«5В050200» – «Филология: қазақ тілі» мамандығы үшін



бет16/68
Дата07.02.2022
өлшемі241,76 Kb.
#84748
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68
Байланысты:
a6dcdf8c-8ca4-11e3-bf6e-f6d299da70eeэтно ГА
Схема 29.12
«Жеті қазына»< ел арасында бұл тіркесті ер адамның жеке басына, өмір-тіршілігіне аса қажетті жеті түрлі асыл зат деп түсіндіреді. Олар: жүйрік am, қыран бүркіт, құмай тазы, берен (кейдe: қара, тура) мылтық, қандауыз қақпан, майланғыш ау-жылым, өткір кездік. Бұл этнофразеологизмдер басқа да түсініктемелерібар.
«Неге олай?» деген сұраққа жауап ретінде бұл қазыналардың ер жігіт үшін асылдығы мен абзалдығы әспеттеліп: «ер жігіттің атта – қаны, қыранда — қуаты, тазыда берік сенімі, мылтықта — оты, қақпанда серті, ау-жылымда әдіс-айласы, кездікте — сұсы болады» деген уәж айтылады. Бұл уәждердің өздері де этностық таным, салт-дәстүр тұрғысынан түсіндірілуі тиіс.
Қазақ арасында шүлен тарту, шүлен жігіт, шүлену, шүленші, шүлен өс тәрізді сөздер бар. Бұл қолданыстарда шүлен сөзі екі түрлі ұғымды білдіретін тәрізді: 1. елге, көпшілікке таратылатын, үлестірілетін зат. 2. Жомарттылық, қолы ашықтық, кең-молшылық. Бір қарағанда бұлардың арасында мағыналық қатыстық байқалмайтын тәрізді. Ал шын мәнінде ондай қатыстық бар: бұлар дербес екі сөз емес, мағынасы кеңейген, төркіндес бір-ақ сөз. Дәлелдеп көрейік. Тарихи деректерге сүйенсек, Орта Азия мен Қазақстан жерін бір заманда билеп-төстеген Шыңғысхан әулетінің дәстүріндегі қарапайым халыққа жылына бір рет, хан төңірегінде жүрген адамдарға аптасына бір рет тарататын тегін ас-суды өз кезінде шүлен деп атаған. Мысалы, бұдан шамамен 100 жыл бұрын шыққан А.Старчевскийдің «спутник русского языка в Средней Азии» (Санкт-Петербург, 1878, 11-бөлім) деп аталатын еңбегінде: шүлен – «ханское угощение чиновников по пятницам» делінген. Қазақ даласында бұл әдет шүлен тарату (яғни хан атынан тегін ас тарату) мағынасында қалыптасса, хан асын таратуға, оны ел-жұртқа емін-еркін үлестіруге қатысқан жігіт-желеңдер шүленші деп аталған. «Қолы ашық, жомарт» мағынасындағы шүлен жігіт тіркесі хан қазанынан таратылған тегін асты елге үлестіруде өзінше жомарттық көрсетуіне байланысты шыққан.
Сонда шүлен сөзінің бастапқы мағынасы мал сойылып, елге үлестірілетін тамақтың түрі екен. Ол сөз түркі-моңғол тілдерінде күні бүгінге дейін кездеседі. Мысалы, моңғолша силук – сорпа, бурятша – шүле, шулук – ет сорпасы, жас сорпа; якутша сямияк – ұннан жаслаған ботқа, қырғызша сорпо –шилең, т.б. Осыған байланысты «Үленіңе де, шүленіңе де жетеді» деген фраза «үлестіруіңе де, таратуыңа да жетеді» (мол ас-су) дегенді білдіреді. Шүлен немесе шүлен жігіт, шүленші сөздерінің мағынасы қазақ тілінде көбірек қолданылады.
«Шөлімдегі жалғыз алтын терегім, шөлден шүлен боп туған сергегім» (М.Әуезов). Сөз мағынасының ауысуы, кеңеюі дегенде біз тіл табиғатына тән, міне осындай заңдылықтарды айтамыз. Шүленбай деген есімнің «Атымтай жомарт, мырза, қолы ашық» деген мағынаны беретінін білсек те, оның о бастағы хан атынан таратылатын сорпа-су, астың аты екенін елдің бәрі білмесе керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет