Бақылау түрі : емтихан
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан тарихы
Пәннің коды: КТ 1101
Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән
Оқу жылы: 1- оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 3 KZ кредиті
Дәріс беруші: аға оқытушы Мусабаева А.
Курстың мақсаты: Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Деректемелер/Пререквизиттері: - жоқ.
Курстың/пәннің мазмұны: тарихты зерттеу әдіснамасы мен Қазақстан тарихының хронологиясы. Қазақстан ежелгі дәуірде – тас, қола, темір кезеңдері, алғашқы қауым және күрделі ұйымдастырылған, әлеуметтік дифференцияланған қоғамның қалыптасу дәуірі – сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар. Қазақстан орта ғасыр кезеңінде – түрік мемлекеттері, моңғол шапқыншылығы, қазақ халқының және мемлекеттілігінің эволюциясы, қазақ хандығының құрылуы. Қазақстан Ресей империясының құрамында. «Алаш» қозғалысы мен «Алаш – Орда» үкіметінің тарихы. Қазақстан Кеңес өкіметінің орнауы жылдарында. ХХ ғ. Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстанның тәуелсіз Республика ретінде қалыптасуы.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Қазақстан тарихы Очерктерi. - Алматы, 1994.
2. Қазақстан тарихы І-V-том. - Алматы, 1996-2010 ж.ж.
3. Мыңжан Н. Қазақтың көне тарихы. - Алматы, 1992
5. ГумилевЛ. Көне түрiктер. - Алматы, 1992
6. Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - Алматы, 1993
7. Көмеков А. Қыпшақтардың саяси тарихы, қарым-қатынастары. - Алматы, 1994.
8. Маданов Х. Ұлы дала тарихы. - Алматы, 1994ж.
9. Бекмаханов ХІХ ғ 20-40 жж Қазақстан. - Алматы, 1992
10.Қозыбаев М. Жауға шаптым ту байлап. - Алматы, 1990
11. Қазақстан тарихы очерктер. - Алматы, 1994.
12. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы, 1995ж
13. Аничкин И. Жанкожа Нурмухамедулы. - Алматы, 1997г
14. Нурпейсов Н. Алаш пен Алашорда. - Алматы, 1994ж
15. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. - Алматы, 1997г
16. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.
17. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, мемлекеттік емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Философия
Пәннің коды: Fil 2106
Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән
Оқу жылы: 2- оқу жылы
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 3 KZ кредиті
Дәріс беруші: Рысқұлова Г
Пәннің мақсаты: Студенттерде философияық білім негіздері, дүние кұрылымы, дүниедегі адамның ролі мен орны туралы түсініктер қалыптастыру. Болмыс, ойлау, таным, адам мен дүниенің мәні мәселерін талдау. Адамның өзін-өзі тануында, ақпараттандыру мен жаћанданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдаудағы философиялық білімнің ролін түсіну. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігінің мәнін ашу, тарихи оқиғаларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілетін жетілдіру.
Пререквизит: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мәдениеттану, Адам және қоғам.
Курстың мазмұны: Әлемдік және Отандық философия тарихы, әр алуан философиялық ілімдер. Философия мәдениет феномені ретінде, оның мәдени тарихы контексі. Болмыс философиясы, болмыс және бейболмыс мәселесі. Материя өмір сүру тәсілдері мен формалары. Сана және таным философиясы, таным методологиясы. Диалектиканың тарихи типтері және оның категориялары. Ғылым философиясы. Философиялық антропология, адам өмірінің бірегейлігі. Қоғам феномені, оның әлеуметтік құрылымы мен динамикасы. Жаћандық мәселелер философиясы.
Негізгі әдебиеттер:
Ғабитов Т. Философия. – А., 2005
Кішібеков Д. Философия. – А., 2005
Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.
4. Философиялық сөздік. – А., 1996.
5. Әбішев К. Философия. – А., 2001.
Қосымша әдебиеттер:
1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.
2. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.
3. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.
4. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.
5.Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.
6. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері
Интернет-ресурсы
1
|
http://www.philos.msu.ru/libfile
|
Философиялық қайнар көздері
|
2
|
http://www.yanko.lib.ru/gum.html
|
Философиялық түп негіздері
|
3
|
http://filosof.historic.ru/ -
|
Философиялық әдебиеттер
|
4
|
http://referats.allbest.ru
|
Реферат тақырыптары
|
Оқу әдістемелік бағыттары: компаративистік, анализ, сұрақ-жауап, суреттеу т.б.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Пәннің тілі қазақ, орыс тілі
Мамандық бойынша оқытудың негізгі шарттары: материалдық база, кітап қоры, оқу кабинеттері, электронды оқу залдары т.б.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Шетел тілі
Пәннің коды: SһT 1103
Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән
Оқу жылы: 1- оқу жылы
Оқу семестрі: 1,2
Кредит саны: 6 KZ кредиті
Дәріс беруші ф.ғ.к.,аға оқытушы: Нурекешова Г.
Курстың мақсаты: Студенттерді күнделікті өмірде, тұрмыста кездесетін формалар, ауызекі сөйлесу тілі және белгілі бір мамандық саласында күнделікті, өмірде, кәсіби қарым-қатынас жасағанда шет ел тілін белсенді қолдана білуге үйрету. Сонымен қатар оқу бағдарламасында белгіленген шектеулі сағат көлемінде студенттерге мамандығы бойынша шет ел тілінде кәсіптік бағдарда білім берумен қатар этномәдени, рухани тақырыптардан ақпарат беріп, соның нәтижесінде жаратылыстану және гуманитарлық саладағы болашақ мамандарды оқытуды гуманизациялауды іске асыру.
Пререквизиттер: Жоғары оқу орнына дейінгі білім алушылардың шет тілі курсынан мектеп бағдарламасы аясында меңгерген біліктіліктерін және ауыз екі тіліндегі сөйлесім, жазылым, оқылым, тыңдалым дағдыларын ескеру.
Бағдарламаның қысқаша курсы: Шет ел тілі курсын меңгеру барысында студент төмендегі талаптарды меңгеруі тиіс:
фонетика: дыбыстардың оқылу ережелері және алфавиттегі әріптерді сөз тіркесінде, әріп тіркестерінде, сөйленімдерде, дұрыс айту;
орфография: белгілі бір дыбыстарға сәйкес келетін әріптер мен әріп тіркесін жаза білу, негізгі тілдік қолданыста жиі кездесетін белгілерінің орфография жағынан дұрыстығы, сәйкестігі;
лексика: сөзжасам үлгілері, көп мағыналы сөздердің контекстегі мағынасы, оқылатын мамандыққа байланысты терминдер мен лексикалық құрылымдар;
грамматика: негізгі жаратылыстану-гуманитарлық мамандықтары саласында жиі кездесетін грамматикалық құбылыстар.
Ұсынылатын әдебиет:
Inside out Grammar companion (Elementary), 2007
А.С. Восковская, Г.А.Карпова Английский язык для вузов Ростов-на –Дону «Феникс» 2005
К.Жаңабаева. Basic English. Практическое пособие по изучению основ английского языка. Алматы, 2003
Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Student’s book. Oxford. 2000
Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Work book. Oxford. 2000
Дудкина г.А., Павлова М.В. Учебник английского языка для делового общения М, 1996.
Сабақ беру әдістері: Проблемалық, ізденушілік, ауызша баяндау әдістері, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу-әдістемелік кешендер.
Название курса/дисциплины/юнита: Русский язык
Код дисциплины : K (O)t-1102
Тип дисциплины: общеобразовательные, обязательный компонент
Год обучения : 1-год обучения
Семестр обучения : 1,2
Количество кредитов: 6
Ф.И.О. лектора/профессора: аға оқытушы Бейсембаева Ш.
Цель курса (ожидаемые цели обучения и приобретаемые компетенции): расширение лексического минимума общеупотребительных слов и словосочетаний, овладения граммати-ческими формами и конструциями на уровне их употребления в речи. Овладение лексичес-ким и термонологическим минимуом по специальности. Построение различных типовв речевой деятельности: беседа, описание, информирование.
Пререквизиты:
Содержание курса/дисциплины: Грамматические формы и конструкции в функциональ-ном аспекте, Реппродуцирование адапттированных и продуцирование несложных прагмати-ческих текстов, диаологических и монологических высказывании в устоной и письменной форме, на темы, актуальные для социально-бытовой и профессиональной сфере, по разным видам речевой деятельности, говорению, аудированию, чтению, письму. Развитие учебно-профессиональной речи: вырботка умений и навыков чтения, слушания, конспектирования литаратуры по специальности.
Рекомендуемая литература:
1. Жаналина Л.К., Мусатаева М.Ш. Практический курс русского языка. Алматы, 2005 г.
2. Дудников А.В. и др. Русский язык. М., 1981 г.
3. Ворожбицкая И.И. и др. Русский язык. Москва. 1987 г.
4. Городилова Г.Г. и др. Практикум по развитию речи. Учебное пособие для педагогических институтов. Л., 1988 г.
5. Греков В.Ф., Крючков С.Е. Чешко Л.А. Пособие для занятий по русскому языку. Москва. 1966 г.
6. Метса А.А. и др. Русский язык. Москва. 1991 г.
7. Надежина И.Ф. и др. Учебник русского языка: Для национальных групп неязыковых вузов. 3-е изд. М., 1985 г.
8. Насырова М.Р. Практический курс русского языка. Алматы. 1991 г.
Методы преподавания: лекция, практика, проблемные методы обучения, деловая игра, мо-дульная технология, репродуктивные методы, объяснительно-иллюстративный метод, час-тично-поисковые или эвристические методы.
Методы формы оценки: буквенно-рейтинговая система, посещаемость, активность на заниятиях, групповая презентация, выполнение практических задач
Язык обучения : русский
Условия (требований для обучения специальности (ступени): библиотечный фонд, материальная база, вертуальная лаборатория, интерактивная доска, электронные учебники, электронно-образовательные ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика
Пәннің коды: Inf 1105
Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән
Оқу жылы: 1- оқу жылы
Оқу семестрі: 2
Кредит саны: 3 KZ кредиті
Дәріс беруші: Махаева Д.
Курстың мақсаты: студенттердің ақпараттарды алу, түрлендіру, беру, сақтау процестері туралы негізгі білімді сапалы және нақты меңгеруін қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету қазіргі заманғы қоғамның дамуында ақпараттық технологияның ролі және бүкіл әлемдік ғылыми көріністі қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін студенттерге жеткізумен анықталады. Ақпаратты қорғау әдістері, ЭЕМ-дегі локальды және глобальды желілер, ақпараттық процестер және жаңа технологиялар жайында теориялық білім беру; өмірге керекті есептерді шығару үшін компьютерлік техниканың мүмкіншіліктерін сапалы және ұтымды пайдалану; мәтіндік редактор, кестелік процессормен жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсету, деректер қорын құруды және кез-келген қолданбалы программалармен жұмыс жасау.
Деректемелер/пререквизиттері: -
Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу. Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру. Блок-схема алгоритмінің графикалық өңделуі. Ақырғы автоматтар. Пост және Тьюринг машиналары. Бағдарламалаудың негізгі конструкциясы. Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамаларға шолу. Ақпараттарды өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Баспа жүйелері. Деректер қорын басқару жүйелері. Графикалық редакторлар. Мультимедиялық қосымшалар. Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Желілер мен телекоммуникациялар. Web-қосымшаларын жасау технологиялары. Ақпараттық қауіпсіздік және оны құрушылар. Антивирустық бағдарламалар. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. «Электронды үкімет» инфрақұрылымы. Бизнес-үрдістерді талдау және құру технологиялары. Техникалық тапсырмаларды жасау принциптері. «E-Learning» электронды оқыту негізі. Электронды оқыту әдістері. «E-Learning» ортасының негізгі компоненттері. Білімді бағалау әдістемесі. «E-Learning» ортасын құрудың заманауи технологиялары.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Новиков Ф., Яценко А. Microsoft Office 2000 в целом. СПБ:БХВ-Санкт-Петербург.2001г.
2. Вильямс Микки. Программирование в Windows 2000г. Энциклопедия пользователя. Издательство «Диа-Софт» - 2000 г.- 640 с.
3. Левин И.Н. ПК для пользователей. Киев: Диалектика, 2000 г.
4. Лавренов С.М. Excel. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001 г.
5. Золотова С.И. Практикум по Access, М.: Финансы и статистика, 2001 г.
6. Олифер. Компьютерные сети. М: Финансы и статистика, 2001 г.
7. Симонович С.В. Информатика, Базовый курс. Питер 2001 г.
8. Алексеев А.П. Информатика 2002. Москва 2002 г.
9. Автоматизированные тесты по темам: Операционная система MS-DOS, NC, архиваторы, компьютерные вирусы.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және лабораториялық сабақтар; сабақтарда интерактивті тақталарды қолдану, сұрақ-жауап, лабораториялық сабақтарда компьютерді қолдана отырып, тапсырмалар орындау, тест сұрақтары, презентацияны қолдану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе - 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: компьютерлік сыныптар, электронды оқулықтар, кітапхана қоры, интернет жүйесі, интерактивті тақта.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму
Пәннің коды: Eko 1106
Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті пән
Оқу жылы: 1- оқу жылы
Оқу семестрі: 1
Кредит саны: 2 KZ кредиті
Дәріс беруші: п.ғ.к., аға оқытушы Жамансариева Л.
Курстың мақсаты: Қазіргі таңда ақиқат болып отырған мәселе- егерде қоғам мүшелерінің интеллектуальдық деңгейі экология саласында жоғары болса, сонда ғана қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу оңай. Сондықтан мақсат студенттерге:
қоршаған дүние туралы теориялық білім беру;
организмдердің жіктелу динамикасы мен таралу ерекшеліктерін анықтаудың негізгі заңдылықтарын;
бірлестіктердің құрылысы, өсу динамикасы;
бүкіл экосистема мен биосфераның бір-біріне әсер ету механизмін анықтау;
қоршаған ортаға антропогендік әсерді анықтау;
олардың негативтік әсерлерін азайту мүмкіндіктерін белгілеу;
қоршаған ортаның ластану жолдары мен тазарту әдістерін таныстыру;
ҚР-да қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық аспектілері, экологиялық заң шығару жүйелері, көздері, жіктелуі;
Экологиялық білі мен тәрбие берудің мақсаттары мен міндеттерін, оның ғылыми-теориялық негіздерін жете түсіну міндеттерін жүктейді.
Деректемелері/Пререквизиттері: «Экология және тұрақты даму» пәнін оқыту студенттердің мектеп қабырғасында өсімдік танудан, жануартанудан, географиядан, жалпы биологиядан алған білімдеріне сүйеніп жүзеге асады.
Экология- өзінің зерттеу объектісі бар және жаратылыстану ғылымдарының басқа салаларымен тығыз байланысты. Бұл бағдарлама экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен кеңейту, жаңа білім беру үлгісімен, сапалы мамандар дайындауға көшуді тұжырымдайды.
Курстың/пәннің мазмұны «Экология» пәні, оның мақсаты мен міндеттер, зерттеу әдістері. Экологияның қысқаша даму тарихы. Организм және орта. Дарақ экологиясы- аутэкология. Экологиялық факторлар және олардың жүйесі. Популяциялар экологиясы-демэкология. Бірлестік экологиясы – синэкология. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсінік. В.И.Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы. Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану. Су ресурстары дәне оларды қорғау. Атмосфералық ауа және оны қорғау .Жер ресурстары қорғау. Қазіргі кездегі әлемдік экологиялық мәселелер. Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы. Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму.
Қызыл кітап. Халықаралық ұйымдардың құжаттары.Кадастр,түрдері, сипаттамасы
Ұсынылатын әдебиет:
Банников А.и др. Основы экологии и охр. окруж.среды. М.:Колос, 1996.
Инозелцев А.А., Тихомеров В.И. «Охраны природы»
Масевнин С.Г., Вакулин А.А.. «Охр.природы» М.:Просв-е, 1991.
Мехеев, А.В. Поликент В.К. «Охр.природы» М.:Просв-е, 1983.
Одум Ю. «Экология» М.:Мир, 1986,1-2т.
Реймерс Н.Ф. «Экология» М.: Просв-е, 1983.
Тарасова А.О. «Экология и охр.природы» М.:Просв-е, 1991.
Федров В.Д., Гильманов Т.Г. «Экология» М.: МГУ, 1980.
Фурсов В.И. «Экологичесмкие проблемы окруж.среды». А-Ата.:Кайнар,1991.
Чернова Н.М., Былова А.М.Экология. М.:Просв-е, 1991.
Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, мемлекеттік емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.
Жеке пәндерді сипаттау
Пәннің атауы: Әлеуметтану
Пәннің коды: Ale1104
Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі:
Кредит саны: 2
Дәріс беруші:
Курстың мақсаты: Студенттерге болашақ мамандар ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік беру.
Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, Мәдениеттану.
Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану - әлеуметтік дүние, тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастарын қарастырып, адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып қоғамның біртұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйелер, әлеуметтік институттар туралы ғылым. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. Арнайы әлеуметтанулық теориялар және әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістері.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері - Алматы, Экономика,2004ж
2. Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану - Алматы, Ғылым, 2003ж
3.Әженов М., М.Садырова Қоғамның әлеуметтік құрылым - Алматы, Қазақ университеті, 2002ж
4.Әлемдік Әлеуметтану антологиясы - Алматы, Қазақстан, 2006ж
5. Қазақ даласының ойшылдары (ІХ-ХІІғғ.) - Алматы: Ғылым,1995ж
6. Абай Қара сөздері - Алматы, 1993ж
7. Тажин М., Аяған.Б. Социология негіздері - Алматы,1992ж
8. Сорокин. П. Человек. Цивилизация. Общество. - Москав,1992ж
9. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.
10. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақ, орыс тілі
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді сипаттау
Пәннің атауы: Саясаттану
Пәннің коды: Saya1110
Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі:
Кредит саны: 2
Дәріс беруші:
Курстың мақсаты: Студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. Саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді. Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: |