№6 дәріс Тақырыбы: Ақуыздар мен амин қышқылдарының ыдырауы. Несеп нәрі биосинтезі



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі349,12 Kb.
#83263
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 6 БХ каз



№6 дәріс 
 
Тақырыбы: Ақуыздар мен амин қышқылдарының ыдырауы. Несеп нәрі 
биосинтезі. 
 
Ақуыздардың қорытылуы және сіңірілуі. 
Ағзаның ас қорыту жүйесінде 
ақуыздардың құрамындағы амин қышқылдары арасындағы пептидтік байланыстар 
протеолиздік
ферменттерінің 
(пептидгидролазалар)
әсерінен гидролизге ұшырайды. 
Гидролиз нәтижесінде ақуыз молекуласындағы пептидтік байланыс үзіліп, оған, төменде 
көрсетілгендей, су молекуласы
қосылады:
 
R
n
R
n+1 
| | 
– NH – CH – CO – NH – CH – CO – +
НОН
→ 
R
n
R
n+1 
| | 
– NH – CH – CO
ОН
+
Н
NH – CH – CO – 
Түрлі пептидгидролазалар салыстырмалы талғампаздықтарымен ерекшеленеді
олар тек бір белгілі амин қышқылдары арасындағы пептидтік байланыстарды үзеді. 
Пептидгидролазалар активсіз күйінде бөлінеді (бұл ас қорыту жүйесінің қабатын 
зақымданудан сақтайды). Олар өзінің белсенді күйіне тек ас түйірінің тиісті ас қорыту 
органына түскен кезде ғана ауысады. 
Пепсин
мен 
трипсин 
автокатализ механизмі 
бойынша, ал өзге пептидгидролазалар трипсин әсерінен активтенеді.
Ауыз қуысында ас ақуыздары тек механикалық тұрғыда ұсақталады, яғни 
ешқандай химиялық өзгерістерге ұшырамайды, себебі, сілекей құрамында ақуыздарды 
ыдырататын ферменттер болмайды.
Ақуыздардың химиялық ыдырауы тек асқазанда пепсин және тұз қышқылы 
қатысуымен басталады. Тұз қышқылының әсерінен ақуыз молекуласы ісініп, беттік көлемі 
ұлғайып, ферменттің ақуыз молекуласының ішкі аумақтарына енуіне жағдай туады. 
Пепсин ішкі (молекула ұшынан алшақ орналасқан) пептидтік байланыстардың 
гидролизденуін жылдамдатады. Ішкі пептидтік байланыстардың үзілуін катализдейтін 
ферменттерді 
эндопептидазалар
деп атайды. Пепсиннің әсерінен ақуыз молекуласы ірі 
бөлшектерге –
жоғары молекулалы пептидтерге (полипептидтерге) 
бөлінеді. Жоғары 
молекулалы пептидтердің онан әрі қарай ыдырауы ішек қуысында жалғасады. Ішек 
қуысындағы әлсіз сілтілі ортада жоғары молекулалы пептидтерге келесі ферменттер – 
трипсин, химотрипсин және пептидазалар (амино-, карбокси-, дипептидазалар) 
өз әсерін 
тигізеді. Трипсин – аргинин мен лизин амин қышқылдарының карбоксил топтары 
қатысуымен түзілген пептидтік байланыстарды, ал химотрипсин – триптофан, тирозин 
және фенилаланин амин қышқылдарының карбоксил топтары түзген пептидтік 
байланыстарды үзеді. Аталған ферменттердің әсерінен жоғары молекулалы пептидтер 
төменгі молекулалы пептидтерге (олигопептидтерге) 
және біраз мөлшердегі 
бос амин 
қышқылдарына 
дейін ыдырайды. Төменгі молекулалы пептидтердің онан әрі қарай 
ыдырауын ащы ішекте тізбектің пептидтік байланыстарын амин тобы орналасқан ұшынан 
бастап үзетін ферменттер – 
аминопептидазалар 
және пептидтік байланыстарды үзуді 
карбоксил тобы орналасқан ұшынан бастайтын ферменттер – 
А-, және В-
карбоксипептидазалары
қамтамасыз етеді. Полипептидтік тізбектің шеткі пептидтік 
байланыстарының үзілуін катализдейтін ферменттерді 
экзопептидазалар 
деп атайды. Бұл 
ферменттердің әсер етуінен бос амин қышқылдары және 
дипептидтер
пайда болады. 
Дипептидтер 
дипептидаза
ферментінің әсерінен бос амин қышқылдарына дейін 
ыдырайды. Ақуыз гидролизінің соңғы өнімдері ішек қабатына сіңіріледі. Ас 
ақуыздарының шамамен 95-97% бос амин қышқылдары және біраз мөлшері төменгі 
молекулалы пептидтер түрінде сіңіріледі. Бұл үрдіс энергияның жұмсалуын қажет етеді.



+ n НОН 
+ n НОН 
+ n НОН 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет