5В010200 – «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының


Оқу тілі: қазақша, орысша Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай



бет2/41
Дата05.11.2016
өлшемі7,12 Mb.
#782
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Информатика

Пәннің коды: Inf 1105

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Остаева А., педагогика ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: студенттерге есептердi компьютер көмегiмен шешу әдiстерiн оқыту және оларды компьютерлiк жүйе мен ақпараттық технологияларды болашақ қызметiнде тиiмдi қолдануына дайындау болып табылады.

Деректемелер/Пререквизиттері:Алгоритмдеу, Компьютердің негізгі және қосымша құрылғылары

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика пәні, объектісі және құрамдас бөліктері. Санау жүйелерi. Математикалық логика негіздері. Есептеу техникасының даму тарихы. Ақпаратты өңдеудің техникалық құралдары. Компьютерлік бағдарламалық қамтамасыз ету. Дербес компьютердің амалдық жүйелері.

Ұсынылатын әдебиет:

Бөрiбаев Б. «Информатика және компьютер“ – Алматы, “Рауан“, 1996 ж.

Камардинов О. “Информатика“ – Шымкент, 2000ж.

Байжұманов М.Қ., Жапсарбаева Л.Қ. Информатика- Астана, 2004ж.



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық элекнтронды кітапханалар ресурсы).
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: ALе 1107

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Караманова М. – тарих ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру мемлекеттік білім стандартына сәйкестендірілген, студенттердің қажетті білім алуына, болашақ мамандардың әлеуметтік өмірдің маңыздылығы мен проблемаларын түсініп, дұрыс шешім қабылдап, ғылыми танымдарын қалыптастыруларына бағытталған.

Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, саясаттану, философия, мәдениеттану

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану ғылымының пәні, құрылымы және қызметі. Әлеуметтанулық ойдың даму бағыттары мен кезеңдері. Қоғам жүйе ретінде. Жеке тұлға қоғамдық құрылымда. Әлеуметтік стратификация теориясы. Әлеуметтік мобильділік әлеуметтануы. Әлеуметтік нормалар. Білім беру әлеуметтануы. Отбасы әлеуметтануы. Еңбек әлеуметтануы. Дін әлеуметтануы. Жастар әлеуметтануы. Мәдениет әлеуметтануы. Этнос әлеуметтануы. Социологиялық зеттеу бағдарламасы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Аженов М.С., Биекенов К.У., Пузиков М.Ф. “Экономическая социология” А,2002

2. Аженов М.С., Утешов С.К., Жаназарова З.Ж. “Общая социология” Альбом схем А,2001

3. Аитов Н.А., Биекенов К.У. “Социология” А,2002



Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Экология және тұрақты даму 4 кредит



Пәннің коды: Eko 1106

Пәннің типі: Жалпы білім беретін пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы: 1- оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс беруші: п.ғ.к., аға оқытушы Жамансариева Л.

Курстың мақсаты: Қазіргі таңда ақиқат болып отырған мәселе- егерде қоғам мүшелерінің интеллектуальдық деңгейі экология саласында жоғары болса, сонда ғана қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу оңай. Сондықтан мақсат студенттерге:

  • қоршаған дүние туралы теориялық білім беру;

  • организмдердің жіктелу динамикасы мен таралу ерекшеліктерін анықтаудың негізгі заңдылықтарын;

  • бірлестіктердің құрылысы, өсу динамикасы;

  • бүкіл экосистема мен биосфераның бір-біріне әсер ету механизмін анықтау;

  • қоршаған ортаға антропогендік әсерді анықтау;

  • олардың негативтік әсерлерін азайту мүмкіндіктерін белгілеу;

  • қоршаған ортаның ластану жолдары мен тазарту әдістерін таныстыру;

  • ҚР-да қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық аспектілері, экологиялық заң шығару жүйелері, көздері, жіктелуі;

  • Экологиялық білі мен тәрбие берудің мақсаттары мен міндеттерін, оның ғылыми-теориялық негіздерін жете түсіну міндеттерін жүктейді.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Экология және тұрақты даму» пәнін оқыту студенттердің мектеп қабырғасында өсімдік танудан, жануартанудан, географиядан, жалпы биологиядан алған білімдеріне сүйеніп жүзеге асады.

Экология- өзінің зерттеу объектісі бар және жаратылыстану ғылымдарының басқа салаларымен тығыз байланысты. Бұл бағдарлама экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен кеңейту, жаңа білім беру үлгісімен, сапалы мамандар дайындауға көшуді тұжырымдайды.



Курстың/пәннің мазмұны «Экология» пәні, оның мақсаты мен міндеттер, зерттеу әдістері. Экологияның қысқаша даму тарихы. Организм және орта. Дарақ экологиясы- аутэкология. Экологиялық факторлар және олардың жүйесі. Популяциялар экологиясы-демэкология. Бірлестік экологиясы – синэкология. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсінік. В.И.Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы. Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану. Су ресурстары дәне оларды қорғау. Атмосфералық ауа және оны қорғау .Жер ресурстары қорғау. Қазіргі кездегі әлемдік экологиялық мәселелер. Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы. Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму.

Қызыл кітап. Халықаралық ұйымдардың құжаттары.Кадастр,түрдері, сипаттамасы



Ұсынылатын әдебиет:

  1. Банников А.и др. Основы экологии и охр. окруж.среды. М.:Колос, 1996.

  2. Инозелцев А.А., Тихомеров В.И. «Охраны природы»

  3. Реймерс Н.Ф. «Экология» М.: Просв-е, 1983.

  4. Масевнин С.Г., Вакулин А.А.. «Охр.природы» М.:Просв-е, 1991.

  5. Мехеев, А.В. Поликент В.К. «Охр.природы» М.:Просв-е, 1983.

  6. Одум Ю. «Экология» М.:Мир, 1986,1-2т.

  7. Тарасова А.О. «Экология и охр.природы» М.:Просв-е, 1991.

  8. Федров В.Д., Гильманов Т.Г. «Экология» М.: МГУ, 1980.

  9. Фурсов В.И. «Экологичесмкие проблемы окруж.среды». А-Ата.:Кайнар,1991.

  10. Чернова Н.М., Былова А.М.Экология. М.:Просв-е, 1991.

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Өмір тіршілігінің қауіпсіздік негіздері

Пәннің коды: OKN 1111

Пәннің типі: Жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредиттер саны: 2 KZ кредиті = 3 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Абдрахманов С., техника ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : студенттердің болашақ маман, азамат ретінде төтенше жағдай кезінде өзін-өзі ұстай білуі, өзара көмек көрсете алуы жолын, әдістерін толық үйрету.

Деректемелер/пререквизиттер: Экономика негіздері

Курстың/пәннің мазмұны: Төтенше жағдайлардың жіктелуі. ЖЗҚ түрлері, қауіпті өндірістік нысандардағы аварияларға сипаттама. Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау. Халықты инженерлік тұрғыда қорғау. Паналау ғимараттары. Жеке қорғаныс түрлері. Дәрігерлік қорғаныс түрлері. Көшіру іс-шаралары. Төтенше жағдайдан кейінгі санитарлық өңдеу жұмыстарын жүргізу іс-шаралары Халықты санитарлық өңдеуден өткізу Дегазация, дезактивация,дезинфекция. Радиациялық, химиялық қауіпті нысандардағы авария кезінде жүргізілетін іс-шаралар. Көшіру іс-шаралары. Табиғи және техногендік апаттар кезінде жүргізілетін құтқару және кезек күттіруге болмайтын жұмыстар, оларды жүргізудің амалдары мен тәсілдері. ТЖ кезінде құтқару мен кезек күттіруге болмайтын жұмыстарды ұйымдастыру. ТЖ кезіндегі халықтың психологиялық іс-әрекеттері. Апат аймағындағы моральдық-психологиялық ахуал. Үрей мен қорқынышты болдырмау іс-шаралары.Су тасқыны және оның алдын-алу.

Ұсынылатын әдебиет: Тіршілік қауіпсіздігі . Оқу құралы, 1-2 кітап. – Алматы: республика курстары ТЖ және АҚ, 2003 ж., Суворовцев.А.А., Мельников Е.Н., и др. «Безопасность жизнедеятельности». Учебное пособие. АЧС РК. 2004г.

Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, материалдар кешені – 10 балл, топтық және жеке презентация – 10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Қазақ (орыс) тілі

Пәннің коды: К(О)t 1104

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1,2

Кредит саны: 6 KZ кредиті = 9 ECTS кредиті

Дәріс беруші: Имаханова А. – филология ғылымдарының кандидаты

Курстың мақсаты: студенттердің тілдік және коммуникативтік құзіреттілігін жетілдіру, қазақ тілді мектепті бітірген студенттерге орыс тілінің ғылыми негізін игеруге көмектесу, кәсіби салада кездесетін түрлі коммуникативтік жағдайларда орыс тілінде еркін, жетік түсінісуге дайындау.

Деректемелер/Пререквизиттері: мектепте оқытылатын орыс тілінің грамматикасы

Курстың/пәннің мазмұны: Языковая политика в многонациональном Казахстане. Закон «О языках в Республике Казахстан». Русский язык как один из мировых языков. Выразительные возможности русского языка. Семья, семейные традиции. Закон «О браке и семье». Роль личности в истории общества. Система образования в РК. Вузы Казахстана. КГУ им. Коркыт Ата: история и современность. Реформы в области школьного и вузовского образования. Выбор профессии. Моя специальность. Закон о труде в РК. Трудовое воспитание. Республика Казахстан. Государственные символы РК. Астана – столица государства. Достижения РК в области экономики и образования. Выдающиеся личности в истории Казахстана. Мой родной город. Понятие стиля. Функциональные стили. Официально-деловой стиль и его особенности. Публицистический стиль. Художественный стиль. Разговорно-бытовой стиль. Типы монологической речи. Описание. Виды описания. Повествование. Рассуждение. Виды рефератов, их структура, жанры, функциональное назначение рефератов.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Александрова З.Е. Словарь синонимов русского языка. - М., 1968.,

2. Азизов А.А. и др. Русский язык для национальных групп неязыковых вузов. Практический курс. - М., 1986.

3. Абдыкулова К., Ким Г., Павленко В. Русский язык. Практический курс (учебное пособие) – Алматы: Санат, 1995.



Сабақ беру әдістері: дәріс, практикалық сабақтар, проблемалық оқыту әдісі, контекстік оқыту, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, зерттеу әдісі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, материалдық база: машина-трактор паркі,электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана, зертханалық жабдықтар.
Курстың/пәннің/юниттің атауы : Шетел тілі

Пәннің коды: ShT 1103

Пәннің типі: жалпы білім беру пәндері, міндетті пәні

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1,2

Кредиттер саны: 6 KZ кредиті = 9 ECTS кредиті

Дәріс берушінің/профессордың аты-жөні: Сардарова Э.-педагогика магистрі

Курстың мақсаты (оқудың болашақтағы мақсаты мен пайда болған құзіреттілік) : Студентке шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім және дағды қалыптастыру; шетел тілінде коммуникативтік іс - әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру; пәнді оқыту барысында меңгерген білім мен дағдыларды өз бетінше жетілдіру және тереңдетуге дағдыландыру.

Деректемелер/пререквизиттер: тілін оқып-үйреніп жатқан елдің тарихы, мәдениеті, саясаты, экономикасы туралы мәліметтермен таныстыру

Курстың/пәннің мазмұны: Студенттер ағылшын тілінің грамматикасын, фонетикасын меңгертуге және ағылшын тілінде сөйлеуге үйрету. Сөйлеу әрекетінің ішінде – ауызекі тілде сөйлеуді меңгертуге баса мән беріледі. Практикалық сабақтарда қолдануға мамандық түріне сай материалдар іріктеліп алынды.

Ұсынылатын әдебиет:

1.Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Student’s book. Oxford. 2000.

2.Liz and John Soars. New Headway. Elementary. Work book. Oxford. 2000.

3.Агабекян П, «Английский для экономистов», 2004 Ростов- на- Дону.



Сабақ беру әдістері: жаңа педагогикалық және технологиялық тәсілдер, сұрау жүргізу, тікелей сұрақ- жауап, хронологиялық сұрақтар, тест сұрақтары

Бағалау әдісі/нысаны: реферат – 10 балл, материалдар кешені – 10 балл, топиктерге дайындық – 10 балл, сабақтағы белсенділік - 10 балл

Оқу тілі: ағылшын

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап): материалдық база, кітапхана қоры, интерактивті тақта, электронды оқулықтар, интернет-ресурс
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Педагогикалық мамандыққа кіріспе



Пәннің коды: PMК 1201

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы: 1- оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 1 KZ кредиті = 2 ECTS кредиті

Дәріс беруші: магистр оқытушы Асылбекова Ж.

Курстың мақсаты: “Педагогикалық мамандыққа кіріспе” пәні педагог мамандығының мәнін, маңызын, заңдылықтары мен қағидаларын көрсете отырып, болашақ мұғалімдердің теориялық білімін жетілдіру және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыру, жалпы және кәсіби мәдениетін қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Мұғалім мамандығына жалпы сипаттама. Педагог кәсібі және оның қоғамдағы орны. Педагогикалық кәсіптің дамуы мен қалыптасуы Педагог әрекет субъектісі ретінде. Тәрбиеші қызметінің педагогикалық құрылысы. .Педагогикалық процесс-мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеші әрекеті. Педагогтың кәсіптік белгілері: балаларға деген сүйіспеншілігі, педагогикалық процесті жүйелі сезіну, байқағыштық, педагогикалық құбылысты дұрыс түсіну, ұжымшылдық, шығармашылық, ашықтық және т.б. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік жағдайы. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілген құқықтар мен міндеттер. Педагогтің шығармашылық қызметіне жалпы сипаттама. Мұғалімнің жеке басының шығармашылық мүмкіншілігі және психикалық денсаулығы.Педагогикалық қарым –қатынас – шығармашылық ретінде.

Педагогикалық маман дайындау жүйесі. Қазіргі қоғамдағы педагогикалық маман кадрларға жалпы және кәсіптік білім беретін талаптар. Өз бетімен білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу педагог кәсібінің басты құралы.



Ұсынылатын әдебиет:

1. Қ.Р. жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Алматы.- 2002ж.

2. Қ.Р-ның «Білім туралы» Заңы. Алматы.- 1992

3. Қ.Р. 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

Астана.- 2003 ж

4. Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика. Дарын.- 2004 ж.

5. Бегалиев Т. Педагогика. Тараз.- 2001ж

6. Рувинский. Л.И. Мамандыққа кіріспе. Алматы.-1991 ж

7. Пошаев Д.Қ. Мамандыққа кіріспе. Шымкент.-2004 ж

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Психология және адам дамуы



Пәннің коды: PАD 1204

Пәннің типі: Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы Абуова М.

Курстың мақсаты: Пәнді оқытудың мақсаты - қоғамның әлеуметтік - экономикалық құрылымында адамдар қарым- қатынасының теориялық және тәжірибелік іс- әрекетінің дамуын зерттеу, студенттердің өздігінше іздені, кәсіби дайындығын қалыптастырады. Ойлаудың диалектикалық логикасын қалыптастыра отырып, психикалық құбылыстарды түсінудегі жалған стереотиптерді жеңе отырып, ғылыми психологиялық ойлау жүйесін қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Психология ғылымына кіріспе. Жалпы психология пәні, оның зерттеу әдістері. Психикалық зерттеудің әдістері. Психология ғылымының қалыптасуы мен даму бағыттары. Психика – психологияның зерттеу заты. Сана мен психиканың дамуы. Сана және өзіндік сана. Тән және жан. Жеке адам психологиясы және іс-әрекеті. Іі-әрекетті жалпы психологиялық сипаттар. Адам іс-әрекетінің заттылығы, мақсат көздеушілігі мен саналығы. Бала дамуындағы іс-әрекеттің ролі. Жеке тұлғаның психологиялық сипаттамасы. Индивид, суъект, жеке адам, даралық түсініктердің ара қатынасы. Адамдардың өзара әрекеті мен қарым –қатынасының әлеуметтік- психологиялық заңдылықтары. Қарым-қатынас писхологиясы. Түйсік туралы жалпы түсінік. Қабылдау. Ес туралы түсінік. Зейін. Ойлау және сөйлеу. Қиял туралы түсінік. Жеке адамның даралық –психологиялық ерекшеліктері. Темперамент. Мінез туралы түсінік Қабілеттілік туралы теориялар. Сезім. Ерік.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Алдамұратов Ә.. Жалпы псхология. Білім, 1996.

2. Алдамұратов Ә. Қызықты психология. Алматы – 1996ж.

3. Аймауытов Ж.. Психология Алматы, 1994ж.

4. Жарықбаев Қ.. Жантану негіздері, Алматы 2002.

5. Тәжібаев Т .Психология

6. Успанова З. У., Дәрібаева С. Қ., Нармұқаш А. Қ Жеке адамның типологиялық дара ерекшеліктері. Алматы,1998ж.

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.
Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Қазіргі қазақ тілі негіздері



Пәннің коды: KKTN 1302

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәндері, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті = 5 ECTS кредиті

Дәріс беруші: ф.ғ.к., аға оқытушы Қойшыбаев М

Курстың мақсаты: Бұл пән – жоғары оқу орындарында әбден қалыптасқан, негізгі нысаны мен ішкі мазмұны, зерттеу әдістері біршама айқындалған ғылыми курс. Оның мақсаты, біріншіден, қазақ тілінің фонетикалық жүйесі мен дыбыстық ерекшеліктерін, лексикалық қоры мен құрамын, грамматикалық құрылысын, тіркесімдік қасиеттері мен заңдылықтарын, қолданылу шеңберін айқындап, талдап көрсету болса, екіншіден, студенттерді сол қасиеттерге практикалық тұрғыдан дағдыландыру болып табылады

Деректемелері/Пререквизиттері: 1) Фонетикадан: Дыбыс . Әріп . Дауысты дыбыстар. Дауыссыз дыбыстар . Ілгерінді ықпал. Кейінгі ықпал. Тоғыспалы ықпал. Буын . Оның түрлері. Тасымал. 2)Лексикологиядан: Сөз . Түбірс сөз. Туынды сөз. Біріккен сөз. Кіріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз. Синоним. Омоним. Антоним. Еркін тіркес. Тұрақты тіркес.

Курстың/пәннің мазмұны: Тіл туралы түсінік. Қазақ тілі фонетикасына кіріспе. Дыбысты қарастырудың үш аспектісі. Тіл дыбыстарының жіктелуі. Буын сипаты және оның түрлері. Екпін және оның түрлері. Буын үндестігі (сингармонизм). Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар. Дыбыс үндестігі (ассимиляция). Ілгерін, кейінді, тоғыспалы ықпал. Лексикология. Орфография мен орфоэпия. Полисемия және сөздің лекцикалық мағыналарының түрлері. Қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Айтбаев Ө.. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. А., 1988.

  2. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Оқулық, А., 1973.

  3. Белбаева М. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы. А., 1976.

  4. Болғанбаев Ә., Қалиев Ғ.. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. А., 1997, 2004

  5. Балақаев М. Қазақ тілі мәдениеті. П., 1971

  6. Қалиев Ғ., Оралбаева Н., Төлегенов О. Қазіргі қазақ тілінің жаттығулар жинағы. А., 1983

  7. Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. Оқулық, А., 1975

Сабақ беру әдістері: СТО, ақпараттық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту, жеке тұлғаға бағдарланған оқыту, көрнекілік әдісі.

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша

Оқу тілі: қазақ

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, оқу кабинеттері мен электронды оқу залдары, зертханалық кабинеттер, интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет