6-7 дәріс Тақырыбы. Көкөніс дақылдарының сыртқы орта жағдайларына қоятын талаптары. Су, ауа-газ және қоректік түзімдері. Мақсаты



бет3/3
Дата09.03.2023
өлшемі78,21 Kb.
#171642
1   2   3
Байланысты:
6-7 daris ksh

Қоректік түзім. Барлық көкөніс дақылдары топырақтың құнарлылығын талап етеді. Олар әсіресе бүршіктену, гүлдеу және жеміс салу кезеңдерінде топырақтан айтарлықтай мөлшерде қоректік заттарды өзінің бойына сініреді, яғни топырақтан шығарады. Қоректік элементтерді (NPK) жалпы алып шығуы бойынша көкөніс өсімдіктері келесідей топтарға бөлінеді:
1. Көп мөлшерде алып шығатын өсімдіктер - капустаның, қызылшаның, сәбіздің орташа-кеш және кеш пісетін сорттары және кеш пісетін картоп (1гектардан 600 кг-ға дейін NPK алып шығады).
2. Орташа мөлшерде алып шығатын өсімдіктер - ерте пісетін капуста, қызынақ, шалқан пияз (1гектардан 400 кг-ға дейін NPK алып шығады).
3. Аз мөлшерде алып шығатын өсңмдіктер - қияр, шалғам, қауданды салат, саумалдық, көшеттер (1гектардан 200 кг-ға дейін NPK алып шығады).
Қоректік заттарды алып шығу көлемі көбіне өнім көлеміне, ауа мен топырақтың температурасына, жарықтандыруға, сортқа және т.б. жағдайларға байланысты болады. Вегетация кезінде қоректік элементтерге деген қажеттілік әртүрлі. Алғашқы кезеңде, яғни тұқым өне бастағаннан жапырақтар пайда болғанға дейін, тамыр жүйелері қалыптасады, өсімдік бұл кезде фосфорды көбірек қажет етеді. Екінші кезеңде, яғни жапырақтар пайда болып, тамыр жүйесі мен вегетативті мүшелері қатты өсе бастағаннан гүлдей бастағанға дейін оларға азот пен калий қажет болады. Үшінші кезеңде, яғни гүлдей бастағаннан өнім толық піскенге дейін оларға жемістерінің пісуін тездету үшін көп мөлшерде азот, фосфор және калий қажет болады.
Әртүрлі элементтердің өсімдіктің өсіп-дамуына тигізетін әсері де әртүрлі.
Көкөніс өсімдіктерінің онтогенез барысында қоректік элементтерге талабы бірдей емес. Өніп келе жатқан тұқым топырақтан қоректік элементтерді тұтынбайды, өнуге тұқымдағы қоректік заттар қорын пайдаланады. Өсімдіктің тамыр жүйесі мен жер үсті бөлігі өсіп-дамыған сайын қоректік элементтерді пайдалануы артады. Жапырақ массасын түзу үшін өсімдіктің азотты пайдалануы артады, көкөніс өсімдіктері жемісін түзе бастағанда фосфор мен калийді тұтынуы артады. Фосфордың жетіспеушілігі гүлдеу мен жемістерінің пісуін баяулатады.
Көкөніс өсімдіктерінің қоректенуі олардың биологиялық ерекшеліктері, фотосинтез өнімімен қамтамасыз етілуі, сонымен қатар тамыр жүйесінің өсу қарқыны, топырақтың құрылымы, аэрациясы, ылғалдылығы, топырақтағы қоректік заттардың құрамы, минералды элементтердің формасы мен қатынасы, топырақ микрофлорасының тіршілігіне байланысты.
Қышқыл топырақтарда өсімдіктердің фосфор, калий, кальций, магний, марганец, молибденмен қоректенуі баяулайды, микроағзалардың тіршілігі қышқыл ортада төмендейді. Барлық көкөніс дақылдары әлсіз қышқыл (pH 6,5) ортада жақсы өсіп-дамиды. Топырақтың қышқылдығын әк қосу, органикалық тыңайтқыш енгізу арқылы реттеуге болады.
Барлық көкөніс дақылдарының органикалық және минералды тыңайтқыштарға талабы жоғары. Органикалық тыңайтқыштарды енгізу нормасы топырақтағы гумус пен минералды элементтердің көлеміне, ауыспалы егіс типіне, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көкөніс дақылдары үшін ең жақсы тыңайтқыш көң, қарашірік немесе компост. Органикалық тыңайтқыштар топырақтың физикалық қасиетін жақсартады. Оларды асқабақтылар, капуста және картопқа енгізу ұсынылады. Органикалық, фофорлы және калий тыңайтқыштарын күзде негізгі өңдеумен бірге, ал азот тыңайтқыштарын көктемде культивациялау кезінде енгізеді.
Тыңайтқыштар мөлшерін дақылдардың өнімді қалыптасыруға жұмсайтын минералды элементтерді топырақтан алып шығу көрсеткішіне, топырақты агрохимиялық талдау нәтижелеріне байланысты есептейді. Тыңайтқыштарды енгізудің үш әдісі бар: негізгі – топырақты негізгі және себу алдында өңдеумен бірге (60-90 %); себу алдында – қатарларға немесе қатар жанына (2-10 %); себуден кейін (үстеме қоректендіру – 20 %). Негізгі макроэлементтермен қатар өсімдіктің өсіп-дамуы үшін микроэлементтердің де маңызы зор. Олар зат алмасу процесіне қатысады, өсімдіктердің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайы мен ауруларға төзімділігін арттырады.

Бақылау сұрақтары:



  1. Сыртқы орта жағдайларының кешендік маңызы. Су түзімі.

  2. Ауа-газ түзімін жақсарту жолдары.

  3. Қоректік элементтерді топырақтан алып шығуына байланысты көкөністер неше топқа бөлінеді?

  4. Тыңайтқыштарды енгізудің тәсілдері қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет