5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет1/13
Дата05.11.2016
өлшемі2,86 Mb.
#741
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

УМКД


УМКД 042-16.1.32/03-2013




УМКД

« Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері

пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар



______2013 жылғы

№ 3 басылым










5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған

«Қазақ тілі әдістемесінің мәселелері»
ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР









СЕМЕЙ


2013
Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

4 Студенттердің өздік жұмысы



1 ГЛОССАРИЙ
Әдістеме — педагогика ғылымының жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін бір саласы. Тұтасынан алғандағы жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту Әдістемелері бар.

Аймауытов Жүсіпбек– көркем сөз шебері, психологияны оқытудың мәнісін көрсеткен ғалым. Жас ұрпақты халықтық рухта тәрбиелеуге үлкен мән беріп, баланың жан дүниесіне үңілу , оның дұрыс өсіп, қанат жаюына көмек көрсету мәселелеріне талдау жасаған. «Тәрбиеге жетекші», «Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері» атты кітаптары, «Тәрбие», «Әдет заңы», «Ана тілін қалай оқыту керек» атты мақалалары жарық көрген.

Айғабылұлы Айтбай - қазақ тілі әдістемесінің дамуына үлкен қосқан ғалым. «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» (1982), «Қазақ тілін оқыту методикасы» (1988) атты еңбектері жарық көрді. «Ережеден дәлдік – оқыту сапасының көрсеткіші» атты мақаласы бар.

Арғынов Хасен - әдіскер ғалым. «Қазақ тілі методикасы. Синтаксис. Пунктуация» атты еңбегі қазақ тілінің әдістемесінде жеке сала бойынша жүйелі курс жасаудағы іргелі зерттеу болып саналады. Қазақ тілін оқыту әдістемесін пән ретінде жаңа сатыға көтерді.

Әлімжанов Дәулет - қазақ тілінің оқыту әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан ғалым. Филология ғылымдарының кандидаты Ы.Мамановпен бірге «Қазақ тілін оқыту методикасы» атты оқулықты 1965 жылы «Мектеп» баспасынан шығарды.

Әмір Рақыш – қазақ тілі әдістемесінің мәселелерін зерттеген ғалым, п рофессор. Мектеп бағдарламасына сәйкес арналып жазылған еңбектері: «3-класта бірыңғай мүшелерді оқыту», «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуды жақсартайық», «10-класқа сөз құрамын оқыту», «Қазақ тілін тереңдетіп оқыту жөнінде», «Қазақ тілін орыс мектептерінде оқыту методикасы», «Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту», «Қазақ тілі оқулығын (3-класс) пайдалану жөнінде методикалық нұсқау», «Орыс мектептерінің 2-3 кластарына арналған қазақ тілі оқулығын методиклық нұсқау», «1-класта қазақ тілін оқыту»; «1-класта оқушылардың тілін дамыту үшін істелетін жұмыстар»; «Грамматика, емле, тіл дамыту»; «Қазқ тілі»; «Қазақ тілі. 3 жылдық бастауыш мектептің 1-класына арналған оқулық»; «Қазақ тілі. Сегіз жылдық мектепті» 1-класына арналған»; «Қазақ тілі. 2-класқа арналған»; «Қазақ тілі. Грамматика, емле, тіл дамыту. 2-класқа арналған»; «2-3 класқа қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау»; «Қазақ тілі орыс мектептері үшін»; «Қазақ тілі. 3-класс начальной русской школы»; «Қазақ тілі. 3- класқа арналған»; «3-класс. «Қазақ тілі» оқулығына методиклық нұсқау (мұғалімге арналған көмекші құрал)»; «Қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау (орыс мектептеріне» 3-класына арналған)»; «Қазақ тілі. 4-класқа арналған оқулық»; «Қазақ тілі оқулығы бойынша жаттығулар. 8-сыныпқа арналған».

Байтұрсынұлы Ахмет – алғашқы әліппе, оқулық, тіл құралдарын жазған педагог ғалым, қазақ тілінің оқыту әдістемесін негіздеген, әдістеме ғылымының көш басшысы, қазақша сауаттандыратын әліппені – «Оқу құралын » жазған, «Баяншы», «әліппе астары», «Нұсқаушы», «Тіл жұмсар» әдістемелік еңбектері мен «Бастауыш мектеп», «Жалқылау », « Қай әдіс жақсы», «Дыбыстарды жіктеу» атты мақалалар жазған. Сауат ашу құралы ретінде жазылған « Оқу құралынан » бастап, « Әліп-би» мен « Тіл құралда» қазақ тіл білімінің басты әрі негізгі терминдерін жасады.

Басымов Қажым - мәдениет қайраткері, қажырлы педагог, профессор қазақ мектептері мен институттарын өркендетушілердің бірі. Оқыту әдістеріне байланысты «Грамматика оқыту жөнінде », « Емле сөздігінде негізгі тиянақ керек», « Қысқарған сөздерді дұрыс жаза білейік », «Түрлі-түсті сөздерді » деген мақалалары бар.

Бегалиев Ғали - әдістеме ғылымына өзіндік үлес қосқан ғалым.

«Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы »(1940), «Әріп, дыбыс,буын», «Бастауыш мектепке бірнеше класты бір уақытта оқыту туралы»(1950), «Грамматика таблицалаларына нұсқау.» «Қазақ мктептерінің 4 класы үшін мұғалімдерге көмекші құрал» (1959) сияқты әдістемелік еңбектері бар.



Жұмабаев Мағжан – педагог, әдіскер ғалым. «Педагогика», (1922), «Ана тілі», (1923), «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту методикасы»(1925), «сауатты бол»(1926), «Ересек шала-сауаттылар программасы»(1926) сияқты еңбектері мен оқу ағарту мәселелеріне арналған мақалалары бар.

Жиенбаев Сейіл – қазақ тілін оқытудың әдістемесі пәнінің арнайы сала ретінде қалыптасуына үлес қосқан ғалым. « Бастауыш мектептегі қазақ тілінің әдісі», «Үлкендерге хат таныту методикасы», «Үлкендерге ана тілін оқыту методикасы», «Бастауыш мектепте кітап оқыту методикасы»,«Қазақ тілінің методикасы», «Грамматикалық таблицалар» т.б. сияқты еңбекер жазған.

Маманов Ыбырайым - қазақ тіл білімі мен әдістемесіне өзіндік үлес қосқан әдіскер ғалым. «Айман-Шолпан» жырында атақты Маман байдың ұрпағы. «Етістік», «Қазіргі қазақ тілі. Лекциялар курсы» атты зерттеулері жарық көрді.

Ұйықбаев Иманбай - әдіскер ғалым. «Мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілі методикасының очерктері» әдістемелік еңбектері мен орта мектептің 8,9 сыныптарына арналған оқулықтары бар. «Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші» атты еңбегі жарыққа шыққан.

Сарыбаев Шамғали – қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін басқан ғалым. «Түрліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы», «Емле жүйелері», «Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары», «Грамматикалық мағына деген не?», «Табыс жалғауының тасалануы», т.б. ғылыми мақалалары жарыққа шықты. «Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері» кітабы бар

2 Дәріс сабақтарының мазмұны
1 Дәріс. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы, даму тарихы және мәселелері. Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері пәні, мақсаттары мен міндеттері.

Мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесі мәселелері пәні, мақсаттары мен міндеттері, пән ретінде қалыптасуы және даму жолдары туралы мағлұмат алу

Жоспар:

1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы

2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы түсінік.

3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы.


«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» - институттың филология бөлімдерінде бастауыш және орта мектеп үшін мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім мен практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәннің құрамдас бөлігі.

Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.

Тіл – халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі – тілі. Тілдің қасиетін түйсіну – ұрпаққа парыз.

Пәннің негізгі мақсаты – студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылым болып бірден қалыптасқан жоқ. Оның да өзінің тарихи даму жолдары бар. Қазақ халқының тарихында баланы ана тілінде оқыту және оқыту әдісіне көңіл бөлу ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннен басталды десек, бүгінгі деңгейге жету жолында басқа да бірқатар ғалымдар бұған елеулі үлес қосты. Қазақ балаларына ана тілін оқытудың жолын, принциптерін, қағидасын, маңызын, жолдарын көрсеткен ұстаз еңбегін қысқаша баяндауды мақұл көрдік.

Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы – ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретәінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті. Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасында біз бұл пәнді қалыптастырып, дамытқан ғалымдар еңбектерін саралап, жүйелі түрде беруге талпындық



Негізгі тапсырмалар, сұрақтар:

1 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы

2. Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы түсінік.

3. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің пайда болуы және даму тарихы.



Әдебиеттер:

1.Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – 1990. – 448 б.

2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеу. – Алматы, 1990. – 365 б.

3. Басымов Қ.А. Грамматиканы оқыту жөнінде // Ауыл мұғалімі, 1938. - №4, июль, - 26-27 б.

4. Аханов Қ. «Қазақ тілі» оқулығына нұсқау. – Алматы, 1975. – 52 б.

 

2 Дәріс: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары. Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі. Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер. Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер



Мақсаты: Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары туралы мағлұмат алу. Оқушыларға ХІХ ғасырдағы оқу жүйесі туралы түсінік беру. Ауыл молдаларының мектепке қосқан үлестерін таныту. Қазақ зиялыларының қазақ даласында ашқан мектептері туралы мағлұмат беру

Жоспар:

  1. ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу – ағарту ісінің қалыптасқан белгілі жүйесі.

  2. А.Яссауидың даналық мектебінің болуы.

  3. Мектептердің жалпы басқарылуы мен бағыттары

Адамзат баласының мәдени, рухани кеңістігіне назар ауарар болсақ, олардың биікке көтерілуінің, бойын түзеуінің, жоғары өрлеуінің басты шарты өнер мен білім екенін аңғарасыз. Елдің рухани өркендеуі, мәдениетінің биіктігі, ең алдымен, көкірек көзінің ашықтығымен, санасының саулығымен, білімділігімен де байланысты. Бүтін халық мәдениетінің биік деңгейі, тек ел арасынан шыққан ұлылардың үлкен тізімімен ғана анықталмасы анық. Сондай ақ, жалпы халықтың, сауаттылығы, таным – түсінігінің кеңдігімен де сипатталады. Осы орайда қазақ жұртының жалпы сауаттылығының деңгейін анықтайтын мектеп – медреселердің болуы, олардың ерекшелігі мен басты бағытын анықтаудың өзектілігі айқын.

ХІХ ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу – ағарту ісінің қалыптасқан белгілі жүйесі болғаны туралы нақты тарихи дерек жоқтың қасы. Дегенмен, қалалы жерлерде оқу ісінің белгілі сипаты болғанын ешкімжоққа шығара алмасы анық. Басқасын былай қойғанда, Әбу Насыр әл-Фараби ибн Синалардың, М.Қашқари мен Ж. Баласағунидің, А.Югнеки мен А. Яссауидың алғашқы білім алған жерлері осы түркілік топырақ екені баршаға белгілі. Тақыр жерге шөп шықпайды дегендей, бұл ғұламалардың өнген, өскен ортасында білім ошақтары болғаны рас. Мұның үлкен айғағы А.Яссауидың даналық мектебінің болуы, оның шәкірттерінің даналық жолды жалғастыруы дер едік.

Дей тұрғанмен ХІХ ғасырға дейінгі болған бірлі – жарым білім беретін орындар жалпы оқу ағарту жүйесінің құрылымын құрай алған жоқ. Бәлкім бұл халақтың әлеуметтік- экономикалық, мәдени өмірінің кешеуілден қалуымен де, көшпелілік өмір салта мен де байланысты болар. Көшпелілік тұрмыс оқытудың көпшілікке арналған түрінің қалыптасып дамуына жағдай жасай алмады. Есесіне халық ауыз әдебиеті, ауызша шығаратын ақындық өнер, айтыс өнері, шешендік өнер т.б. барынша дамыды.

Қазақстанда мектептердің жүйелі түрде ашыла бастауы, орыс үкіметінің ықпалымен байланысты.

ХҮІІІ ғасырда Ресей империясының күшейген, саяси үстемділікке қол жеткізу үшін, жан – жақты ықпалды қимылдар жүргізгені тарихтан белгілі. Қазақ елін, өзге де түркі тектес мемлекеттерді отарлық елге айналдыру мақсатында саяси, мәдени, экономикалық жағынан жан-жақты құрылған бағдарламаның негізінде көптеген іргелі әрекеттерді іске асырғаны да жасырын емес. Бұл туралы профессор Мекемтас Мырзахметов « Әріптер неге өзгерген » деген мақаласында былай деп жазады: «Ұлы дала төсін жайлаған қазақ елі мен Түркістан өлкесіндегі түркітілді халықтарды отарға айналдыру және оларды рухани құлдықта ұстау үшін, біртіндеп ретіне қарай шоқындырып, орыстандыру арқылы бүтіндей бір саяси организмге айналдыру саясаты қолға алынып, жолға қойыла бастады.» / Түркістанда туған ойлар, 1998, 47 б./. Ғалым патшалық Ресейдің қазақ арасында қазақ – орыс мектептерін ашуының, қазақ қыздарын орысша оқытуды алдымен қолға алуының басты себептерін нақты ашып көрсетеді. « Өйткені заман жағдайына байланысты тез арада арасын ажыратып бөлек ұстау үшін, алдымен қазақтарды орыс жазуына көшіру арқылы бір-екі ұрпағы алмасса – ақ болады, оларды көршілерінің діни, мәдени әсерінен аулақтататын, тезірек орыстандыра аламыз деп ой түйді » / сонда,51 б./.

Осылайша, ХVIII ғасырдың аяғында, яғни 1786 жылы Омбы қаласында ең алғаш тілмаштар даярлайтын мектеп ашылды. Бұл мектептің ашылуының өзіндік ішкі қажеттіліктері болғаны да белгілі. Мұның өзі, түптеп келгенде, сол кезеңдегі орыс үкімтінің жүргізген саяси бағыттарымен байланыстырылады. 1789 жылы дәло осындай тілмаштар мектебі Орынборда ашылады.

ХІХ ғасырдың бірнші жартысында бастап қазақ байманаптарының, ауқатты адамдарының балалары Кадет корпустарына қабылдана бастайды. Ал 1867 жылы Түркістан өлкесі құрылғаннан кейін орыс үкіметі мен жергілікті өкімет орындары да ұлт мектептерінің ашылуына көңіл бөле бастайды.

1870 жылы 26 наурыз айында орыстың оқу Министірлігі Россиядағы орыс емес халықтарды оқыту жөнінде қарар қабылдайды. Осы қарар негізінде қазақ арасында көптеген оқу орындары дүниеге келеді. Заң жолының ырқымен ашылған мектептердің жалпы басқарылуы мен бағыты әр түрлі бағытта болған.

Миссионерлік бағыттағы ағарту жүйесі

Бұл мектептер, негізінен, орыс тілінде дәріс беріп, жалпы білім негіздерін үйретумен айналысты, тілмаштық іс жүйесін үйретті. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ақмола мен Семей өңірінде мектеп-интернаттар ашылды. Кейін көп ұзамай олар ауыл шруашылығы училищелері болып қайта құрылды. Осындай мектептер кейін Орал мен Торғай аймақтарында, одан кейін Жетісу, Сырдария облыстарында ашылады. Жер – жерде екі кластық орыс – қазақ училищелерінде дәріс беріле бастайды. Ресми мәліметтерге қарағанда, 1911 жылы Қазақстанда 350 оыс –қазақ училищесі жұмыс істейді де, онда барлығы 6756 қазақ баласы оқиды. Орыс – қазақ мектептерінде бірінші жылы ана тілі, орыс тілі, арифметика, ән-күй, дін сабағы жүрген. Ал екінші жылы тарих, география, жаратылыс тану пәндері оқытылған.

ХІХ ғасырдың 70-80 жылдары оқу жүйесінде К.Д. Ушинскийдің, Л.Н. Толстойдің, Н.Ф.Бунаковтың, В.И.Водовозовтың, И.Д. Тихомировтың, А.Я. Гердттің, Ы.Алтынсарин және И.Я. Яковлевтің оқулықтары кңінен пайдаланды. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында А.В Васильевтің «Букварь для киргиз» - «Қырғыздар үшін әліппе», А.Е Алекторовтың « Русско – киргизская азбука » - « Орыс – қырғыз әліппесі», «Киргизская хрестоматия», «К мудрости ступенька», С.Н. Граменитскийдің «Книга для чтения» т.б. оқу құралдары пайдаланылды.

Ислам дінін уағыздаушы ауыл молдалары ашқан мектептер

Мұндай мектептердің де өзіндік ролі мен орны, маңызы ерекшке болды. Халықтың қолдауының арқасында бұл оқыту жүйесі ауыл-ауылда кеңінен тарады. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының үлкен тобының қалыптасуының негізі осы мектеп үлгісі десек қателеспеген болар едік. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің қазіргі аяулы тұлғалары, мәдениет корифейлерінің әуелгі ұстазы осы ауыл молда – мұғалімдері болған. Әптиектен бастап оқытып, олардың мұсылманша сауатын ашуына ықпал жасады.

Абай Құнанбаев – жас кезінде ауыл молдасынан сабақ алған соң, Ғабул-Жапардың, кейін Ахмет Ризаның медресесінде оқиды, Сәбит Дөнентаев – 1911-1912 жылдары Қасым қолжаның медресесінде оқыған; Сұлтанмахмұт Торайғыров – алдымен ауылда Әлі, Тортай, Мұқан есімді молдалардан, кейін - Әбдрахман молданың медресесінде екі-үш жылдай оқиды; Бейімбет Майлин – алғаш Әбдархман Сатыбалдин деген татар мұғалімінен сабақ алған, кейін Арғынбаев деген кісінің медресесінде екі жылдай оқыған; Мұхаметжан Қаратаев – алғаш Әбіласан, Әбдікәрәм деген кісілерден сабақ алған. Әбіласан – заманындағы өте білімді мұғалімдердің бірі болса керек. Жаратылыс тану мен әдебиеттен, мәдениеттен көп тағылым бере алған. Кешеге дейін Қорғасын атты мекендегі мектеп Әбіласан атында болып келген.

Ауыл молдаларының негізгі білім тірегі – Құран Кәрім болғаны аян. Жалпы адамзаттық дамуда ерекше маңызға ие болған ұлы Құран Кәрімнің негізгі аяттары мен сүрелерінің мән-мағынасының түсінігінің ел ішінде таратудың, оның халық өміріндегі маңызын айтудың, түсіндірудің жеңіл іс еместігін атап айту қажет. Қай заманда болса да адам баласы өмірдің мәнін түсінуге, оның жұмбақ кілтін іздеуге, тануға талап қылған. Өмірдің мәнін іздеге біреулер философияға ден қойса, енді бірулердің бағы өнерде жанған. Өмірдің өз болмысының күрделі ғажайыптары мен жұмбақ әлемін алдына жайып салмаса да, дала баласының ойына ойлану нұрын сеуіп, Аланның бірлігі мен барлығы туралы ұлы тұжырымдарды түсіндіруі, Құранның түсінігін пайымдатуы ауыл молдасының ағартушылық еңбегі екендігін атап өту қажет.

Дала заңының өзіндік ұстанымдары болды, тәңірлік діннің ерешелігі мен айырмашылығы бола тұра, дүниетанымдық ерекшеліктерін ислам діні ұстанған парыздармен ұштстыра білді. Осында йекі түрлі дүниетанымның сабақтаса, ұштаса, бірлесе қимыл бағдар жасауына ауыл молдаларының қосқан үлесі мол.

Қазақ зиялылары ашқан зайырлы мектептер

Мұндай мектептерде білім салалары толық оқытылып, халықтың дәстүрлі мен салты негізінде білікті кәсіби мамандар сабақ берді.Жәңгір мектебі, Айғаным медресесі, Мамания мектебі және Ы.Алтынсарин ашқан мектептерде тарих, география, есеп, қазақ тілі, ескіше оқу, дін сабағы сияқты іргелі, негізгі пәндерден дәрістер берілгені белгілі.

Бөкей ордасыныңатақты ханы Жәңгірдің бастамасымен 1841 жылы қазақ жерінде тұңғыш зиялы мектеп ашылады. Басқа да мектептер сияқты мұнда да жергілікті халыққа білім нәрін берумен саналы түрде айналыса бастайды. Ғылымның негізгі салаларынан дәрістер оқытылады. Оқытушылар әр жерден шақырылып, таңдап алынады.

Дарынды деп танылған мектеп бітірушілер өз білімдерін Ташкент пен Бұхара қалаларында жлғастыруға мүмкіндік алады.

Қазақ даласындағы рухани ойдң оянуына өз үлесін қосып, далаға өркениеттің дүбірін жеткізуге себепші болған мектеп – ұяның бірі – Мамания мектебі. Жетісудің текті руларының бірінен шыққан атақты маманбай өз өз қаржысына мектеп ашып, ел балаларына тегін білім беру деңгейіне көтерілген. Оқу орны 1899 жылы Қарағашта ашылып, негізін қалаушы Маман байдың есімімен аталды. Зерттеушілер мамания мектебіне сол кездің алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлерінен құрылған оқытушылар сабақ бергенін жазады. Мәселен, Ғ.Мұсабаев, М.Малдыбаевтар осы мектепте дәріс береді. Атақты ғалым М.Тынышпаев пен Петербор университетінің түлегі Б.Сырттанов мектеппен іскерлік қарым-қатынас болған.

Мектептің салыну жобасы, оқу бағдарламасы, ішкі ережелері Уфадағы « Ғалия » медресесі үлгісінде құрылған. Сабақтар ана тілінде жүрген. Математика,физика, география,табиғаттану, тарих, ана тілі, араб және орыс тілдері, құран оқытылады. Мектеп түлектеріне тек негізгі пәндерден білім беріліп қана қойәмай, мәдениет пен өнер түрлерінен де сабақтар өткізіледі. Қазақ ақыны Иляс Жансүгіров өз білімінің бастауын осы мектептен алады. Осындағы театрлық қойылымдарға қатысады.

Өз заманының әрі қоғам қайраткері, тұңғыш педагог – жазушы, қазақ балалары үшін дүниетанымдық ғылымдар негізін оқытатын алғашқы білім ордасын ашушылардың бірегейі – Ыбырай Алтынсарин екені белгілі жайт. Қазақ елін қараңғылықтан алып шығып, көкірек көзін ашқан, халық рухының қамқоршысы болған Ыбырай Алтынсарин еңбегінің жалпы қазақ мәдениетінде алатын орны ерекше. Ал педагогика тарихы мен оқыту жүйесінің шежіресінде бұл есім алтын әріптермен жазылады. Жастарға өмірлік оқудың есігін ашып, өнер-білімнің алғашқы бастаушы бола білген Ыбырай Алтынсаринның алғашқы қадамы 1861 жылы Торғай даласында келіп, мектеп ашудан басталады. Жергілікті орындардағы жағдай әкімшіліктің қарсылығына ұшыраған алғашқы бастама сәтсіздеу болады. Бірақ Ыбырай ел ішінде жүріп мектептің пайдасы мен болашағы,н түсіндіре жүріп, өз үйінде 4-5 баланы оқытып, жаңа мектеп ісінің әуелгі кірпішінің қалайды, негізін салады. Алғашқы мектеп Торғайда 1964 жылы ашылады. Онда он төрт қазақ баласы оқуға келеді. Мектеп бағдарламалары уездік училищелердің оқу жоспары және оқу бағдарламаларымен жұмыс істеуге тиіс болды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметінде тағайындалады. Бұның өзі ұстаз – ақынның барлық қайрат –жігерімен қызмет істеуіне мол мүмкіндік береді. 1879 – 1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде - Торғайда, ырғызда, Троицкіде, Ақтөбеде жаңа мектептер өз оқушыларын қабылдайды. 1883 жылы Торғай қаласының өзінде қолөнер мектебі жұмысын бастайды. Бұл мектеп қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болады. 1886 жылы Ы.Алтынсариннің тікелей қатысуымен Орынборда қазақ мұғалімдер даярлаудың нағыз орталығына айналды.

Ыбрай Алтынсариннің негізгі прогресшіл оқытушылық көзқарасының қалыптасуына К.Д.Ушинскийдің пдагогикалық идеялары көп әсер еткені туралы зерттеушілер талай рет жазған еді. Оның ұйымдастырған орыс-қазақ мектептерінің түрі қазақ халқының әлеуметттік тұрмыс жағдайына сәйкестендіріледі. Сондықтанда мұндай мектептер ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақ даласының көпшілік аймақтарында ашылды. Бірақ сол кездегі патша өкіметінің саясаты мектептің кең тынысы жұмыс істеп, халық ағарту ісімен айналысуына толық мүмкіндік бере қоймайды.

Қазақ даласында ашылған мектептерде Ыбырай Алтынсарин қаламынан 1879 жылы шыққан « Қазақ хрестоматиясының » маңызы мен ролі ерекше болды. Еңбектің алғы сөзінде ұлі ұстаз былй деп жазады : «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден , осы біздің ана тілімізге тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың мектепте тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім».

Ел өмірімен жете таныс, қазақ өмірінің күнделікті тіршілік тұрқын жақсы білетін Ыбырай үшін кез келген тәрбиелік мәні бар нәрсе қалтарыста қалмады. Сондықтан да ол былай деп жазады: «Мен қазақ балаларын ұқыптылыққа, тазалыққа, отырықшылық тұрмыстың артықшылығына, мысалы құрғақ жылы бөлмелерде тұруға үйретудің өзі қазақ даласында тәрбиелік мәні бар жұмыс деп білем».

Арқаның Қарқаралы өлкесінде Құнанбай қажы мешітінде үлкен медресе жұмыс істегені белгілі. Онда сабақ береген ұстаздардың көпшілігі Уфадағы «Ғалия» медресесінің түлектері болған. Өз кезінің нәзирагөй ақындарның бірі, қазақтың мақал-мәтелдерін алғашқылардың бірі болып жинап бастырушы Кашафуддин Шахмарданұлы осы медреседе ұзақ жылдар бойы дәріс берегн. Қазақ тілінде көптеген кітаптар шығарған. Қазақ балаларына аранапЫбырай Алтынсарин жазған «Кел, балалар, оқылық» өлеңін өзінше толғап, ұзақ өлең шығарады. Халықты өнер білімге, ислам дініне насихаттауда көп еңбек сіңіреді. 1897-1898 жылдары Кашафуддин Шахмарданұлы 20-дан астам ктап бастырып шығарып, халық арасына таратады. « Махулат», «Маизурат», «Әдепті бала», «Ахуал» сияқты жинақтарының халық арасында ағартушылық идеяны жүзеге асырудағы маңызы ерекше болады.

Ғасыр басындағы қазақ халқының оқуға, білімге деген сұранысына сәйкес көптеген оқулықтар орыс тіліненен аударылып та басылып жатты. Орыс тіліндегі әдебиеттердің үлгісімен қазақ халқының өз арасынан педагогикалық жинақтар, оқулықтар жарық көрді. Айталық, 1907 жылы Қазан қаласында А.Жандыбаевтың «Жас ғұмырым», А.Мәметұлының «Әбрият», К.Ғ.Сырғалинның «Өнеге» атты шығармалары қазақ тілінде шыққан тұңғыш оқу құралдарының үлгісі саналады. Зертеушілердің пікірінше, осындай еңбектердің ішінде қазақ тілінде шыққан тұңғыш оқу құралы ретіндегі «Әбрияттың » ролі мен маңызы ерекше. 30 беттен тұратын шағын еңбекте сабақ оқытудың жолдары көрсетіледі. К.Сырғалинннің «Өнегесінде» ата анаға көзқарас, ауыл-аймақ, көрші-қолаңмен қарым-қатынас жасаудың реті туралы айтылып, тәрбиенің педагогикалық, дидактикалық қырлары қамтылады. Мұғалімнің ролі, әліппені оқудың, оқытудың жайы туралы, төте оқудың мазмұны сияқты әлеуметтік-педагогикалық пікірлер келтіріледі.

Қ.Сырғалинның «Қазақ балаларына жәрдем» деген оқулығы 1913 жылы Қазан қаласынана басылып шығады. Бұл оқулықтың маңызы балаларға әріптерді талдап көрсетіп, әріптердің жазылуы мен мағынасына толық түсінік береді. Әріптерді бір – бірлеп оқығанда сөздің басында, аяғында жазылғанда қандай мағына беретіндігін анықтайды. Оқытудың дидактикалық талаптарына сәйкес, сөз мағынасын оқушыға жақсы түсіндіріп беруге назар аударды. Оқулықтың негізгі принципі – балаларға таныс заттарды көрсете отырып, ол заттың таныс емес қасиеттерін айту, көрнекілік әдісі арқылы бірте-бірте табиғатта бар нақтылы заттарды таныту.

М.Қашимовтың «Әдеп», «Ақыл кітабы» атты оқулықтары да қазақ балаларын сауаттандыру ісінде елеулі рөл атқарды.

Осылайша ұлы далада оқу-ағарту ісі баяулап болса да дамып келе жатты. Ресми мәліметтерге қарағанда 1916 жылы қазақ училищелерінің саны 600 –ге жетті, онда барлығы 19 мың бала оқыды. Алдыңғы қатарлы мұғалімдер қатарында Спандияр Көбеев, ағартушы Ахмет және Әбуғали Балғынбаевтар, С.Мендешев, Ғ.Бабин,А.Құдайбергенов т.б. халық ағарту ісіне өз үлестерін қосты.

Орыс-қазақ мектептерінің саны аз болса да, қазақ хлқының мәдениеті мен оқу ағарту ісінің дамуында айтарлықтай үлкен үлесі болғанын айту парыз. Мұндай мектептерде болашақ дәрігерлер мен оқытушылар, жазушылар мен ақындар, жалпы қазақ қоғамының алғашқы зиялы азаматтары білім алып, тәрбиеленіп жетілді 1914-1915 оқу жылында жалпы білімберетін 2006 мектеп болды, онда барлығы 105,1 мың оқушы оқып,білім алды.

Қазақстанда оқу- ағарту ісінің шыңдап дамуы, алға басуы кеңес өкіметі кезеңінде бастағаны анық. Қалай десек те, Қазан революциясы Ұлы далаға ұлы дүбір, толағай табыстар әкелгенін айту парыз. Кеңес өкіметінің алғашқы күндерінде РСФСР халық комиссарлар кеңесі мен халық ағарту комиссарияты жаңа мектеп құру жөнінде бірнеше құжаттар қабылдайды. Соның ішінде аз ұлттардың тілінде мектеп ашу жөнінде арнаулы қаулы қабылданады.1918 жылы 21 қаңтарда «Шіркеуді мемлекеттен, мектепті шіркеуден бөлу » жөніндегі декрет қабылданады. Ал осы жылдың 16 қазанында «Бірыңғай еңбек мектебі туралы ереже» шығады. Бұл құжаттардың сол кезеңдегі оқу-ағарту орындарын құру және оның бағыттарын белгілеудегі маңызы мен ролі ерекше болған.

1919 жылы 26 желтоқсанда «РСФСР халқының сауатсыздығын жою » туралы декрет шығады. Бұдаң соң елде түгелдей сауатсыздықты жою күресі басталып кетеді де, жер-жерде «Қызыл отау», «Қызыл бұрыштар» құру ісі басталады. Қазақстанда бұл жағдай 1921 жылы «Сауатсыздықты жою жөніндегі арнаулы төтенше комиссия» құрылғаннан кейін жүзеге аса бастайды. Қызу да қарқынды жүргізілген жаппай сауаттандыру ісінің нәтижесі ресми түрдегі мәліметтерде былайша сараланады. 1930 жылғы мағлұматтар бойынша ерлердің 95,2 пайызі әйелдердің 66,3 пайызы хат таныған (Қазақ Совет энциклопедиясы. Энциклопедиялық анықтама,Алматы, 1980, 396-бет ).

Алғашқы кездегі мектептің жалпы сипаты екі сатыдан тұрды. Бірінші сатыдағы мектептер бір жылдық, екі жылдық, үш жылдық және төрт жылдық болып бөлінді. Екінші сатыдағы мектептер жеті жылдықтан жоғары болды. 1920-1921 оқу жылдарында мектепте барлығы 144 мың бала оқыды.

1931-1940 жылдары Қазақстанда мектепте біім беру ісі ерекше қарқынмен жүргізіледі. 1930 жылы «Жаппай міндетті бастауыш білім беру», 1931 жылы «Бастауыш және орта білім туралы» қаулылар шығады. Бұл қаулылар мектеп санының өсуіне ондағы оқу сапасының жоғарлауына ерекше ықпал етеді. Енді екі – үш жылдық мектептер төрт жылдық бастауыш мектеп болып қайта құрылады. Егер 1930 жылы мектеп жасындағы балалардың тек 22 пайзы ғана мектепке барып сауаттарын ашса, 1937 жылы олардың 96 пайызы мектеп мектеп табалдырығын аттайды. Заман ағымында күрделі де қасіреті мол оқиғалар болып жатты, дегенмен мектепте қазақ жастарын оқыту ісі осылайша ілгері қадам басты. Кеңес мектептеріндегі оқыту ісінде жүргізілген саяси бағыт пен көзқарас туралы әңгіме өзінше бөлек тақырып. Қалай болғанда да, мектептің саны мен сапасының өсіп - өркендегені тарихи факт.

Аталған кезеңде мектеп үйлерін салу мен оның материалдық базасын жақсартуға да көп көңіл бөлінеді. 1933 жыл мен 1939 жылдар арасында 280 мың орындық 2614 мектеп үйі мемлекеттің қаржысының есебінен салынады. Мектептегі оқулар негізінен ана тілінде жүргізіледі. 30- жылдары мектептегі барлық пәндер бойынша оқу бағдарламалары бекітіледі. Көптеген оқулықтар жазылып, жарық көреді. Орыс тілінің пән ретінде оқытылуына ерекше мән беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет