«5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне «хх ғасырдағы қазақ әдебиеті» пәнінен практикалық сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуде арналған әдістемелік нұсқау көмекші құрал ретінде пайдаланылады



бет5/14
Дата01.11.2022
өлшемі61,06 Kb.
#156068
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
практика «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті»

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [9], [10], [13], [14], [15], [20], [27].


4-тақырып. Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931).
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі екендігі. Мәшһүр Жүсіптің талай тарихи кезеңдерді басынан өткізуі. Өз дәуірінің білімдар, парасатты адамы болғандығы. Мәшһүр атануының себебі.
«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» (1907) атты кітабында өз дәуірінің сипатын суреттеп, көкейкесті мәселелерді көтере білуі. Қай бір мәселе болмасын ел өмірін жете түсінетін ақын ретінде іргелі ой айтып, әлеуметтік шындық тұрғысынан келетіндігі. Өлеңдерінде ақындық өнерге деген өзіндік көзқарастарының көрініс табуы. «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімес», «Ақ қағаз, қалам, сия келет бізге», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді», т.б. өлеңдеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-тұжырымдарының болуы.
«Хал-ахуал» (1907) жинағында замана сипатының бірқыдыру кең суреттелуі. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды аша сынауы. Ақынның отырықшылықпен ерте келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, жағымсыз образдарды сол ортадан ойып алуы.
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» (1907) жинағындағы өлеңдерінде ұл мүддесін көбірек қолдайтыны. Халықты өнер-білімге, оқуға, мәдениеті күшті ел болуға шақыруы. Түркі тектес халықтардың бірлігін жақтауы. Мәшһүр шығармаларында діни уағыз, діни бірлік, дінге деген сүйіспеншілік көбірек көрініс табатыны. Оларда заман шындығының бейнеленуі. Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы» өлеңі. Қоғам тазалығы, адамдар санасының жаңаруы идеяларының көтерілуі. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Әлеуметтік теңсіздік, байлық, кедейлік жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипаты.
Дастандары туралы мәлімет. Олардың тақырыптық ерекшелігі мен көркемдік деңгейі.
Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинаудағы еңбегі. Ол жинаған мұралардың молдығы әрі сан салалығы. Қолжазба түрінде сақталған «Қара мес» атты мұрасы және оның мәні.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет