5В011100-«Информатика» мамандығына арналған «Есеп шығару әдістемесі»


/* b[3][4] матрицасы жолдарының қосындысы */



бет19/56
Дата18.12.2021
өлшемі1,37 Mb.
#102523
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
Байланысты:
Есеп шығару әдістемесі
Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201, Тест Шингисбек Нұрымжан Итк-201
/* b[3][4] матрицасы жолдарының қосындысы */

#include

#include

float f1(int x[], int n)

{ int k; float s;

for (k=0,s=0;k

s+=x[k];

return(s/n);}

main ()

{ int i,b[3][4]={ {6,4,3,3}, {7,5,3,3}, {8,4,2,6}};

for (i=0;i<3;i++)

printf("%d жолының орташа мәні: %f\n", i,f1(b[i],4));



getch();}

Тапсырмалар

  1. Екiөлшемдi А(10,10) жиымда әрбiр жол үшiн оң элементтердiң қосындысын есептеп шығарыңдар.

  2. Екiөлшемдi А(10,10) жиымындағы оң элементтердiң санын есептеп шығарыңдар.

  3. Екiөлшемдi А(10,10) жиымындағы ең үлкен элементтi анықтаңдар.

  4. Екiөлшемдi А(10,10) жиымы берiлген. А жиымының әрбiр жолындағы элементтердiң көбейтiндiсiне тең болатын бiрөлшемдi В жиымын алыңдар.

  5. Екiөлшемдi А(10,10) жиымы берiлген. А жиымының әрбiр жолындағы ең үлкен элементтiң мәндерiне тең болатын бiрөлшемдi В жиымын алыңдар.

  6. Екiөлшемдi А(10,10) жиымы берiлген. А жиымының әрбiр жолындағы терiс элементтiң мәндерiне тең болатын бiрөлшемдi В жиымын алыңдар.

  7. Екiөлшемдi А(10,10) жиымында терiс элементтерi бар жолдардың санын есептеп шығарыңдар.

  8. Екiөлшемдi жиым жолдарындағы ең үлкен элементтердiң қосындысын есептеп шығарыңдар.

  9. Екiөлшемдi жиым әрбiр бағандағы (тiк жолдағы) элементтердiң қосындысын есептеп шығарыңдар.

  10. Екiөлшемдi жиымның әрбiр жолындағы терiс сандардың санын, қосындысын және арифметикалық ортасын есептеп шығарыңдар.

  11. Екiөлшемдi А(4,4) жиымындағы индекстерiнiң қосындысы 4-ке тең болатын элементтерiнiң қосындысын есептеп шығарыңдар.

  12. Екiөлшемдi А(4,7) жиымындағы оң элементтердiң арифметикалық ортасын және нөлге тең элементтердiң санын есептеп шығарыңдар.

  13. Екiөлшемдi А(10,10) жиымының бас диагоналi бойындағы элементтердiң ең үлкенiн табыңдар.

  14. Екiөлшемдi А(10,10) жиымының қосымша диагоналi бойындағы ең үлкен элементтi табыңдар.

  15. Екiөлшемдi А(10,10) жиымының қосымша диагоналi бойындағы ең үлкен элементтi табыңдар.

  16. Екiөлшемдi А(4,7) жиымының әрбiр жолындағы берiлген диапазонда жататын элементтердiң арифметикалық ортасын есептеп шығарыңдар.

  17. Екiөлшемдi А(10,10) жиымында элементтердiң арифметикалық ортасы жиымның барлық элементтерiнiң арифметикалық ортасынан кем болатын бағанның нөмiрлерiн анықтаңдар.

  18. Екiөлшемдi А(10,10) жиымында 3- және 1-жолдардың орындарын ауыстырыңдар.

  19. Екiөлшемдi А(7,7) жиымында бас диагональдағы элементтердi әрбiр жолдың ең үлкен мәнiмен алмастырыңдар.

  20. Екiөлшемдi А(10,10) жиымында бас диагональдан жоғарғы және төмен орналасқан элементтердiң қосындысын есептеп шығарыңдар.

  21. Екiөлшемдi жиымда берiлген жолдың ең үлкен элементiнiң мәнiн және нөмiрiн анықтаңдар.

  22. Екiөлшемдi жиымда әр баған үшiн берiлген бағанның мәнiнен кiшi болатын элементтердiң арифметикалық ортасын есептеп шығарыңдар.

  23. Бүтiн сандардан құралған 10Х10 матрицасының ең үлкен элементiнiң жолы мен баған нөмiрiн шығарып беретiн программа жазыңдар.

  24. А(5,5) жиымы және k саны берiлген. Әрбiр жолдың элементтерiн осы жолдағы бас диагональда орналасқан диагоналдық элементке бөлiңдер.

  25. А(10,10) жиымы берiлген. Осы жиымның бас диагоналiнiң элементтерiнен тұратын бiрөлшемдi жиым құрыңдар .

  26. А(10,10) жиымы берiлген. k- және 1-жолдардың орындарын ауыстырыңдар.

  27. А(10,10) жиымы берiлген. Одан бiрөлшемдi жиым құрастырыңдар.

  28. Бүтiн санды х [0...5, 0...4] жиымы берiлген. Оның 5-тен кiшi барлық элементтерiн санымен ауыстырыңдар.

  29. Бүтiн санды В [0...4, 0...3] жиымы берiлген. Оның элементтерiн олардың квадраттарымен ауыстырыңдар.

  30. Нақты сандар жиымы А[0...5, 0...3] берiлген. Оның терiс элементтерiнiң индекстерiн басып шығарыңдар.

  31. Екiөлшемдi бүтiн санды А[0..10, 0..7] жиымын құрыңдар және оның екi тақ санды индекстерiнiң барлық элементтерiнiң қосындысын табыңдар.

  32. Бүтiн санды А [0..10, 0..7] жиымы берiлген. Жиымның 5-ке қалдықсыз бөлінетін элементтерiнiң қосындысын табыңдар.

  33. 3х3 матрицаның бүтiн сандық элементтерiн пернетақтадан енгiзiңдер және әрбiр баған элементтерiнiң қосындысын есептеп шығарыңдар.

  34. Бүтiн санды В[0..5,0..5] жиымы берiлген. Оның диагональдарынан сол және оң жақта орналасқан элементтерiн анықтаңдар.

  35. Бүтiн санды В [0..5, 0..5] жиымы берiлген. Диагональдың оң жақтағы элементтерiнiң қосындысын, сол жақтағы элементтерiнiң көбейтiндiсiн табыңдар.

  36. Бүтiн санды В [0..5, 0..5] жиымы берiлген. Жиымның ең үлкен элементiн табыңдар және оның диагоналының қай жағында орналасқаны туралы хабарды экранға шығарыңдар.

  37. Бүтiн санды В [0..5, 0..5] жиымы берiлген. Жиымның ең кiшi элементiн табыңдар және оның диагональдың қай жағында орналасқаны туралы хабарды экранға шығарыңдар.

  38. Бүтiн санды В [0..5,0..5] жиымы берiлген. Жиым диагоналiнiң сол жағынан жоғары орналасқан элементтердiң қосындысын табыңдар.

  39. Бүтiн санды В [0..5,0..5] жиымы берiлген. Жиым диагоналiнiң сол жағынан төмен орналасқан элементтердiң көбейтiндiсiн есептеп шығарыңдар.

  40. Бүтiн санды В [0..5,0..5] жиымы берiлген. Жиым диагоналiнiң сол жағынан төмен орналасқан терiс таңбалы элементтерiнiң санын табыңдар.

  41. Бүтiн санды В[0..5,0..5] жиымы берiлген. Жиым диагоналiнiң сол жағынан жоғары орналасқан оң таңбалы элементтерiнiң санын табыңдар.

  42. Бес цехтың әрқайсысының 4 бөлiмшесiндегi барлық шикiзат туралы мәлiмет кестесi берiлген. Шикiзаты ең аз цехтың нөмiрiн анықтаңдар.

  43. А[0..3, 0..15] жиымы берiлген. Оның iшiнде өзара тең екi элементтiң индекстерiн басып шығарыңдар.

  44. а1, а2, а3 сандары берiлген. Элементтерi В[i,j] = аi 3aj болатын бүтiн санды В[0..3, 0..3] жиымын анықтаңдар.

  45. Нақты а1, а2, ... , а10, b1, b2, ... , b20 сандары берiлген. Элементтерi аi,j = i +2j болатын бүтiн санды А [0..10, 0..12] жиымын алыңдар.

  46. Өлшемдерi 5*5 матрицаның әрбiр элементiнiң мәнi қиылатын жол мен бағана нөмiрiнiң қосындысына тең болатын элементтерiнiң қосындысын есептеңдер.

  47. Нақты [0..7, 0...7] жиымын алыңдар, оның 1-жолы а1j = 2j + 3 формуласымен, 2-жолы а2j = j + 3/(2+j) формуласымен берiлiп, содан кейiнгi әрбiр жол алдыңғы екi жолдың қосындысына тең болатын болсын.

  48. Натурал п саны берiлген. Егер аi,j= sin(i+j/2) болса, A[0..п, 0..п] жиымында қанша оң элемент болатындығын анықтаңдар.

  49. Бүтiн санды А[0..4, 0..5] жиымы берiлген. Әрбiр бағанның арифметикалық ортасын табыңдар.

Әдістемелік нұсқау: Берілген есептің қойылысын талдап, Си тіліндегі программасын құрыңдар. Dev C++ ортасында программаны орындатып,тестілеңдер.

8. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Екі өлшемді массив.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.



  1. Матрицаны программада сипаттау, енгізу, шығару.

  2. Матрица элементтерін инициализациялау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет