Практик психолог жұмысының және оның профессионалды іс - әрекетінің моделі. Әртүрлі білім беру мекемелеріне және мұғалімдер ұжымына әртүрлі психологтар қажет.
Психолог статусына субъективті амалдардың барлық нұсқауларына келесідей талаптар қойылады:
Педұжымның психолог жұмысының негізгі бағыттары және түрлері, міндеттері, ержелерімен, психологиялық қызметтің стратегияларымен толық таныс болғаннан кейін мұғалімдер ұжымының адекватты күтулерінің құрылуы.
Психологтың барлық категориядағы тәрбиеленушілермен, тәрбиелеушілермен диагностикалық қарым – қатынас оранту.
Мектеп жоспарлары және бағдарламаларда жалпы позицияларды анықтауда мұғалімдермен өзара әрекет және бірлестік орнату.
Психолог іс - әрекетінің бағытталуында, психологтың өзін осы іс - әрекеттің субъекті ретінде және оның әсер етуінің негізгі объектілері: балалар, мұғалімдер, педагогикалық процесс ретінде бөліп қарастыруға болады.
Психологиялық білім беру қызметінің субъектісі – психолог үшін өзінің тұлғалық ерекшеліктерін, қабілеттерін, мүмкіндіктерін, қүшті және әлсіз жақтарын, кемшіліктерін компенсациялау амалдарын білу өте маңызды.
Ол өзінің эмоционалды күйлерін реттей алуы, өзінің психологиялық функцияларын ( ес, зейін, ойлау ) мобильдеуі, қажетті ғылыми, әлеуметтік, профессионалды мәліметтерді іздеу және талдауын іске асыра алуы қажет, кәсіби қажетті қасиеттерін жаттықтыруы керек. Іс - әрекет субъектісі ретінде кәсіби мәнді қасиеттерге ие болып және оны үнемі дамытып оыруы керек, олар интеллектуалдылық, әлеуметтілік.
Балалармен жұмыс кезінде психолог олардың жастық және типологиялық ерекшеліктерін білу. Тәрбиеге, оқуына және тұлғалық даму өзгерісі туралы білуі қажет. Оған дамуында, жүріс – тұрысында, қарым – қатынаста ауытқулары бар балалармен де жұмыс істеуге тура келеді, сол себепті психологқа осы құбылыстар мен процесстер жайында білімі болуы қежет. Баланың дамуы көбіне жанұялық тәрбие шартында қалыптасатын болғандықтан, психолог отбасы психологиясы мен жанұялық тәрбиеге бағытталуы керек. Балалар ұжымы тұлғаның құрылымына әсерін анықтай отырып, психолог міндетті түрде балалар ұжымы мен формалды емес топтардың әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктер біліміне сүйенеді.
Балаға көмек көрсету үшін, баланың өзі өзгеруге талпынысы болуы керек, өзін - өзі тануға, тәрбиелеуге үйренуі керек.
Балалармен жұмыс жүргізуде келесі профессионалды қабілеттер ерекше роль атқарады: ұйымдастырылған, коммуникативті, психодиагностикалық, жасерекшелік – индивидуалды және жанұялық кеңес беру, даму нұсқауларының болжамдары, психопрофилактика және психокоррекциялар. Психологтың балаларға қатысты қарым – қатынасында эмпатия, мейірімділік, ұқыптылық және бақылаушылық, ұстамдылық, төзімділік, табандылық танытуы керек. Айтылып өткен барлық кәсибі маңызды қасиеттер педагогикалық интуициямен және психологтың оптимизмімен сәйкестендірілуі керек.
Мұғалімдермен жұмыс жүргізу үшін, психолог не білуі қажет? Ең алдымен педагог психологиясын және педагогикалық іс - әрекетті профессиограммалар, түрлі мамандағы педагогтардың психограммасын, оқыту және тәрбие психологиясын, педұжымның психологиялық ерекшеліктерін, педагогикалық қарым – қатынастың спихологиялық негіздерін білу керек. Педагогтармен жұмыс кезінде жалпы коммуникативті ұжымдық, психодиагностикалық, психопрофилактикалық және педагогтардың профессионалды тәжірибелер мен мінез-құлықтарына ерекше мән беру керек. Бұларға көбіне психологтың кәсіби маңызды қасиеттерінің мына түрлері сәйкестендіріледі: дипломатиялық, әріптесін түсінуге тырысу, эмпатия сезімі, өзін - өзі игеру, ұқыптылық, достық қарым – қатынас, жоғарғы профессионалды компетенттілік және кең кругозор.
Маманға оқу және тәрбие іс - әрекет психологиясын зерттеу керек; оқыту пәндеренің психологиялық сипаттарын және оларды оқыту спецификаларын, түрлерін, әдістерін, формалары мен амалдарын ұғыну керек.
Осылайша практик психолог іс - әректінің қиындылығы мен көп аспектілігі білім беру жүйесіндегі оның жұмысының мәнділігі көрінеді, ал маман тұлғасына ерекше және әртүрлі талабтар қойылады.
Практик психолог іс - әрекетінің спецификасы оның – адамның индивидуалдығы – пәнімен анықталады.
Мамандар квалификацияланған психологтың квалификациясы жоқ психологтан ажырататын он негізгі қасиеттерді бөліп көрсетті.
Психологиялық көмектің мақсаты.
Профессионалды іс - әрекет жағдайындағы психологтың реакциялары мен назар аударуы.
Практик психологтың концепциялары.
Практик психологтың мәдени продуктивтілігі.
Конфенденционалдылық.
Іс - әрекетіндегі шектеулер.
Тұлға аралық әсерлер.
Адамның жетістіктері.
Жалпыланған теория.
Жалпыланған теорияға қатынас.
Профессионалдылық позиция, бағдар және психологтың толығымен профессионалдық мазмұны көбіне оның статусымен анықталады.
Практик психолог өз жұмысымен айналысып болғаннан кейін, арнайы пәндерді өтуге эпизотикалық қатысатын маман жағымды көрінеді. Бар энергиясын және жұмыс уақытын ол психологиялық тапсырмаларға жұмсайды.
Психолог ретінде педагогикалық процесстерге сырт жақтан қарайды. Оған қызығушылық танытқан тұлға ретінде ата – аналар, қатысушылар үлкен сенім артады. Бірақ бұл ситуацияларда педагогтар жағынан сенімсіздік байқалады. Егер психологта педагогикалық тәжірибе болмаса, мектеп проблемаларынан жеткіліксіз білім болса онда, ол оның адаптациясын қиындатады, көбіне оның әдістемелік дайындығы, өмірлік тәжірибесі жеткіліксіз болады. Мұндай жағдайда психологтың психологиясына жақын, балаларға әрқашан жол іздейтін ұстаздармен тығыз қарым – қатынас жасау керек. Өз коллективіне арнайы факультеттерді бітіріп, жаңа профессионалдық рольде қайтып келген педагогтың бейімделуі, бұрын қалған стериотиптерге үлкен өзгерістер кей – кезде стериотиптерге қарсы болады.
Психолог өзінің жаңа бағдарламаларының дұрыстығын жұмыста дәлелдеуге тырысады. Өз ролін анықтамай оқу қысымының бір бөлігін алып жаңа статусқа тұруға нагрузка кедергі жасайды. Өте күрделі қызметтерді үйлестіру, енді бастап келе жатқан маманға және кейде қолынан келмейтін жұмыс. Сондықтан ондай психолог педагогикалық процесстерді іштей біле отырып талдауда өзі қатыса алады, бірақ оны өте керек кезде эпизотикалық түрде жасайды. Психолог көбіне әріптестеріне және әкімшілікке тәуелді болады және ең бастысы – асықпай жаңа статусқа енеді.
Енді бастап келе жатқан маман тиімсіз жағдай болып қалғанда, оны әкімшілік құрамына немесе педагогикалық қызметке алынады. Мұндай жағдайда ол толық көлемде басты жұмыстарды жүргізуі керек. Оның әрекетінде, оқу уақытында жеңуге тырысқан мінез, стериотиптерге және педагогикалық бағдарламалары басым болады. Психологтың жұмысына уақытының жетіспеуі психологиялық профессионалдық компетенттілігін жақсартуға кедергі жасайды. Практикалық жұмысында ол эпизотикалық кеңес берумен, әкімшілік мерекелерді ұйымдастырумен шектеледі.
Мамандардың бірнеше бөлігі халықтардың білім беру бөлімдерінде, аудандық психолог, психолог – методист болып жұмыс істейді. Олар әкімшілікке, педұжымдарға тәуелді емес, психолог статусымен қоса басқарушы жұмысты статусын алады. Бұл психологтар, өз іс - әрекеттерін, масштабты зерттеулерін, әртүрлі категориясын кеңес беруден бастайды да ең тиімді нұсқаларға келеді, педагогтардың педагогикалық психологиялық дайындығын іске асырады, аудандық мектеп психологиясына әдістемелік, координациялық іс - әрекеттеріне көмек жасайды.