Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда оқытудың мақсатына сай берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактикалық принциптер оқыту үрдісінде негізгі буын ретінде бірімен-бірі логикалық өзара байланыста болады.
Сонымен басты дидактикалық принциптер жүйесіне мыналарды жатқызамыз:
- ғылымилық;
- саналық пен белсенділік;
- көрнекілік;
- жүйелік пен бірізділік;
- беріктілік;
- сәйкестік;
- теория мен тәжірибенің байланыстылығы.
Принциптерді талдаудың алдында принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже жалпы принциптерге негізделтен белгілі жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогикалық қызметтің бейнеленуі.
Өзіндік бақылау сұрақтары: 1. Оқушылардың музыкалық ой-өрісін кеңейту мақсатында қандай әдіс-тәсілдері қолдануға болады?
2. Музыка мұғалімінің оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастырудағы шеберлігін анықтаңыз.
3. Мәдениет-қоғамның бір бөлігі.
4. Музыка әлемі-адамзат мәдениетінің байлығы ішіндегі мұхиттай шексіз, ғажайып дүние.
5. Музыка мұғалімінің оқушылардың рухани мәдениетін қалыптастыруда музыканы насихаттаудағы іс-әрекеті.
6. Музыка мұғалімі- қоғамдағы көркемдік мәдениеттің қайраткері.
7. Музыканы дәріптейтін насихаттайтын және музыкаға тәрбиелейтін негізгі тұлға музыка мұғалімі.
8. Заңдылықтар негізінде музыканы қабылдауда даму жүйесінің өмірмен байланысы неде?
9. Оқытудың алдыңғы қатарлы нақты әдістерін атаңыз
10. Дидактикалық принциптердің түрлерін музыка сабағында қалай қолдануға болады?
11. Музыка сабағында оқытудың ғылымилық принципі.
12. Музыка сабағында оқытудың саналылық пен ғылымилық принципін қолданудың жолдары.
13. Музыка сабағында оқытудың көрнекілік принципі.
14. Музыка сабағындағы теория мен тәжірибенің байланыстылығы принцилі.
№7 дәріс Дәрістің тақырыбы: Жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі музыка пәні бағдарламалары
Мақсаты: Әр жылдардағы музыка сабағының бағдарламаларына шолу арқылы, мақсат-міндеттерімен танысу, өмірмен байланыстылығын ұғыну.
Жалпы білім беретін қазақ мектепке музыкадан бағдарлама: 5 –сынып (құрастырған Ө.Байділдаев, топ жетекешісі: Б.Ғизатов). Бағдарламадағы қарастырылатын мәселелер:
1. Фольклор - әсерлі тәрбие құралы. Халықтық әншілік дәстүрді және ұлттық аспаптық орындаушылықты үйрену.
2. Музыканың өмірімен әртүрлі байланысын жалпы қорытындылауда есту және әншілік тәжірибені жинақтау.
Жалпы білім беретін қазақ мектебінің 5 –сынып музыкадан бағдарламасының негізгі мақсаты оқушыларға халықтық педагогика тәрбие беру (құрастырған Ө.Байділдаев, топ жетекешісі: Б.Ғизатов).
Фольклор - әсерлі тәрбие құралы. Халықтық әншілік дәстүрді және ұлттық аспаптық орындаушылықты үйреру үшін автор Ө.Байділдаев көп еңбек етті. Өмірбек Байділдаев (10.05.1932 жылы) Жамбыл облысы, Қордай ауданында дүниеге келді. Қазақ музыка зерттеушісі, Қазақ Совет композиторы Ө.Байділдаев „Қазақ Совет композиторы“, „Өлмес мұра“, „Шабыт шалқары“ кітаптары мен қоса қазақ мектептерінің 5 сыныбына арналған ән-музыка сабағының тұңғыш оқулығын жазды. Оқулықта негізінен халықтық музыкаға баса назар аударылған және музыканың өмірімен әртүрлі байланысын жалпы қорытындылауда есту және әншілік тәжірибені жинақтаған.