Бақылау сұрақтары:
1 Мемлекеттік стандарттар деп қандай стандарттарды айтады?
2 Мемлекеттік стандарттардың нысандары болып не табылады?
3 Қандай органдар мемлекеттік стандарттарды жасайды?
4 Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі қандай?
5 Мемлекеттік стандарттарды қандай орган бекітеді?
6 Мемлекеттік стандарттардың жобалары қандай органдармен келісіледі?
7 Мемлекеттік стандарттарды қандай орган басып шығарады?
8 Тұтынушы жаңадан бекітілген стандарттар жөнінде ақпаратты қайдан алады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов / В.А. Швандар, В.П. Панов, Е.М. Купряков и другие под редакцией В.А. Швандара. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 487 с.
2 ҚР СТ 1.2-2002 ҚР МСЖ Мемлекеттік стандарттарды жасау тәртібі
3 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар
№ 15 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Мәтіндік өндірістік құжаттар
Сабақтың мақсаты: Мәтіндік өндірістік құжаттарды дайындауда тәжірибелік дағдыларға ие болу
Мазмұны:
1 ҚР СТ 1081 стандартымен танысу
2 Оқытушының тапсырмасы бойынша нысанға рецептура таңдау
3 Оқытушының тапсырмасы бойынша нақты нысанға патенттік-лицензиялық зерттеулер жүргізу
4 Жетілдірілген тағам өніміне рецептура жасау
5 Нысанның дәстүрлі өндіріс технологиясын оқып меңгеру
6 Жетілдірілген тағам өнімінің өндіріс технологиясын дайындау
7 Нормативтік құжаттың талаптарына сай мәтіндік құжатты ресімдеу
Әдістемелік ұсыныстар:
Егер қоғамдық тағамтану кәсіпорындарында белгіленген стандарттар болмаса, онда технологиялық нұсқаулар, рецептуралар өз бетінше құжат ретінде қоғамдық орындарында тағамтану кәсіпорындар өнімдеріне арнайы жасалады. Керек болған жағдайда мұндай құжаттарға өнімнің сапа және қауіпсіздік көрсеткіштері көрсететін немесе құжаттарға белгіленген сілтемелер енуі мүмкін. Рецептурада бекітілген сипаттамалар мен көрсеткіштер нақты тағам өнімінің сәйкестендіруін қамтамасыз ету керек. Технологиялық нұсқауда тамақ өнімінің дайындалуының технологиялық процестері шикізатты және жартылай фабрикатты қабылдап, оны өндіруден бастап дайын өнімнің шығарылу жолына дейін іс-әрекет кезекпен сипатталады.
Технологиялық нұсқау мен рецептураның талаптары мен ережелерін сақтау міндетті болып саналады.
Бақылау сұрақтары:
1 Қандай мәтіндік құжаттар өндірістік құжаттарға жатады?
2 Қандай нормативтік құжатта мәтіндік өндірістік құжаттарды жасау тәртібі жазылған?
3 Қандай өндірістік құжаттар бойынша тағам өнімдері жасалады?
4 Мәтіндік өндірістік құжаттарды ресімдеу кезінде қандай мемлекеттік стандарттарға негізделу керек?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие по редакцией Тазабекова. Алматы. 2003 г. – 450 с.
2 ҚР СТ 1.5-2000 ҚР МСЖ Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын талаптар
3 ҚР СТ 1081-2002 Тағам өнімдеріне технологиялық нұсқау мен рецептураны жасау тәртібі
3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ
3.1 Студенттердің өзіндік жұмысың ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар
Өзіндік жұмысын орындау кезінде студент нақты тақырып бойынша ұсынылған әдебиеттерді қалданады, материалды өз бетімен игереді, зерделеген материалдың қысқаша мазмұнын дәптерге түсіреді. СОӨЖ сабағында студент жазбаларын оқытушыға көрсетеді, ал оқытушы оны бағалайды.
3.2 Рефераттар тақырыптарының тізімі немесе студенттердің білімін бақылау үшін арналған бақылау сұрақтары және т.б.
Рефераттар тақырыптары.
1 Стандарттаудың заңнамалық базасы
2 Халықаралық стандарттау
3 Нормативтік құжат-тарды қолдану және олардың талаптары-ның сипаттары
4 Стандарттау әдістері. Унификациялау және агрегаттау
5 Қазақстан Республика-сындағы стандарттау-дың қазіргі жағдайы
6 Стандарттаудың экономикалық және әлеуметтік мәселелері
7 Сертификаттаудың заңнамалық базасы
8 Физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері. Физикалық шамалар шкалалары
9 Өлшеу нәтижелерін бағалау
10 Өлшеу қателіктерінің түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |