1-топ тапсырмасы
1. Татарша орама жағасы бар, мақталы ұзын шапан киген екеу келіп, тұманды боз қырау басқан есіктің қоңырау тетігін басып тұр...
- Келген екеу кім?
- Олар неге келді?
-Кім жіберген еді?
2. “ Қандай байланысы барын сізге жазған хатында айтқан болар. Алдымен сіз мына хатты оқыңыз,”-деп аласа бойлы татар қойнынан сия қарындашты жалай отырып, ірі әріппен сойдита жазылған хатты қолына берді.
- Хатта не жазылған деп ойлайсың?
2- топ тапсырмасы
3. “Күш байқаған кісі тышқан аулаған мысықтай, үндемей келіп бас сала ма екен?”
-Кімнің сөзі?
-Бұлай айтудың себебі неде?
4. ... Хат танымайтын Мұқанға балуандық өнердің ең ауырларын үйренуге тура келді.
-Мұқан үшін өнердің ең ауыры не еді?
-Ал ең жеңілі деп қандай өнерді айтар едіңдер?
5. “Ағын су көлге құймай дамылдай ма, мырзам. Мен сіздің мектепті бітірмей, мейрамды қайтем.”
-Кімнің сөзі?
Бұл сөзді Мұқан неліктен айтты деп ойлайсың?
3- топ тапсырмасы
6. “Жас балуанның жиырма төрті мектептің биылғы бағдарламасын бітіріп, тәжірибе жұмысына шыққалы отыр. Бірінші – Дубный, екінші - Мұңайтпасов”
-Мұқанның екінші тұру себебі неде?
-Осы тәжірибе сынында Мұқанның алғаш көрсеткен өнері?
7. Жасы отыздан асып, “енді елге қайтпасам болмас” деп жүргенде, Дубный Ригадан бір топ балуанмен келді.
Мұқан Дубныйға еріп қайда барады?
Өзге ел балуандарының қандай өнерлерін көрді?
4-топ тапсырмасы
8. “-Ертең Ресей балуандарының өнерін көресіздер,- деді цирк басқарушысы.”
Ресей балуандары қандай өнер көрсетті?
9. ...Басында айыр қалпағы бар, үстінде ала жібек шапан киіп, жалпылдақ жүнді айыр өркешті атанға мінген біреу шықты.
-Бұл кім еді?
-Ол қандай өнер көрсетті?
Тапсырма
Әр топ сұрағымен байланыстыра отырып, әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |