5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет13/13
Дата05.11.2016
өлшемі2,86 Mb.
#741
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

5 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ
3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы


Дәріс сабағының

тақырыбы


Семинар сабағының тақырыбы

Көрнекі құралдар, плакаттар, лаборатория-лық стендтер

Өз бетімен дайындалу сұрақтары

Бақылау түрі

1

2

4

5

6

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихы пәні, мақсаттары мен міндеттері.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихы пәні, мақсаттары мен міндеттері.

Дәріс тезисі, сызба нұсқа слайдтар

Пәнінің жалпы мәселелері, мақсаты мен міндеті, зерттелу жайы

Жазбаша, ауызша

Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер

Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер

Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде

Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәсулулурі

Жазбаша, ауызша

Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлері.

Ы. Алтынсарин еңбектерінің қазақ тілін оқытудағы рөлі. Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлері.

Дәріс тезисі, слайд

Ы.Алтынсариннің әдістемелік ой – пікірлері

Жазбаша


Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі .

А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы



Қазақ тілін оқытудың ғылыми жолдарының саралануы. Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі .

А.Байтұрсынұлының оқулықтары мен әдістемелік еңбектерінің маңызы



Дәріс тезисі, кесте слайд түрінде


Ахмет Байтұрсынұлының әдістемелік іс-тәжірибесі .


Ауызша

Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым.

Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері



Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым.

Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері



Дәріс тезисі кесте слайд түрінде


Мағжан Жұмабаевтың әдістемелік еңбектері

Ауызша

Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі . Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері.

Жүсіпбек Аймауытовтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне қосқан үлесі . Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері.

Дәріс тезисі таблица слайд түрінде

Жүсіпбек Аймауытовтың әдістемелік ой-пікірлері

Ауызша

Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты.

Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері 

Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген үлесі. 
Шамғали Сарыбаев- әдіскер


Сейіл Жиенбаевтың ғылыми-әдістемелік еңбектерінің мазмұндық сипаты.

Сейіл Жиенбаев ұсынған қазақ тілін оқыту әдістері 

Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген үлесі. 
Шамғали Сарыбаев- әдіскер


Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде

Шамғали Сарыбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесіне енгізген үлесі. 

Жазбаша



Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі 
Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектеріне талдау 

Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі.

Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі


Ғали Бегалиевтің әдістемелік тәжірибесі 
Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектеріне талдау 

Иманбек Ұйықбаевтың әдістемелік іс-тәжірибесі.

Иманбек Ұйықбаев қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаушылардың бірі


Дәріс тезисі, мысалдарды ноутбуктан көрсету

Ғали Бегалиевтің ғылыми-теориялық еңбектеріне талдау . 

Жазбаша


Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.
Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты

Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор

Қ.Басымов еңбектерінің маңызы


Хасен Арғынов - әдіскер ғалым.
Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты

Қажым Аманғалиұлы Басымов - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор

Қ.Басымов еңбектерінің маңызы


Дәріс тезисі, кесте-слайд

Хасен Арғыновтың ұсынған әдіс-тәсілдерінің мазмұндық сипаты


Ауызша

Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны

Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Р.Әміров, Ы.Маманов еңбектерінің алатын орны

Дәріс тезисі, сызбалар слайд түрінде

Қазақ тілін оқыту әдістемесі дамуындағы М.Балақаев қосқан үлесі

Ауызша

Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым.

Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым



Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым.

Айтбай Айғабылұлы - қазақ тілі әдістемесінің дамуын өз үлесін қосқан ғалым



Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде


Талдау жүргізу

Жазбаша


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері. Жаңа бағыт, жаңа ізденістер (1969 - 1990). Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектер.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері. Жаңа бағыт, жаңа ізденістер (1969 - 1990). Оқулықтар, бағдарламалар, ғылыми еңбектер.

Дәріс тезисі

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің өркендеу кезеңдері.

Жазбаша


Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы.

Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі жайы ХІХ ғасырдағы қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы.

Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде


қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазіргі кезеңдегі оқыту технологияларынан айырмашылығы




Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер.

Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының негіздері. Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер.

Дәріс тезисі сызбалар слайд түрінде

Оқытудың жаңа технологиялары туралы түсініктер

Жазбаша


Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің тарихы


Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылуы. Қазақ тілін саралап оқыту технологиясы. Қазақ тілін қарқынды оқыту технолгиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Ұжымдық оқыту технологиясы т.б. әдістемесінің тарихы


Дәріс тезисі, кестені слайд негізінде

Қазақ тілін оқытудың жаңа технологияларының топтастырылу мәселесі

Жазбаша



7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Оқулықтардың, оқу құралдарының атауы

Саны

Студенттердің саны

Қамтамасыз ету пайызы

1

2

3

4

Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988

11

11

100%

Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965


12

12

100%

. З.Бейсембаева. Қазак тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002


12

12

100%

. Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі, А.,2000


12

12

100%

.0ралбаева Н, Жаксылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде казақ тілін оқыту әдістемесі -Алматы, 1996.


12

12

100%

А.Әбілқаев. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы-1995

12

12

50%

7. Рахметова Р.С. Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. А., 2003


12

12

100%



  1. ӘДЕБИЕТТЕР

1. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002

2. З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001

3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы /Қазақстан жоғары мектебі №1, 2004. 5-20-66.

4. Қазақ тілін оқыту методикасы. Жалпы редакциясын басқарған Б.Құлмағамбетова -Ал.:«Мектеп», 1988

5. С.Қазыбайұлы.Мектепте қазақ тілін оқыту тәсілдері.-Алматы 1997

6. Д.Әлімжанов, Ы.Маманов. Қазақ тілін оқыту методикасы- А., 1965

7. З.Бейсембаева. Қазак тілін оқыту әдістемесі.Алматы, 2002

8. Ш.Сарыбаев. Қазақтілі методикасының кейбір мәселелері. 1956

9. Қ.Т.Қабиева. Сөйлемдегі сөздердің байланысы жөнінде-Алматы: Анатілі,1985.

10. Ф.Мұсабекова. Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері-Алматы:Мектеп,1959

11. К.Ж.Бұзаубакова.Жаңа педагогикалық технология. А.,2004

12. Т.Әбдікәрімова,Т.Әбдіғалиева,К.Шәймерденова. Қазақ тілін оқыту әдістемесі,А.1999

13. Х.Арғынов. Қазак тілі методикасы. А.,1974

14. Китайгородская Г.А. Методика интенсивного обучения иностранным языкам. Москва - 1986.

15. Ф.Оразбаева. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі, А.,2000

16. М.Махмугов. Современный урок. Москва,1985

17. П.Д.Әлімжанов. Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері-Алматы,1972

18.3.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А.,2001

19.0ралбаева Н, Жаксылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде казақ тілін оқыту әдістемесі -Алматы, 1996.

20.Ильин Е.Н. Тіл табыса білу өнері. Педагогикалық ізденіс. М.,1989.

21.Ә.Ишмұхамедов. Қызықты грамматика.А., 1995

22. Жұбанов Қ «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» А., 1999

23.Құрманова Н.Ж. Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың логикалық ойлау мәдениетін қалыптастырудың әдістері мен тәсілдері. Алматы-1998.

24.Кәтенбаева Б.,Нұрғалиева М. Морфологияны оқытудың методикасы.А., 1975.

25.Әлімжанов Д. Қазақ тілінде морфологияны оқыту методикасының кейбір мәселелері.А., 1972.

26.Рахметова Р.С. Сөз тіркесі синтаксисі және оны оқыту әдістемесі. А., 2003

27. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.

28. 0разбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.

29. Жүнісбек Ә. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А., 1998.

30. Жанпеисова М.М. Технология модульного обучения.Актобе-1998.

31. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. М.Д998.

32. Гузеев В.В. Планирование результатов образования и образовательная технология. М.,2001.

33. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. А., 2000

34. Амонашвили Ш.А.,Лысенкова С.Н.,Волвов И.П.,Педагогикалық ізденіс.А.,1989.

35.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989.

36. .М.Көккөзова, САбақан. Әдіскер тағылымы. Алматы, 2000.

37. Ә.Исабаев. Қазақ тілін оқыту методикасы. Ташкент-2003.

38. А.Әбілқаев. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Алматы-1995.

39. Н.Оразахынованың «Шеберлік класы» Сатылай комплексті талдау (синтаксис). Алматы-2002.

40. Қазак тілі окулықтары мен бағдарламалары

Бақылау түрлері

Тест тапсырмалары


  1. А.Байтұрсыновтың «Қай әдіс жақсы?» мақаласы қай жылы және қандай журналда жарияланды?

А) 1926 ж. «Еңбек» журналы

В) 1926ж. «Қазақ тілі» журналы
С)  1924 ж. «Тіл тағылымы» журналы
Д) 1922 ж. « Қазақ газеті»
Е) 1928 ж. «Жаңа мектеп» журналы

  1. А.Байтұрсыновтың тілді оқытудың әдістемесіне арналған әдістемелік еңбегін атаңыз.

А) «Баяншы»

В) «Тәрбиеге жетекші»
С)  «Комплексті оқыту жолдары»
Д) «Ана тілін қалай оқыту керек»
Е) «Оқыту жайында»

  1. А.Байтұрсыновтың әдістемелік еңбектерін көрсетіңіз.

А) «Оқыту жайында», «Қай әдіс жақсы»

В) «Ана тілін қалай оқыту керек»
С)  «Сауат ашқыш», «Тіл жұмсар»
Д) «Қай әдіс жақсы», «Ана тілін қалай оқыту керек»
Е) «Тіл құрал», Тәрбиеге жетекші»

  1. А.Байтұрсыновтың Телжан Шонанұлымен бірігіп шығарған оқулығы қалай аталады және қай жылы жарық көрді?

А) «Әліпби» 1914ж.

В) «Оқу құралы» 1927 ж.
С)  «Жаңа әліппе» 1926 ж.
Д) «Тіл құралы» 1914 ж.
Е) «Сауат ашқыш» 1924 ж.

  1. А.Байтұрсыновтың Телжан Шонанұлымен бірігіп шығарған еңбегі неше бөлімнен тұрады және ол қандай материалдарды қамтиды?

А) 2 бөлім, 1-і тәрбиеге қатысты, 2-і психологияға қатысты

В) 3 бөлім, 1-і тәрбиеге қатысты, 2-і психологияға қатысты

3-і тілге қатысты


С)  2-бөлім тілге қатысты, 2-і өнерге қатысты
Д) 2 бөлім, 1-і әдебиет, тұрмыс, еңбекке қатысты

2-і ғылым, ғылыми танымға қатысты
Е) 4 бөлім, 1-і тәрбиеге қатысты, 2-і психологияға қатысты

3-і педагогикаға қатысты, 4-і ғылымға қатысты

  1. М.Жұмабаевтің әдістемелік еңбегін атаңыз

А) «Сауатты бол»

В) «Баяншы»
С)  «Оқыту жайында»
Д) «Сауат ашқыш»
Е) «Жаңа әліппе»

  1. М.Жұмабаевтің әдістемелік бағытта жазған еңбегін атаңыз.

А) «Сауат ашқыш»

В) «Оқыту жайында»
С)  «Баяншы»
Д) «Оқыту жайында»
Е) «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы»

  1. М. Жұмабаевтің «Сауатты бол» әдістемелік еңбегінде қандай әдіс қолданылған?

А) Қиыннан оңайға қарай үйрету

В) Оңайдан қиынға қарай үйрету
С)  Жалпылау әдісі арқылы үйрету
Д) Жалқылау әдісі арқылы үйрету
Е) Жалпылаулы-жалқылаулы әдіс арқылы үйрету

  1. М.Жұмабаевтің «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы» еңбегі неше бөлімнен тұрады және бөлім атауларын анықтаңыз.

А) 2 бөлім, 4 жылдық бастауыш мектебіндегі ана тілі, ана тілі сабағының сабақтан тыс түрлері

В) 2 бөлім, бастауыш мектебі, еңбек мектебі,
С)  4 бөлім, бастауыш мектебі, еңбек мектебі, 4 жылдық бастауыш мектебіндегі ана тілі, ана тілі сабағының сабақтан тыс түрлері
Д) 3 бөлім, бастауыш мектебі, 4 жылдық бастауыш мектебіндегі ана тілі, ана тілі сабағының сабақтан тыс түрлері
Е) 2 бөлім, бастауыш мектебі, 4 жылдық бастауыш мектебіндегі ана тілі

  1. М.Жұмабаевтің «Педагогика» оқулығы қашан жарық көрді?

А) 1924 ж.

В) 1926 ж.
С)  1925 ж.
Д) 1922 ж.
Е) 1928 ж.

  1. М.Жұмабаевтің «Педагогика» оқулығы неше бөлімнен тұрады және қанадай мәселелер қамтылған?

А) 2 бөлім, тәрбие мәселесі, оқыту мәселесі

В) 3 бөлім, тәрбие мәселесі, оқыту мәселесі, педагогика мәселесі
С)  4 бөлім, тәрбие мәселесі, оқыту мәселесі, педагогика мәселесі, психология мәселесі
Д) 2 бөлім, дидактика мәселесі, тәрбие мәселесі
Е) 2 бөлім, педагогика мәселесі, психология мәселесі

  1. Ш.Сарыбаевтың әдістемелік еңбегін көрсетіңіз

А) «Жаздырып үйретудің әдістері»

В) «Қазақ тілі методикасы»
С)  «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы»
Д) «Үлкендерге хат таныту методикасы»
Е) «Ана тілін оқыту»

  1. «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» атты еңбектің авторы

А) С.Жиенбаев
В) Ш.Сарыбаев
С)  Қ.Жұбанов
Д) Ғ.Бегалиев
Е) С.Ұйықбаев

  1. «Үлкендерге хат таныту методикасы», «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы» еңбектердің авторы

А) С.Жиенбаев
В) Ш.Сарыбаев
С)  Қ.Жұбанов
Д) Ғ.Бегалиев
Е) С.Ұйықбаев

  1. С.Жиенбаевтың пәнді оқыту әдістемесіне арналған еңбегін көрсетіңіз

А) «Жаздырып үйретудің әдістері»

В) «Қазақ тілі методикасы»
С)  «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы»
Д) «Үлкендерге хат таныту методикасы»
Е) «Ана тілін оқыту»

  1. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми-зерттеу әдістерін атаңыз
    А) Талдау, зерттеу, бақылау, көрнекілік әдісі
    В) Бақылау, жеке әңгімелесу, эксперисент әдісі, экскурсия әдісі
    С)  Талдау, зерттеу, бақылау, жеке әңгімелесу, эксперисент әдісі
    Д) Зерттеу, бақылау, жеке әңгімелесу, кітапты пайдалану әдісі
    Е) Жеке әңгімелесу, зерттеу, бақылау, ауызша мазмұндау әдісі

  2. Профессор Қ. Жұбанов ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселесінде алғаш болып қандай мәселені көтерді?
    А) Қазақ тілінің морфологиясын
    В) Қазақ тілінің дыбыс жүйесін
    С) Қазақ тілінің синтаксисін
    Д) Қазақ тілінің грамматикасын
    Е) Барлығы дұрыс

  3. Қ. Жұбановтың жазу теориясына негізделген жобасы қазақ орфографиясында қай жылы «Ереже» болып заңдастырылды?
    А) 1917 ж
    В) 1927 ж
    С) 1937 ж
    Д) 1947 ж
    Е) 1957 ж

  4. Профессор Қ. Жұбанов қарастырған мәселелер
    А) Буын
    В) Дыбыс үндестігі
    С) Дыбыс жүйесі
    Д) Буын үндестігі
    Е) Барлығы

  5. Ж. Аймауытовтың қандай еңбектерінде әлеумет тәрбиесінен бастап ұлттық тыныс – тіршілік, адамгершілік әлем, еңбек тәлімі, ата-ана орны, бала мінезінің алуан қырлары т.б. тақырыптар кең қаралады?
    А) Тәрбиеге жетекші
    В) Психология
    С) Жан жүйесі мен өнер таңдау
    Д) Жаңа ауыл
    Е) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс

  6. Ж. Аймауытовтың қандай мақалаларында мектеп ісі, ұлт тілі, сауатсыздықты жою қарастырылды?
    А) Емлені өзгерту жобасы
    В) Әйелді мектепке алыңдар
    С) Қазақша хат таныту әдістері
    Д) Ана тілінің оқыту әдістері
    Е) Берілген жауаптардың барлығы дұрыс

  7. Ж. Аймауытов ағартушылық, тәлім-тәрбие саласында іс-жұмыстарын қай қалаларда жүргізді?
    А) Шымкент, Семей, Ақтөбе
    В) Қостанай, Алматы, Ташкент
    С) Орынбор, Ташкент, Шымкент
    Д) Қызылорда, Өскемен, Орынбор
    Е) Семей, Өскемен, Ақмола

  8. Ж. Аймауытовтың «Көкшетауда көргендерім» атты мақаласында не қарастырылды?
    А) Өлкенің тарихи – шаруашылығы
    В) Өлкенің әдет – ғұрпы
    С) Өлкенің ауыз әдебиет үлгілері
    Д) Өлкенің мектеп, медреселерінің ағарту істері
    Е) Дұрыс жауап жоқ

  9. Ж. Аймауытов оқу-ағарту, тәлім-тәрбие тақырыбында қандай ғұламалардың шығармаларына арқау еткен?
    А) Песталоцци, Дистерверг, Оуэн
    В) Л.Н. Толстой, Н.К. Крупская
    С) Аристотель, Бэкоа, Платон, Сократ, Цицерон
    Д) В.Г. Белинский, А.И. Герцен, А.Н. Радищев, Л.В. Ломоносов
    Е) Ешкімнің

  10. Ж.Аймауытовтың хат тану ісін жеңілдету жолдарын қандай мақаласында сөз етеді?
    А) «Емлені оңайлату жобасы»
    В) «Ана тілін қалай оқу керек»
    С) «Жазу таңбаларын азайту туралы»
    Д) «Мектеп қандай болу керек»
    Е) Барлық жауаптар дұрыс

  11.  Ж. Аймауытов ұсынған тілді оқыту қалай жүру керек ?
    А) Жазу – сызу (емле) үйрету
    В) Сөйлеуге, шығарма жаздыруға төселдіру
    С) Тіл бақылау (грамматика)
    Д) Әдебиет жайынан кеңес құру
    Е) Барлық жауаптар дұрыс

  12. Ж.Аймаутов көркем әдебиетпен таныс оқушыларға қандай жұмыс ұсынған?
    А) Өзі айту
    В) Тест алу
    С) Өзі бәрін әңгімелеп беру
    Д) Еш нәрсе сұрамау
    Е) Сұрақ қою

  13. Ж. Аймауытовтың тәлім-тәрбие саласындағы алғашқы әрі іргелі еңбегін ата.
    А) «Тәрбиеге жетекші»
    В) «Тәрбие жайлы мәселелер»
    С) «Тәрбие және мектеп»
    Д) «Тәрбиелей білеміз бе?»
    Е) «Тәрбие бастаулары»

  14. Ж. Аймауытов ой жүйесінде қандай екі әдісті негізгі деп санайды?
    А) Ғылым мен дидактика
    В) Ғылым мен өнер
    С) Ғылым мен шәкірт
    Д) Ғылым мен педагогика
    Е) Ғылым мен психология

  15. Ж.Аймауытов оқытудың басты түрлеріне нені жатқызады?
    А) Сөйлеу мен қорытындылау
    В) Бірдей өздік жұмыс беру
    С) Сөйлеу мен сұрау
    Д) Өз білімдерін толықтыру
    Е) Барлығы дұрыс
    А) Кез келген

  16. Ұластыру дегеніміз не?
    А) Бір нәрсені тереңінен толғап, қарастыру
    В) Қайсыбір зат, нәрсені өзгелердің қатарына қою, ерекшелігін табу
    С) Ақыл жұмысының құрамдас бөлігі әрі бір нәрсенің басқа зат, құбылыстармен байланысын айыру
    Д) Дерек, мағлұматтарды бірте-бірте беру
    Е) Анықтамалар дұрыс емес

  17. «Тәрбиеге жетекші» еңбегі неше бөлімнен тұрады?
    А) 6
    В) 5
    С) 4
    Д) 3
    Е) 2

  18. Ж.аймауытов «Оқытудың жанама құралдарына» нені жатқызады? Қатесін тап. 
    А) Тың деректер
    В) Сабаққа қатысты материалдар
    С) Оқушымен арадағы сұрақ – жауап
    Д) Оқушымен арадағы қарым - қатынас жоспары
    Е) Оқушының қабілеттерін дамыту, жазу, сурет салу

  19. «Тәрбиеге жетекші» еңбектің әлеуметтік тәрбие негізінің тарихи өзгеруі атты тақырыпта не қарастырылады?
    А) Қоғамдағы адам орны
    В) Табиғаттағы адам орны
    С) Космостағы адам орны
    Д) Отбасындағы адам орны
    Е) Барлығы дұрыс

  20. Ж.Аймауытов тәрбиенің шын мағынасы мен мақсатын – адам табиғатымен, тұрмысымен, өмірімен байланыстырады. Бұл ретте қандай сипаттарға айрықша көңіл бөледі?
    А) Дене – сезімді зат
    В) Жан – қайраты бар зат
    С) Адамгершілік сапа
    Д) Әлеуметтік – мемлекеттік зат
    Е) Барлығы дұрыс

  21. Қазақ тілін оқыту мәселелеріне қатысты шыққан Ж. Аймауытовтың еңбектерін неше топқа бөліп қарастыруға болады?
    А) 2
    В) 4
    С) 3

Д) 5

Е) 6

37 . Ж. Аймауытов 1922 жылдан 1924 жылға дейін қай жерде мұғалімдік



қызметте болады?
А) Қызылорда
В) Қарқаралыда
С) Орынборда

Д) Семейде

Е) Шымкентте

38. Қандай мәселені сөз етсе де, қай пәнді зерттесе де, ең маңызды орынға тіл, оның тазалығы мен дұрыс қолданылуы туралы мәселені қойған педагог – ғалымдардың бірі
А) Ж. Аймауытов
В) М. Жұмабаев
С) Ы. Алтынсарин

Д) А.Байтұрсынов

Е) М.Дулатов

39. «Тіл – адам өмірінің ең алғашқы баспалдағы. Дүниедегі барлық тірлік ең алдымен тілден көрініс табады да, басқалары содан кейін іске асады» - қай автордың сөзі.


А) А. Құнанбаев
В) Ж. Аймауытов
С) Ы. Алтынсарин

Д) А.Байтұрсынов

Е) М.Дулатов
40. Ж. Аймауытовтың пікірінше, тілді сапалы меңгеру үшін, баланың ----- жетілдіру – ең маңызды шарт.
А) Қиялын
В) Ынтасын
С) Сөйлеу қабілетін

Д) Ойлау қабілетін

Е) Ақыл есін

41. Сабақты жүйелі оқытуға қатысты жарияланған Ж. Аймауытов еңбегі


А) «Ана тілін қалай оқыту керек»
В) «Тіл туралы»
С) «Комплекспен оқыту жолдары»

Д) «Тәрбиеге жетекші»

Е) «Психология»
42. Ж. Аймауытовтың «Комплексті оқыту жолдары» кітабынан жарық көрген мақаласы:
А) «Комплекс жүйемен сабақ беру тәжірибеміз»
В) «Ана тілін қалай оқыту керек»
С) «Қазақша хат таныту әдісі»

Д) «Жан жүйесі және өнер таңдау»

Е) «Біздің Отан»
43. Қай жылдар аралығында Жүсіпбек Шымкенттегі педагогикалық техникумның директоры қызметін атқарады?
А) 1920 – 1922 жылдар аралығында
В) 1922 – 1924 жылдар аралығында
С) 1926 – 1929 жылдар аралығында

Д) 1929-1931 жылдар аралығында

Е) 1924 – 1929 жылдар аралығында
44. М. Жұмабаевтың бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолдарын сөз етіп, нақты әдістемелік нұсқаулар беретін еңбегі қайсысы?
А) «Сауатты бол»
В) «Бастауыш класта ана тілі»
С) «Сын»

Д) «Жазылшық оқу құралдары һәм мектебіміз»

Е) «Бала тәрбиелеу жолдары»
45. Молдағали Жолдыбайұлы: «Кітап 63 бет, қағазы жақсы-ақ. Қаріп басқан бояуы анық. Қаріптері түйедей, оқуға аса қадірлі, ішінде он бір сурет, екі диаграмма бар: бұдан бұрын қазақша кітаптарда болмаған қымбат нәрсе» деп Мағжан Жұмабаевтың қай еңбегіне баға берген?
А) «Сауатты бол» әліпби
В) «Қарап шығушыдан»
С) «Сын»

Д) «Педагогика»

Е) «Бала тәрбиелеу жолдары»
46. М. Жұмабаев әдістемелік еңбегінде ........ бойынша әңгіме жүргізу жұмысын айтады.
А) Сызба
В) Сурет
С) Сөздер

Д) Дыбыс

Е) Әріп
47. М. Жұмабаев бастауыш сыныптың І – ші жылына ұсынған дағдыландыру жұмыстарын көрсет
А) Салған суреттерінің астына өзінің атын жаза білуі
В) Бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айта білу
С) Әдебиет әсеріне шамасынша түрлі жақтан баға бере білу, күнделік жүргізе білу

Д) Тақтадан, кітаптан сауатты көшіре білу

Е)  Әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу
48. М. Жұмабайұлы бастауыш сыныптың ІІ – ші жылына ұсынған дағдыландыру жұмыстарын көрсет 
А) Мектептің оқу үйін басқаруға жәрдем қылу
В) Әңгіменің бір бөлімін алып тастап айта білу
С) Тақтадан, кітаптан сауатты көшіре білу

Д) Бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айта білу
Е) Салған суреттерінің астына өзінің атын жаза білуі
49. М. Жұмабайұлы бастауыш сыныптың ІІІ – ші жылына ұсынған дағдыландыру жұмыстарын көрсет .
А) Аздан жаттаған өлең, мысалдарын дұрыс, ашық айтуды оқи білу
В) Ұсынған әңгімелерін һәм басынан кешкен оқиғаларды мұғалімнің жетекші сұрауларының жәрдемімен қайта ауызекі айтып бере алуы
С) Бастан кешкен оқиғалар бойынша ойдан әңгіме құрастыруға тәжірибе жасау

Д) Бір белгілі әңгімеге ұқсас екінші әңгімені ойдан шығарып айта білу
Е) Салған суреттерінің астына өзінің атын жаза білуі

50. М. Жұмабайұлы бастауыш сыныптың ІҮ – ші жылына ұсынған дағдыландыру жұмыстарын көрсет .
А) Жазбаша баяндама һәм есеппен шығып жиылыстарда сөз сөйлеу
В) Естіген, көрген, оқығанын сахнаға айналдыру
С) Бастағы әңгімені толық қылып жаза білу
Д) Аздан жаттаған өлең, мысалдарын дұрыс, ашық айтуды оқи білу
Е) Ұсынған әңгімелерін һәм басынан кешкен оқиғаларды мұғалімнің жетекші сұрауларының жәрдемімен қайта ауызекі айтып бере алуы
51. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесінің мазмұны:
A) мұсылманша сауат ашу;
B) орыс тілінде дәріс беріп, жалпы білім негіздерін үйрету;
C) дін негіздерін оқыту;
D) тек есеп сабақтарын жүргізу;
E) жоғарыда аталғандардың барлығы
52. «Букварь для киргиз» - «Қырғыздар үшін әліппе» оқулығының авторы кім?
A) А.Е.Алекторов;
B) С.Н.Граменицкий;
C) В.В.Васильев;
D) Л.Н.Толстой;
E) Ы.Алтынсарин

53. Тілдік материалды жеңіоден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге қарай оқыту керек деген дидактиканың принципін өте тиянақты ұстаған және кез келген тілді үйретуді «қарыптан», яғни, әріптен, әліпбиден бастау қажеттігін ұсынған ғалым.

A) А.Байтұрсынов

B) С.Жиенбаев

C) Ы.Маманов
D) Ж.Аймауытов
E) Х.Досмұхамедов

54. Синтаксисті оқытуды зерттеген ғалым

A) С.Жиенбаев

B) Т.Қордабаев

C) Х.Арғынов
D) К.Жақсылықова
E) Ф.Оразбаева

55. Қазақ тілі орфаграфиясын жазуға белсене қатысып, «Жаңа әріп, пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктері», «Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек» сияқты еңбектердің авторы

A) И.Ұйықбаев

B) Н.Оралбаева

C) Қ.Жолымбетов
D) Б.Кәтенбаева
E) Қ.Басымов

56. А.Байтұрсынов негізін салған әдіс

A) Түсіндірмелі әдіс

B) Салыстырмалы әдіс

C) Эвристикалық әдіс
D) Дыбыс негізінде сауаттандыру әдісі
E) Әңгіме әдісі

57. Қазақ тілін оқыту әдістемесі

A) Қазақ тілінің бір саласы

B) Дидактика

C) Педагогиканың бюір тармағы
D) Әдіс-тәсілдер жиынтығы
E) Қоғамдық ғылымдар саласы

58 Диктанттың түсіндірмелі, терме, өздік шығармашылық, еркін, сөздік және бақылау сияқты түрлерін ұсынған ғалымды көрсетіңіз

A) Қ.Жолымбетов

B) И.Ұйықбаев

C) Е.Көшербаев
D) Ә.Хасенов
E) Қ.Басымов

59. Қазақ тіліндегі тыныс белгілерін оқытудың әдістемесін жан-жақты зерттеген ғалым.

A) Ш.Әуелбаев

B) К.Жолымбетов

C) Д.Әлімжанов
D) Б.Құлмағанбетова
E) Ы.Маманов

60. Қазақ тілінің грамматикасын оқыту мәселесін қарастырып, «Грамматика оқыту жөнінде» атты еңбек жазған ғалым.

A) Ғ.Бегалиев

B) Қ.Басымов



C) Ш.Сарыбаев
D) Н.Оралбаева
E) Ы.Алтынсарин

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет