5В011100-«Информатика» мамандығына арналған «Есеп шығару әдістемесі»



бет45/56
Дата18.12.2021
өлшемі1,37 Mb.
#102523
түріБағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56
Байланысты:
Есеп шығару әдістемесі

Əдістемелік нұсқау: Берілген есептің қойылысын талдап, С/C++ тіліндегі программасын құрыңдар. Dev C++ ортасында программаны орындатып, тестілеңдер.
12. СОБӨЖ.

Тақырыбы: Көрсеткіш.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:



  1. Массив функция параметрі ретінде.

  2. Массивке көрсеткіш мысалын қарастыру.

Əдістемелік нұсқау: Берілген сұрақтарға жауап дайындап, конспектілеңдер.

Әдебиеттер: 8[ 458-493 ]
12. СӨЖ.

Тақырыбы: Көрсеткіш.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:



  1. Массив функция параметрі ретінде.

  2. Массивке көрсеткіш мысалын қарастыру.

Əдістемелік нұсқау: Берілген сұрақтарға жауап дайындап, конспектілеңдер.

Әдебиеттер: 8[ 458-493 ]
Он үшінші апта

25, 26 практикалық сабақтың тақырыбы: Деректер ағынымен жұмыс істеу командаларын қолданып программалау.



Тапсырма: Деректер ағынымен жұмыс істеу командарларын қолданып, Си тілінде программа құрыңдар:

  1. f файлында квадрат матрица берілген. Матрицаның жұп элементтерінің орнына 0, тақ элементтерінің орнына 1 санын қойып, пайда болған матрицаны g файлына шығар.

  2. Файлды кездейсоқ сандармен толтырып, ондағы тақ сандардың квадраттарының қосындысын табыңдар

  3. f файлында сөздер массиві берілген. Берілген әріптен басталатын сөздерді g файлында көрсетіңдер.

  4. Файлдағы сөздерді алфавит бойынша реттеп, нәтижені басқа файлға жазыңдар.

  5. Орысша сөздерден тұратын файл берілген. Бірдей әріптен басталатын және аяқталатын сөздерді басқа файлға шығарыңдар.

  6. Оқушы аты және жасынан тұратын файл берілген. Оқушы жасын өсуі бойынша реттеп, оларды атымен қоса екінші файлға шығарыңдар.

  7. Барлық элементі 0-ге тең А(5,5) матрицасы файлда берілген. Кездейсоқ тәсілмен одан әртүрлі 7 элементті таңдап, таңдалған элементтің орнына 3 санын қойып, шыққан матрицаны басқа файлда көрсетіңдер.

  8. Файлдан сандар оқып, солардың ішіндегі теріс сандар қанша екенін анықтайтын программа құру керек.

  9. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың ішіндегі 6 символдан артық сөздерді экранға шығарып, басқа файлға жазып шығыңдар.

  10. Файлдан сандар оқып, солардың арифметикалық ортасын файл соңына қосып жазу керек.

  11. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың керісінше жазылған нұсқасын басқа бір файлға жазып шығыңдар.

  12. Файлдан сандар оқып, солардың максимумын анықтайтын программа құру керек.

  13. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың ішіндегі бос орын орнына сызықша жазып оны басқа бір файлға жазып шығу керек.

  14. Файлдан сандар оқып, солардың минимумын анықтайтын программа құру керек.

  15. Бір файлда екі сөйлем жазылған, соның екінші сөйлемін басқа файлға жазып шығу керек.

  16. Файлдан сандар оқып, солардың көбейтіндісін анықтайтын программа құру керек.

  17. Сөз тіркесінен тұратын файлдағы бас әріптерді кіші әріптерге айналдырып, басқа файлға жазып шығу керек.

  18. Файлдан сандар оқып, солардың нешеуі 5-тен артық екенін анықтау керек

  19. Сөз тіркесінен тұратын екі файл берілген. Осы екі файлдағы сөз тіркестерін біріктіріп, үшінші файлға жазып шығыңдар.

  20. Файлдан сандар оқып, солардың қосындысын анықтау керек

  21. Сөз тіркесінен тұратын екі файл берілген. Осы екі файлдағы сөз тіркестерінің орнын ауыстырып жазып шығу керек.

  22. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың ішіндегі ең ендісін анықтап, соның неше символдан тұратынын анықтау қажет.

  23. Файлдан сандар оқып, солардың тақтарын бір файлға, жұптарын екінші файлға жазып шығыңдар.

  24. Файлдан бірнеше сөйлем оқып, сол сөйлемдердің ―м әрпінен басталатын бір сөйлемін ғана экранға шығарып, соның ұзындығын анықтайтын программа құру керек.

  25. Файлдан сандар оқып, солардың барлығын да бірге арттырып, шыққан сандарды басқа бір файлға жазып шығыңдар.

  26. Файлдан бірнеше сөйлем оқып, сол сөйлемдердің ең соңғы сөйлемін ғана экранға шығарып, соның ұзындығын анықтайтын программа құру керек.

  27. Файлдан сандар оқып, соларды керісінше тәртіппен екінші бір файлға жазып шығыңдар.

  28. Файлдан сандар оқып, солардың цифрларын экранға сөзбен шығаратын программа құру керек, мысалы, 0 орнына ―нөл, 1 орнына ―бір, т.с.с. 9 орнына ―тоғыз деп жазатын болуы тиіс.

  29. Файлдан сөз тіркесін оқып, солардың бірінші сөзі мен соңғы сөзін алмастырып, екінші бір файлға жазып шығыңдар.

  30. Файлдан сөз тіркесін оқып, соларды керісінше жазып шығатын программа құру керек.

  31. Файлдан сандар оқып, солардың алғашқы жартысы мен соңғы жартысының орнын ауыстырып, нәтижесін жаңа файлға жазып шығу керек.

  32. 10 бүтін саннан тұратын файл жасайтын программа құру керек. Сол файлдағы сандарды оқып, олардың қосындысын анықтаңдар.

  33. Whіle операторы арқылы Char типті элементтерден тұратын файл жасау қажет. Циклден шығу шарты z әрпін енгізу. Сол файлдың көшірмесін екінші бір файлға жазып, жазылған мәліметтерді экранға да шығару керек.

  34. Іnteger типті N саннан тұратын файл жасап, сол файлдағы жұп сандарды экранға шығару қажет.

  35. Бүтін сандардан тұратын файл жасап, сол сандарды басқа бір файлға кері тәртіппен жазып шығу керек.

  36. Мынадай құрылымдағы бірнеше қатарлары бар файл жасау керек: реттік нөмірі; фамилиясы, аты-жөні; жалақысы.

Осы файлға бес адам туралы мәліметтер енгізіп, басқа файлға осылардың ішіндегі ең көп жалақы алатын адам туралы мәліметті көшіріп жазу керек.

  1. Файлдағы мәтінді түгел оқып шығып, ондағы «о» әрпін «а» әрпімен алмастыратын программа құрыңдар.

  2. Файлдағы мәтіндік ақпаратты экранға және қағазға шығаратын программа жасау керек.

  3. Файлда N бүтін сан жазылған. Соларды өсуі бойынша реттеп, екінші файлға жазып шығару қажет.

  4. Нақты сандардан тұратын бір өлшемді жиым элементтерін пернелерден енгізе отырып, бір файлға жазып шығып, сол жиымның жұп индексті элементтерін екінші файлға жазатын программа құрыңыздар.

  5. Топтағы студенттердің үлгерімін бір файлға мынадай түрде жазу керек: рет нөмірі, аты-жөні, 5 сабақтың аты, әр сабақтан алған 3 бағасы. Программаға енгізілетін мәліметтер пернелерде теріліп, файлға жазылуы қажет. Жақсы оқитын студенттер тізімін екінші бір файлға бөлек жазып шығу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет