5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет2/13
Дата05.11.2016
өлшемі2,86 Mb.
#741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

  1. Елдің рухани өркендеуі, мәдениетінің биіктігі немен байланысты?

  2. ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу – ағарту ісі қалай қалыптасқан?

  3. Профессор Мекемтас Мырзахметовтың «Әріптер неге өзгерген» деген мақаласында не жазылған?

  4. «Букварь для киргиз» - «Қырғыздар үшін әліппе» оқу құралының авторы



Әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б.

3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.

5. Жиенбаев С. Сауат мектебінде ауыз бен жазба сөзге үйрету // Ауыл мұғалімі, 1935. - №6.

6. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы // Халық мұғалімі, 1941. - №11. – 6-8 б.

 
3 Дәріс: Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлері.



Мақсаты: Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлерімен танысу. Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы алатын рөлін көрсету

1850 жылы Орынбор қаласында қазақ балаларына арналып 7 жылдық мектеп ашылды. Бұл мектепке Ыбырай Алтынсарин 9 жасында түсіп, оны 1857 жылы өте жақсы деген бағамен бітірді. Жаңа ашылған мектепке 30 бала, олардың ішінде 9 жасар Ыбырай оқуға түсті. Жергілікті өкімет орны оқушы қазақ балаларына өзгеше түрлі киім кигізіп, қазақша тамақ астыртып жүргендегі мақсаты – патша өкіметінің өрескел реакцияшыл саясатын бүркеу еді. Балалар мектепте орыс тілі, кеңсе қатынас хаттарын жазу үлгілері, есеп, татар тілі сияқты пәндерді және мұсылман діні сабағын оқыды. Балалар жұма күні намаз оқуға міндетті болды. Жас болғандықтан олар ораза ұстаудан босатылды. Патша өкіметі прогрессивтік дамуға көлденең тұра алмады. Оқушы балалардың ішінен прогрессивтік бағытқа еліктегендері де болды, бұл жөнінде әсіресе Ыбырай өзінің құрбыларынан озат шықты. Мектепте оқып жүрген кезінде Ы. Алтынсаринге Орынбор қаласында тұратын орыс демократтарының әсері болды. Ыбырай ұлы орыс мәдениетіндегі жетістіктермен әсіресе орыс әдебиетіндегі озат жетістіктерімен танысуға ынтызар болды. Ол сабақтан қолы босаса-ақ орыстың ұлы ақындары Пушкиннің , Лермонтовтың көркем сөздің Гогольдің тағы басқалардың шығармаларын мейлінше құмарланып оқыды. Олардың шығармаларын оқумен қабат, Ыбырай Орта Азия халықтарынан шыққан Фердауси, Низами, Наваи сияқты белгілі ақындардың да шығармаларымен танысты. Ы. Алтынсарин көркем шығармаларды, тарих, философия пәндері кітпртарын сол кезде Орынбор погран комиссясында қызмет істейтін белгілі ғалым В. Григорьевтің жеке кітапханасынан алып оқып, бірте-бірте білімін арттырды. Ы. Алтынсарин орыс тілін жете білген кісі. Ол шығыс халықтарының тілдерінен де толық хабары болған адам. 1857 жылы мектепті бітіргеннен кейін, Ы. Алтынсарин халық ағарту майданында қызмет істеуді мақсат етті. Бірақ, бұл мақсатына Ыбырай бірден жете алмады, себебі бұл кезде Қазақстанда ғылым жоқ болатынды. Сондықтан 1860 жылы ол Орынбор облыстық басқару мекемесіне тілмаш болып кіріп, сонда аз уақыт қызмет істеді. 1861 жылы Орынбор облыстық басқару мекемесі, Ыбырайдың тілегі бойынша Торғай және Ырғыз қалаларында қазақ балаларына арнап бастауыш мектептер ашуға рұқсат етті. Торғай қаласында бастауыш мектепті ашуды онымен бірге оқып, 1857 жылы Орынбор қаласындағы қазақ балалары үшін ашылған мектепті бітіріп шыққан Шаһназар Құлыбековке жүктеді. Бұл мектептерді ашуға өкімет тарапынан қаражат берілмеді және жергілікті өкімет орындары да ешқандай көңіл аудармады, жәрдем көрсетуден бс тартты. Ы. Алтынсарин тәуекелге бел байлап, өз бетімен мектеп ашу дайындығына кірісті. Мектеп ашуға дайындық жұмысы 3 жылға созылды. Бұл уақыттарда Ыбырай үйінде қарап жатпады. Бір жағынан ол Торғай бекінісі бастығына тілмаш болып қызмет істесе, екінші жағынан елден 3-4 бала жинап алы, өз үйінде оларды оқыта берді. Сөйтіп, уақытты бос өткізбей, мұғалімдік тәжірибесін арттырды. 1864 жылы 8 қаңтар күні көптен бері күткен халық мектебі ашылды. Ыбырай маңайындағы елдерді тұтас шақырып, жаңа ашылған бастауыш мектептің құрметіне той істеді. Ол балаларға сабақты өте қызғылықты, түсінікті етіп берді. Жеделдігі, зиректегі арқасында Ыбырай оқыту әдісін қызмет бабында, сабақ беру барысында үйреніп, бірте-бірте оның дидактикалық көзқарасы тізілді. Ол оқу процесін күнделікті өмірмен ұштастыруды көздеп, оқушы балалар мектептен білім, тәрбие алатын болса, олар өмірден қоса оқып, тәлім алатын болсын деді. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсариннің ұлы ағартушылық қызметінің алғашқы қадамы және оның саяси-қоғамдық көзқарасы қалыптаса бастады. Ы. Алтынсарин белгілі тарихи кезеңде өмір сүрді. 1861 жылғы шаруалар ережесін қабылдағаннан кейін, патша өкіметі әр түрлі жергілікті өкімет орындарын, мектеп жұмысын, сот орындарын қайта құру жөнінде ережелер шығарды. Ы. Алтынсарин ру таласын және басқа да түрлі өрескел сорақылықтарды қоздырушы сұлтанда, ірі байлар Ыбырайдың үстінен әлденеше рет Орынбор оқу округіне, Торғай облысының соғыс губернаторына және ішкі істер министрлігіне арыздар берді. Ы. Алтынсарин байлардың жауыздықтарына қарсы күресті тоқтатпады, қайта күшейте түсті.

Ы. Алтынсарин Қазақстанда ұлы ағартушылық идеясын қалың халық бұқарасына тарататын, сөйтіп, оны ілгері алып бара алатын кадрлар даярлауды ірі мақсат етіп қойды. Мұндай кадрларды ол тек азаматтық халық мектептері арқылы ғана дайындап шығаруға болатындығын ұғынды. Ы. Алтынсарин Қазақстанда халық ағарту жұмысын ұйымдастырып, оны жолға қоюды, оған дұрыс бағыт беруді үлкен арман етті. Халық ағарту жұмысын ұйымдастырып, оны ілгері алып бару үшін алғашқы кезде «түгел беріліп, халықты сүйетін, мен сияқты қазақ керек» ,- деп жазды ол. 1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалды.

Ы. Алтынсариннің аса көрнекті тарихи еңдегінің бірі – ол тұңғы рет Қазақстанда азаматтық халық мектептерін ашты, сол мектептреде орыс тілін және қазақтың ана тілін жеке пән етіп енгізіп, оны оқушы балаларға білім жолымен үйретті, азаматтық мектептерді патша үкіметінің реакцияшыл миссионерлік саясатына да, реакцияшыл ислам дініне де қарсы ұстай білді. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин бұл идеяны өзінің шығармаларын да дәріптеді, іс жүзінде де асыруға жедел кірісті. Оның ашқан мектептері қазақ даласына ұлы орыс халқының демократияшыл озат мәдениетін тарататын тіректі пунктке айналды. Алтынсарин ағартушылық жұмысын іске асыруда талай қиыншылықтарға кездесті, оған ағарту жұмысын тыңнан ұйымдастыруға тура келді. Торғай облысының бас қаласы Орынбор болды. Барлық облыстық мекемелер сонда тұрды. Ал Ы. Алтынсарин облыстық мектептер инспекторы болып тағайындалғаннан кейін, үш жылға жуық Торғай қаласында тұрып, одан соң Қостанай қаласына көшіп барды, сонда тұрып облыста ағарту жұмысын басқарды. Ол Қостанай қаласына үш шақырымдай жерде, Тобыл өзенінің иініңде, бір кішкене көлдің жағасында, өз қаражатымен үй салдырып, сонда тұрып, инспекторлық қызмет атқарды. Өзінің өлер шағында , сол үшін орыс-қазақ мектептерінде істейтін мұғалімдерге бағыштады. Ол үй келешекте демалыс үйіне айналды. Ал 500 десятинадай өзіне тиісті жерін, ол Қостанай қаласында ашылғалы жатқан ауылшаруашылық училищесіне бағыштады.

Ы. Алтынсарин ауыл шаруашылығы мамандарын, өнеркәсіп мамандарын даярлап, шығаратын мектептер ашуды, сөйтіп, осындай игілікті істің негізін салуды арман етті. Халықтан қаражат жинап, ол Торғай қаласында ремесленое училище ашып, қазақ балаларын жалпы пәндерден тыс түрлі қолөнер кәсібі мамандығына, ұсталыққа, тері илеу мамандығына үйретті. Қостанай қаласында ауыл шаруашылық училищесін ашуға жоғары үкімет орындарынан рұқсат сұрады, бұл мектептің пайдасына, өзіне тиісті 500 десятина жері де бағыш етті. Бұл училищені ашуға жоғарғы үкімет орындарының рұқсаты Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін барып алынды. Сөйтіп, Осы ауыл шаруашылық училищесі Алтынсариннің талабы бойынша Қостанай қаласында көп ұзамай-ақ ашылды.

Ы. Алтынсарин Қазақ халқының тарихында бірінші рет педагогикалық білімнің іргесін қалады. Ол орыс-қазақ училищелерінде математика, физика, химия, география, тарих, орыс тілі, қазақ тілі пәндерін оқытты. Блаларға орыс тілін оқытуға және ана тілін оқытуға айрықша көңіл бөлу керек екендігін дәлелдеп, мұғалімдерге нұсқау берді. Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясын» орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинскиймен белгілі педагог Паульсонның хрестоматияларының үлгілерінде құрастырды. «Қазақ хрестоматиясы» 4 бөлімнен құралды: бірінші бөлім-өлеңдер мен балаларға арналған ұсақ әңгімелерден, ертегілерден құралды; екінші бөлім-үлкен кісілер тұрасындағы әңгімелерден құралды; үшінші бөлім-ел әдебиеті нұсқауларынан, әр түрлі өлең-жыраулардын; төртінші бөлім-мақалдар мен мәтелдерден құралды. «Қазақ хрестоматиясына» арналған сөз басында автор: «Ең алғашқы рет туып отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияның мүмкін кейбір кемшліктері болар, бірақ ол дегенмен, ізсіз жоғалып кетпес, ең алғашқы рет оқытылайын деп отырған кітап ретінде көзделген мақсатқа дөп келер деген сеніммен өзімді-өзім жұбатып отырмын»,-деп жазды. Ы. Алтынсариннің осы бағасының өзі де, бұл еңбектің қазақ мәдениетінде үлкен орын алатындығын, өте маңызы зор екендігін сипаттайды. Аотынсарин ғылымды дәріптеп қана қойған жоқ, ол қазақ жастарына ғылымды меңгеру жолдарын да көрсетті. Оқу барысы, тәрбие жұмысы үлгілі сатыға қойылған халық мектептерін ашты.
Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:


  1. Ы. Алтынсариннің еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі

  2. «Букварь для киргиз» - «Қырғыздар үшін әліппе» оқу құралы

  3. Ы.Алтынсарин – кемеңгер әдіскер



Әдебиеттер:

1.Шағын комплектілі мектепте педагогикалық үрдісті басқаруға мұғалімді даярлаудың ерекшеліктері. Республикалық семинар кеңестің материалдары. Өскемен ШҚМУ, 2002.

2. Шашақова А. Халық тәлімі – тәрбие бастауы. – Алматы: «Рауан». – 1994. – 112 б.

3. Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі. – Алматы: «Ғылым», 1986. – 512 б.

4. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, «Мектеп»1988.

5. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов Қазақ тілін оқыту методикасы . Алматы, 1965.

6. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. Алматы: Ана тілі, 1998.

7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966.

8. А.Ысқақов Ана тілін оқытудың түйінді мәселелері (қазақ тілі мұғалімдерінің іс-тәжірибелері, жинақ), 1972, 19-бет

9. Қ.Басымов Грамматиканы оқыту жөнінде, «Ауыл мұғалімі» журналы, 1938 ., №14

10.Досмұхамедұлы Х. Аламан/ -Алматы,1991ж.

11. Сыздықова Р. Сөз сазы / Алматы, 1983 ж.

4 Дәріс: Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі . А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы

Мақсаты: А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызын түсіну. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі жайлы мағлұмат беру

Жоспар:


  1. Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауы.

  2. ХХ ғасырдағы басылымдар.

  3. Байтұрсынұлы Ахмет – алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазған педагог ғалым.

  4. Ахмет Байтұрсынұлының мектеп туралы, оқу-білім туралы ойлары

  5. Ахмет Байтұрсынұлының «Бастауыш мектеп» атты мақаласы жайлы

Ұлы далада соғылған алғашқы қоңырау арқылы қазақ баласы мектеп табалдырығын аттады. Енді осы білім шаңырағында жүйелі түрде іргелі пән ретінде жүргізілетін сабақтардың оқулықтары мен оқу құралдары жазылып, олардың бағдарламалары жасалуы қажет болды. Бұл үлкен де ауқымды, әрі жауапкершілігі мол іс еді. Сондықтан да, ең алдымен , қазақтың көзі ашық оқығандарының бәрі де бұл іске жабыла кіріседі.

Қазақ тілін оқыту мен оның әдістемесінің қалыптаса бастауына ХХ ғасыр басында шығып тұрған «Айқап», «Қазақ», «Мұғалім», «Шолпан», «Шора», «Сана», «Жаңа мектеп» т.б. сияқты басылымдардың қосқан үлесін де айту парыз. Бұл басылымдарда жаңадан ашылып жатқан мектептердің әртүрлі мәселелері жүйелі түрде сөз болды. Ана тілін қалай оқыту керек, қазақ тілінің оқу құралын жазу мәселесі, педагогиканың негізгі ұстанымдарын анықтау жайы үнемі күн тәртібінде тұрды. Айталық, Ж.Аймауытовтың «Ана тілін қалай оқыту керек?» деген мақаласы «Жаңа мектеп» журналының № 2 санында 1919 жылы жарияланды. Мақалада қазақ тілін оқытудың өз кезіндегі өзекті мәселелері көтеріледі.

Ең әуелі география, математика, табиғаттану, педагогика, қазақ тілі, әдебиет, тарих т.б. пәндерінен қазақ тілінде оқулық жазу ісі белсенді түрде іске асырыла бастады. С.Асфендияров, Ә.Бөкейханұлы, М.Жұмабаев, Х.Досмұханбетов, М.Тынышпаев, Ж.Ақбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынұлы сынды қазақ халқының біртуар азаматтарының бұл бағыттағы бастамалары бүгінгі таңда қалың орман қауымға белгілі.

Қазақ тілінің төл оқулығын ана тілінде алғаш рет жазып, оның әуелгі терминологиясын қалыптастырған айтулы ғалым – Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлына дейін жазылған қазақ тілі туралы бірлі-жарым орыс тіліндегі оқу құралдары болғанмен, қазақ тілінде бұл мәселе көтерілмеген еді. Қазақ тілінің грамматиксына тыңнан түрен салған, оның барлық салалары бойынша алғашқы терминдерін жасап негізгі жүйесін қалыптастырған Ахмет Байтұрсынұлы болды.

А.Байтұрсынұлы Орынбор қаласындағы Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын «Учительская школаны» 1895 жылы бітіреді де, ағартушылық жұмысқа кіріседі.Содан 13-14 жыл бойы яғни 1895 жылдан 1909 жылға дейін ауылдық болыстық бастауыш мектептер мен 5-6 жылдық екі сыныптық училищелерде мұғалім болып істейді. Бала оқытумен күнделікті айналыса жүріп, оның негізгі қажеттіліктерін, қиыншылықтарын жақсы біледі.

Ахмет Байтұрсынұлы ұлт мктебінің бойына қан жүгіріп, өз аяғына тұрып кетуі үшін, ең алдымен, оның жазуы яки түсінікті де сөздің айтылуы жүесін толық белгілеі алатын әліпби қажеттігіне әсіресе қаты ден қояды. Сөйтіп, 1910 жылдан бастап қазақ жазуын жаңадан түзумен айналыса бастайды. Өзінің негізгі ғылыми ойларын ғалым 1912 жылдан бастап «Айқап» және «Қазақ» газеттерінің беттерінде жариялайды. Ұзақ ізденістен кейін автордың өзіндік әліпбиі дүниеге келеді.Бұл әліпби негізінен араб таңбасына негізделген, қазақ тіліне толық икемделген нұсқа санлып, өз кезеңінде жергілікті ұстаздар арасында үлкен қолдауға ие болды. АхметБайтұрсынұлы қазақ жазуына үлкен реформа жасайды. 1912 жылдан бастап, бұл ғылыми негізге сүйеніп жасалған қазақ әліпбиі жаңа жазу ретінде іс жүзінде қолданысқа түсе бастайды.Осы кезден бастап көптеген мұсылман медреселері мен қазақ-орыс мектептері жаңа жазу таңбасын қолданады. 1915 жылдың өзінде бұл таңбамен 15-тей қазақ кітабы жарық көреді.

А.Байтұрсынұлы реформаланған араб жазуы өз кезеңінде қазақ мәдениетінің өсіп, қалыптасуына үлкен үлес қосады. Кеңестің қатал саясатының салқынымен латын таңбасына көшкенге дейін бұл жазу қазақ арасында кеңінен тарап, көпшілік қолдауына ие болған.1924 жылғы Орынборда маусымның 12 – жұлдызында өткен « Қырғыз (қазақ) білімпаздарының тұңғыш съезінде» талқыланып, көпшіліктің қолдауына ие болғанымен, 1926 жылы Баку қаласында өткен Бүкілодақтық Бірінші Түркологиялық съезде барынша дәлелдеп баққанымен, Ахмет Байтұрсынұлының ұсынған концепциясы ақырында ұлтшылдық деп айыпталғаны бүгінгі оқырманға толық таныс.

Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің оқулығын жазыуы – қазақ тілінде қазақша жазылған оқулықтың алғашқы бастамасы болды. Автор 1912 жылы мектеп балаларына арнап, қазақша сауаттандыратын әліппені – «Оқу құралын » жазғаннан кейін, мектепте қазақ тілін пән ретінде оқытатын оқу құралын жазуға кіріседі. «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу – ауызбен сөйлсуден артық даражаға жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды. Жазумендүниенің бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сөйлегенде сөздің қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жаза білуге , қай сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатын жүйесін білу керек», - деп жазады ұлы ғалым ( Тіл құралы,173 - бет)

Заманына сай адамда дегендей, болашақ жазудың заманы болатынын көріп, тани білген ғалымның түзген әліпбиі қазақ тілінің фонологиялық сипатын дәл танытып, таңбалай алшды. А.Байтұрсынұлы жазған бұл « Оқу құралы » 1912-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып шығады.

1926 жылы А.Байтұрсынұлы « Жаңа Әліп-би» еңбегін жазады. Бұл Мемлекеттік білім кеңесінің ұсынған бағдарламасына сәйкестендіріліп, суреттермен безендіріліп, толықтырылып шығарылады.

Ахмет Байтұрсынұлының мектеп туралы, оқу-білім туралы ойлары 1914 жылғы «Қазақ» газетінің № 62 санында жарияланған « Мектеп керектері» атты мақалысында баяндалған. Онда ең әуелі мектепісіне керекті нәрсе ретінде білімді, педагогика мен әдістемеден хабары бар мұғалім деген қорытынды жасайды. «Мектептің жаны - мұғалім »- дейді ғалым. Мұғалім қандай болса, оның мектебі де сондай деген тұжырым айтады. Екінші, оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, әрі жұрттың бәрі бірдей сыйлайтын сыйлы болуы қажет деген ой айтады. Шынында да, егер ұсынған оқулық сынға ұшырап, қатесі көне-көрнеу байқалып тұрса, онымен оқуда, оқыту да ауыр екені өзінен-өзі түсінікті. Ғалымның ең қажет нәрсе ретінде тағы да айрықша бағалайтны – бағдарлама. Оқыту ісі көңілдегідей болып шығуы үшін, оның үлгісі, мерзімді өлшемі болуы қажеттігін дәл тауып, тан басып айтады.

Ахмет Байтұрсынұлы көрнекті ғалым ретінде ғана емес, әдіскер ретінде де көп еңбек еткен. Алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазумен қатар, осы оқу құралдарын тәжірибе жүзінде қалай пайдалану қажеттігі жөнінде де ғылыми тұрғыдан терең талдаулар жасайды. Бұл тұрғыдан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдістемелік ғылымның да алғашқы бастаушысы бола алады. «Баяншы», «әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектері мен « Баулу мектебі », «Жалқылау », « Қай әдіс жақсы», Дыбыстарды жіктеу атты мақалалары осының айғағы болса керек.

Ғалым өзінің оқулықтарында әріптерді балаларға тез әрі оңай үйрету үшін көптеген әдістерді пайдаланған. Ол өзі жасаған әліппидегі әріптерді үйрету үшін, ең алдымен, оны жазып үйрену үшін, тілдегі дыбыстарды тани білу керектігіне назар аударады. « Әріптерді тани білуді» мақсат ету – таңбаның негізгі белгілерін бағамдауға үйрету. Таңбаның екі негізгі белгісі бар . Бірі-сыртқы тұлғасы да, екіншісі оның мағынасы. А.Байтұрсынұлы осының екі жақтылық белгісін балаға дұрыс пайымдауға көңіл бөлген. Дыбысты меңгертіп, оның әріптік таңбасын таңбалайды.

1913 жылы жазылған « Қазақша оқу жайынан » деген мақаласында «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам , әуелі балаға үйрететін нәрселерін өте жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек » деп жазады. Мұның өзі, түптеп келгенде, ұстаздың білім-білігін жоғарлығы, бала зердесін, психологиясын танудағы шеберлігі. Ұстаз - өз білгенін ғана үйретіп қойса, ол ұстаз емес, нағыз ұстаз болу үшін оқушының білуге тиісті нрсесін үйрету парыз . Балауса бала ұстазының кей осал тұстарыболса, оны кешіре алар, ал оның білімсіздігін кешпейді . Білімсіз ұстаз – болашақтың дұшпаны. Бала уақытының ұрысы. Алдында отырған оқушының уақыт аты ұлы қазынасын алуға ешкімнің құқығы болмаса керек.

Ахмет Байтұрсынұлының «Баяншы » әдістемелік нұсқауы Қазан қаласынан 1920 жылы жарыққа шыққан. «Сөз басында » автор былай деп жазады: « Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды; оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады» (Т3л та5ылымы6 1992, 323). Мұның өзі қазіргі таңдағы бастаыш мектептерді білім беру ісіне басшы, оның негізгі оқулық жазу жүйесінде басты бағдар, талап болатын ойлар.

Жақсы оқытудың негізгі әдістерінің бірі ретінде ғалым баланың бұрынғы білген білігін ұштау, соның негізіндежаңа хабар ұсынуды басты назарда ұстаған сыңайлы. Айталық «Дыбыспен жаттығу »үшін әрбір дыбыстардысаралап алған соң, оны жазуарқылы ұғындыруда мынадай әдіс-тәсіл қолданады: «жазу дегеніміз – дыбыстың таңбасы. Әр дыбыстың әр елдің таңбасындай таңбасы болады. Таңбасына қарап қай дыбыс екенін танимыз». ХХ ғасыр басындағы бала үшін өз елінің таңбасын білу – аса күрделі дүние болмаған. Әрбір ата ана өз елінің, руының таңбасын баласының санасынасіңіріп өсірген. Міне осы жадтағы жазу жүйесін ғалым үлгі ретінде пайымдатып, санаға сәуле түсіріп алып, аналогиялық таным негізінде оның жаңа әріпке тез енуіне, түсінуіне жағдай туғыза алады.

« Оқу үйренгендегі басты мақсат – керек сөзді жаза білу, жазылған сөзді оқи білу Сөз – дыбыстың мағыналы болып тізілгені. Сөз айту дыбысты ауызбен тізу. Оқуға келген балалар сөйлей білсе де, дыбыстарды тізіп сөз шығара білмейді. Себебі олар сөздің дыбыстан тізілетінін білмейді»- деп жазады ғалым.

«Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі түзелмейді » дегенді мақсат етіп ұстаған ғалым «Қазақша оқу жайынан» атты мақаласында бала оқыту жүйесін құрудың алғашқы бастамаларын көрсетеді. Әліппеден өзге кітаптардың әлі шыға қоймағанына қынжылыс білдірген автор « ...әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастау керек. Неге десеңіз болыстық та, билік те халықта оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі. ...Жаңалыққа жастар мойынын бұрын қайырылар, халық түзелуініңүміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс» - деп жазады. Бұлай сөйлеудің ар жағында үлкен мән бар. Орыс үкіметі жүргізіп отырған оқыту саясаттың ар жағындағы орыстандыру жайы жатқанын терең сезінген ғалым, қазақ балаларын, жастарын қазақша оқытудың жайын осылайша тұспалдап жеткізіп отыр. Сондықтан да қазақ баласынң бір парасаты орысша оқып жүргенін айта отырып, «орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, керек болғанда қазақша оқығанның үстіне керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе орысша да білу қажет » екенін анық айтады.

Ғалым оқыту ісіндегі ең басты, әрі маңызды нәрсе оқуды дыбыспен жаттықтыру деп түсінеді. « Дыбыспен балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы да түзу болмақшы » дегенді нықтай айтады.

Бұл пікірлерді қазіргі кезде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгертуді қолдарына алып жүрген ұстаздар басты бағыт ретінде қолданса мақұл болар еді.

Ахмет Байтұрсынұлының «Бастауыш мектеп » атты мақаласы қазақтың бастауыш мектебі қандай болу керек ? деген мәселеге арналған. Қазақ баласын бірден орысша оқыту жөн бе, болмаса алдымен бастауышта қазақша оқытуды міндеттеу керек пе, орысша білім алған баланың ертеңі дүниетанымы қалай қалыптасады деген ұлт болашағы үшін мәні терең, мағынасы мол мәселені көтереді. « Бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір ссуық қолдан тыныш боларға керек.Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілік» - деп жазады. А.Байтұрсынұлы.

Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік бағытта жазылған « Тіл жұмсар» атты еңбегінің мәні зор. Тіл – құралдың жеке бөлшектерін түсіндіру жолын белгілеп берген бұл еңбектің қазақ тілінің әдістемесі пәнінде алатын ролі мен маңызы ерекше болмақ.

«Тіл жұмсар» - қазақ тілін оқыту әдістемесінің басы. Ғалымның өзі көрсетіп бергендей, тіл туралы еңек жазу бар да, оны балаға оқыту жүйесі бар: «Тіл құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» сол үлкен құралдың бөлшектерін, тетіктерін балаға шағындап бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап, соларды танытып, соларды жұмсату арқылы барып үлкен құралды танытады» (1992,336)

«Жақсы дерлік де, жаман дерлік те бір әдіс жоқ Олақтықтың белгісі – бір ғана әдісті болу, шеберліктің болуы – түрлі әдісті бөлу; керек орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу», - деп ой түйіндеген әдіскер-ғалым. Ахмет Байтұрсынұлының жазғандарынан алар тағылым үлгі мол. Қай кездегі мұғалім не оқытушы болса да, оқыту әдісін көп білуі шарт. Әр әдісті орынды қолдана білсе, қайсібір әдіс болса да өз орнында орынды көрінері даусыз.

Әдіскер – ғалым оқытудың дұрыс жолға қойылуы үшін,мынадай әдістемелік қағидаларды ұсынады:



  1. Жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен ұштастыру;

  2. Тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару;

  3. Сабақты алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру;

  4. Қажетсіз мағлұматтардан сақтану, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету;

  5. Баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңтаймен оқтуға, жандандыруға тырысу;

  6. Алғашқы кездегі оқыту деректің көрнекі болуы. Оған сай жобаларды дұрыс қолдану;

  7. Өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы үйрететін нәрсесіне өзі де ынталану, өзі де жақсы көру, оқытушы сүйген нәрселерді оқушы да сүйеді.

Ғалым ұсынып отырған қағиданы қай-қайсысы болса да балаға дәріс беру жүйесінде ешқашан ескірмек емес. Мектеп мұғалімі үшін үнемі есте болатын негізгі ұстанымдар деп бағамдаймыз.

Ахмет Байтұрсынұлы тіл білімінің басты салалары туралы ең алғаш қалам тартқан ғалым еді. Алғашқы сауат ашу құралы ретінде жазылған « Оқу құралынан » бастап, « Әліп-би» мен « Тіл құралда » қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет