5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының



бет27/41
Дата05.11.2016
өлшемі7,12 Mb.
#782
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41

Оқу жылы – 4-оқу жылы

Оқу семестрі - 7 семестр

Кредиттер саны – 3 кредит

Дәріс берушінің аты-жөні: В.Е.Серікбаева - п.ғ.к., профессор

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) - ЖОО-да өтілген «Мектеп математика курсының пәнаралық байланыстары» атты арнайы курстың мазмұнын тереңдету, болашақ мұғалімдерді мектеп математика курсы мен қатар ЖОО-ның курстарында ПІБ-ды іске асыруға даярлау.

Деректемелер/пререквизиттері: Бұл пәнде математиканы оқытудағы пәнішілік байланыстардың мағынасы мен ролі; пәнаралық байланыстардың педагогикалық және психологиялық негіздері; пәнаралық байланыстардың классификациялары; ПІБ-ды іске асыру жолдары; математика курсының дербес тақырыптарын өту барысында ПІБ-ды іске асыру сұрақтары қарастырылады.

Курстың/пәннің мазмұны: Білім беру тарихындағы пәнаралық және пәнішілік байланыстар. ПІБ-дың ролі мен орны; оқыту мазмұнындағы ПІБ-дың түрлері, классификациясы. ПІБ-дың психологиялық негіздері. ПІБ-ды іске асырудың әдістемелік жолдары. ПІБ-ды жоспарлау. Жоспар-карталар. Арифметика мен геометрияның өзара байланыстары. Негізгі мектеп алгебра және геометрия курстарының өз ара байланыстары. Геометриялық фигуралардың алгебралық сипатталуы. Геометриялық есептерді шешудің алгебралық әдісі. Орта мектеп алгера және геометрия курстарының өз ара байланыстары. Үш айнымалысы бар теңдеулер жүйесін скаларлық көбейтінді арқылы шешу. Негізгі мектеп геометрия курсында анализ бастамаларын оқытудың пропедевтикасы. Алгебралық есептерді шығаруға үйретудегі анализ бастамаларының дидактикалық ролі. «Денелердің көлемі» тақырыбын оқытуда интегралды қолдану. Дифференциалдық теңдеулер – физикалық, биологиялық, т.б. процестердің математикалық модельдері.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Антонов Н.С. Слагаемые знаний (о межпредметных связях в учебном процессе). – Архангельск: Северо-западное кн. изд-во, 1969.

  2. Богоявленский Д.Н., Менчинская Н.А. Психология усвоения знаний в школе.- М., Издательство АПН РСФСР, 1959.

  3. Гусев В.А. Психолого-педагогические основы обучения математике. – М.: ООО изд. центр. «Вербум-М», 2003. – 432 с.

  4. Гусев В.А., Варданян С.С. Преподавание геометрии в 6-8 классах: внутрипредметные и межпредметные связи //Преподавание геометрии в 6-8 классах. - М., Просвещение, 1997, с.8-40.

  5. Межпредметные связи естественно-математических дисциплин: Пособие для учителей.// Под. ред. В.Н. Федоровой.- М., Просвещение, 1980.- 208 с.

  6. Современные проблемы методики преподавания математики. - М.: Просвещение, 1985. -304 с.

  7. Вопросы преподавания алгебры и начал анализа в средней школе: Сб.статей. –Мү.Просвещение. -1980.

  8. Преподавание алгебры и геометрии в школе: Пособие для учителей. – М.: Просвещение. – 1982.

  9. Нысанбаев Ә. Математика және дүниетану. –Алматы, 1974.

  10. Тәжмағанбетов Ә. Педагогика және математика педагогикасы. Қызылорда, 1999.

  11. Қазақбаева Д. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру.// ИФМ, 1997, № 2- 11-13б.

  12. Серікбаева В.Е. Математиканың пәнаралық байланыстары. – Алматы. Экономика. – 2007.- 200 б.

  13. Серикбаева В.Е. Межпредметные связи как одно из важнейших средств формирования мировоззрения учащихся //В кн.:Современные проблемы методики преподавания математики. Сост. И.А. Антонов, В.А. Гусев. -М.: Просвещение, 1985, с. 278-287.

  14. Серикбаева В.Е. Прикладные задачи в курсе математики //Методика преподавания математики: Респ. научн-метод. сб.- Киев, 1983, вып. 14,с. 104-108.

Сабақ беру әдістері – зерттеушілік әдісі, проблемалап оқыту әдісі, өзіндік білім алу әдісі, ғылыми әдістер (салыстыру, аналогия, синтез, классификация және т.б. әдістер), т.б.

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі – қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - интерактивті тақта, интернет, компьютер класы, кітапхана қоры.
Курстың/пәннің/юниттің атауы - Математикадан кластан тыс жұмыс

Пәннің коды - МКТZh4308

Пәннің типі – кәсіптендіру, таңдау компоненті

Курс/пән деңгейі - 4 курс

Оқу жылы – 4-оқу жылы

Оқу семестрі - 7 семестр

Кредиттер саны – 3 кредит

Дәріс берушінің аты-жөні - Т.Аймұратова, аға оқытушы.

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) - Мектепте математиканы оқыту барысында оқушылардың математикаға дайындығын жан-жақты жетілдіруге дайындау; Студенттерді әрбір кластан тыс жұмысты жүйелі түрде жүргізу әдістерін, оларды ұйымдастыруда және өткізуде жетекшілік жасау әдістерін үйренуге дағдыландыру.

Деректемелер/пререквизиттері: Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалды толық меңгеру үшін студент мектептің математика курсын толық меңгеруі қажет.

Курстың/пәннің мазмұны – Математикадан сыныптан және мектептен тыс жұмыстар

Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Үйірме жұмысының алғашқы сабақтары. Тақырыптық сабақ. Он минуттық шолу. Үйірме жұмысының басқа түрлері. Үйірме жұмысын жоспарлау. Үйірме жұмысына дайындық және оны өткізудің әдістері. Материалды бекіту. Үйірме жұмысын аяқтау. Қалалық математикалық үйірме. Үйірме жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқытылатын әдебиеттер.VI-VII кластардағы үйірме сабақтарындағы арифметика және геометрия. Аудан ұғымы. Жоғары кластар функция мен теңдеулер. Табиғаттағы, техникадағы теңдеулер. Тізбектер. Жоғарғы класс оқушылары үшін комбинаторика элементтері. Математиканың қолданылуы.Математика және математиктер туралы тарихи мәліметтер. Математикалық саяхат. Кластан тыс оқу математикалық шығармалар. Мектептегі математикалық баспасөз. Математикалық кештер, математикалық сайыстар түрлерін ұйымдастыру, математикалық кешті ұйымдастыру және өткізу. Тақырыптарын таңдау. Кештің көрінекіліктерін дайындау. Математикалық фокустар, офизмдер. Математикалық ребустар, анаграммалар, т.с.с. математикалық апталық. Математикалық ойындар, түрлері. Қызықты, логикалық және конкурстық есептер. Топтық жарыс, оның түрлері. Математикалық олимпиада, турнир және сайыстарды өткізу және ұйымдастыру. Математикалық көңілді тапқыштар клубын дайындау және өткізу. Математикалық поэзия. Басқатырғыштар. Сөзжұмбақтар құрастыру техникасы. Математикалық очерктер мен есептер. VIII кластар үшін қызықты есептер. «Соңынан» шығарылатын есептер. Процентке берілген есептер. Ең үлкен ортақ бөлгіш, ең кіші ортақ еселік. Ыдыстан ыдысқа ауыстырып құйю, бөлу. Қиюға және құрастыруға есептер шығару. Математикадағы анықтама. Математикадағы аналогия және индукция. Аудан ұғымы. Қолданылуы. Геометрия 11 сыныптар үшін стереометрияның 10 есебі. Математикалық индукция. Теңсіздіктер және олардың қолданылуы. Қайсысы артық? сызықтық программалау деген не? Тізбектер. Прогрессия. Қосынды. Шектеусіз қатарлар туралы ұғым. Логарифмді не үшін ойлап табу керек. Тізбектегі бөлшектер. Периодты ондық бөлшектер. Математикалық диктант, мазмұндама және шығарма. Рефераттар жазу. Фигураларды қию және құрастыру («Танграм» ойыны).



Ұсынылатын әдебиет

Негізгі әдебиет:

  1. М.Б. Балк. Организация и содержание внеклассных занятий по математике. М.; Учпедгиз.

  2. М.Б. Балк, П.Д. Балк. Математика после уроков. М.; Просвещение, 1971.

  3. И.С. Петраков. «Математические кружки» в 9-11 классах. М.; Просвещение, 1971.

  4. М.Б. Гельфанд. Внеклассная работа по математике. М.; 1966.

  5. Мартин Гарднер. Математические головоломки и развлечения. М.; изд-во «Мир», 1971.

  6. Аренс В. Математические игры и развлечения. Л. – М.; Изд-во «Петроград», 1924.

  7. Кордемский Б.А. Математическая смекалка. –М.; Мир, 1979.

  8. Перельман Е.И. Жанды математика. Живая математика. М.; Наука, 1978.

Қолданылатын қосымша әдебиеттер тізімі:

  1. С. Елубаев, Н. Шакуов. Математикалық кеш. А.; 1971.

  2. Қ. Қаңлыбаев, Б. Бекбаулиева, М. Меңліғалиева. Математикадан кластан тыс жұмыстар.

  3. Энциклопедия головоломок. М.; А.; Мектеп, 1983. «Аст-Пресс», 1998 г.

  4. Г.С. Шиманская, В.И. Шиманский. Логические игры и задачи. Д.; Сталкер, 1997.

  5. М. Гардюр. Математические досуги. М.: Изд-во «Оникс», 1995.

Сабақ беру әдістері – лекция-практикалық, жаңа инновациялық оқу әдістері және ақпараттық технологиялар (интернет, интерактивті тақта).

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі – қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - бай кітапхана қоры, интернетке қосылған компьютер класы, интерактивті тақта.
Курстың/пәннің/юниттің атауы - Дифференциал теңдеулер курсының есептер практикумы

Пәннің коды - DTKEP4308

Пәннің типі – кәсіптендіру, таңдау компоненті

Курс/пән деңгейі - 4 курс

Оқу жылы – 4-оқу жылы

Оқу семестрі - 7 семестр

Кредиттер саны – 3 кредит

Дәріс берушінің аты-жөні - Қайыңбаева Л.С., п.ғ.к., аға оқытушы.

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік): дифференциалдық теңдеулер теориясы математиканың іргелі саласы боп табылады. Сондықтан күрделі мысалдарын шығара білу, дағдысын қалыптастыру, дифференциалдық теңдеулердің басқа ғылымдарда қолданысын меңгеру.

Деректемелер/пререквизиттері: Пән бойынша берілетін теориялық-практикалық материалды толық меңгеру үшін студент математикалық талдау және қарапайым дифференциалдық теңдеулер пәндерінің барлық саласын толық меңгеруі қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: 1-ші ретті д.т.-дің ерекше шешімі туралы ұғым; туындысына байланысты шешілетін 1-ші ретті д.т. түрлері; айнымалысы бөлектенетін теңдеулерді шешу; толық дифференциалдық теңдеу, қажетті және жеткілікті шарты; 1-ші ретті сызықтық д.т., оның жалпы шешімінің құрылымы; Бернулли теңдеуін шешу әдісі; Туындысына байланысты шешілмейтін д.т.-лер: Клеро, Лагранж теңдеулерін шешу; 2-ші ретті сызықтық дифференциал теңдеулер, геометриялық және механикалық мағыналары; Реті төмендетілетін жоғары ретті теңдеулер, олардың түрлері; 2-ші ретті сызықтық диф. теңдеу, тұрақты коэффициентті СД теңдеу, оларды шешу әдістері; дифференциалдық теңдеулер жүйесі, оның түрлері мен шешу әдістері.

Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиет

1. Матвеев Н.М. Дифференциальные уравнения. М., 1988.-348с. (изд.3-е)

2. Матвеев Н.М. Методы интегрирования обыкновенных дифференциальных уравнений. М., 1967. -409 с.

3. Гутер Р.С., Янпольский А.Р. Дифференциальные уравнения. М., 1976.-304с. (Изд.2е).

4. Самойленко А.М., Кривошея С.А., Перестюк Н.А. Дифференциальные уравнения: примеры и задачи. М., 1989. -383 с. (изд.2-е)

5. Әбдәманапов С., Сматов Т. ДТ-лер курсы. Астана, Нұржол, 2004. -160 б.

6. Кенжеғұлов Б.З., Қамматов К.Қ. Жай және дербес туындылы ДТ-лер. А., «ҚУ-ті», 1997. – 172 б.

Қосымша әдебиет

7. Филиппов А.Ф. Сборник задач по дифф. уравнениям. М., 1979

8. Пономарев К.К. Специальный курс высшей математики: дифференциальные уравнения. М., 1974. – 367 с.

9. Берман Г. Сборник задач по курсу математического анализа. М., 1978

10. Сүлейменов Ж.С. Сызықты жәй дифференциалдық теңдеудің теориясы мен интегралдау әдістері. А., 1983

11. Рябушко А. Сборник задач по высшей математике. М., 1984

12. Қонысұлы А. 1-ші ретті СДТ-лер және олардың қолданулары. ҚМУ,2001.-80 б.

13. Д.Т.-лер жөніндегі алғашқы түсініктер. Мет. Оқу құралы. Құрастырушы А.Қонысұлы. Н., 1991.



Сабақ беру әдістері – лекция-практикалық, жаңа инновациялық оқу әдістері және ақпараттық технологиялар (интернет, интерактивті тақта).

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі – қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - бай кітапхана қоры, интернетке қосылған компьютер класы, интерактивті тақта.
Курстың/пәннің/юниттің атауы - Мектеп математика курсының логикалық құрылымы

Пәннің коды - ММКLK4309

Пәннің типі – кәсіптендіру, таңдау компонент

Курс/пән деңгейі - 4 курс

Оқу жылы – 4-оқу жылы

Оқу семестрі - 7 семестр

Кредиттер саны – 3 кредит

Дәріс берушінің аты-жөні: С.Қ.Меңліқожаева, п.ғ.к., доцент.

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) - математиканы сапалы түрде меңгеру үшін, ұғымдардың анықтамасындағы келтірілген елеулі белгілерін көрсете алу, теореманың шарты мен қорытындысын ажырата білу, теорема ұғымына қатысты дәлелдеу ережелері мен дәлелдеу әдістерін меңгерту.

Деректемелер/пререквизиттері: Курс бойынша берілетін тапсырмаларды толық меңгеру үшін математика салаларының мазмұны мен методтарын терең игеруі керек.

Курстың/пәннің мазмұны: Арнайы курсты өту барысында «Математиканы оқыту әдістемесі», «Математикалық логика» пәндерімен өзара байланыстар жасалады. Себебі, аксиоматикалық әдіс абстракциялауға сүйенеді, ал матлогикада абстракциялаудың негіздері, түрлері, формальданған және формальданбаған аксиоматикалық теориялар қарастырылады.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Пиаже Ж. Психология интеллекта. Избранные психологические труды. – Пер. с англ. и франц. – М.: Международная педагогическая академия., 1994 г.

  2. Рубинштейн С.Л. Проблема способности и вопросы психологических теорий. М.: Педагогика, 1973 г.

  3. Якиманская И.С. Развитие пространственного мышления школьников. М.: Педагогика, 1988.

  4. Колмогоров А.Н. О системе основных понятий и обозначении для школьного курса математики. (МВШ, 1971, № 2).

  5. Столяр А.А. Педагогика математики. – Минск: Высшая школа, 1986

  6. Абылқасымова А.Е. Методика преподавания математики. Алматы, - Санат, 1993 г.

  7. Оразалиев А. «Математикалық сөйлемдер». Алматы, 1996 г.

  8. Тажмағанбетов Ә. «Математика педагогикасы». Қызылорда, 1999.

  9. Тажмағанбетов Ә.Т., Серікбаева В.Е.Подготовка учителей математики и физики к осуществлению межпредметных связей в средней школе: Тез. Респ. науч.конф. – Даугавпилс, 1980. С. 86.

  10. Серікбаева В.Е. Общая методика преподавания математики: Мет.пособие, Кызылорда, 1999, - 104 с.

  11. Меңліқожаева С.Қ. Қорытынды қайталау сабақтарда математиканың дедуктивтік құрылымын оқытудың әдістемесі. Оқу-әдістемелік нұсқау. Қызылорда, 2000 ж.

Сабақ беру әдістері – лекция-практикалық, жаңа инновациялық оқу әдістері және ақпараттық технологиялар (интернет, интерактивті тақта).

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі – қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - бай кітапхана қоры, интернетке қосылған компьютер класы, интерактивті тақта.
Курстың/пәннің/юниттің атауы - Математиканы оқытудағы инновациялық технологиялар

Пәннің коды - МOIT4309

Пәннің типі – кәсіптендіру, таңдау компоненті

Курс/пән деңгейі - 4 курс

Оқу жылы – 4-оқу жылы

Оқу семестрі - 7 семестр

Кредиттер саны – 3 кредит

Дәріс берушінің аты-жөні: , Қоныс А.Қ., ф.-м.ғ.к., профессор.

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік): қазіргі заманғы білім беру талаптарына сай математиканы оқытуда ақпараттық-компьютерлік және педагогикалық технологияларды меңгерту.

Деректемелер/пререквизиттері: Таңдау пәнін оқыту нәтижесінде оқытудың жаңашыл технологияларын игеруге, білім беруді ақпараттандыру мәселесін оңынан шешуге, компьютерлік математиканың Mathcad, Maple, Matlab бағдарламалық жүйелерін меңгеруге, экономикалық модельдеу сауаттылығын көтеруге жол ашылады.

Курстың/пәннің мазмұны: Қазіргі заманғы қоғамда ақпараттандырудың, әсіресе білім беруді ақпараттандырудың, сол сияқты экономика мен экологияның мазмұнды есептерін сандық тұрғыдан шешудің шын мәніндегі қажетті шарты математикалық модельдеу методы болып табылады.Осы тұрғыдан алғанда бұл таңдау курсы жоғары математиканың тиісті салалары мен жүйелік программалау, сандық әдістер және компьютерлік технологиялар секілді пәндердің байланыстары мен сабақтастығын одан әрі бекітуі тиіс.

Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиеттер:

1. Кудрявцев Л.Д. Современная математика и ее преподавание. М., 1985. – 176 с.

2. Метельский Н.В. Дидактика математики: Общая методика и ее проблемы. 2-е изд., Минск, 1982. – 256 с.

3. Әбілқасымова А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2004. – 218 б.

4. Педагогикалық мамандықтар бойынша жоғары базалық білім берудің жалпыға міндетті мемстандарттары. Астана, 2006, 2009, 2010 ж.ж..

5. Дьяконов В.П. Компьютерная математика. Теория и практика. М., Нолидж., 2001.

6. Дьяконов В.П. Maple 9.5/10 в математике, физике и образовании. М., Солон-Пресс, 2006. – 720 с.

7. Дьяконов В.П. Математическая система Maple V R3. М., Солон, 1998.



  1. Дьяконов В.П. Maple 7. Учебный курс. СПб, Питер, 2002.

  2. Сдвижков О.А. Математика на компьютере: Maple8. М., Солон-Пресс, 2003. – 176 с.

  3. Дьяконов В.П. Internet. Настольная книга пользователя. Изд. 5-е. М., Нолидж, 2004.

  4. Сдвижков О.А. Математика в Excel 2002. М., Солон-Пресс, 2004. – 192 с.

  5. Дьяконов В.П. Mathcad 2000. Учебный курс. СПб, Питер, 2001. – 592 с.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Гельман В.Я. Решение математических задач средствами Excel. СПб., 2003.

  2. Салманов О.Н. Математическая экономика с применением Matchad и Excel. СПб., 2003. – 464 с.

  3. Қонысұлы Арыстанбек. 1-ші ретті сызықтық дифференциал теңдеулер және олардың қолданулары. ҚМУ, 2001. – 80 б.

  4. Семененко М.Г. Введение в математическое моделирование. М., 2002. – 112 с.

  5. Қонысұлы Арыстанбек. Экономикалық-математикалық модельдеу: сызықтық программалау есептерін шешудің графиктік және симплекс әдістері. Оқу-әдістемелік құрал. Қызылорда, ҚМУ, 2005. – 63 б.

  6. Сдвижков О.А. Mathcad 2000: введение в компьютерную математику. М., Дашков и К., 2002. – 204 с.

Сабақ беру әдістері – лекция-практикалық, жаңа инновациялық оқу әдістері және ақпараттық технологиялар (интернет, интерактивті тақта).

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі – қазақ тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - бай кітапхана қоры, интернетке қосылған компьютер класы, интерактивті тақта.

«Физика» мамандығы бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламаларын кеңейту үшін ұсынылатын
АҚПАРАТТЫҚ ПАКЕТ /КУРСТАР ТІЗІМДЕМЕСІ/
Университет – 5В011000-“Физика” мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті берген 26.04.2004 жылғы № 361 бұйрығы АА №0000034 мемлекеттік лицензиясына қосымшасы негізінде білім беру қызметін жүзеге асырады.

Берілетін дәреже: Бакалавр білім беру бағдарламаларын меңгерген және дипломдық жұмыс қорғаған тұлғаларға 5В011000 – Физика бакалавры академиялық дәрежесі беріледі.

Оқу деңгейлері (сатылары): бакалавр

Бағдарламаға қабылдау жөніндегі талаптар: Бакалаврдың білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың білімінің алдыңғы деңгейі – орта кәсіби білім. Бакалаврға азаматтарды қабылдау тәртібі орта оқу орнынан кейінгі білім берудің бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру мекемелеріне қабылдаудың Типтік ережелеріне сәйкес анықталады. Өз ЖОО-да бір академиялық кезеңді аяқтауы, оның ішінде оқу үлгерімі «А», «А-», «В+», «В», «В-» болуы, шет тілін еркін меңгеруі және т.б.

Бағдарламалардың білім беру және кәсіби мақсаттары/оқуды одан әрі жалғастыру мүмкіндігі: Отандық және халықаралық еңбек нарығын сай бәсекеге қабілетті ғылыми-педагогикалық мамандар даярлау. Білім алушыны интеллектуалдық тұрғыда дамыту, бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі саласы бойынша құзіретті мамандарды тәрбиелеу.

Кредиттер көрсетілген бағдарламаның құрылымы-91(35+37+19) кредит + 14 кредит (іс-тәжірибе) + 4 кредит (дене шынықтыру) + 3 кредит (қорытынды аттестация)




Пәннің коды, шифры

Пән атауы

Қазақстандық кредит саны

ECTS бойынша

2 курс




Жалпы білім беру пәндерінің міндетті модульдері

9

14

OET2109

Экономикалық теория негіздері

2

3

КN 2110

Құқық негіздері

2

3

Fil 2102

Философия

3

5

Saya 2108

Саясаттану

2

3




Мамандық бойынша міндетті модульдер

9

14

Ped2202

Педагогика

3

5

Etn 2203

Этнопедагогика

2

3

ООТ2205

Өзін-өзі тану

2

3

ZhEFMG 2206

Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигенасы

2

3




Мамандық бойынша таңдау модульдері

17

29

EM 2203

Электр және магнетизм

4

6

Opt 2204

Оптика

3

5

KM 2205

Классикалық механика

3

5

OOZEK 2206

Оқу орындары мен зертханалардың экологиялық қауіпсіздігі

2

5

AGSA 2207

Аналитикалық геометрия және алгебра

2

3

FONOA 2208

Физикалық өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістері

3

5

2 курс бойынша

Барлығы







3 курс




Базалық пәндердің міндетті компоненттері

7




KK(О)t 3207

Кәсіби орыс тілі

2




K.bsht 3208

Кәсіби бағытталған шетел тілі

2




FOA 3209

Физиканы оқыту әдістемесі

3







Базалық пәндердің таңдау компоненттері

12




AAYaF 3208

Атом және атом ядросы физикасы

3




FOAZhM 3209

Физиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері

3




TF3210

Теориялық физика

3




SGFA 32211

Сұйықтар мен газдардағы фазалық алмасулар

3







Кәсіптендіру пәндері циклінің міндетті компоненті

3




Fst 3302

Астрономия

3







Кәсіптендіру пәндері циклінің таңдау компоненті

12




MFET 4302

Мектеп физика эксперименті техникасы

3




FT 4303

AFizN 4303



1.Физика тарихы

2.Астрофизика негіздері



3




NMFEShA 4303

Негізгі мектепте физика есептерін шығару әдістемесі

3




ZhPOA4308

AFKTS 4308



1.Жер планетасы және оның атмосферасы

2. Атомдық физика курсының таңдаулы сұрақтары



3







Оқытудың қосымша түрлері

2




OAT 3405

Оқытудың ақпараттық технологиялары

1




DN 3406

Дінтану негіздері

1




3 курс бойынша

Барлығы

37




4 курс




Базалық пәндер циклінің міндетті компоненті

3




SFFK 4212

Статистикалық физика және физикалық кинетика

2




ZET 4214

Заттардың электрондық теориясы

1







Базалық пәндер циклінің таңдау компоненті

6




RKFN 42309

BN 42309


1.Радиациялық қауіпсіздіктің физикалық негіздері

2.Биофизика негіздері



3




FPMM 4210

IGEP 4210



  1. Физикалық процестерді математикалық модельдеу

  2. Иондалған газдардағы элементар процестер

3







Кәсіптендіру пәндері циклінің таңдау компоненті

10




FOPT 4301

MFK 4301


1.Физиканы оқытудағы педагогикалық технологиялар;

2. Мектеп физика кабинеті



3




TEShTA 4302

FKOEBTB 4302



1.Тәжірибелік есептерді шығару тәсілдері мен әдістері;

2.Физика курсын оқытудағы экологиялық білім мен тәрбие беру



3




OMFEShA 4303

Орта мектепте физика есептерін шығару әдістемесі

4




IV курс бойынша

Барлығы

19





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет