы түрде, болашағы бар, өзгермелі

2-сурет - ҚО технологиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері


ҚО технологиясының алдында тұрған екінші мақсаты оқуға деген қызығушылықты арттыру. Қызығушылықты ояту – оқытудың нәтижелілігін қарқындатудың ең маңызды тәсілдерінің бірі. Көптеген психологтер қызығушылық оқу мақсаттарына үлкен әсерін тигізетіндігін айтады.

Соңғы кездерде студенттердің пәнге деген қызығушылықтарының төмендеп бара жатқанын байқау қиын емес. Себебі, сабақта танымдық қызығушылықты дамытуға мән берілмейді. Танымдық қызығушылықты арттыруды оқытушылар екінші орынға қойып, уақыттың жетіспеушілігін алдыға тартады. Ал Е.Н.Ильин, Л.В.Махова, Л.Г.Хазанкин, Ю.К.Бабанский сияқты тәжірибелі оқытушылар қызығушылыққа үлкен мән беріп, ол сабақ нәтижелілігінің бірден бір кепілі екендігін көрсетеді. Олар оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту арқылы оқу материалдарын жылдам меңгертуге, олардың тез шаршап, жалығуын болдырмай, еңбек ету қабілеттерін жоғарылатуға болады. Берілген уақыт ішінде мол ғылыми ақпараттарды қабылдай алатын дәрежеге жетеді деп есептейді. [32,23]. Сондықтан тілдерді үйретуге студенттердің танымдық қызығушылығын, пәнге деген қызығушылығын арттырудың маңызы зор. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру – ҚО технологиясының алдында тұрған негізгі мақсаттарының бірі. Пәнге деген қызығушылықты дамытуда сабақты мамандыққа қатыстыра оқытудың маңызы ерекше. Журналистика бөлім студенттерінің мамандықтарына сәйкес рөлдік ойындарды, газет-журналдарды пайдалана отырып студенттердің білім сапасын көтеруге, кәсіби біліктілігін жетілдіруге, шығармашылық ойлау қабілеттерін шыңдауға мүмкіндік зор.

ҚО технологиясының алдында тұрған мақсаттары тек қатал мақсат қоюмен және танымдық қызығушылықты арттырумен ғана шектелмейді. Сондай-ақ, білім мазмұнына да белгілі бір өзгерістер енгізу көзделеді. Қазіргі кездегі ақпараттың көптігі, пәндердің көбеюі үлкен қиындықтар туғызуда, себебі берілген уақыт ішінде ол білімнің бәрін игеруге мүмкіндік аз. Сондықтан осы мәселені шешуде ҚО технологиясы білім мазмұнына өзгеріс енгізуді мақсат етіп қояды. Бұл жерде ҚО технологиясы сабақты ірі блоктарға бөліп беруді іске асырады. Сабақты ірі блоктарға бөліп беру дегеніміз – бағдарламада берілген бөлімді, тақырыптарды сабақтастықты бұзбай, қажетті мөлшерге дейін “сығымдау”. Мысалы, септік жалғауларын өткен кезде жеті септікті жеті сабақта өтпей, оның бәрін бір блокқа кіргізу, яғни септік жалғауын бір сабақта меңгертіп шығару. Сабақты ірі блоктарға бөліп оқыту арқылы уақытты үнемдеуге, тілдік материалды толық меңгеріп шығуға қол жеткізуге болады.

Оқу үрдісін белсендіру. Белсенділік оқу үрдісінің барлық кезеңінде студенттерді ынталандырып, мақсатты түрде әрекет етуге итермелей отырып, білімді толық меңгеруге жұмылдырады. Оқу үрдісінің белсенділігі де қарқынды іс-әрекетпен тығыз байланысты. Қарқынды іс-әрекет адам қажеттілігінен туындайды. Белсенділік алдағы мақсаттарға жету үшін қажетті шарт және құрал болып табылады. Белсенділік болмайынша, оқу үрдісінде оқу материалын ұғыну және меңгеру мүмкін емес. Тілдерді үйретуде ҚО технологиясы белсенділікті жетілдіру үшін сабақта мәселелік оқыту, пікірталас, танымдық ойындар сияқты әдіс-тәсілдері пайдалануды көздейді. Осылардың ішіндегі мәселелік оқыту оқу үрдісін белсендірудің бірден-бір кепілі болып табылады. Мәселелік оқыту студенттер ой-санасының белсенді жұмыс атқаруы арқасында ғана сапалы жүзеге асады. Мұнда студенттердің өз бетімен ойлау еркін тәрбиелей отырып, олардың білімге деген ынтасын және таным қабілеттілігін қалыптастыру, студент белсенділігін арттыру мақсаты көзделеді. Оқуда белсенділікті арттыру тілді үйретуді қарқындатудың негізі болып табылады. Қорытындылай айтқанда, жоғарыда көрсетілген ҚО технологиясының негізгі мақсаттары іске асқан жағдайда тілді қарқынды оқыту өз нәтижесін береді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындыласақ, қарқынды оқыту технологиясы – қажетті уақытты және студенттер мен оқытушылардың күш-жігерін мейлінше аз жұмсай отырып, ең жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін оқыту технологиясы.

Қарқынды оқыту технологиясы белгілі бір заңдылықтарды, ұстанымдарды, оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі формалары мен әдіс-тәсілдерін, қалыптасқан жағдайларды, сондай-ақ, нақты бір ұжымның және жекелеген студенттердің ерекшеліктерін жан-жақты ескереді.

Қарқынды оқыту оқытудың заңдылықтары мен ұстанымдары негізінде педагогикалық үрдісті құруға оқытушының белгілі бір мақсат тұрғысынан келуі, білім беруде оқытудың ең тиімді әдіс-тәсілдерін саналы түрде, ғылыми тұрғыдан негіздей отырып таңдауы арқылы іске асады.

ұжымдық әдіс – сабақта тілдік қатынастың үнемі жүргізілуін қамтамасыз ететін, қазақ тілін қарқынды оқыту технологиясы арқылы меңгертуде қойылатын барлық талаптарға жауап беретін, жалпы қатысымдық әдістің негізгі өзегі болып табылатын әдіс.

Студенттің қоғамдық ортада пікір алмасуын, адамдардың түсінісу қажеттігін өтейтін, орыс топтары үшін қазақ тілінде сөйлесе білуді iске асыратын әрі тілдік білімді жылдам меңгеруді қамтамасыз ететін тиімді әдістердің бірі – ұжымдық оқыту әдісі. “Білім саласындағы тоқыраудан шығу үшін тиімділігі жоғары жаңа оқыту әдісі – ұжымдық әдісіне көшу керек”, - деген пікір айтады В.К. Дьяченко.

Ұжымдық оқытудың негізін А.Г. Ривин салды. Ол 1918 жылдың басында Киев жанындағы Корнин деген жерге бала оқыту үшін ата-аналардың шақыртуымен келген. Оның педагогикалық білімі болмаған, политехникалық институтты бітіріп, инженер мамандығын игерген. 1911 жылдың өзінде-ақ, оны өндіріс салаларының барлығы автоматтандырылған, механикаландырылған деңгейге көтерілген де, ал оқу еңбегі сол бұрынғы күйінде қалып қойған деген мәселе толғандыра бастайды. Оның ойынша, оқу еңбегі оқушы мен оқытушының аз уақыт пен күш жұмсап, көп білім алуы керек және ол өте саналы түрде жүруі тиіс. Сондықтан ол өзінің бар өмірін оқытуда тиімді әдістер іздеп, бала оқытуға арнаған.

Корнинда ол ең алғаш алты баламен жұмыс істейді. Артынан тағы отыз бала қосуды сұрайды, себебі, онда оқушылардың саны көп болған сайын әр түрлі жастағы өзін-өзі оқытатын ұжымның белсенділігі артып, жақсы жұмыс істеген. Балалардың жас шамасы әр түрлі – 10-16 жас аралығындағылар болған. Олар көбіне далада сабақ оқыған, сабақ таңертеңнен кешке дейін жалғаса берген. Шаршаған бала үйіне барып тамақтанып, демалып келіп, ары қарай сабағын жалғастыра берген. Сабақ небары он ай шамасында жүрген уақыттың өзінде, олар 3 жылдың оқу материалын меңгеріп шығып, емтиханды сәтті тапсырған.

А.Г. Ривиннің әдісі кез келген уақытта оңтайлы жұмыс істеуге өте ыңғайлы болған. Ол карточкамен жұмыс, абзацтар бойынша мақала, тақырыптарды меңгеру, тіл дамыту сияқты бірнеше бөлімдерден тұрған. Ол ең алдымен оқытудың әдісін оқушыларға үйреткен. Оның әдістемесі оқушылардың бір-бірімен жұмысты жұптасып істеп және алмасып отыруына негізделген. Осындай оқытудың нәтижесінде тәжірибе жүзінде бір уақытта бірнеше мәселені шешіп отырған. Оқытудың ұжымдық әдісі сұрақ-жауап түрінде ұйымдастырылған және білім сапасы ретінде енгізілген, әр түрлі жастағы және білім деңгейлері әр түрлі оқушылардың өз еркімен оқып білім алатын тұрақты ұжымын құрған, оқушылардың бір-бірімен жұмыс істеу әдістемесін жасаған. А.Г. Ривиннің оқушылары көбіне жұптасып оқыған, топтық жұмыс өте сирек жүргізілген. Оның сөзі бойынша, топтық жұмыс сабақтың небары 20%-ын ғана алған. Жұп тұрақты болмаған, ол үнемі өзгеріп отырған. Мысалы, бір оқушы оқу үрдісінде топтағы барлық оқушылармен жеке жұмыс істеп шыққан және ол оқушы бір оқушыны үйрете отырып, одан өзі де үйренген. А.Г. Ривиннің негізгі қағидасы: “Не үйренсең, сол жерде оны басқаға үйрет” [97,12].

Оқушы өзінің үйренгенін екінші біреуге үйрету арқылы сапалы әрі жылдам білім алатынын ол жақсы түсінген. Оқушы білгенін бір ғана оқушыға емес, бірнеше оқушыға үйреткен, сол арқылы ол білімді әбден меңгерген. Яғни, оқушылардың бірін-бірі оқытып үйретуі А.Г. Ривиннің негізгі заңдарының бірі болған. Ол өзінің ұжымдық оқыту әдісін “талгенизм” (“талант” және “гений” деген сөзден шыққан), “организованный диалог”, “корнинский диалог”, “сочетательный диалог” деп атаған.

1920 жылдардың басында А.Г. Ривиннің әдісі жан-жаққа тарай бастайды. Кейбіреулері оған қызығушылық білдірсе, кейбіреулері ол әдісті мүлдем жоққа шығарып, оның есі дұрыс емес деген айып та тағады. Ол өз жұмысын соғыс салдарына байланысты тоқтатқан. Бірақ А.Г. Ривиннің әдісі әр кезде де өз жалғасын тауып отырған. Кейіннен, 1928 жылы, 19 жасар З.Л.Вихман “Жабайы жоғары оқу орнын” ашады. Оған басты себеп оның оқуға түсе алмауымен байланысты болады. Бұл жөнінде ол: “В 1928 году, когда наплыв в вузы, на свободный набор, дошел до сказочных размеров (в некоторых вузах на каждую вакансию претендовали по 120 человек), под лозунгом “Высшее образование без вуза” организовалось объединение групп по высшему техническому образованию (ОГВТО) преждевременно превратившееся в Государственную школу инженеров имени Бубнова. Это объдинение организовалось по инициативе самих учащихся, и поэтому никаких средств на организацию оно ни от кого не получало. Собравшиеся там несколько сот человек проходили курс механического факультета МВТУ в помещениях, кой-как отремонтированных ими же”,-деп жазады [98,56].

З. Вихман А.Г. Ривиннің шәкірті болған. Ол ұжымдық әдісті жақсы білген. Жоғары оқу орнына қабылданған студенттер ұжымдық оқыту әдісі арқылы өздерін-өздері оқытып, үлкен жетістіктерге жеткен.

“В объединений применялся метод коллективного самообразования, сочетательный диалог - А.Г. Ривина. Этот метод организаций коллективных занятий оказался лучшим из всех существующих. Занятия по этому методу проходят следующим образом: коллектив в 30-40 человек разбивается на пары и в каждой паре происходит беседа на ту или иную тему изучаемой дисциплины. Людские составы беседующих пар не постоянны, а меняються после каждых 7-10 минут, в зависимости от объма и содержания обсуждаемой темы”,-деп сабақтың жүргізілу тәртібін түсіндіріп өтеді [98,5].

З. Вихманның “Жабайы оқу орнында” екі топ жұмыс жүргізеді. Ол төрт негізгі топ және дайындық тобынан тұрған. Оқу орнының студенттері жұмыстан қол үзбеген. Бір топ күндіз бес сағат оқып, екінші топ кешкісін бес сағат оқыған. Оқитын оқу орнын керекті құрал-жабдықтармен студенттер өздері қамтамасыз еткен. Оқу профессорларсыз, қаражатсыз, оқытушыларсыз, стипендиясыз жүргізілген. Олардың қызметтерінің барлығын студенттер өздері атқарған.

Оқыту барысында университеттің механикалық факультетіне арналған бағдарламаны басшылыққа алған. Осы бағдарлама тақырыптары бойынша карточкалар жасалынған. Әр студент карточкамен жұмыс істеген. Карточкадағы тапсырманы меңгеріп болғаннан кейін, өз карточкасын жолдасына беріп отырған. Өзі меңгерген материалды, яғни карточка материалын жолдасына түсіндіріп отырған. Әрбір студенттің есеп кітапшасы болған. Ол есеп кітапшаларына: алды, берді деп карточканың ретін, санын жазып отырған. Үйге тапсырма берілмеген. Барлық жұмыс оқу барысында жұп алмасу арқылы жүргізілген. З. Вихман “Жабайы оқу орнында” ұжымдық оқыту әдісін қолдану арқылы үлкен жетістіктерге қол жеткізген. Себебі, кейіннен “Жабайы жоғары оқу орны” заңдастырылып, профессорлық-оқытушылық штат беріліп, дәстүрлі оқу кестесі, дәріс-семинар жүйесі енгізіледі. Ол кешкі инженер-механика институты болып қайта құрылады.

Ал 1950 жылдардың ішінде В.К. Дьяченко және басқа да ұжымдық әдісті қолдаушылар - А.Г.Границкая, В.Ф. Шаталов, М.Г.Булановская, Э.Л.Григорьева математиканы, орыс тілін, әдебиетті, шет тілін, тарих пәндерін оқытқан кезде ұжымдық оқыту әдісін іс жүзінде қолданған. Бұл әдісті сабақта пайдаланған мұғалімдердің бірі – А.И. Говорованың 3 “в” сыныбындағы жетістіктерін мектеп әкімшілігі былай бағалаған: “Ұжымдық оқыту әдісін енгізгеннен бастап біздің мектептің барлық оқу үрдісінде сапалы қайта құру жүрді. Сабақ қызықты, мағыналы, өзгеше түрде өтетін болды. Оқушыларда байсалдылық, қайырымдылық күшейіп, олар пікір-таластар тудырып, өз пікірлерін дәлелдеуге үйренді, өздігінен жұмыс істеуге төселді, ең бастысы, тақырыптың мазмұны мен мақсатын терең түсінуге ұмтылыс жасады. Оқушы сабақтың әрбір кезеңінде жаңа жұппен кездесіп, жаңа серіктестікпен жұмыс істеу арқылы өзінің ақыл-ойын шыңдап, басқаның білімін тексеруге үйренді”. Ол жөнінде А.И. Говорованың өзі: “Қыркүйек айынан бастап сабақта ұжымдық оқыту әдісін қолдана бастадым. Негізінен А.Г. Ривин әдістемесі пайдаланылды. Нәтижесі таңқаларлық болды. Небары үш оқушы ғана минутына 86-87 сөз, ал басқалары 120-160 сөзге дейін оқи алатын дәрежеге жетті”,-деп жазады [97,19-20].

Ұжымдық әдістің ең басты ерекшелігі – топтағы студенттердің жұп болып жұмыс атқарып және ол жұптардың үнемі өзгеріп отыруына байланысты. Көбіне ұжымдық оқыту әдісін топтық және жұптық оқыту әдістерімен шатастырады. Жұптық оқыту ешқашан ұжымдық бола алмайды. Себебі жұп тұрақты, мұнда тілдік қатынас тек оқытушы мен студент немесе студент пен студент арасында ғана жүргізіледі. Сол сияқты топтық оқыту да ұжымдық бола алмайды. Екеуінде де студент саны екеуден көп болғанымен, олардың өзіндік айырмашылықтары бар. Топтық оқытуда тек бір адам, ол студент немесе оқытушы, топты басқарады, яғни бір адам ғана түсіндіреді, қорытындылайды т.б. Ал ұжымдық оқыту әдісінде барлық студент белсенді жұмысқа тартылады. Олар жұп құрап, кезекпен алмасып отыруы арқылы бірін-бірі үйретіп, әрқайсысымен тілдік қатынасқа түседі.

В.К. Дьяченко ұжымдық оқыту әдісі бойынша: “Коллективным можно назвать только такое обучение, при котором коллектив обучает и воспитывает каждого своего члена и каждый член активно участвует в обучении и воспитании своих товарищей по совместной учебной работе. Отсюда коллективная форма организаций учебной работы - это общение обучающих и обучаемых в динамических парах сменного состава”,-деп анықтама берсе [99,96], кейіннен оны былай деп нақтылай түседі: “Коллективное – это такое обучение, при котором коллектив (а не отдельный человек: учитель, консультант) обучает всех своих членов и следовательно, каждый член этого коллектива участвует в обучений всех своих товарищей по общей работе. Поэтому только работа в парах сменного состава, когда каждый ученик по очереди работает каждым – это коллективное форма учебных занятий” [100, 42-47].

Ұжымдық оқыту әдісі туралы ғалым Ф.Ш. Оразбаева: “Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз – үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасу арқылы олардың екеу ара бірін-бірі үйретуі, оқытуы, адамдардың бірінен екіншісінің үйренуі, пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып: әрі жұптық, әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы”,-деп анықтама береді. [44,129].



Ғалым М.Б. Түбекбаев физиканы ұжымдық әдіс арқылы оқыту бойынша 2001 жылы “Мектептегі физика пәнін ұжымдық оқытудың ерекшеліктері” деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Бұл еңбекте ғалым ұжымдық оқыту әдісіне жан-жақты тоқтала келіп, жаңа педагогикалық технология бойынша ұжымдық оқыту әдісін мына үлгіде көрсетеді [101,19]:









Мұндағы М - мұғалім, О - оқушы, Т - оқылатын тақырып. Көрсетілген үлгі бойынша мұғалім топтан бір оқушымен өтілетін тақырып бойынша жұмыс жүргізіп, мұғалімдікке дайындайды. Одан кейін ол оқушы (О1) келесі (О2) оқушыға түсіндірген. Осылайша жаңа тақырыпты меңгеру бірін -бірі оқыту арқылы іске асып отырған. Тақырыпты меңгеріп болған О1 оқушы О2 оқушыға түсіндіріп болғаннан кейін, келесі жаңа тақырыпты оқуға кіріскен. Нәтижесінде алынған пән бағдарламасының тақырыптары бойынша екпінмен алға жылжыған.

Жалпы ұжымдық оқыту әдісінің негізгі белгілері мыналар болып табылады:

1 Топ студенттерінің ортақ мақсаттарының болуы.

2 Өз қызметтері мен міндеттерін бөліп алу.

3 Өзара ынтымақтастық және достық қарым-қатынас, көмек көрсете білу. Әлеуметтанушылардың “Ұжым – бір-бірімен бірлесе қызмет ететін адамдар тобы. Ынтымақтастық пен өзара көмек болмаған жерде ұжымның болуы мүмкін емес” деген қағидаларын ескерсек, ұжымдық оқыту әдісінің бұл белгісі ең басты белгілердің бірі болып табылады.

4 Студенттерді бірінің жұмысын бірі бағалауға, бақылауға, басқаруға араластыру.

5 Жұмыс көлеміне байланысты әрбір жеке адамның істеген жұмысынан ұжым болып атқарылған жұмыстың көп болуы.

6 Барлығы бірі үшін, бірі барлығы үшін әрекет ету.

7 Студенттер арасындағы теңдік, бірлік.

Ұжымдық оқыту әдісінің негізі – студенттердің бір-бірімен жұптасып жұмыс істеп және алмасып отыруына құрылған. Ұжымдық оқыту әдісінде әр студент топтағы жеке студенттермен жұп құрап жұмыс істейді, жаңа ұғымды өзі үйренеді және оны біреуге үйретеді. Яғни, негізгі жұмысты студенттердің өздері ауыспалы жұп арқылы атқарады. Ұжымдық оқыту әдісінің бір үлгісін былай көрсетуге болады. Оқытушы топтағы бір студентті пәннің оқытылуға тиісті тақырыбы бойынша мұғалімдікке даярлайды. Ол арнайы сұрақтар бере отырып болашақта кез келген студентпен жұмыс жүргізгенде сұрақтарды дұрыс қолданып, одан жауап ала алатындай етіп жүргізеді. Одан кейін студенттің оқыған тақырыбы бойынша келесі бір студентке оқытушы болуды жүктейді. Оқытушы болған студент екінші студентке тақырыпты түсіндіреді. Олардың өзара жұмысын оқытушы бақылап отырады. Бірінші студенттің екінші студентке сұрақтардың дұрыс қоюына көмектесіп отырады. Осылайша екінші студент те оқылған тақырыбы бойынша мұғалімдікке даярланады. Екінші студент оқыған тақырыбы бойынша келесі, үшінші студентпен жұмыс жүргізгенде, бірінші студент басқа жаңа тақырып бойынша дайындалады немесе ары қарай басқа, төртінші бір студентпен жұмыс жүргізеді. Осылайша топтағы студенттер жұптары алмасып, бірін-бірі оқытуы арқылы тақырыпты меңгеріп шығады. Кей жағдайларда оқытушы екі-үш студентке тапсырма бере отырып, бір сабақта бірнеше тақырыпты меңгертуіне мүмкіндік алады.

Ұжымдық оқыту әдісінің тағы бір үлгiсін былай көрсетуге болады. Оны кей кездерде сатылай оқыту деп те атап жүр.

Мысалы: А(§1)

В(§2)


С(§3)

Д(§4)


Е(§5) одан ары кете береді.

Топ алдында бірінші параграфты дайындайтын А студенті. Бұл А студент өз параграфын әбден, мұқият дайындап болғаннан кейін, оны В студентке талқылап, түсіндіреді, үйретеді. Әрбір жаңа тақырыптан кейін В студентті А студент тексеріп отырса, В студент С студентті тексеріп, үйретіп отырады. Бірақ С студентті бағдарлама материалының алдында келе жатқан кез келген студент тексере береді. Осылайша, топ студенттері цепь тәріздес немесе шеңбер құрап бірін-бірі үйретіп, тексеру арқылы, алға қарай жылжи береді. Ұжымдық оқыту әдісінің бұл түрін қолданғанда, оқытушыдан үлкен жауапкершілік әрі уақыт талап етіледі. Бұл әдісті бір күнде, бір сабақта қолдану мүмкін емес. Оған көп дайындық керек. Бұл оқыту әдісінің жүргізу үлгісі студенттерге әбден түсіндірiлуі тиіс.

Ұжымдық оқыту әдісінің кез келген үлгісін алып қарастырғанда, олардың ортақ ерекшеліктеріне көз жеткізуге болады. Солардың негізгілері:


  1. Әрбір тілдік қатынас барысында топ студенттерінің жартысы тыңдап отырса, жартысы сөйлейді. Топ студенттерінің құрамы ең аз дегенде төрт адамнан құралуы керек.

  2. Әр студент бірде оқушы, бірде оқытушы қызметін атқарады.

  3. Әрбір студенттің мақсаты өзіңнің оқып үйренгеніңді басқаға үйретесің немесе өзің үйренесің.

  4. Әрбір студенттің жасаған жұмысы, іс-әрекеті пайдалы, яғни, ол тек үйреніп қана қоймай, біреуді үйретеді.

  5. Жұмыстың негізгі ұстанымы барлығы кезекпен әрқайсысын оқытады, ал әрқайсысы барлығын үйретеді.

  6. Әр студент өзі үшін ғана жауап бермейді, сондай-ақ, өз жолдастарының жетістіктері мен кемшіліктеріне де жауап береді.

  7. Педагог-жетекшінің маңызды міндеті – әр студент бойында сөйлеу шеберлігін, үйрете білу өнерін қалыптастыру.

  8. Ұжымның және жеке мүдделердің сәйкестігі: білімді неғұрлым көп адамға және жақсы, сапалы үйретсем, соғұрлым көп біліп, жақсы білетін боламын деген қағиданы ұстанады.

Ұжымдық оқыту әдісі – тек мәтінмен жұмыс жүргізуде ғана емес, сонымен бірге басқа да әр түрлі жұмыс түрлерін орындауда да өте тиімді қолданылатын әдістердің бірі. Мысалы:

  1. Өзара диктант алу жұмысы.

  2. Шаталов - Границкая үлгісі бойынша тапсырмалар орындау.

  3. Сұрақтар бойынша жұмыс жасау.

  4. Ауыспалы жұптық жұмыс арқылы жаттығу жұмысын жазбаша және ауызша орындау.

  5. Өзара тапсырма алмасу жұмысы.

  6. Өлең жаттау.

  7. Ривин үлгісі бойынша, мәтінді меңгертуге арналған тапсырмалар жұмысы сияқты басқа да көптеген жұмыс түрлерін орындауда да ұжымдық әдіс өте ұтымды пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет