Диспансерлік бақылау. Бірінші жылдың ішінде әр үш айда бір рет, екінші жылда әр алты айда, үшінші жылдан бастап, әр жылда бір рет диспансерлік тексеру қажет (ультрадыбысқа, рентгенге түсіру).
Санаторлы - курортты емді –науқастың хал-жағдайы жақсы болып, ауру болжамы дұрыс болған жағдайларда, жергілікті жерлерде жүргізуге болады. Бірақ, барлық физиотерапиялық емдер қарсы көрсеткіш болып саналады.
Сабақ қорытындысы:
Қазақстанда жиілігі бойынша жалпы және ер адамдарда асқазан рагы екінші, ал әйелдерде - төртінші орында түр.
Қазақстан бойынша орташа асқазан рагының аурушаңдық көрсеткіші 18,3%ооо .
Асқазан рагының ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның Шығыс (24,6%ооо), Орталық (21,8%ооо) және Солтүстік (16,8%ооо) өңірінде және Алматы (19,2%ооо) мен Астана (19,0%ооо) қалаларында анықталса, ең төменгі көрсеткіші Оңтүстік аймақта (14,4%ооо) тіркелген.
Асқазан ісік алды ауруларына - созылмалы семіген гастрит, шырышты қабатындағы түймешік және түймешіктер, асқазан созылмалы ойық жарасы және Менетрье ауруы мен пернициозды қан аздық, оған қоса асқазан резекциясынан кейінгі созылмалы гастриттер жатады.
Ісік ауруын туғызатын себептердің бірі Helicobacter Pylori, және де әр түрлі тағаммен бірге түсетін канцерогендік заттар мен нитрозаминдер,
Ішкі канцерогендер - екіншілік өт қышқылы,
Арақтың, ас тұзының артық мөлшерде асқазанда болуы,
Жайылмалы асқазан рагында тамақтың қатысы зор, әсіресе, ондағы канцерогендік заттардың ықпалы шешуші рөл атқарады. Ұлтабардан өт қышқылының асқазанға түсуі ісіктің бұл түрінде әсері зор,
Эндофитті өніп-өсетін ісіктер, экзофитті түріне қарағанда ерте, жиі және тез бөгелме ісіктер береді; ісіктің бұл түрі емдеуге қолайсыз келеді,
Қауіп-қатерлі топтағы адамдарды анықтап, оларды бақылау, асқазан рагын болдырмау шараларының бірі болып саналады.
Асқазан рагының белгілері өте көп және олар бұл мүшедегі бірқатар ауруларға ұқсас келеді
Асқазан рагын ең тиімді анықтау жолдарына рентгенологиялық және эндоскопиялық әдістер жатады.;
Эндоскопиялық тексеру кезінде тек қана көзбен көріп қана қоймай гистологиялық зерттеу үшін материал (биопсия) алуға болады.
Асқазан рагының толық емделу жолы тек хирургиялық әдіс – субтотальды реакция мен гастроэктомия жатады.
Химиотерапия уақытша емдік нәтиже береді,
Асқазан рагымен аурған науқастың 5 жылдық өмір сүру көрсеткіші І- сатысында 87-100,0% жетсе, ІІ –сатысында 70-80,0% болып, ал ІІІ- сатысында - 20,0%-дан аспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |