9. Геометриялық мазмұнды есептерді шығару технологиясы
Мақсаты: фигураның периметрін, тік төртбұрыш пен шаршышың ауданын және тікбұрышты параллелепипед пен текшенің көлемін табуға берілген есептерді шығаруға үйрету технологиясын білу.
Құрал жабдықтар: 2-4 сыныптарға арналған «Математика» оқулықтары, геометриялық фигуралар және қарапайым геометриялық денелердің модельдері, палетка
№9. Фигураның периметрін табуға берілген есептер Үшбұрыштың, төртбұрыштың, көпбұрыштың периметрі ұғымы олардың барлық қабырғаларының қосындысы ретінде екінші сыныпта енгізіледі.
Үшінші сыныпта геометриялық фигуралардың периметрін өрнек қүру арқылы жазуға үйрету жүзеге асырылады:
- Тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табумен көбейтудің үлестірімділік қасиетін енгізу барысында таныстыру;
- шаршының периметрін оның қасиетін білу негізінде табу;
- Күрделі геометриялық фигуралардың периметрін табу («М-3»,с.169, 170).