Стандарттаудың мақсаттары мен міндеттері
Стандарттаудың негізгі мақсаты – белгілі салада бекітілген ережелерді, талаптар, нормаларды қазірде бар, жоспарланаьын немесе болашақта болады деп күтілетін міндеттерді шешу үшін кеңінен және көп мәрте қайтара қолдану арқылы оңтайлы дәрежеде реттеуге қол жеткізу болып табылады.
Стандарттау жөніндегі қызметтің бас нәтижелері өнімдердің, қызмет көрсетулердің, процкстердің, жұмыстардың олардың функционалдық міндетіне сәйкестік дәрежесін жоғарылату, халықаралық тауарлар айырбасында техникалық кедергілерді жою, ғылыми – техникалық прогреске және әртүрлі салалардағы ынтымақтастыққа жардемдесу болып табылады.
Стандарттау мақсаттарын жалпы және нақты, сәйкестікті қамтамасыз етуге қатысты мақсаттарға бөлуге болады.
Жалпы мақсаттар «стандарттау» түсінігінің мазмұнынан табылады. Жалпы мақсаттарды стандарттау үшін нақтылау стандарттардың міндетті талаптарын орындаумен байланысты.
Жалпы мақсаттарға жатады:
өнімдердің, процестердің (жұмыстардың), көрсетілетін қызметтердің адамдардың өмірі және денсаулығының, мүлкінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаның сақаталуын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;
саудадағы техникалық баръерлерді жою, өнімнің және көрсетілетін қызметтің ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестігін қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;
техникалық және ақпараттық сиысымдылықты, сондай- ақ өнімдердің өзара алмасушылығын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;
өнімнің, процестердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасының ғылыми- техникалық прогрестің даму деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;
өнімнің, процестердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мәселелері бойынша тұтынушылардың мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;
өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;
ресурстардың барлық түрлерінің сақталуын және рационалды қолданылуын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;
әртүрлі табиғи және техногенді сипаты бар апаттардың және басқа да төтенші жағдайлардың оран алу мүмкіндігі тұрғысынан шаруашылық объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау;
еліміздің қорғаныс қабілетін және мобилизациялық дайындығын қамтамасыз ететін нормалар, ережелер және сипаттамаларды зерттеп дайындау.
Нақты мақсаттар әрекеттердің белгілі облысына, тауарлар шығару мен қызмет көрсетулердің белгілі саласына, белгілі кәсіпорынға, нақты өнімдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулерге және т.б. қатысты болып табылады.
Стандарттаудың негізгі міндеттері болып табылады:
зерттеп дайындаушылар, шығарушылар, сатушылар және түтынушылар (тапсырыс берушілер) арасында өзара түсінушілікті қамтамасыз ету;
тұтынушы және мемлекеттің мүдделері тұрғысынан, өнімдір, процестер (жұмыстар); қызмет көрсетулер номенклатурасына және сапасына оптималды талаптар, оның ішінде олардың адамдардың өмірі және денсаулығының, мүлкінің қауіпсіздігін, қоршаған ортаның сақаталуын қамтамасыз ететін талаптарды тағайындау;
өнімдірдің қиылыстырылуына (конструкциялық, электрлік, электромагниттік, ақпараттық, бағдармалық және т.б.), сондай- ақ өзара алмасушылығына талаптар тағайындау;
өнімнің, оның элементтерін, комплекттеуші бұйымдар, шикізат және материалдардың көрсеткіштерін және сипаттамаларын үйлестіру және өзара байланыстыру;
параметрлік және типтік- өлшемдік қатарларды, бұйымдардың базалық конструкцияларын, қонструкциясы боынша унификацияланған блокты- модульды құрамдық бөлшектерін тағайындау және қолдану негізінде унификациялау жұмыстарын жүзеге асыру;
метрологиялық нормалар, ережелер, жағдайлар және талаптарды тағайындау;
өнімдер, процестер (жұмыстар), қызмет көрсетулерді бақылау (сынау, талдау, өлшеу), сапасын бағалау және сертификаттауды нормативтік- техникалық қамтамасыз ету;
технологиялық процестерге олардың материал сиымдылығын, энергия сиымдылығын және еңбек сиымдылығын төмендету, аз қалдықты технологиялар қолданылуын қамтамасыз ету тұрғысынан талаптар тағайындау;
техника- экономикалық және әлеуметтік ақтаратты классификациялау және кодтау жүйесін құру және енгізу;
мемлекетаралық және мемлекетті әлеуметтік- экономикалық және ғылыми- техникалық бағдарламаларды (жобаларды) және инфрақұрылымдық кешендерді (көлік, байланыс, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, өмір сүру ортаны (среда обитания) бақылау, халықтың қауіпсіздігі және т.б. нормативтік қамтамасыз ету;
тұтынушыларды өнімдірдің номенклатурасы және негізгі көрсеткіштері жөнінде ақпаратпен қамтамасыз ету үшін каталогтау (тіркеу) жүйесін құру;
стандарттау әдістері мен құралдары арқылы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына жардемдесу.
Бақылау сұрақтары:
1. Стандарртау ұғымының анықтамасын беріңіз
2. Стандарттаудың мақсаттары
3. Стандарттаудың міндеттері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Под общей редакцией К.А. Тазабекова. - Алматы, 2003. - 450 с.
2 Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации и метрологии - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. – 711 с.
3 «Техникалық реттеу туралы» ҚР заңы (2004 жылдың 9 қарашасы № 603 -11 (05.07.2008 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
Достарыңызбен бөлісу: |