Лекция 22-23. Өнімді сертификаттау.
Жоспар:
Өнімді сертификаттау схемалары
Өнімді сертификаттауды жүргізу тәртібі
Сәйкестік туралы декларацияны қабылдау тәртібі
1. Өнімді сертификаттау схемалары
Өнімді сертификаттау Мемлекеттік сертификаттау жүйесімен тағайындалған схемалар бойынша жүргізіледі.
Сертификаттау схемасы үшінші жақтың өнімнің сәйкестігін бағалау кезіндегі іс-әрекеттерінің құрамы мен кезектілігін белгілейді.
Сертификаттау жүйесімен бірнеше сертификаттау схемалары қарастырылған. Схеманы таңдап алу кезінде нақты өнім өндірісінің, оны сынау және қолданудың рекшеліктері ескерілу керек. Бұлармен қатар куәландыру деңгейіне қойылатын талаптар және өтінушінің шығындарының мөлшері ескеріледі.
Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау схемалары 2- таблицада берілген.
Таблицадан растау әдістері ретінде:
сынау;
қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы деклараци-яны қарастыру;
өндірістің жай-күйін талдау;
инспекциялық бақылау қолданылатынын көруге болады.
1 – 6 және 10- сертификаттау схемалары сериялап шығарылатын өнімдерді сертификаттауда қолданылады, 7 – 9 схемалар – шығарылып жатқан өнімді сертификаттауда қолданылады.
2- таблица. Қазақстан Республикасында қолданылатын сертификаттау
схемалары
Схема номері
|
Сәйкестікті
растау әдісі
|
Өндірісті тексеру
|
Инспекциялық бақылау
|
Сертификаттың күшінде боле мерзімі, артық емес
|
Ескерту
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Типін сынау1
|
-
|
-
|
6 ай
|
Маркалау жүргізілмейді
|
2
|
Типін сынау
|
Өндірістің жай-күйін талдау
|
Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау
|
12 ай
|
Осы типтің барлық шығарылған өнімдері маркланады
|
3
|
Типін сынау
|
Өндірістің жай-күйін талдау
|
Шығарушыдан алынған үлгілерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау
|
12 ай
|
-«-
|
4
|
Типін сынау
|
Өндірістің жай-күйін талдау
|
Сатушыдан алынған үлгілерді сынау. Шыға-рушыдан алынған үлгі-лерді сынау. Өндірістің жай-күйін талдау
|
18 ай
|
-«-
|
5
|
Типін сынау
|
Өндірісті немесе сапа жүйесін сертификаттау
|
Сатушыдан алынған үлгілерді сынауҮ. Шығарушыдан алынған үлгілерді сынау. Өнді-рісті (сапа жүйесін) бақылауҮҮ
|
36 ай
|
-«-
|
6
|
Типін сынау
|
Сапа жүйесін сертифи-каттау
|
Сапа жүйесін бақылауҮҮ
|
36 ай
|
Маркалау жүргізілмейді
|
7
|
Партияны сынау
|
-
|
-
|
Партияны босату мерзімі
|
Маркалау жүргізілмейді
|
8
|
Әр өнімді сынау
|
-
|
-
|
Тағайындал-майды
|
Әр өнім маркаланады
|
9
|
Қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы деклараци-яны қарастыру
|
-
|
-
|
Өнімнің жарамдылық мерзімі, бірақ 12 айдан артық емес
|
Маркалау жүргізілмейді
|
10
|
Қосылған құжаттарымен бірге сәйкестік туралы декларацияны қарастыру
|
Өндіріс-тің жай-күйін талдау
|
-
|
12 ай
|
Маркалау жүргізілмейді
|
1 Шығарылатын өнімді оның типтік өкілі болып табылатын бір немесе бірнеше үлгілерінің сәйкестігін растау негізінде сынау.
Ү Сынаудың қажеттілігін және көлемін өнімді сертификаттау жөнінднгі орган сертификатталған сапа жүйесін (өндірісті) бақылау нәтижесі бойынша анықтайды.
** Өндіріске немесе сапа жүйесіне сертификат берген орган жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |