«5В020100 – философия» мамандығы бойынша


FA3301 – ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ



Pdf көрінісі
бет153/372
Дата06.02.2022
өлшемі1,66 Mb.
#79352
түріБағдарламасы
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   372
Байланысты:
Философия бак.

FA3301 – ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АНТРОПОЛОГИЯ 
Көлемі - 3 кредит 
Авторлар: 
Нұрышева Г.Ж. –
философия ғылымдарының докторы, профессор, әл 
Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының меңгерушісі; 
Хасанов М.Ш. – 
философия ғылымдарының докторы, әл Фараби 
атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының профессоры. 
Пікір жазғандар:
Колчигин С.Ю. –
философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР 
БҒМ Ғылым Комитеті Философия, саясаттану және дінтану Институтының 
бас ғылыми маманы; 
Петрова В.Ф. – 
философия ғылымдарының докторы, әл Фараби 
атындағы ҚазҰУ Философия және саясаттану факультеті «Философия» 
кафедрасының профессоры. 
 
ТҮСІНІКТЕМЕ ХАТ 
 
«Философиялық антропология» пәні – «Философия» мамандығы 
бойынша бакалаврлар дайындау бағдарламасының міндетті компоненті. Бұл 
курс адам туралы осыған дейін жинақталған білімдерді тұтас жүйеге 
біріктіру арқылы студенттердің бойында адам туралы жаңа білімдер 
қалыптастырады. 
Адамның аса маңызды мәселелеріне назар аудару өнер, философия, 
ғылым, дін сияқты әртүрлі салаларда жинақталған адам туралы білімдерді 
біріктірумен және жалпылаумен қатар жүреді.Курс осы арқылы мамандық 
бойынша кәсіби білім беру бағдарламасының пәнаралық байланыстарын 
жүйелеуге ықпал етеді. 
Философиялық антропология бұл біріктірудің негізінде өзінің басты 
міндетін – адамды оның мәнінің көпқырлы жақтарының бірлігі арқылы және 
адам туралы білімдерді жүйелеудің интеграциялық қызметін атқара отырып 
зерттеуді жүзеге асырады. Философиялық антропологияның өзекті 
мәселелерін зерттеу қазіргі заманғы қоғам адамының келбетін құрастыруға 
мүмкіндік береді және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауда ерекше 
орын алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   372




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет