5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» студенттеріне арналған студенттер үшін пәннің бағдарламасы семей – 2013 Алғы сөз



бет5/6
Дата12.10.2020
өлшемі46,63 Kb.
#65925
1   2   3   4   5   6
1.6 Курстың пререквизиттері:

  • Экономикалық теория;

  • Макроэкономика;

  • Менеджмент.

1.7 Курстың постреквизиттері: жоқ
2 Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарды бөлу

Тақырып аттары

Сағаттар саны

Әдебиеттер

Дәріс

Практикалық сабақ

СОӨЖ

СӨЖ

Тақырып 1. Әлеуметтік сала басқару объектісі мен әлеуметтік даму ретінде

2

1

3

3

1)Государственное регулирование рыночной экономики /Под ред. Кушлина В.И., Волгина Н.А. М: Экономика, 2001.

2)Бурджалов Ф.Э. Современная социальная политика.- М., Гардарика, 2006.

3)Желтов А.М. Государственное регулирование экономики: Учебное. пособие.-Н.Новгород: ВВАГС, 2004.

4)Управление социальной сферой: Учебник / Под ред. В.Э.Гордина:. – СПб., 2008.



Тақырып 2. Экономикалық аспектідегі әлеуметтік сала

2

1

3

3

//-//-//-//-//

Тақырып 3. Әлеуметтік саясат әлеуметтік саланы басқару негізі ретінде

4

2

6

6

//-//-//-//-//

Тақырып 4. Әлеуметтік басқаруды ақпараттық қамтамасыз ету

2

1

3

3

//-//-//-//-//

Тақырып 5. Басқару шешімдері, әлеуметтік бақылау және басқару тиімділігі

2

1

3

3

//-//-//-//-//

Тақырып 6. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік реттеу

4

2

6

6

//-//-//-//-//

Тақырып 7. Білім беру саласындағы мемлекеттк реттеу

4


2

6

6

//-//-//-//-//

Тақырып 8. Мәдениет саласындағы мемлекеттік реттеу

4

2

6

6

//-//-//-//-//

Тақырып 9. Әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі зейнетақы қамтамасыздығы

2

1

3

3

//-//-//-//-//

Тақырып 10. Үй шаруашылығын басқару тұрғындар өмірінің деңгейін зерттеудің орталық объектісі ретінде

2

1

3

3

//-//-//-//-//

Тақырып 11. Әлеуметтік қызмет көрсету нарығы және оның ерекшеліктері

2

1

3

3

//-//-//-//-//

Барлығы:

30

15

45

45

//-//-//-//-//


3 Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқаулар
Курс барысы: 11 тақырып «Әлеуметтік саланы реттеу» курсының барлық мазмұнын қамтиды.

Оқу жоспары бойынша пәнді оқытуға 45 аудиторлық сағат, соның ішінде 30 сағат дәріс, 15 сағат практикалық (семинарлық) сабақ қарастырылған.

Аудиторлық дәріс курсы студент білімін жүйелендіретін негізгі және маңызды көзі болып табылады.

Дәріс – берілген пәннің теориялық сұрақтарын қарастыру мақсаты болып табылатын оқу сабағының нысаны.

Дәрістің негізгі бағыты барлық оқу сабақтарының, сонымен қатар студенттердің өздік жұмыстарының негізгі мазмұны мен сипатын, негізгі бағыттарын анықтай отырып, білім негізін салу.

Берілген пәнді тиімді оқыту шарты болып практикалық (семинарлық) сабақтарды жүргізу табылады.

Практикалық сабақтар – студенттердің өз бетінше жұмыс орындауын дамытуға және практикалық талаптар мен дағдыларды дамытуға бағытталған оқу сабақтарының нысанының бірі болып табылады. Пән бойынша практикалық сабақтар студенттерге ғылыми әдебиеттер негізінде өздік жұмыстарды орындауға және ауызша өз ой-пікірін жеткізе білуге мүмкіндік беретін семинарлар түрінде өткізіледі.

Практикалық (семинарлық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі және студенттердің үнемі сабаққа дайындығын, олардың жауаптарын мұқият тыңдауды, теориялық білімді есептер мен тапсырмаларды орындаумен бекітуді талап етеді.

Практикалық сабақтар пәннің күрделі сұрақтарын терең меңгеруге және студенттердің өздік жұмыстарын қорытындылаудың негізгі нысаны болып табылады. Осы практикалық сабақтарда студенттер проблеманы білікті жеткізе білуге, өз ой-пікірін еркін айта білуге мүмкіндік береді.

СӨЖ орындауға әдістемелік нұсқаулар: «Әлеуметтік саланы реттеу» курсы бойынша кредиттік технология студенттерімен СӨЖ реферат түрінде орындалады. СӨЖ орындауға кіріскенде студенттер берілген рефераттың тақырыбын зерттеуі керек. Сонымен қатар ұсынылған әдебиеттер мен инструктивтік материалдарды қолдануға болады. Жұмыс А4 стандартты парақтың бір жағына жазылады. Студенттерге өздік жұмысты дәптерге жазуға рұқсат етіледі. Жұмысты орындау барысында келесідей өлшемдерді сақтау қажет: сол жағынан - 25-30 мм, оң жағынан – 10 мм, жоғарғы және төменгі жағынан – 20 мм. Қызыл жол бес белгіге немесе 15-17 мм-ге тең.

Жұмыс тақырыбын қолжазба түрінде немесе компьютермен жазуға болады. Қолжазба әдісімен мәтін қара немесе көк түсті сиямен, анық жазумен жазылуы тиіс. Бір жұмыста түрлі түсті сия қолдануға болмайды (графиктерді, диаграммаларды, суреттерді, кестелерді орындағанда түрлі түсті сия қолдануға болмайды.)

Жұмыс қолмен жазылғанда мәтіннің әрбір беті 28-30 жолдан тұруы қажет, әрбір жол ортасы 60-65 белгіден болуы керек, мұндағы әрбір сөздер арасындағы пробел бір белгі болып есептеледі. Қолжазбалық мәтінге №3 трафареті қолданылады. Жұмыстың қолжазбалық нұсқадағы жалпы көлемі қосымшаларды есептемегенде 5 беттен кем болмауы тиіс. Жұмыс беттерінде еш қателіктер жіберілмеуі тиіс – жолдарды және сөздерді сызу, жол аралық қосымша жазулар және т.б.рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, жалпы қабылданбағандардан басқа сөздерді және сөз тіркестерін қысқартуға болмайды.

Жұмыстың әрбір тарауы жаңа беттен басталады, ал бөлімдер жолдың ортасынан мәтіннен бір жол қалдырғаннан кейін жазыла береді.

Екінші жағдайда жұмыс мәтіні компьютерде Microsoft Word мәтіндік редакторінде, Timеs New Roman шрифімен, 14 мөлшермен, жартылай жоларалық интервалмен басылады. Жұмыстың жалпы көлемі 5 беттен кем болмауы тиіс.

Рефератқа қысқаша жоспар құру керек. Рефератты орындаған соң берілген тақырып бойынша қолданылған әдебиеттер тізімі жазылып, студенттің қолы мен орындаған мерзімі көрсетілуі керек.

Студенттердің оқытушылармен өздік жұмысы сұхбаттасу, жазбаша бақылау жұмысы, рөлдік ойындар түрінде өтеді. Студенттің белсенді қатысуына қарай білімі бағаланады.

Пән бойынша емтихан билет тәсілі бойынша, яғни 90 сұрақтар қарастырылған.


4 Курс форматы

Аудиториялық уақытқа кіретіндер: дәрістер, практикалық сабақтар, студенттің оқытушымен өздік жұмысы. Мұнда оқылған материалдарды пікір алмасу, әртүрлі материалдарды және кейстерді талдау. Әрбір сабаққа студенттер жоспардағы негізгі және қосымша әдебиеттер тізіміне сәйкес дайындалуы тиіс (негізгі бөлімдер мен тараулар әрбір сабаққа анықталып отырады). Әрбір сабақтың бас кезінде шағын бақылау жұмысы жүргізіледі, ол өткен дәрісте қарастырылған негізгі ұғымдарға қатысты ашық сұрақтан не болмаса дұрыс/дұрыс емес типтес сұрақтардан тұрады. Бақылау жұмысқа қатыспаған және кешіккен студент ешқандай балл алмайды.

Негізгі ұғымдар әрбір дәріс барысында түсіндіріледі. Сабақтарға қатысу және негізгі ұғымдарды, анықтамаларымен, түсініктерімен жазу студенттердің міндеті. Егер студент белгілі бір себептермен сабаққа қатыспаса, онда кафедрада бекітілген қосымша сабақтың графигі бойынша қосымша сабаққа қатысады.

5 Курс саясаты

Әрбір сабақта студент қаралатын материалдарды талқылауға белсенділікпен қатысуы керек. Оның белсенділігі жауап беру сапасы негізінде бағаланады. Жеке жауап беру мен топ құрамында сөз сөйлей қарастырылады.

Студентке әрбір аптаға студенттің өз бетімен дайындалуына өздік жұмысы беріледі. Ол эссе немесе реферат түрінде ұсынылады. Сонымен қатар студенттің оқытушымен бірге жүргізілетін өздік жұмысы беріледі. Онда ол бақылау формасы түрінде немесе сұрақ жауап түрінде жүргізіледі. Студенттің әрбір аптадағы орындаған жұмыстары пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік сызбасында (4 бөлім Бағалау саясаты) көрсетілген баллдар бойынша бағаланады.

Студенттерге жазбаша жұмыстарды орындау барысында Шәкәрім университетінің компьютерлерді пайдалануға рұқсат беріледі.



Студенттер Шәкәрім университетінің кітапханасында жұмыс істеп, кітапхана ережесіне сәйкес кітаптарды үйге алуына болады.
6 Бағалау саясаты


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет