Күн ашылса болды жұрт үйлерін қып-қызыл ғып жалаңаштап киіз жамайды Әйелдер топ-топ боп жиылып білектерін сыбанып ап шуылдасады да жүреді Біреулері үйлерінің ық жағына екі ашаға ақ бақанды асып салып үстіне жіпке тас байлап жыпырлатып іліп қойды оған анадай жердегі Қараойдағы еркектердің беліне орап-орап күрт-күрт тартып әкелетін құшақ-құшақ шиді бір талдап салып, әлгі жіп байланған тастардың біреуін әрі біреуін бері жып-жып алмастырып ши тоқиды Қолдарына көз ілеспейді Түске дейін бір құлаш шыптаны бір-ақ тоқып тастайды