1.5 Жолдар бойынша іздеу
С кітапханасы жолдар бойынша іздеуді орындайтын бірнеше функцияға ие. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл функциялар бір жолдың екінші жолдың ішінде кездесетін, кездесе тұра қай жерде екенін анықтайды. Мұндай функциялар саны бар болғаны 6 және олардың барлығы string.h тақырыптық файлында хабарланған.
*strchr( )
*strrchr( )
*strcspn( )
*strspn( )
*strpbrk( )
*strstr( )
1.5.1 Strchr( ) функциясы
Strchr( ) функциясы берілген символдың берілген жолдағы алғашқы кірістерін табады. Оның прототипі:
Char*strchr(const char*str,int ch);
Strchr( ) функциясы ch символын таппайынша немесе жол нөлдік символмен аяқталмайынша, солдан оңға str жолында іздеуді орындайды. Егер ch символы табылмаса, функция сілтеуішті оған кері қайтарады. Сонымен strchr( ) функциясы символды атпқан кезде , ол символдың сілтеуішін (мекен жайын) кері қайтарады. Str жолдағы 1-ші символға сілтейтінін біле отырып, str-ді кері қайтарылған функциядан тартып ала отырып, символдың орналасуын есептеп шығаруға болады. Бұл операция 9-шы листингте көрсетілген. Жолдағы 1-ші символ 0 нөмеріне ие екенін есте сақтаңыз. С-дің басқа да көптеген функциялары сияқты, strchr( ) функциясы символдардың регистрін ажыратады. Сол үшін мысалға алсақ, “raffle” жолынан “F” әріпін таппайды.
Достарыңызбен бөлісу: |