5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет45/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

Дәрістің мақсаты
– құрсақ аумағындағы топографиялық анатомияны 
меңгеріп, оперативтік жетуді білу, новокаиндік тежеуді жүргізу.
Жоспар: 
1. Құрсақ аумағының топанатомиясы 
2. Құрсақ аумағын жансыздандыру
1.
Құрсақ аумағының топанатомиясы 
Құрсақты үш бөлімге бөледі:
1) алдыңғы—г. epigastrica
2) ортаңғы—г. mesogastrica, 
3) артқы—г. hypogastrica 
Сурет 34 - Құрсақ аумағының анатомиясы 
1.Трахея 
2.Өкпе
3.Жүрек
4.Диафрагманың қабырға бөлімі 
5.Талақ 
6.Сол жақ бүйрек 
7. Диафрагманың күмбезiнiң нобайы 
8.Ас ішек 
9.Кіші тоқ ішек 
10. Тоқ ішектің вентралді диафрагмалді 
орналасуы
11. Тоқ ішектің вентралді сол жақ 
орналасуы
12. Тоқ ішектің бөкселік диафрагмалді 
орналасуы 
13. Тоқ ішектің сол жақ диафрагмалді 
орналасуы
14.Соқыр ішектің басы 
15.Тік ішек
16.Құйрық бұлшықеті 
17.Анусты көтергіш 
18.Тоқ ішектің дорсалді диафрагмалді 
айналмасы


58 
Сурет 35 – Құрсақ аумағындағы жүйкелер 
14. r. cutaneus lateralis ni. Thoracici XI - 6-шы көкірек жүйкесінің латеральді 
тері тармақтары
15. r. cutaneus lateralis ni. Iliohypogastrici – мықын-құрсақтық жүйкенің 
латеральді тері тармақтары 
16. r. cutaneus lateralis ni.ilioinguinalis – мықын-шап жүйкенің латеральді тері 
тармақтары 
17. rr. cutanei dorsales nervorum thoracic – көкірек жүйкесінің дорсальды тері 
тармақтары 
18. rr. cutanei dorsolaterales – дорсолатералді тері тармақтары
19. rr. cutanei laterales - латеральді тері тармақтары 
20. rr. cutanei ventrales – вентральді тері тармақтары 
21. rr. ni. Intercostobrachialis – иық-қабырғааралық жүйкесінің тармақтары
ҚҰРСАҚ ҚАБЫРҒАСЫН ЖАНСЫЗДАНДЫРУ
Жылқының және ірі қара малдың операциясы кезінде жансыздандыру 
бір жағынан паравертебральді немесе паралюмбалді жасалады. Ұсақ 
малдарға Вишневскийдің инфильтрациялық анестезиясы қолданылады. 
Жылқының паралюмбалды анестезиясы соңғы қабырғааралығын, мықын-
құрсақты, мықын-шап жүйкесін тежеу үшін алғашқы үш бел омыртқасында 
жасалады. Инені сүйекке дейін енгізеді, сонан соң өсіндінің соңынан 
жылжытып тағы да 0,7—0,8 см тереңдікке енгізеді. 10 мл 3%ды новокаин 
ертіндісін енгізеді. Инені шығарар алдында тағы да 10 мл новокаинді 
енгізеді.


59 
Сурет 36 - Желіннің паралюмбалды новокаинді тежеу кескіні. (Башкирову Б 
А.): А. 1 — төртбасты бел бұлшықеті; 2—үлкен бел бұлшықеті; 3—бел-
арқалық фасция; 4 — сыртқы ұрық жүйкесі; 5 — шекаралық симпатикалық 
баған; Б. — бөксе жүйкелерін тежеу (Ноздрачеву А. Д.): 1—иненің орналасу 
бағыты; 2 — бөксе фасциясының париенталды беті; 3 — торшалық кеңістік; 
6 – несеп-жыныс жүйесі. 
Ірі қара малда паралюмбалды анестезия бірінші, екінші және төртінші 
бос қабырға өсіндісінің деңгейінде жасалады. Инені өсінді ұшынан 
жылжытып 0,5—0,75 см тереңдікке енгізеді. Инъекция техникасы және 
енгізу ертіндісі жылқыныкіне ұқсас.
Паравертебралды жансыздандыру— омыртқа каналынан шыққан 
жүйкені жансыздандыру, тек құрсақ қабырғасын жансыздандырып қоймай, 
құрсақ ішіндегі ағзаларды да жартылай жансыздадырады. Тежеу нүктесі ірі 
қара малда және жылқыда көкірек және 1-2-ші бел жүйкесін тежеу үшін 
омыртқаның орталық сызығынан 5 см төмен. 6-8 см тереңдікте ине қабырғаға 
тіреледі, сосын жанына қарай ығыстырып, тағы да 0,5 см тереңдікте 
енгіземіз. Ертіндіні енгізгенге дейін, тамырлардың зақымдалмағанын 
анықтап алуымыз керек. Әрбір жүйкені тежеу үшін 10-15 мл 3—4%
новокаин ертіндісі енгізіледі (Магда). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет