Асқазанның кардиальді (проксимальді) резекциясы (№16- сурет) экзофитті ісікте, оның төменгі деңгейі асқазан бұрышынан аспаған кезде қолданады. Проксимальді бағытта - ісік шетінен 3-5 см. қашықтықта жоғары қарай өңешті содан соң дистальды бағытта - бүкіл кіші иінді, алдыңғы, артқы қабырғасын ісіктің төменгі деңгейінен 5см қашықтықта қоса кесіліп, сылынады.
Гастроэктомия– асқазанды тұтас сылу ісіктің жайылмалы түрінде және экзофитті ісіктер егер асқазан бұрышын екі жағында зақымдағанда қолданады. Асқазан жоғарыдан өңеш, төменде ұлтабар деңгейінде кесіліп, үлкен және кіші шарбы майлар операцияға қосылып алынады. Асқазанға пластикалық операциялар әр түрлі тәсілмен орындалады (№17- сурет)
№17- сурет. Өңеш-ішек анастомозын салу (схема).
а - көлденең өңеш-ішек анастомозы; б - Мак-Нир және Пэк анастомозы; в - Сапожков-Юдин анастомозы; г - Гилярович анастомозы; д - Орр-Хант-Накаяма анастомозы.
Қоспалы операциялар- ісік көрші мүшелерге өткен кезде пайдаланады. Бұл кезде, асқазанмен қоса жарақаттанған мүше де сылынады. Кардий рагында көк бауыр аймағында орналасқан лимфа бездерінде жиі бөгелме ісіктер болғандықтан, оны да қоса сылып алады.
Паллиативті операциялар асқынған асқазан рагында қолданады, оларға жататындар:
Паллиативті асқазан резекциясы, ісікті техникалық жеңіл сылу жағдайында, кеңейтілген радикальды операция өмірге қауіпті кездерде және аурудың жағдайы шартты түрде нашар болғанда ғана қолданады.
Егер операциядан кейін адьювантты химиотерапия жүргізілсе аурудың өмір сүру мерзімі біраз айға ұзарады.
Гастроэнтероанастомоз –асқазанның қыспағы тарылып, мүлдем жабылғанда, қолданады. Бұл айналмалы көлденең тоқ ішек алдында не артында асқазан мен ішекті ұштастыру (анастомоз) операциясы, жалғасқан ішектің өрлеме және төмен түскен өрімінің арасына Браун анастомозын салу арқылы орындалады. Осындай операциядан кейін, науқасты мазалайтын құсық кетеді, ауру біраз жеңілденіп, жағдайы жақсарып қалады.
Дисфагияны жою мақсатында, не оны жеңілдету үшін кардий қыспағын кеңейтеді, немесе асқазанға жасанды жыланкөз жасайды.
Сонымен осы көрсетілген радикальды операциялар неғұрлым ертерек қолданса нәтиже соғұрлым тиімді келеді.
Төмендегі суреттерде асқазанға жасалатын кейбір операциялардың түрлері көрсетілген. №18- суретте дистальды субтотальды резекциядан соң асқазан мен ішек арасында салынатын Бальфур тәсілі келтірілген, ал №19- 21- суреттерде асқазанды түгел сылып алғаннан кейін салынатын анастомоздар түрлері кілген.
№18- сурет. Бальфур тәсілімен асқазан мен ішек арасына
анастомоз салу жолдары.
Жоғарыда-ұлтабарды асқазаннан бөлу, ортасында – асқазан мен ішекті жалғау кезінде артқы шырышты қабатқа тігіс салу, төмендегісінде – артқы шырышты қабатқа толық тігіс салудың аяқталғаны көрсетілген.