ІIІ- топ: белгісіз азайғышты табу, қалдықты табу, белгісіз азайтқышты табу.
3.1 “Саяжайдан 30 кг қияр жиналды. Оның 20 кг-ы тұздалды. Неше кг қияр қалды?”
Жиналды – 30 кг
Тұздалды – 20 кг Шешуі: 30 – 20 = 10 (кг)
Қалғаны - ? (кг) Жауабы: 10 кг қияр қалды.
3.2 “Саяжайдан бірнеше кг қияр жиналды. Олардың 20 кг-ы тұздалғанда, тағы 10 кг қалды. Саяжайдан неше кг қияр жиналды?”
Жиналды – ? (кг)
Тұздалды – 20 кг Шешуі: 20 + 10 = 30 (кг)
Қалғаны – 10 кг Жауабы: 30 кг қияр жиналды.
3.3 “Саяжайдан 30 кг қияр жиналды. Бірнеше кг қияр тұздалғаннан кейін тағы 10 кг қияр қалды. Неше кг қияр тұздалды?”
Жиналды – 30 кг
Тұздалды – ? (кг) Шешуі: 30 - 10 = 20 (кг)
Қалғаны – 10 кг Жауабы: 20 кг қияр тұздалды.
IV – топ: көбейтіндіні табуға, теңдей бөлуге, тиісінше бөлуге.
4.1 “Әр дорбада 2 кг-нан қант бар. 4 дорбада неше килограмм қант бар?”
1 д. – 2 кг 2 · 4 = 8 (кг)
4 д. - ? (кг) Жауабы: 8 кг қант.
4.2 “8 кг қант 4 дорбаға тең бөлінді. Әр дорбада неше килограмм қант бар?”
4 д. – 8 кг 8 : 4 = 2 (кг)
1 д. - ? (кг) Жауабы: 2 кг қант.
4.3 “8 кг қант әр дорбаға 2 кг-нан бөлініп салынды. Неше дорба керек болды?”
2 кг – 1д. 8 : 2 = 4 (д.)
8 кг - ? (д.) Жауабы: 4 дорба.
V – топ: санды бірнеше есе арттыру, еселік салыстыру, санды бірнеше есе кеміту.
5.1 “Жылқыларға 16 кг шөп және одан 2 есе артық сұлы берілді. Жылқыға неше килограмм сұлы берілді?”
Ш. – 16 кг 16 · 2 = 32 (кг)
С. - ?, 2 есе артық Жауабы: 32 кг сұлы.
5.2 “Жылқыларға 16 кг шөп және одан 32 кг сұлы берілді. Шөпке қарағанда неше есе артық сұлы берілді?”
С. – 32 кг ↓ ? есе артық 32:16=2 (есе)
Ш. – 16 кг Жауабы: 2 есе артық.
5.3 “Жылқыларға 32 кг сұлы және одан 2 есе кем шөп берілді. Неше килограмм шөп берілді?”
С. – 32 кг 32 : 2 = 16 (кг)
Ш. - ?, 2 есе кем Жауабы: 16 кг шөп.
VI- топ: пропорционал шамалармен байланысты есептер: уақыт бірлігі кезінде шығарылған өнім, жұмыс уақыты, жалпы өнім; бір затқа жұмсалатын мата, заттардың саны, жалпы жұмсалған мата; бір ыдыстың сыйымдылығы, ыдыстардың саны, жалпы сыйымдылығы, бір нәрсенің массасы, нәрселердің саны, жалпы массасы, бағасы, саны, құны.
6.1 Құнын табу:
Бір килограмм алмұрт 60 теңге тұрады. 3 килограмм алмұрт қанша тұрады?
1кг - 60 тг 60 ∙ 3 = 180 (тг)
3 кг — ? (тг) Жауабы: 180 теңге.
6.2 Бағасын табу:
3 килограмм алмұрт 180 теңге тұрады. 1 килограмм алмұрт қанша тұрады?
3кг - 180 тг 180 : 3 = 60 (тг)
1 кг - ? (тг) Жауабы: 60 теңге.
6.3 Санын табу:
1 килограмм алмұрт 60 теңге тұрады. 180 теңгеге қанша килограмм алмұрт сатып алуға болады?
1кг - 60 тг 180 : 60 = 3 (кг)
? кг – 180 тг Жауабы: 3 килограмм.
6.4 Қашықтықты табу:
Жаяу адам 5 км/сағ жылдамдықпен жүреді. 3 сағатта ол неше километр жол жүреді?
1 сағ – 5 км 5 ∙ 3 = 15 (км)
3 сағ - ? (км) Жауабы: 15 км
6.5 Жылдамдықты табу:
Жаяу адам 3 сағатта 15 км жүреді. Ол қандай жылдамдықпен жүрген?
3 сағ – 15 км 15 : 3 = 5 (км /сағ)
1 сағ - ? (км) Жауабы: 5 км/сағ
6.6 Уақытты табу:
Жаяу адам 5 км/сағ жылдамдықпен 15 км жол жүрді. Ол қанша уақыт жүрген?
1 сағ – 5 км 15 : 5 = 3 (сағ)
? сағ – 15 км Жауабы: 3 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |