5В010600 – «Музыкалық білім» мамандығының студенттеріне арналған біртұтас Практика бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет2/13
Дата11.05.2022
өлшемі197,95 Kb.
#142074
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Приложение 3. Программа практики по спец. МБ

1. Практика бойынша жалпы ережелер
1.1
Оқу 
практикасының мақсаты мен міндеттері
.
Болашақ музыка мұғалімі мамандығын дайындау жүйесінде оқу-іс 
тәжірибесі негізгі рол атқарады. Оқу іс-тәжірибесі жоғары оқу орнындағы оқу-
тәрбиелеу үрдісінің бір түрі. 
Оқу іс-тәжірибенің негізгі мақсаты – музыка мұғалімінің және сынып 
жетекшісі көмекшісінің қызметтерін орындауға, оқушылармен оқу-тәрбиелік 
жұмыстарды жүргізуге студенттерді даялау.
Оқу іс-тәжірибенің негізгі міндеттері:
Оқу іс-тәжірибенің негізгі міндеттері мыналар: 
- студентердің ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру;
- қазіргі заман талабына сай болашақ музыка мұғаліміне тиісті
профессионалды жеке тұлғаны тәрбиелеу;
- музыка мұғалімі мамандығына деген сүйіспеншілік пен құрмет білдіруге
тәрбиелеу;
- студенттерді педагогикалық іс-тәжірибе алуға баулу;
- олардың музыкалық оқу-тәрбие жұмыстарын жоғары дәрежеде өткізуге
қажетті профессионалды іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру;
- психологиялық, педагогикалық, саяси-қоғамдық және арнайы музыкалық
пәндерден алған теориялық білімдерін іс жүзінде тәжірибемен
байланыстыру;


- мектептегі оқу-тәрбиелік, музыкалық жұмыстардың қазіргі
жағдайларымен, педагогикалық тәжірибенің озық үлгілерімен таныс
болып, музыкалық-эстетикалық тәрбиенің міндеттерін шешуде оқу-
тәрбие мекемелеріне көмек беру;
- балалар және жас өспірімдермен қарым-қастынас жасауды, тіл табыса
білуді ұйымдастыру, олардың жас ерекшеліктерімен музыкалық
қабілеттерін зерттеу;
- музыкалық-педагогикалық іс-әрекеттерін шығармашылық пен ізденістік
бағытта жүргізу;
- оқушылардың рухани жан азығының бөлігі ретінде саналатын музыкалық
мәдениетін қалыптастыру;
- оқушылар музыкалық өнердің шығармаларын түсініп, жанрын және қай
дәуірдің шығармалары екенін ажырата білудегі көркемдік талғамын
тәрбиелеу. 
05010600-«Музыкалық білім» мамандығы бойынша 3 курс студенттерінің
оқу іс-тәжірибесін жетекшілік ету және ұйымдастыру.
3-курс студенттерінің оқу іс-тәжірибесі мектептегі оқу жылының 3-
тоқсанымен сәйкес өтіледі. 3-курс студенттері белгілі сыныптарға бекітіліп,
музыка пәнінің мұғалімі мен сынып жетекшісінің қызметін атқарады. Олар үш
аптаның ішінде музыка сабағынан сабақтар беріп, оқушылармен тәрбие
жұмыстарын жүргізеді. Оқу іс-тәжірибенің 1-ші аптасында студенттер
мектептегі музыка пәнінің мұғалімдерінің сабақтарына және бөлінген
сыныптардың сабақтарына қатысып, әдістемелік талдаулар жасайды. Оқу іс-
тәжірибенің 2-3-ші апталарында өздері бөлінген сыныптарында музыка
сабақтарын өтеді. 
1.
Студент іс-тәжірибе барысында мектептің ішкі тәртібіне, әкімшілігіне,
тәжірибе жетекшісіне, сынып жетекшілеріне, әдіскерге бағынышты
болуы тиіс.
2.
Студент іс-тәжірибе бағдарламасының барлық талаптарын орындауы
тиіс, музыка сабақтарына және сыныптан тыс уақытта жүргізілетін
сабақтарға ұқыпты, нақты дайындалуы керек. 
3.
Мектеп тәртібін бұзған, әкімшілік пен тәжірибе жетекшілерінің талабын
орындамаған студент іс-тәжірибеші іс-тәжірибе өтуден босатылады. 
4.
Оқу іс-тәжірибенің жұмысын қанағаттанарлықсыз деген бағамен
аяқтаған студент іс-тәжірибені қайта тапсырады (белгілі себептерге
байланысты).
5.
Тәжірибе өтіп болған соң студент әдіскер жетекшіге келесі құжаттарды
тапсыруы тиіс:
6.
а) 2-3 сабақтардың күнделікті жоспарлары
б) Соңғы сабақтың жоспары мен хаттамасы;
в) күнделік;
г) студенттің іс-тәжірибе бойынша есебі.
Құжаттар мен материалдар кафедра әдіскеріне тапсырылады және
сақталады. 


1.2 Оқу практикасының өткізілуне қойылатын талаптар
1. Мектептің оқу тәрбие және музыкалық жұмыстарының мазмұны мен
міндеттерімен танысу:
- мектеп әкімшілігі, сынып жетекшісі, музыка мұғалімі, әдіскерлерімен
әңгімелесу;
- мектеп жұмыстарының жоспарын талдау;
- ата-аналар комитетінің бағдарламасымен танысу;
- оқу сабақтарының кестесін талдау;
- мектептің материалдық базасымен танысу;
- сабақтардың және сыныптардан тыс жүргізілетін жұмыстарға қатысу.
2. Қазіргі жалпы орта білім беретін мектептегі қолданып жүрген
«Музыка» сабағының 1-4 сынып бағдарламасымен құрастырушылар -
Ш.Құлманова, Б.Сүлейменова, М.Оразалиева, 5-6 сынып
бағдарламасымен құрастырушылар - А.Жайымов, Б.Еңсепов және т.б.,
танысу. 
- мектептегі музыка мұғалімінің тақырыптық және күнделікті
сабақтарының жоспарларымен, сыныптан тыс уақытта пән бойынша
жүргізілетін жоспарлармен танысу;
- қажетті ғылыми-әдістемелік және оқулықтарды оқу;
- музыка мұғалімінің сабағын бақылап, талдау;
- оқу-тәрбиелік іс-әрекеттерінің психологиялық аспектілерін зерттеу
(оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру, оқушылардың
танымдылық әрекетін, сабақтағы мұғалімнің балалармен қарым-
қатынасын, сабақтағы микроклиматты ескеру);
- сынып ұжымының, оның құрамындағы оқушылардың мінез-
құлықтарының, музыкалық қабілеттерінің деңгейін зерттеу;
- сынып жетекшісінің жұмыс жоспарын, оқушылардың жеке ісін,
медициналық карточкаларын, күнделіктерін, сыныптың журналын, оны
толтырудың әдістерін зерттеу. 
3. Музыка пәнінен оқулық және сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу:
- оқушылардың пән бойынша білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын тану
(сыныптың журналын, оқушылардың дәптерлерін, бақылау жұмыстарын
талдау);
- тәжірибе барысындағы музыка сабағының күнделікті сабақ жоспарын
талдау;
- сабақтарға және сыныптан тыс жұмыстарға дидактикалық
материалдарды, көрнекілік құралдарды, техникалық жабдықтарды
дайындау;
- музыка мұғалімінің, студент-тәжірибешілердің сабақтарын және
сыныптан тыс іс-шараларының өтулерін талдау.
4. Сыныппен сабақтан тыс уақытта тәрбиелік жұмыстарды жүргізу.
- оқушылардың тәрбиесінің деңгейін білу (тәрбиесінің жағдайы, қоғамдық
белсенділігінің дәрежесі);
- ата-аналармен жұмыс жүргізу (оқушылардың ата-аналарымен әңгімелесу,
ата-аналар жиналысына қатысып, өз ой-пікірін айту).


5. Әдістемелік және өз бетінше жұмыстары:
- музыкалық шағармаларды талдау;
- 1-6 сынып балаларына арналған әндер репертуарымен жұмыс жасау;
- тоқсанның тақырыбына байланысты көрнекілік құралдарды жасау;
- техникалық құрал-жабдықтарды сабақта қолдануды меңгеру. 
Оқу практикалары пән бойынша практика жетекшісінің басшылығымен
жүргізіледі. Практика алдында студенттерге практикалық сабақтың мақсаты
мен міндеттері, сабақтың жүру ерекшеліктері, практикадан алынатын соңғы
нәтиже мен оның маңызы түсіндіріледі. Практикалық тапсырманы орындауға
қажетті әдістемелік материалдар мен қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз
етіледі. Сабақтың соңында студент практикалық тапсырманы орындағаны
туралы мәлімет өткізеді. Практика жетекшісі тапсырманы қабылдап алады.
Тапсырма нәтижесі тиісті бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет