2.Күнтізбелік сабақ жоспары.
3.Күнделікті сабақ жоспары.
4.Тәрбие сағат жоспары.
5.Ашық сабақ жоспары.
6.Мінездеме.
7.Ашық тәрбие сағаты.
8.Күнделік дәптер.
9.Көрнекіліктер.
3.8. Студенттің практика кезіндегі жеке-өзіндік тапсырмаларды
орындауға әдістемелік нұсқау.
Өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе студенттердің мектептегі
оқыту мен тәрбиелеудегі міндеттерінің бір екендігі, музыка мұғалімі мен
сынып жетекшісінің іс-әрекетінің бір екендігі терең түсінуін
қалыптастырады.
Болашақ мұғалімнің өз мамандығын меңгеруі бірнеше кезеңдерден
өтеді: танысудан-танып білуге және одан әрі қарай музыка мұғалімінің іс-
әрекетін меңгеру.
Өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе барысында студенттер
музыка мұғалімінің жұмысымен танысып, пәнді оқытудың және сыныптан
тыс жұмыстардың түрлерін орындайды:
1. Музыка мұғалімінің
оқу бағдарламасымен, тақырыптық және
күнделікті сабақтардың жоспарларымен, пәнге байланысты
сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың жоспарларымен танысу;
2. Пәнді оқытудың және сыныптан
тыс жұмыстардың сабақтарын
өтудің жоспарларын құру, күнделікті сабақтың жоспарын және
талдамаларын жазу;
3. Сабаққа немесе сыныптан тыс өткізілетін жұмыстарға қажетті
дидактикалық
материалдарды, көрнекілік және техникалық құрал-
жабдықтарды дайындау; пәнге байланысты ашық сабақтар мен тәрбе
сағаттары жүргізу.
4. Әдістемелік және өз бетінше жасалатын жұмыстар: студент-
тәжірибешелер бір-бірінің сабақтарына қатысу,
талдаулар жасау;
мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің мәжілістеріне, семинарлық
сабақтарына қатысу;
Өндірістік(педагогикалық) іс-тәжірибе барысында студенттер пән
бойынша мұғалімнің жұмысының жоспарына
сәйкес көптеген сабақтар
мен сыныптан тыс жұмыстарды, әдістемелік және шығармашылық
жұмытарды жүргізеді. Сонымен қатар өздерінің жұмыстарына талдаулар
жасап, өздерінің кәсіби дайындықтарының деңгейіне баға береді.
Студенттің жеке тапсырмасы оның жалпы мамандық туралы көз қарасы
мен біліктілігін жетілдіру және музыкалық
қабілетін арттыру мақсатында
беріледі.
Студент өндірістік(педагогикалық)
практика кезінде мектептегі оқу
үрдісіне зерттеулік көз қараспен қарайды. Оқу үрдісінің қойылу тиімділігі,
сапасы, тәрбиелік жұмыстардың уақытылы және тиімді жүргізілуіне,
оқушылырдың білім деңгейіне, мектептегі мұғалімдердің
педагогикалық іс-
тәжірибелеріндегі маңызды нәтижелерге және қолданылатын жаңа оқыту
технологияларының іске асуына өзіндік баға береді. Студент практика
нәтижесінде мектептегі оқу ісінің тиімділігін арттыру туралы өз пікірін
білдіреді.
Мектептегі оқу үрдісінің көрнекілік материалдармен
қамтамасыз етілу
дәрежесіне, сабақ өту барысындағы жаңа және алдыңғы педагогикалық
әдістемелер мен тәсілдердің пайдалануына аса көңіл аударады.
Пән бағдарламасы мен сабаққа арналған арнайы әдістемелік құралдардың
жеткіліктігіне және зертханалық жұмыстардың қойылу сапасына мән береді.
Аса маңызды сәт болып мектептегі оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттырудағы жаңа инновациялық оқыту технологияларының
меңгерілуі саналады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарды атқаруына қажетті
әдістемелік материалдардың мөлшері мен жұмыстардың
атқарылу сапасына
баға береді. музыка пәні бойынша біліктілікті көтеру және музыканы сүйю
бағытында орындалатын жеке жұмыстар мен музыкалық кештердің сапасын
бағалайды.
Барлық байқаған жетістіктерді күнделікке жазып практика туралы есеп
кезінде баяндайды.
Достарыңызбен бөлісу: