5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет4/7
Дата25.08.2017
өлшемі1,33 Mb.
#25909
1   2   3   4   5   6   7

Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. Телерадиобағдарламалар функциялары?

  2. Модератордың басты ережесі.

  3. Телебағдарламаларды редакциялау?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  2. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.


9-дәріс

тақырыбы: Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау ерекшеліктері
Дәріс мақсаты: Теледидарлық бағдарламаның әдеби негізі – сценарий болып есептеледі. Әдебиетте сөз бейне жасаудағы жалғыз құрал туралы студенттерге талдап, т үсіндіру.

Дәрістің жоспары:

  1. Теледидарлық бағдарламаның әдеби негізі.

  2. Сценарий – әдебиеттің негізгі түрі ретінде.

Теледидарлық бағдарламаның әдеби негізі – сценарий болып есептеледі. Әдебиетте сөз бейне жасаудағы жалғыз құрал. Аяқталған шығарма іспетті әңгімеге немесе газет бетіндегі очеркке қарағанда сценарий теледидарлық бағдарламалардың негізгі ретінде ерекшеленеді. Сценарийді драматургия деп те түсінуге болады, яғни әдеби жазба түрінде болған, драмалық негізде құрылған өнермен байланысты.

Публицистикалық шығарма сияқты деректі бағдарлама сценарийінде де өзіндік ерекшеліктер кездеседі. Олардың бірі автордың ойынан, оның оқиғаға жеке көзқарасы мұнда фактілер жинағынан, таңдауынан және дерек көздерінен, сценарий сюжетінен бағынуынан тұрады. Деректі материал және авторлық интерпритация ұйымдасқан түрде болған жөн. Бұл шығармашылық ойдың толық ашылуына, дұрыс режиссерлік баяндауға мүмкіншілік береді.

Әдебиеттің негізгі түрі ретінде сценарий – бұл эпос пен драманың қоспасы, демек, драмалық, этикалық бастама функционалдық өзгерістер кездесіп отырады. Эпикалық шығармаға ұқсас сценарий пәннің жан-жақты бейнесін ашуға, әр түрлі көзқарастар қалыптастырып, тақырып аспектісін ашуға, көп жоспарлы жұмыс жоспарын құруға жәрдемдеседі. Автор болып жатқан оқиғаға өзінің көзқарасын білдіріп, сюжетке бірден араласып кетуге құқылы. Әлеуметтік-психологиялық оқиға, кейіпкерлердің тәртібі, оқырман ойына аппеляция әдеби сценарийді эпикалық форма тұрғысынан жақындатады.

Драмаға ұқсас сценарий оқырманды кейіпкерлер диологы тұрғысында дайындаған қимыл-қозғалыс бейнесі арқылы оқиғаны аша түседі. Мұнда бейне эпизод бойынша құрылған сюжет заңдылығы арқылы ашылады.

Теледидар дыбыс бейнеге сүйенгендіктен, сюжетке құрылған сценарий үшін қандай фактілер мен оқиға жөнінде айту керек, ал қайсысын көрсету қажет екенін анықтап алған жөн. Басқаша айтқанда, экранда шығармадағы сөз бен бейне байланысы қандай болатыны айқындалады. Сценарий жасаушы оқиғаға, адамдарға, дерек көзіне байланысты экрандағы сөздің қанша көлемде болатынын білген абзал. Экранда бірнеше объектіні бірден ашуға, ірі жоспарды қолдануға, қысқа ретроспективті эпизод (өткенді еске түсіру) қосып, әуен мен тура көңіл аударуға т. б. болады. Дегенмен, бұл барлық компоненттер сценарий барысында бір жүйеге келіп, бір-бірімен байланысты болғаны жөн. Теледидар бағдарламаларын әдеби сценарий негізі: бейнелеу бөлігі (ремарка), сюжет желісіне құралған қимыл-қозғалыстар; кадр артындағы мәтін (диктаторлық және авторлық) және синхронды бейнелер құрайды.

Ремарканың (белгі) бағдарлама (немесе фильмнің) бейнесін, оқиға желісін ашуда, монтаж немесе әуенді таңдауда орны зор. Сценарийдегі ремарка автордың ойын экранда анық, нақты және дәл түсіндіреді.

Кезінде сценарийдің бейнелі бөлігіне П. А. Павленко алғаш болып көңіл аударған. Ол енді ғана сценарий жасаушы болып жүрген бір адамға өз хатында былай деген екен: «Сіз оны (сценарий – Б. Г.) дайын режиссерлік жұмыс, эпизодты көрсететін монтажды бет ретінде жазасыз. Мәселен, «Жазғы күндегі аэродром. Бір топ қыз бен жігіттер ұшаққа қарап әңгімелесіп отыр». Қандай аэродром? Қай жерде? Қоршаған орта қандай? Оңтүстік не солтүстік пе? Бір топ қыз бен жігіттер… Олар кімдер? Қалай киінген? Не жөнінде әңгімелесіп отыр? Егер де сценарий жазылса, оқырман оқиға желісін толығымен сезіну үшін бұлардың барлығын да жазу керек қой. Демек, режиссер мен кейіпкерлер оқиғаның қай жерде өтіп жатқанын, экранда көрсеткен адамдардың кім екенін білуі тиіс қой. Сценарий, менің ойымша, көзбен жазылған дұрыс. Оқырман ең алдымен не болып жатқанын көзбен көруі қажет. Сценарийді әңгіме, не повесть жазғандай жеткізу керек. Біздің сценарийге ықшамдылық жат. Сондықтан да болар, әдеби кино сценарий әлі күнге дейін қалың оқырман үшін көп қызықтыра бермейтін туынды. Сценарий роман емес, әңгіме де, пьеса да емес. Ол – жаңа туынды. Егер де бұл солай болса, онда кинодраматург композиция жұмысында формалық жаңа түрін табуға көп көңіл бөлген жөн. («Вопросы драматургии». Выпуск 1. Москва. «Искуство». 1954 жыл, 316-318-беттер).

И. А. Павленконың әдеби сценарий жөнінде айтқан ойлары сценарий табиғатын түсінуінен саяды. Қазіргі таңда деректі телеарна үшін қоғамдық саяси бағдарламадағы «көрініс» («зрелищность») мәселесі өзекті болып отыр. Деректі бағдарламалар эффектісі ойын құралдарына емес, дерек көздері болып қалуы тиіс. Оған тек қана дерек материалдар сценарийдің сюжеті мен композиция желісінде құрылған болса ғана жете алады.

Деректі бағдарламада сценарийдегі драматургия кейіпкерлердің бейнесін толық ашуы керек. Міне, осы оның негізгі жұмысы болып есептеледі. Өкінішке орай, бүгінгі таңда «әдеби сценарий» деген мағынаның өзі телеарнада танымал емес. Міне, сондықтан да болар, құрғақ желіге толы публицистикалық бағдарламалар туындап жатады. Мәселен, керемет жазылған сценарийдің қатарына «Соңғы қоңырау соғылған кезде» (эстондық теледидар) атты бағдарламаны жатқызуға болады. Оның өте ерте кезде жазылғанына мән бермеген жөн. Жоғарғы деңгейде жазылған кәсіби жұмыстар қай кезде жазылғанына қарамайды. Сценарий мәтінінен үзінді келтірсек:

Мектеп бұрылыста орналасқан. Терезелерінің алдында бүк ағашының бір түрі (каштан) гүлдеп тұр. Жаңа ғана соңғы қоңырау соғылды. Жолдың бойынан бірінші сынып оқушылары үйге қайтып бара жатыр. Олардың көздерінен тұйықтық, ересектік есіп тұрғандай. Қанша дегенмен олар жаңа ғана екінші сыныпқа өткендері туралы қағаз алды ғой. Кейбіреулерін көшеде ата-аналары күтіп тұр… Анау жерде құшағы гүлге толы ұстаз үйге қайтып барады. Әне, талапкерлер де үйге беттеді. Олардың көздерінде алаңдаушылық, мазасыздық байқалады. Олар асығыс. Мектеп алдында оларды енді ата-аналары емес, «Ол» күтіп тұр. Мектеп оқушылары қайтқан дәл сол жолмен мектепке бұл бағдарламаның репортері, әйел адам келе жатыр. Ол бір сәтке мектеп алдында тұрып, ақырын ғана есігін ашып, ішке кірді. Мектептің дәлізі ұзын және бос. Репортер сатының қасына келіп тоқтап қалды.

«Қандай қызық. Кезінде біз күніне оншақты рет осы жермен анда-мында жүгіріп жүріп, осы ғимараттың жылдар өткен сайын бізге жұмбақты, жұмбақ (таинственный) болып қаларын кім білген?! Бір түрлі болып кетеді екенсің.

…Мектепте ешкімнің жоқтығы қандай жақсы, ешкімге кедергі жасамай еркін жүруге болады. Мұнда өткен мен болашақтың шекарасы. Ғимаратта таныс иіс мұрныңа келеді. Шаңның, бордың және балалық шақтың иісі шығып тұр. Қуаныштың желі есіп тұр. Сол шақ қиын кездердің бірі еді. Көптеген бағалы заттарға бүгінге қарағанда көзқарасымыз басқаша еді. Соғыс қасіреті әлі есімізден шықпаған. Біздегі әрбір бесінші адам жетім еді, Тынисмяга алаңында ол кезде соғыста қайтыс болғандар үшін орнатылған мәңгілік алау ескерткіші әлі жанбаған-ды. Біз тоқ едік, сол кезде анамыздың бір үзім нанды аузынан жырып бізге бергенін білдік пе? Әлі де есімде, бір күні мектепке мектеп формасын киіп келген бір қыз келді. «Қандай керемет!» - деп мұғалімдер таңданған еді. «Жібек көйлек! Жоқ мұндай мүмкін емес, - деген еді мектеп директоры бізге, кейін сендер де осындай көйлек киесіңдер дегенде. Енді бұл киім ешкім үшін жаңалық емес, маған да сол көйлектің қадірін кейбіреулер білмейтіндей болып көрінеді кейде. Өз аналарыңнан сұраңдаршы, олардың өздерінің ең алғашқы көк жібек көйлегін киюді әлі де армандайтынтына толық сенімдімін. (Репортер тоқтап қалды. Оның алдында мұғалімдер бөлмесінің есігі). Осы есіктің алдында оқушы қандай сезімде болғанын мұғалімдер білді ме екен сол кезде?! Біз оларды қанша жамандасақ та, қандай да бір есімдер ойлап тапсақ та, болмашы бір сұрақтар қойсақ та, мұғалімнің беделі жоғары еді. Мұғалім қаншалықты қатал болса, соншалықты біздің есімізде қалып қойғаны анық. Әлі де оларды үлкен сағынышпен еске аламыз.

(Әйел ақырын ғана есікті қақты). Ешкім есікті ашпайды, қазір онда, әрине, ешкім жоқ. Мүмкін бар шығар? Жоқ, кірмей-ақ қояйын. Тіпті, мұғалімдер бөлмесінің өзі үлкен пікір қалыптастырады… Мен ұстаздың қаншалықты өнерлі екенін айтамын да. Өзін толығымен біреуге арнау… Ол оңай емес қой. Қашанда білім нәрімен сусындату – ол дегеніміз жанының тазалығы ғой. Кезінде әрбіріміздің өз ұстазымыз бар еді. Әрбіреуі олар туралы әр түрлі есіне алады.

Есейе келе олардың қадірін жақсы түсінеміз. Ия, мектепте біз азамат болып қалыптастық. …Өз емтихандарыңды тапсырған соң жазғы демалыстың қалай тез өтіп кеткенін байқамай да қаласың. Бірінші қыркүйек басталып, тағы да алғашқы қоңырау соғылады. Бірақ ол сіз үшін соғылмайды мұнда басқа жаңа бүлдіршіндер келеді. Олар сізді де кәрі деп есептейді. Олар ғарыштық не екенін, онда қалай ұшып баруға болатынын біліп, Айға сапар туралы әңгіме айтып, қаламмен жазу жазады. Олар да біз сияқты білімдерін 2´2=4 екеннен бастайды. Қанша дегенмен, олар сол кездің балаларындай болмайды».
Дәрісті бекіту сұрақтары:


  1. Теледидар бағдарламасындағы әдеби сценарийді редакциялау ерекшеліктері.

  2. Теледидар бағдарламаларын әдеби сценарий негізі.

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Лазутина Г. В. Основы творческой деятельности журналиста. М., 2001.

  2. Справочная книга редактора и корректора. М., 1985.


10-дәріс

тақырыбы: Әдеби редакциялау және компьютерлік технология
Дәріс мақсаты: Мерзімді басылымдар нарығындағы көптеген өзгерістер редакциялық менеджерді өз басылымын түбегейлі өзгеруге итермелейді. Сондықтан, әдеби редакциялау және компьютерлік технология жайында талдап, түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

  1. Компьютерлік технология.

  2. Газет моделінің ерекшеліктерін анықтайтын факторлар.

Мерзімді басылымдар нарығындағы көптеген өзгерістер редакциялық менеджерді өз басылымын түбегейлі өзгеруге итермелейді. Бірақ бұл қадамды жасау үшін ол, ең алдымен, аудитория, нарықтық жағдай, газеттің кемшілік пен артықшылығын, оның бәсекелестерін және т. б. терең зерттеп, белгілі бір жоспар-қорытындыға келуі керек.

Менеджер тарапынан енгізілген жаңалық, өзгерістер басылымның «моделіне» өз әсерін тигізеді. Бұл «модель» мерзімді басылымның бағыт-бағдарын, позициясын, нөмірлер құрылымы мен олардың ерекшеліктерін анықтайтын негіз, былай айтқанда, «іргетас» болып табылады. Сондықтан да, жаңа газеттің нарықтағы табысы оның жаңа «моделіне» немесе ескі «моделіне» енгізілген жаңалықтарға тәуелді.

Сонымен, жаңа талаптарға сәйкес газет моделінің қай жақтары ерекше маңызға ие? Оның мазмұны мен ерекшеліктерін анықтайтын не? Осы сияқты сауалдарға берілетін жауап бірнеше факторға байланысты болып келеді.

Біріншіден, газет шығаратын оқырман аудиториясының ерекшеліктерін анықтай білу қажет. Аудиторияның демографиялық, психографиялық, кәсіби мінезін зерттеп, оның көңілін аулай алғаны жөн. Себебі, кейін осының нәтижесінде басылымның «моделі» құрастырылады. Мәселен, бұқаралық-саяси басылымның моделінде басты рөлді публицистикалық материалдар атқарып, қалған ресми, құжат, статистика және т. б. екінші орынға ауысады. Ал іскерлік басылымда, керісінше, құжат және статистикалық материалдар бірінші кезекте тұрады.

Газет моделінің ерекшеліктерін анықтайтын екінші фактор ол – мерзімді басылымдар нарығындағы басылымның таңдайтын ақпараттық «ұяшығы». Осы таңдау мүмкіншілігі келешекте басылымның түрі мен деңгейін анықтайды. Ал газет таңдаған нарықтық «ұяшық» ондағы аудиторияның ақпараттық сұранысына сай болуы шарт. Күнделікті бұқаралық-саяси газеттің моделінде оперативті ақпараттың мәні, сондай-ақ статистикалық мәліметтердің маңызы күрт өседі. Дегенмен, апталық, ия айлық басылымдарда жағдай басқаша: шұғыл ақпаратқа деген сұраныс төмендеп, болжам мен шолу, көкейкесті және талдамалы публикациялардың рөлі артады. Осының бәрі газет материалдарының жанрлық жүйесіндегі ерекшеліктері сияқты ескерілуі тиіс.

Иә, әрбір газетте оқырман қауымға ұсынылатын ақпараттың мазмұнына қатысты материалдардың өзіндік жанрлар жүйесі қалыптасады. Күнделікті бұқаралық-саяси газетте осы жүйенің ядросы ретінде оперативтік ақпарат жанрлары – репортаж, сұхбат, хабар-ошар, есеп және ақпараттық корреспонденция шығады. Ал саяси апталықта бұл жүйеге, көбінесе, талдамалы және көркем-публицистикалық жанрлар – мақала мен талдамалы корреспонденция, шолу мен эссе, саяси портрет пен көкейкесті очерктер кіреді. Іскерлік басылым болса, басты рөлді ресми, құжат және статистикалық публикациялар, яғни мемлекеттік ұйымдардың жаңа жарлықтары мен заңдар мәтіні, дерек-дәйек пен кестелер, графика мен диаграммалар, әлеуметтік сауалнамалар және т. б. атқарады. Балаларға арналған газеттерден тек көңілді және көркем әдеби материалдарды – аңыз-әңгіме мен өлеңдер, әпсана және жұмбақтар, ойындар және т. б. көптеп кездестіруге болады. Нақты немесе басқа бір басылымның жанрлық жүйесін анықтау – газет моделінің ажырамас бөлігі.

Ал газет моделін шебер ұйымдастырудың арқасында нөмірдің құрылымын жасау ісі жеңілденіп, айдарлар жүйесінің ойдағыдай қалыптасуына жол ашылады.

Бұл жүйені мазмұнына қарай топтастырылған айдарлар құрайды. Олар екіге бөлінеді. Біріншісі және ең бастысы – тақырыптық айдарлар. Олар оқырманға газет тақырыбы мен публикациялардың бағыт-бағдарын көрсетіп тұрады. Көптеген басылымдарда тақырыптық айдарлар жолдың үстіңгі жерінде орналасады. Мәселен, «Саясат», «Экономика», «Халықаралық өмір», «Спорт».

Екінші топқа іскер (служебный) айдарлар кіреді. Олар публикацияның жанрын анықтауға көмектеседі. Мысалы, «Репортаж», «Сұхбат», «Шолу», «Дерек-дәйек», «Хабар», т. б. Сондай-ақ ақпарат көзін нұсқап отырады. «Ақпарат министрлігі хабарлайды», «Ақпарат агенттігі хабарлайды» және т. б. немесе ақпарат бағытталған аудиторияның кім екенін көрсетеді – «Ұстазға кеңес», «Кітапханашының жеке қорына» және т. б.

Айдарлар жүйесін дұрыс жолға қою мақсатымен редакция олардың жиілігін анықтайды. Осыдан бүкіл айдарлар екіге: тұрақты (нөмір сайын шығатын) және мерзімді (белгілі бір күнде шығатын) болып бөлінеді. Одан басқа газет тәжірибесінде бір сәттік немесе эпизодты, яғни белгілі бір материалға байланысты («Қарсы мақала» және т. б.) айдарлар бар. Газеттің айдарлар жүйесін құрастырған кезде кімнің қай айдарға жауап беретінін анықтап алған дұрыс. Ірі басылымдар редакциясында, көбіне тақырыптық айдарларды жалпы редакциялық және монопольды етіп екіге бөліп қояды. Алғашқы түрін редакцияның бүкіл бөлімдері қолданады. Демек, олардың әр біреуі өз алдына жеке монопольды айдарларды жүргізеді.

Газеттің «түрі», негізінен, сол тақырыптық айдарлар жүйесімен анықталады. Олардың көбісі бірқатар басылымдарда бірдей қолданылады. Мысалы, бүкіл бұқаралық-саяси газеттердің бетінде «Спорт», «Экономика», «Полемика» және т. б. көптен кездеседі. Жақсы өндірілген айдарлар жүйесі редакция жұмысы мен редакциялық жоспарлауды жеңілдетеді.

Соңғы кезде редакциялық жоспарлау көптеген өзгерістерге ұшырады. Бұған жедел ақпараттың алдыңғы шепке шығуы себеп болды. «Аяқ астынан» түсетін жаңалықтар ескі перспективалық немесе біржылдық, бесжылдық жоспарлауды бұзып, біркүндік редакциялық жоспарлауды дүниеге әкелді. Оның бір кемшілігі – болашаққа экономикалық-әлеуметтік болжам жасау қиын. Ал көптеген редакциялардың нөмірдің корреспонденттердің «аяқ астынан» әкелген жаңалықтармен толтыру дәстүрі «фактологиялық журналистиканың», яғни талдамалы және көкейкесті материалдардан бас тартып, очерк, шолу, проблемалық мақала сияқты жанрлардың жоғалуына әкеп соқтырды. Осының нәтижесінде газет тәжірибесінде жедел жоспардың кейбір түрлері – келесі нөмірдің және нөмірдің апталық жоспары ғана қалды.

Дегенмен, бұл жүйе де барған сайын көбейе бастады. Мәселен, газет бетінде тек хабар-ошар, сұхбат, есеп, корреспонденция сияқты жанрлардың ғана орын алуы аналитикалық жетіспеушілігін (дефицит) әкелді. Соның салдарынан редакциялардың көбі өз өнімін бірсәттік тауарға айналдырып, көзі қарақты, ойы терең оқырманнан бірте-бірте айырыла бастады. Күнделікті газет редакциясының өзі алдына қойған мақсатын орындамауды шығарды. Осы кезде «ағымдағы график» оңтайлы нәтиже берді. Газет редакциясы өнімнің 50-60 пайызын алдын ала даярланған талдамалы материалдармен толтырып, қалған орынға «аяқ астынан» келген жаңалықтарды беріп отырды. Осы жерде нөмірдегі материалдарды беру формасына ерекше назар аударған жөн. Себебі, шебер формада берілген материалдар оқырмандарды бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Мұндағы ең бастысы, жаңа талапқа сай ұйымдастырылған газетке эффектісі мол материалды бере білу. Әрине, кез келген газет нөмірін қалыптастырудың негізгі тәсіл-әдістері: жүйелеу, концентрация болса керек. Ал оларға тәуелді материалдарды беру формаларының ішінде подборка мен полоса бұрыңғыдай бірінші орыннан түспей тұр. Мәселен, ақпараттық хабар, не хронологиялық мәліметті уақытша терген (подборка жасаған) кезде, белгілі бір тақырыпша қойылмайды, тек айдар ғана беріледі – «Шұғыл нөмірге», «Соңғы сағатта» және т. б. Газет тәжірибесінде тақырыптық (тематикалық) бетті сирек қолдана бастады. Оның орнына мақсатты беттің беделі өсе түсті. Себебі бұл бетте бүкіл материалдар бір бағытқа, бір тақырыпқа бағынып тұрады. Мысалы, «Сауда», «Жекешелендіру», «Энергетика», «Баға-құн», «Биржалар» және т. б. Ал бір күнделікті саяси газетке қатар екінші мақсатты беттер: «Анализ бен болжам», «Әлемде», «Пікір» және т. б. Газет материалдарын ұйымдастырып беру кезінде «целовой развород», «спецвыпуск», «газета в газете» және «сменная поласа» сияқты беру формаларын да ұйымдастырғаны пайдалы.

Бара-бара басылымның буыны қатайып, бәсекелестікке деген қабілеті күшейе түседі. Газет өзінің «графикалық түріне» ие болады. Оған басылымның нарықтағы табысы байланысты болып келеді. Тұтынушы белгілі бір тауарды таңдағандай оқырман да баспа өнімін олардың алдында, ең бірінші, газеттің сыртқы келбетіне: материалдың орналасу жүйесі, дизайн, версткаға көз жүгіртеді. Сондықтан сырты қарабайыр, сұр басылым өзінің оқырманынан тез айырылады. Ал оның алдын алу үшін материалдардың «киіміне» баса назар аударған жөн.

Мерзімді басылымның сыртқы «келбеті» үш бірдей факторға тәуелді. Біріншіден, жауапты хатшының кәсіби деңгейі, журналистердің жазу стилі мен редакциялық суретшінің еңбегінің жемісіне. Екіншіден, редакцияның материалдық базасының әрлендіру, полиграфиялық мүмкіндіктеріне. Үшіншіден, басылымның графикалық моделін шебер ұйымдастыруына. Осы үш фактор жүзеге асып, газеттің мерзімді басылымдар нарығына шығар алдында өзіндік белгісі болуы шарт. Ол белгі – газеттің атауы немесе фирмалық белгісі болса керек.

Жаңа техникалық құралдар өмірдің барлық саласына енді. Бұл үрдістен баспасөз де тысқары қалған жоқ. Осы құралдармен жабдықталған газет бүгінгі бәсекелестік майданында өзінің жеңісіне кәміл сенуі керек. Себебі, бұл техника редакция қызметкерлеріне уақыт үнемдеу, газеттің сапасын көтеру жағынан мол мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде көптеген редакцияда жаңа техникалық құралдар жүйесі пайда болды. Бұл жүйе үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімді журналистің жеке техникасы құраса, екінші бөлімге бүкіл редакцияға қызмет көрсететін техника кіреді. Ал үшінші бөлімдегі техника, көбінесе, газет нөмірін шығару үшін қолданады. Аталған үш бөлімнің техникасын қосып, бір-бірімен байланысты, әрі бір-бірін толықтырып отыратын сан алуан техникалық құралдар кешенін ұйымдастырады. Кешеннің негізін электроника құрайды. Оны кіші оргтехника, ақпаратты тіркеу, көбейту және сақтау құралдары толықтырып отырады.

Дербес (персональный) компьютер журналистің басты еңбек құралы болып табылады. Дербес компьютер (ДК) журналистке күш пен уақытты үнемдеп қана қоймай, бір жұмыспен бірнеше маман – публицист, редактор, корректор, машинистің міндетін атқаруға мүмкіндік береді. Қолжазбаның бұл жерде ешбір керегі жоқ. Журналист терген материалын шұғыл, әрі сапалы түрде арнайы техника – принтер арқылы шығара алады. Белгілі болгар ғалымы жазғандай «журналистің шығармашылық нәтижесі оның миынан компьютер миына көшеді».

ДК-ның арқасында журналист дискеталардың көмегімен өзінің «жеке кітапханасын» аша алады. Компьютер жадынан шыққан немесе шығатын материалдардың қаңқасын дайындап, сақтауға әбден болады. «Page Marker» немесе «Quar Press» арнайы бағдарламалары арқылы сол материалдарды газет бетіне салып, қажетті көлемге сыйғыздырып көру қиын емес.

Ал портативті дербес компьютерлер кейс (чемодан) іспеттес келгендіктен, редакциядан тыс жүрген тілші үшін аса пайдалы, әрі тиімді. Ол ДК-ны модем арқылы телефондық байланысқа қосып, тапқан жаңалығын шұғыл түрде редакциялық компьютерге сала алады. Мәселен, ИТАР-ТАСС-тың барлық меншікті тілшілері аталмыш компьютерге ие. Олар шет елде жүріп, бар жаңалықтарды өздерінің жеке ДК-ы арқылы оперативті түрде сол сәтте-ақ беріп отырады.

Кей кезде редакция қызметкерлері өз компьютерлерін бір торға (сеть) қосып, біртұтас компьютерлік комплекс құрайды. Бұл комплекс редакцияның бүкіл шығармашылық және өндірістік операцияларын жеделдетеді, редакция ұжымын еш қимылсыз басқаруға көмектеседі.

Осы редакциялық кешеннің негізін зор, әрі күшті компьютерлік база құрайды. Ол тек журналистердің ДК-ын жалғап қана қоймай, редакцияның дерек-мәліметтер қорын құруға мол мүмкіндік береді. Бұл қорда журналистке қажет ақпарат сақталады және ол сол ақпаратты кез келген уақытта ала алады. Редакцияның дерек-мәліметтер қоры Интернетпен, журналистердің шыққан және шығатын материалдарымен үнемі толықтырып отырады. Ал тақырыптық, аймақтық немесе дербес бағдарламалардың негізінде құралған «іздеу» ақпараттық жүйесі сол қордан журналистке қажет кез келген ақпаратты бірнеше минуттің ішінде тауып береді. Мәселен, корректор белгілі бір терминнің жазылуын, географиялық атаудың дұрыс нұсқасын әп-сәтте таба алады.

Басшы болса, «іздеу» ақпараттық жүйесі арқылы редакция ұжымының шығармашылық, техникалық дайындық деңгейін видеотерминалдан бір орында отырып анық көре алады.

Бұл жүйенің бірнеше артықшылығы бар. Ол – обьективтілік. Егер бұрын журналистер өздерінің белсенділік деңгейін жиналыста ғана ести білсе, бүгінде тапсырылған материалдардың санын түгендеп қойған компьютерден біле алады. Екіншісі – жеделділік. Басшының соңғы сөзін, көп қиналмай, баға беру кестесінен көруге болады. Үшіншісі – жұмыстың нәтижесін үнемі тіркеп отыруы болса керек.

Микрография құралдары – бұл мәтіннің алатын көлемін бірнеше есеге азайтып, микротасушыларда кішігірім көпше түрінде сақтауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылар. Микрофиша – микротасушылардың бірі, оған 11´15 мм өлшемі бар 60-қа жуық кадр сыйады. Арнайы аппаратураның көмегімен оригиналды кішірейту арқылы бір кадрға бір, я екі кітап бетін, көлемді хат немесе А2, А3 форматты газеттің жолын салуға болады. Бұл жолмен сегіз жолды «Егемен Қазақстан» газетін 7 кадрға сыйғызуға әбден болады. Әрбір кадрға сақталған мәтінді оқып, керек кезде принтерден басып алып шығару оп-оңай.

Бүгінгі микрографиялық техника оригинал мәтінді бірнеше ондаған есе кішірейтіп, микрофишаға сақтауға мүмкіндік береді. Мәселен, 100-150 есе кішірейткен кезде бір ультрафиша кленкасына мыңнан аса кадр сыйады. Бұл жерде ультрафишаның тығыздығын бір ЭВМ-нің есте сақтау жадысымен теңестіруге болады.

Қазіргі кезде микрофишалар кітапхана, мұрағат және т. б. құжатты көп мекемелерде кең қолданылады. Арнайы шкафтарда 12 мың микрофиша болады. Олардың жалпы тығыздығы миллионға жуық түрлі құжаттардың беттеріне тең. Бүгінгі таңда микрофишаның қызметін редакцияның компьютерлік орталықтары кең қолданып келеді. Бұрын газетті басу үшін техниканың дефицитінен көп уақыт кетсе, бүгін кішігірім редакциялардың өзінде верстка жасап, газет қаңқасын дайындап беруге мүмкіндік туғызатын компьютерлік орталық бар. Жаңа техникалық құралдармен жабдықталған орталық кез келген редакция үшін үлкен олжа, себебі ол редакция өз тарапынан қалаған өнім «моделін» ұсына алады. Орташа редакциялардағы компьютерлік орталығында кем дегенде үш адам жұмыс істейді. Мәселен, Астана қалалық «Астана хабары» газетінің компьютерлік орталығында үш адам қызмет етеді. Олар 4-бетті, 8-жолды газетті 6-7 сағаттың ішінде басып, электронды вариантын дайындап үлгереді. Бұл бүгінгі компьютерлік технологияның үлкен жетістігі болса керек.

Қазіргі кезде компьютерлік технология күн сайын жетілдіру үстінде. Еуропа елдерінің бірінде суретші Пикасоның өзінен кем салмайтын компьютер құрастырылған көрінеді. Осының бәрі келешекте баспасөз ісіне де оңтайлы әсер етіп, газет редакциясы өзінің жеке тапсырмасына ие болуы әбден мүмкін.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет