Оқушылардың сыныптан тыс музыкалық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда қойылатын міндеттер:
- музыка өнерінің мазмұны мен мәнін айқындау;
- оқушылардың ұйымдастырушылық, тәрбие және насихат жұмыстарының қажетті білім мен дағды алуына жәрдемдесу, олардың белсенділігін арттыру;
- театр, кино өнері арқылы қазіргі заман талабына сай оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру;
- музыкалық спектакльдердің, музыкалық кино өнерінің теориясы және практикасымен таныстыру;
- мектепте музыкалық қойылымдарды, кештерді ұйымдастыруға дайындау.
Адам баласының өмірінде өнердің оның ішінде музыканың алатын орны ерекше. Ұлы ойшылдардың қайсысын алсақ та, олар өздерінің үлкен тарихи міндеттерімен қатар үнемі музыканы сүйіп тыңдау мен, тіпті кейбіреулері өздері орындаумен шұғылданған. Музыка олардың өмірінде тек қызық үшін емес, өмірдің сырт сәнін келтеру үшін емес, алған бағыттарында сол жолдарында үлкен демеуші, рух беруші күш болған. Олар өнердің, соның ішінде музыканың адам санасына әсер етуде үлкен рухани құрал екенін түсінген және сол пікірлерін кейінгіге мирас еткен.
Өзіндік бақылау:
Реферат тақырыптары:
1. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру (мерекелік іс-шаралар).
2. Оқушылармен жаппай өткзілетін музыкалық тәрбие.
3. Үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстардың түрлері.
4. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру (үйірмелік іс-әрекет).
5. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру (музыкалық клуб).
6. Сыныптан тыс музыкалық тәрбиені ұйымдастыру (фонотека).
7. Мектептегі музыкалық сыныптан тыс жұмыстардың кең тараған формалары.
8. Ертеңгіліктер, мерекелік кештер, әдеби-музыкалық қойылымдарды ұйымдастырудың жолдары.
9.Ертеңгіліктер сценарийі
10. Мерекелік кештер сценарийі
11. Әдеби-музыкалық қойылымдар сценарийі.
№ 6 дәріс
Дәрістің тақырыбы: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай жүзеге асырылып жатқан музыка бағдарламаларындағы музыкалық білім беру әдістемесінің жалпы сипаты
Достарыңызбен бөлісу: |